14
Мэмбетов Жолдасбек
Сарбаз найзаға сүйеніп түр, ол бар тұлғасымен ұзынша
тақта тасқа келісті ойылған. Шебер Аристионның бет
әлпетін, қолының саусақтары мен аяғының башпай-
ларын, бұлшық еттерін айқындап тұрған хитонының
нәзік күлтелерін таңғажайып өнерпаздықпен сомдаған.
Шынайы өміршең көріністерді берудегі айрықша бір
сүйіспеншілік бейнеге тұтастық дарытып тұр. Бедер
сырланған. Сарбаздың сәнді шашында, сақалы мен
қару-жарағында қызғылт сырдың ізі сақталған.
Писистрат пен оның балаларының тирания-
сы заманында афинылық құл иеленушілердің нәзік
эстетикалық талаптарына гректер кора деп атаған
қыздардың тамаша мәрмәр мүсіндері жауап оерді.
Афины абызтайларын бейнелейтін олар Акропольдегі
тәңірия храмында түрды. Мұндай мүсіндердің бірнеше
ондағаны табылды. Олардың көбісі б.э. бұрынғы VI
гасырдың екінші жартысына, Аттикада иониялық ше-
берлер жұмыс істеген кезге жатады. Бізге аты беймәлім
талантты аттикалық бәдізшінің қолынан шыққан
кораның мүсіні әмбеге аян. Ол б.э. бұрынғы 530 жыл
шамасында парос мәрмәрінен қашалған. Шебер жүн
матадан пеплос (лыпа) киіп, белін қынай буған қыздың
қимылсыз қалпындағы кескінін бейнелеген. Оның
иығында қалыңдау материалдан тігілген желбегей,
лыпасының астынан нәзік сызықтармен тартылған ке-
неп хитоны байқалады. Хитонның төмен қарай төгілген
етегі қыздың сұңғақ пішінін айқындай түседі. Қыз
басына сән берген қола шір сақталмаған, құлағында
сырғасы болған, сол қолына шір немесе бұтақ ұстап
тұрған. Мүсінші мәрмәрда қыздың албыраған жүзін,
қиықшалау, баданадай көз жанарын, қиғаш қасы мен
сәл езу тарта жымиған ойлы күлкісін таңғажайып
нәзіктікпен жеткізген. Бақырая қараған ашық жанары
мен бетінің алмасындағы иірім шұқыры өңіне аңғал
пәктік, рухани айқындық береді. Кора бейнесі шынайы
шаттығымен, баурап алатын жастық шақ сұлулығымен
Әдебиеттің эстетикалык; негіздері_________ 15
көз тартады. Мәрмәрдің алтындай жайлы түсі иығына
төгілген шашының қызыл күрең реңіне тамаша жара-
сады. Мүсінге жағылған сыр талғампаз өнерді таныта-
ды. Қас-кірпігі қара, көзі мен ерні қоңыр, желбегейінің
жиегі жасыл сырмен боялған. Осының бәрі мүсінге
мерекедегідей шат-шадыман өң беріп, жайнатып түр»
[5. С. 80-81].
Бірақ ежелгі Грекияда кезінде шарықтап дамыған
өнердің бірі - музыка өнері туралы бізге жеткен дерек-
тер мардымсыз.
Антикалық көркем мәдениет, соның ішінде эсте-
тика неге классикалық деп аталды? Классика дегеннің
өзі не нәрсе? Гегель аталған термин жайлы терең
толғана келіп: «Үжымдық мақсаттар мен қүндылықтар
жеке түлғаның мақсаттары мен қүндылықтарымен
тең дәрежеде болатын қоғамдық
жағдай
мәдениет
тарихында
классикалық деп аталады», - де-
ген қорытынды жасаған екен.
Біздіңше бүл сол дәуірдегі өнер
дамуының ерекшелігін терең тал-
дап түсінген соң, аталған кезең
мәдениетінің табиғатын дүрыс
танығаннан кейін барып айтылған
ең дүрыс пікір деп ойлаймыз.
Расында да ежелгі Грекияның
классикалық дәуірінде антикалық
полистер гүлденіп, өркендеді.
Онда өмір сүрген жеке адамның
мақсат-мүддесі күллі қоғамның
мақсат-мүдделерімен
үйлесім-
ділікте болды. Антикалық по-
лис азаматы өз полисінде өзін
қауіпсіз, еркін сезінді. Өйткені
оның
жеке
басын,
құқығын,
мақсат-мүддесін полис қорғады,
16
Мәмбетов Жолдасбек
қоғамдық қатынастарда әділдік үстемдік құрды, мем-
лекет пен жеке адам мүдделері бір-бірімен тығыз
байланыста, тең дәрежеде өмір сүрді. Осыдан келіп
обьективті және субъективті жағдайлар бір-біріне
кірігіп кетті, іштей үйлесім тапқан өзгеше үлгі, өлшем .
пайда болды.
|
Мысалы, біз XV ғасырдағы Италия өнеріне немесе |
XVIII ғасырдағы Франциядағы көркем шығармашылық ]
жайлы «классикалық» деген анықтаманы қолданғанда ;
жоғарыдағыдай жеке адам мен қоғамдық мақсат- '
мүдделердің гармониялық бірлігін еске түсіреміз.
Ол классикалық деген ұғым үшін өлшем, үлгі, өнеге
іспетті.
^
Неліктен антикалық өнер күллі өнер атаулының
бастауында тұрса да өзінен кейінгі көркемдік даму-
дың барлығына бірдей үлгі болып қалды? Себебі
антикалық көркемдік сана синкретті сипатта бол-
ды, өзінің табиғи бітімі мен болмысы тұрғысынан
түтастығымен, бүтіндігімен ерекшеленді. Күні бү-
гінге дейін жеткен өнердің омірдегі негізгі талғам-
таразысы мен ерекшеліктерін айқындайтын барлық
категориялар өз негізін антикалық кезеңнен алады.
Ол дәуірде эстетикалық ләззат алу деген нәрсенің өзі
әлі жеке мәселе ретінде қарастырыла қоймаған еді.
«Эстетикалық» деген түсініктің өзі синкретті сипатта
болды. Олардың түсінігінде көркем шығармашылық
пен күнделікті өмірде адамгершілікке сай іс істеу,
адамдар арасындағы дұрыс, маңызды қатынастар
эстетикал ық қасиеттер ретінде қабылданды. Сондықтан
да өнер өмірдеп мәнді рухани қажеттіліктер үшін
қызмет етті. Ол қажеттіліктер құқықтық санадағы
азаматтарды тәрбиелеу, отанын қорғайтын жауын-
гер азаматтарды тәрбиелеуге негізделген болатын.
Сол себепті антикалық дәуір эстетикасында өнердің
әлеуметтік әсер ету теориясы, кейде көркемдік тәрбие
идеясы ерекше дәріптеліп, халықтық қолдауға ие бол-
Әдебиеттің эстетикалык, негіздері
17
ды. Сол антикалық тәрбие мектебінен Сократ, Пла-
тон, Аристотель сияқты данышпандар тәрбие алды.
Антикалық өнер теориясын солар жасады. Сократтың
әсемдік туралы «әдемі нәрсе қажетке жарамды нәрсе»
деп қазіргі адамдар үшін қарапайым болып саналатын
байлам жасауының да сыры осында деп ойлаймыз.
Антикалық дәуір адамдары ең жетілген құбылыстың
эстетикалық сипаттамасы ретінде «калокагатия» де-
ген өз категорияларын ойлап тапты. Ол адамгершілік
пен әсемдіктің бірлігін танытатын ұғым болатын. Орта
ғасырда өмір сүрген Отырарлық данышпан ғалым
Әбу Насыр Әл-Фарабидің адамгершілікті, тәрбиені
біліммен ұштастырған пікірінің астарында сол ежелгі
грек ойшылдарының ертеде қалыптасқан пікірлерімен
астасқан ойдың жатқанын да аңғарғандай боламыз.
Қоғамдық ортада адамгершілік принциптердің қатаң
сақталуы, адамдар арасындағы сыйластық, бірлік,
ізеттілік сияқты жағымды моральдық қатынастардың
болуы өнерде ғана емес, ғылым мен саясатта да үлкен
жетістікке жетудің кепілі саналған. Сондықтан да
ежелгі батыс, шығыс әдебиегімен терең таныс болған
Абай «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»
деген өсиет қалдырған.
Платон
түсініктеме
шығару үстінде (шығармашылық акт) буырқану, арқасы
қозу кейпінде болады. Ол өлең шығарғанда өзінің
бұрынан жаттап алғандарын ғана айтып қоймайды,
оны оның бойындағы қалыптасқан шеберлік те өзгеше
күйге түсіре алмайды, оны тек құдайдың тылсым
күші ғана өз дегеніне бағындырып, шабытты күйге
ендіреді. Ол сөйлегенде буырқанып, екпіндеп шабыт-
пен сөйлейді, бірақ
о и т д и
тіп діі.
і і і
^
ш п
,
і.і:дболмайды.
Ол бір шешендіктеңі б ід & Й ? ° (? ө й л а м е й д і, оны
г .
1(
атынйағы. ПМУ-дің „ Л
сөилететін ж ар ату ш ь|Ь ы $ еШ « ^« Ш Щ И 'ІН КҮШ1>>/
қорытьшды
КІТАПХАНАП
18
Мэмбетов Жолдасбек
Мұнан аңғаратынымыз, Платонның өзі ақындар ту-
ралы екіұдай көзқараста болған сияқты. Біріншіден,
ақындар ерекше жаратылған адамдар, олар өздерінің ар-
найы сезімтал мұшелері арқылы қалаған уақыттарында
құдаймен байланысқа түсе алады, екіншіден, олардың не
айтып не қоятынын алдын ала болжап, біліп, бақылап
отыру мүмкін емес дейді. Платон шығармашылық
шабыттың өзін жағымсыз құбылыс деп түсінген.
Сөз өнері халық ұғымында қасиетті өнер. Ол атадан
балаға немесе сол өнерді қадыр тұтқан ерекше қасиеті
бар адамдарға ғана қонады деген түсінік қалыптасқан.
Оны қадірлеп ұстамаса бақсылық сияқты оның да киесі
ұруы мүмкін деген идеалистік пікір күні бүгінге дейін
халық жадында жарысып өмір сүріп келеді. Сондықтан
да ежелгі түркілер, соның ішінде қазақ халқы ақын-
дықты, шешендікті ерекше құдіретті күш ретінде та-
нып, егер баласының бойында ондай қасиет байқала
бастаса атақгы би-шешендерден, абыз ақындардан
бата алуды дәстүрге айналдырған. Ондай мысалдарды
қазақ әдебиетінің тарихынан жүздеп келтіруге болады.
Сүйінбайдың Жамбылға батасын беріп, домбырасын
сыйлауы мұның айқын дәлелі.
Көшпелі өркениеттің дамып-қалыптасуына өз үлес-
терін қосқан ата-бабаларымыз сөз өнерін, жалпы ақын-
дық өнерді ерекше дәріптеп, шабыт, талант деген ұғым-
дарды басқа қонатын бақ, көкірекке ұялайтын ерекше
құс ретінде бейнелегенін пайымдауға болады. Оны
атақты айтыскер ақын Кемпірбайдың төсек тартып
жатқанда көңілін сұрап барған Әсет Найманбайұлына
айтқан мына өлең шумақтарынан толық аңғарамыз.
Көңілді Әсет келді көтергелі,
Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.
Артыма бір-екі ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер бері!
Әдебиеттің эстетикалык, негіздерг_________ 19
Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын,
Ку тақтай екі ішекті әпер бері.
Аузыма айрыларда сөз салмасаң,
Қонғаның өлең шіркін бекер ме еді?!
Әсетжан, осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көкала үйрек «хош» деп ұшты
Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем [7.171-172 бб.].
Кемпірбай расында да кеудесінен «хош» деп ұшқан
көк ала үйректі көрді ме, көрмеді ме ол басқа нәрсе, ал
сол тұстағы қазақ қоғамында өлеңнің, бақтың әр алуан
кейіпте талантты адамдарға серік болып жүретіні тура-
лы аңыздар қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездеседі. Абы-
лай ханның ақ бурасы, Жамбылдың қызыл жолбарысы
т.б. жоғарыдағы ойымызға толық мысал бола алады.
Әрине көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабала-
рымыздың ежелден келе жатқан тарихи ой-пікірлері,
дүниетанымдары жайлы біз тек ауыз әдебиетінен жет-
кен материалдар негізінде ғана пікір айтып жүрміз.
Ал оны мәдениеті ертерек қағазға түскен халықтарға
мойындатудың өзіндік қиындықтары бар екенін де
естен шығармағанымыз дұрыс. Бұл туралы кезінде
белгілі ғалым Р. Нұрғалиев өз пікірін былайша жет-
кізген екен:
«Кей халықтардың шығармашылық қуатына күмән
келтіру салдарынан ұзақ уақыт бойы өнер тарихын
зерттеуде евроцентризм теориясы орын алып келді.
Бұл бағытты шын ғылым мансұқ етеді. Әсіресе соңғы
ізденістер, жаңа еңбектер әлемдік өнер тарихында
Африка халықтары үлесін, Азия халықтары еншісін,
Американың ежелгі тұрғындарының ен, таңбасын
айқындап беріп отыр. Театрдың төркінін, сыр-сипатын,
болмыс-бітімін тану үшін Шығыстың көне, ежелгі
мәдениетіне зер салып, пейіл қойып, тереңдеп бару
шарт. Ал европа театрларының туып, қалыптасып,
20
Мәмбетов Жолдасбек
өркендеуіне ұйытқы болған - грек өнері екендігінде
ешқандай дау болмаса керек» [4.18 б.].
Номадизмді ғылыми тұрғыдан ақтау, оның ғажайып
жетістіктерін көрсету бүгінгі күн үшін, соның ішінде
сол көшпелі мәдениетті жасаушылардың тікелей
ұрпағы болып саналатын біздер қазақтар үшін аса
қажет, бірақ көшпелілердің мәдени шығармашылық
мүмкіндіктерін шамадан тыс асыра дәріптеуге жол
беруге болмайды. «Көшпелілер өркениеті» деген тер-
мин мәдениеттанушылар көзқарастары тұрғысынан
әлі қалыптаспаған, толық пісіп жетілмеген термин
болып саналады. Көшпелілер өркениеттен гөрі таби-
ғатқа жақын, олардың діни дүниетанымдары мен
өмір салттарының өзінде натурализм элементтері
көптеп сақталған. Ақиқатына жүгінер болсақ, бұл
мәселеге басқашалау қараған дұрыс. Мәселен, та-
рихта көшпелі халықтардың өздерінің атқаратын
ісі, өздеріне ғана тән бет-бейнесі болды. Өркениет
жағынан егіншілікпен айналысқан халықтарға тәуелді
бола тұрса да (классикалық көрсеткіштер бойынша).
денсаулықтарының төзімділш, епті де ш ирақ оолып
келулері, әскери ұйымшылдығы, көркем ауыз әде-
биетінің молдығы және музыкаға әуестігі жағьшан
тұрды
туа
тарлық, тайсалмас жүректілік, ақкөңіл де адал,
мәрт мінездің қалыптасуы ол өмір сүрген орта мен
этнопсихологиялық жүйеге де тікелей байланысты
болатын. Тарихта көшпелі халықтар пассионарлы
үлгідегі адамдардың генераторы сияқты өмір сүрді. Әлі
де болса анықтай түсуді қажет етсе де: «Олар өздерінің
намыстары мен адамгершіліктерін жеке бастарының
қауіпсіздіктері мен материалдық құндылықтардан
жоғары қоятын», - деген Хара Даванньщ пікірінде
шындық бар деп ойлаймыз [8. С. 93].
Дәлірек айтсақ, көшпелі өзінің сарқылмас куаты
мен маргиналдық дәрежесімен (табиғат пен өркениет
Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
21
аралығында) қайшылықта өмір сүрді. Оның бір басын-
да идеализм мен материализм қатар тоғысып жатты.
Көшпелілердің жоғарғы үлгісі (Бумын қаған дәуірі,
Шыңғысхан, соныңішінде мұсылмандықты қабылдаған
хандар мен жырау-абыздар) - бұлар алтын мен мүлікке
қызықпайтын, өлімнен қорықпайтын, қарапайым пен-
деден биік тұрған пассионар-идеалисгің ерекше түрі
болатын.
Дей тұрғанмен де, көшпелілер отырықшы мәде-
ниеттен тыс, ешбір өркениетпен араласпай жеке дара
өмір сүрді дей алмаймыз. Еуразия құрлығындағы кең
байтақ жерді мекен еткен сақтар мен ғұндар, кейінгі
жауынгер түркілер отырықшы мәдениетпен (соның
ішінде қалалық, полистік мәдениетпен) ерте заман-
дардан бастап-ақ саяси, экономикалық, мәдени бай-
ланыста болғанын тарих дәлелдеп отыр. Төсекте
басы, төскейде малы араласып жатқан халықтардың
аралас-құралассыз жатуы мүмкін де емес. Мысалы
біздің дәуірімізге дейінгі гректердің классикалық өнері
өмірге келген кезеңде-ақ олармен сөз жарыстырып,
ақыл таластырған, өнерімен гректердің өздерінің ал-
дын ораған ата-бабаларымыздың болғанын растайтын
деректердің табылып жатқаны бұл ойымызды растай
түседі. Солардың бірі қазақтың белгілі ғалымдары
А. Қасабеков, Т. Жұртбаев, Ж. Дәдебаев зерттеулерінде
соңғы жылдары ғана ауызға алынып, зерттеліп жүрген
Анахарсис туралы мәліметтер.
«Анахарсис Скиф даласынан Эллада еліне біздің
заманымызға дейінгі 594 жылы келеді. Оның шыққан
ортасы, өмірі туралы алғашқы деректер Геродоттың
«Тарихында» жазылған. «Ариапифаның сенімді кісісі,
тыңшы Тимнен естуім бойынша, - деп жазады Геродот,
- Анахарсис әке жағынан Скиф патшасы Идантирстің
ағасы болып келеді. Сапаргапифтен - Лик, Ликтен -
Гнур, одан Анахарсис туған». Геродоттың мәліметіне
қарағанда, Анахарсистің Эллада еліне барып, мем-
22
Мәмбетов Жолдасбек
лекет ісіне, даналыққа үйренуі - Скиф патшасының
тікелей тапсырмасы бойынша болған іс. Анахарсис ту-
ралы көне дәуірдің Геродоттан кейінгі ғұламалары да
ой айтқан. Олардың жалпы саны жетпіске жуықтайды.
Олардың ішінде Эфорх Страбон, Плутарх, Пла-
тон секілді телегей-теңіз білім иелері бар. Аталған
ғүламалар Анахарсисті көне дәуірдің атақты даныш-
паны, сөз майталманы деп көрсетеді. Әсіресе, оның
Солонмен достығы кең көлемде баяндалған, көне грек
сөзшеңі, атақты мысалшы Эзоппен бір дастархан ба-
сында бір табақтан дәм татып, тіпті бірге ш арап ішкені
де хатқа түскен. Эфор Анахарсистің текті ортада туып,
өскенін, әлемдегі атағы жер жарған жеті данышпанның
бірі болғанын айта отырып, оның екі тісті якорь, үста
көрігін ойлап тауып, оларды алғаш жасап шығарғанын
айтса, Страбон оның өз елінің кішіпейілділік,
қарапайымдылық, әділдік сияқты жақсы қасиеттерін
бойына терең сіңіргендіктен, эллиндер ортасында
үлкен құрметке иеленіп, даңққа бөленгенін жазады.
Диоген Лаэртский Анахарсис туралы жазбаларында
оны Скиф елінің патшасы Гнурдың ұлы деп, шешесінің
элладалық грек қызы екендігін көрсетеді. Анахарсис өз
Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілінде сөздің май-
ын тамызып сөйлейтін сөз шебері деңгейіне көтеріледі.
Сонымен бірге ол шешесінің үйретуімен грек тілінде
жап-жақсы сөйлей білген» [9.108 б.].
Анахарсистің сөз саптауынан, дүниетанымынан
оның
кошпелілерше
ойлап,
көшпелілерге
тән
көзқарас тұрғысынан пікір айтқанын аңғаруымызға
болады. Оның көптеген сөз орамдары мен өмір тура-
лы тұжырымдары біздің би-шешендеріміздің бай-
ламдарымен астасып жатқанын байқаймыз. Мысалы:
«Керіз патша данышпандарды қабылдап, байлығы
мен салтанатын көрсетіп болған соң, әңгіме бастай-
ды. Анахарсистің таным деңгейін, білім дәрежесін
байқамақ ниетпен сөз арасында оған сұрақ қойып
Әдебиеттің эстетикалъщ негіздері
23
отырлды- Бірде патша: «Жан біткеннің қайсарын кім
деп ойлайсың?» - деп қалады. Сонда Анахарсис: «Жан
біткеннің қайсары - дала тағысы, өйткені олар бас
бостандығы үшін қайыспай жан қияды», - деп жау-
ап береді. Әңгіме желісін одан әрі қарай созып: «Жан
біткеннің әділеттісі кім болады?» - деғен патшаға скиф
ойшылы тағы да дала тағысының қасиеттерін негізге
алып тіл қатады: \«Жан біткеннің әділеттісі - дала
тағысы, өйткені олар заңға табынбайды, табиғат тала-
бын ғана мойындайды. Табиғатты құдай жаратқан, ал
заң - адам ақыл-ойының туындысы. Адам орнатқан заң
тәртіптеріне табынғаннан құдай жаратқан табигат та-
лаптарын мойындаған әлдеқайда әділетті, патшам».
Тәрбиесі де, ортасы да, ойлау жүйесі де басқа Крез
патша Анахарсистің сөзін іштей місе тұтпай: «Даныш-
пандардың данышпаны да сол сенің түз тағыларың
болып жүрмесін?!» - деп, сұрағына әжуа, мысқыл
араластырады. Патшаның көңілінде қандай құйын
көтеріле бастағанына қарамастан, Анахарсис өз ойын
қалауынша сабақтап, өз шындығын айтады: «Иә, дәл со-
лай. Өйткені табиғаттың, құдайдың заңын адамдардың
заңынан ~ жоғары санау - данышпандықтың басты
белгісі» [9.108 б.].
Анахарсистің сөз саптауы, ойлау жүйесі, өмірден
ұққан, түйген пайымдауларьша қарап, оның расында
да біздің дүниетанымымызға жақын екенін аңғарамыз.
Даланы дәріптеу, сол далада өмір сүріп жатқан
түз тағысының қасиеттерін жоғары санау көбінесе
көшпелілерге тән түсінік. Оны алысқа ұзамай-ақ Ма-
хамбет өлеңдеріне жіті назар аударсақ та көп нәрсеге көз
жекізгендей болар едік. Махамбет өзінің бір өлеңінде:
Тағы сынды мырза едік,
Тағы келдік тар жерге,
Таңдасақ тағы болар ма
Т әңірің сал ған бұ л іске -
24
Мзмбетов Жолдасбек
дейді [10,34 б.]. Мұнда ақын «тағы сынды» деген бейнелі
сөзбен жабайылықты айтып тұрған жоқ, бұрын еркін
едік, азат едік деген ойды айтып тұр.
Грек ойшылдарының бірінің «адамның жауы не?»
деген сұрагына «адамның ең бірінші жауы - оның өзі»
деп жауап беруінен де оның біздің ата- бабал арым ыздың
таным-түсініктерінен алшақ кетпегенін аңғарамыз.
Мұнан байқайтынымыз арада мыңдаған жыл-
дар өтсе де көшпелілердің ойлау жүйесіндегі, дүние-
танымдарындағы сабақтастық үзілмеген, қайта ауыз-
дан ауызға тарап, өз болмысын сақтап қалған секілді.
Көне Грек мәдениеті дегенде алдымыздан антика-
лық кезең, эллинизм мәдениеті деген терминдердің
жиі кездесетіні де шындық. Бұл тарапта кейде біздің
ғалымдар арасында түсініспеушіліктің орын алып
жататынын да айтпай кете алмаймыз. Эллинизм мә-
дениеті шығыс пен батыс өркениетінің қым-қиғаш ара-
ласуынан пайда болған. Александр Македонскийдің
жорықтарынан кейін үлкен империя пайда болды да,
оның ыдырауы салдарынан эллинизм мәдениетінің
ошагы болып пұтқа табынушы Рим империясы қалды.
Сонда біз антикалық дәуір деп атап жүрген кезең біздің
дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырдан біздің дәуіріміздің
бесінші ғасырына дейінгі мыңжылдық уақытты қам-
тиды. Аталған мыңжылдықтың классикалық анти-
ка эстетикасы 200 жыл уақытын иеленсе, қалған 800
жыл эллинизм дәуіріне тиесілі болып шығады екен.
Көптеген ғалымдар эллинизм адамзат мәдениетіне
айтарлықтай ештеңе әкеліп қосқан жоқ, ол дәуірдегілер
тек классикалық көне грек мұрасының көбігін қалқып
алып пайдаланды десе-дағы, аталған уақыттың кеңдігі,
бұл тарапта әлі де болса кеңірек ойлануды қажет етеді.
Әрине эллинизм дәуіріндегі көркем шығармашы-
лық процестер грек өнері мен эстетикасы негізін
қалаған заңдылықтарға сүйенді, олардың көптеген
жағын үлгі тұтты, дамытты. Сөйте тұра, бұрын гректер
жасамаған көркемдік сананың тек эллинизм дәуіріне
' тән жаңа бағыттарын өмірге әкелгенін жоққа шығара
алмаймыз. Оны сол эллинизм дәуірінде дүниеге кел-
ген өнердің барлық салаларындагы жәдігерлер арқылы
, дәлелдеуге болады.
Эстетикалық ғылымның тарихы қатып қалған бір-
1
деңе емес, ол да басқа ғылымдардың тарихы секілді
I өзінің бастау, даму кезеңдері бар тірі тарих. Адамзат
тарихында арттарына аңыз боларлық ой қалдырған
■
ұлы адамдар эстетика ғылымын алға сүйреді, дамытты.
I
Олардың ерте кездерде айтқан ой-пікірлерінің кейбірі
күні бүгінге шейін өз маңызын жойған жоқ. Бұл ол
| адамдардың ақыл-ойларының тереңдігін, олардың
I тудырған шығармаларының құндылығын танытады.
Оған мысалды өткен дәуірлерде өмір сүрген данышпан-
' дар өмірінен алып, бүгінгі күнгі ой-тұжырымдармен
қатар қойып салыстырулар жасау арқылы да көз
жеткізуге болады. Мұндай салыстырулар ежелгі дәуір
адамдарының ой-пікірлерінің әр алуандығын, олардың
| ішінде кейбіреулерінің бүгінгі күнге шейін өз маңызын
жоймай, ғасырлар бойы әр түрлі ғалымдар мен ой-
шылдар тарапынан жоғары бағаланып келе жатқанын
айғақтай түседі.
Мысалы солардың ішіндегі осы кезге шейін талай
талас пен тартысқа арқау болып келе жатқаны ұлы
грек ғалымы Аристотельдің «Поэтикасы». Ол біздің
жыл санауымызға дейінгі үшінші ғасырда жазылған
жәдігер бола тұра әлі күнге шейін ғылыми айна-
лымнан түскен емес. Ол қайта-қайта басылып, талай
ғылыми еңбектер мен ғылыми тұжырымдарға негіз
болып келеді. Егер ол өз маңызын жойған болса, күні
бүгінге дейін оқылмаған болар еді. Ол еңбектің сонша
қандай құдіреті бар? Неліктен екі мың үш жүз жылдан
астам уақыт өтсе де адамдар өздері іздеген сұрақтың
жауабын «Поэтикадан» табуға тырысады. Онда қандай
мәселелер қарастырылған? Немістің ұлы ақыны Гёте
Достарыңызбен бөлісу: |