Жолдасбек МӘмбетов /4 ім л т и 2011



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата09.03.2017
өлшемі8,36 Mb.
#8626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

39
сарқыншағы ретінде өмір сүрді. Ол бұрынғы Рим импе- 
риясында  қалыптасқан  көркем  шығармашылықтарды 
дамыта отырып, жаңа эстетикалық бағыттардың пайда
болуына да жол ашты.
і/
Византия  мәдениеті  дамуының  алғашқы  кезеңі 
христиандық мәдениеттегі көркем бейнелеуге қатысты 
пайда болған екі түрлі көзқарастың қайшылықты тар- 
тысымен ерекшеленёді.
Ол  иконға  қарсы  күресушілер  және  иконды  пір 
тұтып  жақтаушылар  арасындағы  түсініспеушіліктен 
туындаған болатын. Иконға қарсы күресушілер «Құдай 
ол  рух,  оны  ешкім  көрген емес»  дей  келіп  библиядан 
мынадай мысал келтіреді: «өзіңе кумир (еліктейтін, та- 
бынатын адам) жасама, жоғарыда аспандағының және 
төменде жердегінің, жерден төмен судағының бейнесін 
салуға  болмайды»  -   деген  дәлелді  көлденең  тартты. 
Кезінде  Византия  императоры  Константин  бесінші 
де  аталған  көзқарасты  қолдап  нағыз  иконға  қарсы 
күресушілердің бірі болған.
Иконға  қарсы  күресушілердің дәурені  Византияда 
жүз  жылға  таяу  уақыт  жүріп  тұрды.  Ақырында  787 
жылы  Вселенский  сабор  иконды  жақтаушылардың 
көзқарастарын талқылап мынадай қорытындыға келді: 
«кез-келген  оқиға  жазу  арқылы  баян  етіледі,  дәл  сол 
сияқты  оқиғаны  бояу  арқылы  да  айтып  беруге  бола- 
ды».  Егер  кітапты  аз  ғана  топ  оқитын болса,  салынған 
суретгі жалпы көпшілік кез келген уақытта көре алады. 
Яки бояумен салынған сурет ақиқат шындықты кез кел- 
ген уақытга жалпы көпшілікке баян егіп, насихаттауға 
қолайлы деп тапты.
Сол  VIII  ғасырдың  өзінде  Византияда  Христостың 
бояумен  салынған  көптеген  суреттері  болған.  Дог- 
матиктер  егер  Христос  жерге  адам  кейпінде  келсе 
оның  бейнесі  де  адам  сияқты  болу  керек  деп  шешсе, 
психологиялық  жагынан  оның  образы  көрерменді

40 
Мәмбетов Жолдасбек
қиналысты  күиімен  аяушылыққа  тәрбиелеуі  тиіс  де- 
ген  қорытындыға  келді.  Оның  шеге  қағылған  аяқ- 
қолдарынан  аққан  қанға  көзден  жасың  сорғаламай 
қарау  мүмкін  болмайтындай  етіп  бейнелеу  керек  де- 
ген  түсінік  орын  алды.  Бірақ  Вселенский  саборының 
бүл  шешімін  суретшілер  толық  басшылыққа  алды 
деп  айта  алмаймыз.  Фрескалар  мен  мозайкаларда, 
икондарда  көбінесе  автордың жеке  көркемдік танымы 
басымдыққа ие болып жатты.
Орта  ғасырдағы  Византия өнерінің канондық сипа- 
ты белгілі бір шарттылықтарға бағынуымен, белгілі бір 
өлшемдерді ұстануымен ерекшеленеді.
IX ғасырда ақсүйектік Византия өнері қарқынды да- 
мыды. Мысалы,  соңғы зерттеулер  аскеттік эстетикасы- 
мен қатар антикизирлік дәстүрдің,  антикизирлік эсте- 
тиканың қатар өмір сүргенін дәлелдейді.
Ақсүйектік  коркемдік  танымның  басты  ерекшелігі 
әсемдіктің  геодонистік  сипатын  ашу,  өнерді  сезіммен 
қабылдауға  басымдық  беру  болды.  Византиялықтар 
өздері  христиан дінінде  бола  тұрып,  Х-ХП  ғасырларға 
дейін  пұтқа  табынушы  жазушылар  мен  ақындардың 
шығармаларын  оқып  келді,  пұтқа  табынған  қалам- 
герлердің  туындыларын  өңін  айналдырып  өз  шыгар- 
маларына пайдаланды. Сондай жолды ұстанған қалам- 
герлердің  бірі  -   Михайл  Пселл  (XI  ғ.)  болды.  Шіркеу 
мен  діншілдердің  дене  сұлулығын  суреттеуден  аулақ 
болуға  шақырған  насихат,  үгіттерғе  қарамастан  сол 
тұстағы Византиялық романдарда адам денесінің сұлу- 
лығы  барынша  толық  бейнеленді,  оны  адам  көңіл- 
күйімен астастыра суреттеу белең алғаны аңғарылады.
фи
гіде) болу
қатты  қадағалады.  Автор  өз  қиялының  жетегіне  еріп 
құдай  бейнесін  өзгертпеуі  тиіс  еді.  Бірақ  аталған 
шектеулер  керісінше  автордың  қиялында  іштейгі 
қарсылықтарға  ұшырады,  олар  өз ойларын драмалық

Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
41
сипатта  әр  алуан  өзгерістер  арқылы  дамытты.  Ерте 
ортағасырлық епископ Аврелий Августин (354-430) өзі- 
нің діни салада жазған еңбектерінде эстетика мәселесін 
де жоғарыда біз айтқан сипатта қарастырады. Ол діни 
хорда  орындалатын  әндердің  музыкалық  сипаты- 
на  ерекше  мән  беріп,  олардың  жай  айтылуынан  гөрі 
ырғақпен айтылуы адамды баурап алатынын мойында- 
ды. Бұған қарағанда епископ музыканы терең түсінетін 
сезімтал, жаны нәзік адам болғанға ұқсайды.
ХІ-ХІІІ  ғасырларда  театр  жанрының  әр  алуан  түр- 
лері  қарқынды  дамыды.  Негізінен  ол  көне  өсиет  пен 
жаңа өсиеттің сюжеттеріне құрылған діни мистерияға 
байланысты  'іуындаған  еді.  ХІП  ғасырда  Францияда 
әулие  адамдардың  бойындағы  тұрмыстық,  пенделік 
қасиеттерге  негізделген  жаңа  театр  жанры  «микраль» 
пайда  болды.  «Моралите»  жанрында  жазылған  пье-
саларда  қарапаиым  шаруалардың  өмірі  суреттеледі, 
байлардың  сараңдығы,  монахтардың  күнәһарлығы, 
билердің (судьялардың) әділетсіздіктері әшкереленеді. 
Алғашқы, әдеби  драма  Францияда  XI  ғасырда  пай- 
да  болды.  Ол  «Күйеу  жігіт  пен  ақылды,  ақымақ  бой- 
жеткендер»  деп  аталады.  Ол  көпшілік  қауым  үшін 
шіркеулерде пасха кезінде қойылатын.
Кейінгі  орта  ғасырда  Батыс  Еуропа  әдебиетінің 
көркем  шығармашылығында  шынайы  өмірге  мән 
беру,  өмірдің  ақиқат  болмысын  суреттеу  кең  қанат 
жая  бастағанын  байқаймыз.  Табиғатқа,  ондағы  аңдар 
мен  құстардың  қарапайым  әрекеттерін  бейнелеу дәс- 
түрі  барлық  өнер  саласында  көріне  бастайды.  Реал- 
ды  өмірді  суреттеу,  жердегі  қарапайым  оқиғаларды 
шығармаларыныңтақырыптарына арқауету XIV ғасыр- 
дағы  көркемдік сананың өзіндік ерекшелігінің бірі бо- 
лып  саналады.  Бұрын естуге негізделген мәдениет сол 
кезеңнен бастап көруге негізделген мәдениетке ауысты. 
Сонымен орта ғасырлық Батыс Еуропа теологиясы ар- 
найы  эстетикалық трактаттарды өмірге әкеле  алмады,

42
Мэмбетов Жолдасбек
олардың  эстетикалық  көзқарастары  әр  алуан  ғылым 
жүйелерінде шашырап жүрді.
Мәселен,  Ульрих  Страсб} 
іы туралы» шығармасында
Игіліктің
туралы жазса,  Фома  Аквинский сезіммен бағаланатын 
әсемдіктің мақсатты қанағаттандыратын қажеттілікпен 
ешқандай байланысы жоқ деген тұжырым жасады.
ЖАҢҒЫРУ ДӘУІРІНДЕГІКӨ РКЕМ ДІК
ИДЕАЛДАР
аңғыру дәуірін (3.  Серікқалиев «жаң- 
ғырту  дәуірі»  деген)  зерттеушілер
үш   кезеңге  бөліп  қарастырады:  про- 
торенессанс  (ХПІ  ғасырдың  соңы  мен XIV  ғасыр),  ерте 
ренессанс (XV ғасыр), жоғары  ренессанс (XV ғасырдың 
соңынан 1530 жылға дейінгі уақыт) және кейінгі ренес- 
санс (XVI ғасырдың соңына дейінгі кезең).
Әрине, бүлайша бөлудің өзі түрақты түжырым деп 
айта алмаймыз. Өйткені кейбір зерттеушілер жаңғыру 
дәуірінің  басталуын  әртүрлі  деректерге  сүйене  оты- 
рып әрдайым алға жылжытуға тырысып келеді. Сосын 
жаңғыру  дәуірі  деген  үғымның  тек  Батыс  Еуропалық 
мәдениетке  қатысты  ғана  қолданылып  келе  жатқаны 
да жасырын емес.
Ал  жаңғыру  (немесе  қайта  өрлеу,  ояну)  деген 
үғымды қалай түсінуге болады?
Біріншіден,  ол  дәуірдің  адамдарының  санасын- 
да  әлем  бейнесі  түбірімен  үлкен  өзгерістерге  түсті. 
Ол  өзгерістер  ғылыми  шығармашылық  пен  көркем 
шығармашылықта,  өмір  бейнесін  жасауда,  жаңа  мінез 
бен діл  қалыптастыруда  айқын  көрініс берді.  Жаңғыру 
дәуіршдегі  өнерде  ренессанс  жеке  көркемдік  стиль 
ретінде  бекіп,  түрақтанады.  Ол дәуір тәжірибелер  мен

Әдебиеттің эстетикалык; негіздері
43
эксперименттер жасаумен ғана ерекшелініп қоиған жоқ, 
эл  өзіне  ғана  тән  көркемдік  идеалды  тудырып,  жасап, 
эмірге  батыл  енгізе  алды.  Бұл  айнала  қоршаған  орта- 
еш
 тану, өмірді тану, адамның өзін-өзі тану жолындағы 
құштарлығьшан пайда болған ерекше кезең болды.
Өнертанушы  ғалым  3.  Серікқалиев  жаңғыру  дәуі- 
ріне  қысқаша  былай  баға  береді:  «Ал  «Возраждение» 
дәуірінің жалпы  сипатына  келсек, ол тек ежелгі мәде- 
ниетке  мирасқорлық,  ұмытылған  өркениет  мұра- 
ларьгаың  игі  дәстүрлерін  қайта  жандандыру,  өткен 
үлгілерді  қайталау  ғана  емес,  сол  көне  және  кейінгі 
рухани  қорлар  тоғысынан  қуат  алып,  тыңнан  бой 
түзеу, гүлдену. Нағыз жаңғыру еліктеу, еске түсірумен 
айқындалмайды.  Леонардо,  Микеланджело  қадым 
заман  ұлыларының  қайта  бір  оралған  көшірмесі  де 
емес. Солардың ізбасар шәкірттері болып бастап, олар 
мүлдем жаңа сапаға айналып кеткен» [1.191 б.].
Ренессанс  стилінің  антикалық  дәуірдегі  көркемдік 
ізденістерден  қандай  айырмашылығы  бар  дегенге  ке- 
лер  болсақ,  жаңғыру  дәуірінде  жеке  тұлға  мәселесі 
айшықталып,  алға  шықты.  Антикалық  дәуірдегі  пор- 
треттерде  бейнеленген  адам  кім  деген  сұраққа  жауап 
табу қиын, «ол әншейін біреу ғана еді», оның ешқандай 
мәні  де  болған  емес,  ал  жаңғыру дәуіріндегі  портрет- 
терде  адам  бейнесі  барлық  жағдайда  бет  әлпетінің 
ерекшеліктерімен  анық  та  айшықты  салынатын  бол- 
ды,  көбінесе керемет сұлу кескіндер бейнеленді, кейде 
қарапайым адам келбегінің өзінен терең мазмұн таны- 
латын, өзіне ғана тән мінезі ашылатын, көбіне тұңғиық 
терең  сезімдердің  сыры  жұмбақ  күйінде  жасырын 
қалатын.  Әр  туындыдан  шығармашылық  тұлғаның
еркіндігінің иісі аңқып тұратын.
Ренессанс  дәуіріндегі  ескерткіштердің  бәрінен  биік 
рух пен нәзікгік,  мифологизм  мен демифологизм,  реа- 
лизм  мен  фантастика,  көкке тән  биікгік  пен  жерге  тән 
төмендік,  қиял еркіндігі  мен  ғарыштық тәртіп,  антика-

44
Мэмбетов Жолдасбек
лық  пен  христиандық  қайшылықта  араласып  келіп
ософы  Пико  делла  Мирандола 
сазды: «Мен есті көкгін 
үлы
 етіп
Ф
нымен  қатар  жерде  өмір  сүреаң,  өлмейтін  де 
сен өз ұятыңа орай өзің жараіуш ы болдың, өз Оейнеңді 
де өзің сомдап шықтың. Соған хайуан дәрежесіне дейін 
құлдырауға да, құдайға жақын деңгейге дейін көтерілуге 
де  мұмкіндік  берілген.  Ол  тек  қана  сенің  іштейгі  ерік- 
жігеріңе  байланысты»,  -   деген  сөздері  сол  кезеңнің 
бағдарламасына айналған еді [17. С. 113].
Батыс  Еуропа  ренессансы  антикалық  мәдениетті 
өздерінің  бағдары  етіп  ұстанды.  Ол  дәуірдің  «ояну», 
«қайта өрлеу», «жаңғыру» деп аталуының себеп-салда- 
ры да  соған  келіп  саяды.  Олар  көне  заманда  жасалған 
өнер жәдігерлерінің тәжірибелері мен беделіне сүйене 
отырып  адам  бойындағы  дене  мен  рух,  сезім  мен 
зиялылықтың  үйлесімді  бірлігін  табуды  мақсат  етіп  I 
қойды. Сол арқылы көркем мәдениеттің дамуына әсер 
етуді  көздеді.  Ф.  Энгельс  Батыс  Еуропа  ренессансын 
«Адамзат  өмір  сүргелі  бері  жасаған ұлы  прогрессивті 
төңкеріс», -  деп бағалады.
Өнердегі жаңғыру дәуірінің ірі өкілдері мүсіншілер, 
суретшілер,  сәулетшілер,  ақындар  мен  драматург-
Мысалы
Пе-
трарка, 
Дж.
  Боккаччо,  Альбертилер  енсе,  жоғары 
жаңғыру  дәуірінің  өкілдері  Леонардо  да  Винчи,  Ми- 
келанджело,  Рафаэль,  Ф.  Рабле  т.б.  болды.  Ал  кейінгі 
жаңғыру  дәуірінде  У.  Шекспир,  М.  Сервантес  сияқты 
қаламгерлер  өздерінің  өлмес  туындылары  арқылы 
әлемге әйгілі болды.
Олар өздерінің шығармаларында еркін де үйлесімді
идеалға айналған адам бейнесін жасап қана қойған жоқ,
сонымен қатар мынау өмірдің күрделі де қайшылықты
екенін,  оның  терең  драматизмін  барынша  көркем 
жинақтап көрсете білді.

Әдебиеттің эстетикалык, 
негіздері
45
ХҮІІ-ХУІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ КӨРКЕМ 
ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Б
атыс  Еуропа  мемлекеттері  ХУІІ-ХҮІІІ 
ғасырларда  жаңа  тарихи  кезеңді  баста- 
рынан  өткерді.  Бұл  кезде  Рим  импери- 
ясы  құлағалы  бері  өмір  сүріп  келе  жатқан  феодалдық 
құрылыс  іштей  ыдырап,  жаңа  буржуазия  қалыптасып 
келе  жатты.  Әсіресе  бұл  сол  кездегі  дамыған  мем- 
лекетгер  Анғлия  мен  Францияда  дүниежүзілік  та- 
рихи  маңызы  бар  буржуазиялық  төңкерістер  арқы- 
лы  жүзеге  асгы.  Миллиондаған  адамдардың  қаны 
төгілген  соғысгар,  идеялық  қақтығыстар,  саяси  жә-
не  философиялық  қайшылықтар  мен  көркем  шы-
ғармалардағы 
эстетикалық 
қарама-қарсы 
мұрат- 
мақсаттар  феодализмнің  жойылуын  тездетті.  Ағыл- 
шындар  мен  француздардың  жасаған  төңкерістері 
бүкіл  Еуропаға  барлық  жағынан  орасан  зор  әсер  етгі. 
Қоғамның  материалдық  және  рухани  мәдениеттері 
үлкен өзгеріске ұшырады.  Бұл ұлы  өзгерістердің бәрін 
мұның алдындағы жаңғыру дәуірі дайындап берген бо- 
латын. XV ғасырда Американың ашылуы, Коперниктің 
гел иоцентристік жүйесі адамдардың ғал ам ға, дүниеге де- 
ген көзқарастарын өзгертіп жіберді. Ағылшын филосо- 
фы Френсес Бекон «кітап басу мен оқ дәрінің, компастың 
дүниеге келуі адамзат қоғамына сол кезге дейін бірде-бір 
өкімет, бірде-бір секта жасай алмаған өзгерістер әкелді»,
-   деп  баға  берді.  Өсіп  келе  жатқан  өндірісгік  күштер 
ғылымның жаңа қарқынмен дамуын талап етті. Қоғамда 
буржуазияның рөлі өсе түсгі.  Олар  сауда  қатынастары 
мен ішкі экономиканы басқаруды, әскери отарлау саяса- 
ты мен жаңа жерлерді ашуды өз қолдарына алды. Бур- 
жуазия  азат  еңбек  қатынастарын,  теңдікке  негізделген 
гуманистік  идеяларды  қолдап  отырды.  Олардың  идео- 
логтары  жаңғыру  дәуірінің  ұлы  қайраткерлері  болды.

46
Мәмбетов Жолдасбек
Кейін оны  Еуропалық ағаріушылар одан әрі дамытып, 
жетілдірді.  Еуропаның монархтарының өзі буржуазия- 
мен  санасып,  ғылым  мен  өнер  адамдарына  біршама 
мүмкіндік берді. Керек десеңіз Рим папасы Лев X өзінің  ■ 
айналасына  өнер  адамдарын  жинап,  олардың  қүдай 
туралы  әзіл-қалжыңдарына да  кешіріммен қарауға  ты- 
рысты. Феодализмге қарсы күрес кейбір еуропалық ел- 
дерде дінді өзгерту (реформалау) күресіне үласып кетіп 
жатты. Англия, Нидерландия, Скандинавия түбегіндегі 
елдер  мен  Германия  католиктік  Римнен  іргелерін 
аулақ  сала  бастады.  Францияда  дін  үшін  шайқасқан 
бір  үлттың  қандас  адамдары  бірінің  қанын  бірі  судай 
ағызды.  Еуропалық  монархтар  мен  Рим  папасы  өнер 
мен ғылымға еркіндік берудің соңы неге соқтыратынын 
кеш  үғынды.  Олар  бүған  қарсы  контрреформация  жа- 
риялады.  Гуманистерді  қуғындау басталды.  1542  жылы
органдары
еді.  Олар дінге қайшы  пікірдегі  еңбектердің бәрін тый- 
ым  салынған тізімге енгізіп отырған.  Оны  «индекс» деп 
атаған. Бұл индекс 1962-65 жылдары ғана жойылды. Бүл
Дидро
болған.
Жаңғыру
Ал
өнер атаулы сол келген жерінде тұрып  қалды ма, әлде
алға  дами  берді  ме?  Дамыса  қандай  жолмен,  қалай
дамыды  деген  сауал  кез  келгенімізді  мазалауы  әбден 
мүмкін.
XVII  ғасыр  Еуропа  мәдениетінде  белгілі  бір  атауға 
ие болмаған  жалғыз  ғасыр  шығар.  Ол  ғасырда  саясат- 
та  да,  өнерде  де  ешқандай  да  бір  елеулі  өзгеріс  бола 
қойған  жоқ.  Егер  XVIII  ғасырды  ағартушылар  ғасыры 
десек, XVII ғасырдың Еуропалықтардың өздері тарихи 
соқпақсыз ғасыр деп атады.
I
-
і
ғары  инквизиялық  | 
конгрегация,  яғни,

XVII ғасырда Еуропа жұртшылығы жаңа кезеңге аяқ 
Засты. Бұл мәдениеттегі қатып қалған қатаң дәстүрлер 
уіен  канондардан  қоғамның  мойьгаы  босап,  жаңа 
<,оғамдық  сананың  пайда  бола  бастауынан  көрінеді. 
Зол кезге дейін готикалық стиль роман стилін алмасты- 
зып, одан әрі ренессанс сгиліне ауысса, XVII ғасырдың 
іяғында  ұлттық стильдерден де басым тұскен әлемдік 
у іә н і 
бар барокко мен классицизм өнердің барлық тұрін 
гүгелдей  қамтыды  деп  айтуға  болады.  Бұл  кезеңде 
«секе  шығармашылық пен  оған  қойылар  талап,  айты- 
^ар сын, қоғамдық сипатқа ие болды. Өнердің мәні мен 
маңызын  тану,  көркемдік  талғамның  жетіле  түсуі,  әр 
энер түрінің өзіндік ерекшеліктеріне баға беру -  мұның 
эәрі  де  көркем  сынның  қандай  деңгейге  көтерілгенін 
эйғақтайдьі.  Өнердегі  жаңа  мәдени  алғышарттар 
көркем  шығармашылықтың  жеке  бастамаларының 
мүмкіндіктерін  кеңейтті,  жеке  авторлық  стильдің 
қалыптасуына  жол  ашты.  Жаңа  дәуірде  өнер  жеке 
сала  ретінде толық  қалыптасып  болды,  енді  оған діни 
наным-сенімдер  де  саясат  та,  этикалық  нормалар  да 
ықпал  етуден  сырт  қалған еді.  Еркін  шығармашылық, 
тілді барынша өзгертіп, құбылтып пайдалану, стильдің 
бұрын  болмаған  түрін  ойлап  табу  -   өнерде  жаңа 
тәжірибе  жасауга,  тың  жаңалықтар  ашуға  қолайлы 
жағдай  туғызды.  Қорыта  айтқанда,  мұның бәрі  де тек 
талғам талабынан туған ізденістер болатын.
ХУІІ-ХУПІ  ғасыр  эстетикасында  өнердің  адамға 
қатынасы,  өнердің  адам  психологиясына  әсері,  оның 
жекетүлғаны қалыптастырудағы рөлі, мәні мен маңызы 
жан  жақты  зерттеле  бастады.  Оны  өнердегі  жаңа 
ағымдар  барокко  мен  классицизмнен  анық  аңғаруҒа 
болады.  Сонан  да  болар  жаңа  дәуір  кезіндегі  өнерге 
драмалық  сюжеттер  қайшыласқан  динамикалық  си- 
патта  дамып,  өрістеді.  Көркем  әдебиетте  былыққан, 
астаң-кестең  әлем  бейнесін  сомдау,  дүниенің  өзгерім- 
паздығын,  ақиқат  шындықтың  адам  сенбестей  өзгеше 
сырын  ашу  дәстүрі  қалыптаса  бастады.  Оны  сол
_________ Әдебиеттің эстетикалъщ 
негШері_________ 47

48
Мэмбетов Жолдасбек
тұстағы  атақты  философтар  ағылшынның  Френсис
Бекон  (1561-1626),  Томас Гоббс (1588-1679), Джон Локк 
(1632-1704)  француздың  Рене Декарт  (1596-1650),  Пьер 
Гассенли  (1592-1655),  нидерландық  Бенедикт  Спиноза 
(1632-1677)  т.б.  ғалымдардың  еңбектерінен  байқауға 
болады.  Олардың  бәрі  де  өз  зерттеулерінде  әлем- 
нің  философиялық  үлгісін  (моделін)  жасауды  мақсат 
тұтты.  Бірақ  олардың  ешқайсысы  да  өздері  арман 
еткен  үлгіні  жасап  бере  алмады.  Ғылымдағы  үлкен 
өзгерістер  әкелген  жаңалықтардың  өнерге  де,  оны 
тудырушыларға  да  қатты  әсері  болғаны  аян.  Әлем 
бейнесі  қандай  болу  керек  деген  мәселе  де  осыдан 
кейін  барып  туындаған  еді.  Барокко  секілді  стильдік 
форманың  пайда  болуының  алғышарты  да  дәл  осы 
ғылымдағы жаңалықтардың әсері болатын.
дәстүрш  ұстанғандар
күтпеген
ден  пайда  бола  кететін  шығармашылық  қарқынымен 
де,  тек  ережеге  сай  болуымен  ғана  емес,  ережеге  қай- 
шы  келуімен  де  күпггі»  деген  тұжырымды  мойында- 
ды.  Барокко  стилінде  жазушылар  композицияның 
жаңа  тәсілдерін  ойлап  табуымен  қатар  оқырманның, 
көрерменнің  күткен  шешімін  әдейі  өзгерте  отырып, 
шығармашылық  қиялға  барынша  еркіндік  беруге 
тырысты.  Бұл  реципиентгің  (қабылдаушының)  рөлін 
көтерді.  Авторды  оқырманмен  санасуға  мәжбүр  етті. 
Сондықтан  да  эстетикалық  талғам  мәселесі  ХУП-ХУШ 
ғасыр философиясында кеңінен талқыланды. Ағылшын
Дэвид  Юм  (1711-1776)  «Талғам  деңгейі  туралы»  деген 
ғылыми трактат жазып шықты.
ХҮП-ХҮПІ
қалды.  Қоғамдық
философияны, соның ішінде эстетиканы да соны жаңа- 
лықтармен  толықтырып,  сапалық  деңгейін  арттырды 
жаңа  биіктерге  көтерді.  Эстетиканың  әр  алуан  салала- 
ры, негізгі категориялары зерттеле бастады.

к
Әдебиеттіп эстетикалык негіздері
ӘСЕМДІК
стетиканың категориялары дегеніміз  -  
эстетиканың  негізгі  мазмұны,  өмірмен 
байланысы,  қарастырылатын  түсінік- 
гері. Эстетикалық категориялар көп, бірақ ең бастыла- 
ры  төртеу,  олар:  әсемдік,  асқақтық,  трагикалық  және 
комикалық.
Эстетиканың  категориялары  қатып  қалған  белгілі 
бір  заңдылықтарға  ғана  бағынады  және  өзгермейтін 
тұрақты  ұғымдар  емес.  Эстетика  категориялары  да 
пайда  болып,  өсіп,  кейде  тіпті  қайтадан  керексіз  бо- 
лып  жойылып  та  жатады.  Мысалы,  жиырмасын- 
шы  ғасыр  басында  эстетика  категорияларын  санап 
берудің  өзі  мүмкін  болмай  қалған  болатын.  Ита- 
лия  эстеті  Б.  Кроче  деген  оларды  былайша  тізбектеп 
көрсеткен  еді:  әсемдік,  трагикалық,  комикалық,  ас- 
қақтық,  патетикалық,  уайымшылдық,  күлкішілдік, 
милонхолитті,  трагикомикалық,  көңілділік,  зорлық- 
шылдық,  қатыгездік,  сұмдық,  жағымсыздық,  жек- 
сұрындық, 
төменшіктік, 
бейшаралық, 
юморлық, 
эллегиялық, 
идиллиялық, 
қорқыныштылық 
т.б. 
түрлі  категорияларға  бөліп  көрсеткенімен  олар  өзі-
таныта  алмады.  Сондықтан  да  эс-
юң  өміршеңдіпн  таныта  алмады. 
тетикалық  категориялардың  өзі  заман,  қоғам  өз- 
герістеріне  сай  адамзат  баласының  санасындағы 
өзгерістердің әсерінен пайда болып, өзгеріп, кейде тіпті
түсініктермен толығып та жатуы 
іек  философы  Платонның  «Фе^і
ету
пайдаланған  мынадай  сөздермен  аяқталады:  «Аса
құрметті
сұлу
сыртымда  не  бар,  соның  бәрі  менің  ішімдегілермен
болсын»,  -  деген  екен.  Егер  осы
ынтымақта
сөздің  мағынасына  терең  бойласақ  бұл  өзінше  ғажап

50 
Мәмбетов Жолдасбек
сырлы  сөздерден  құралған  сөйлем.  Аталған  мінөжат 
сөздің негізгі тақырыбы мен мазмұны сұлулық, әсемдік 
жайлы терең толғаныстан туғанын аңғарамыз. Әсемдік 
адам  бойындағы  ең  жоғары  құндылық  болып  санала- 
ды.  Ол  тек  Сократ  пен  Платонның  ғана  арманы  емес, 
күллі адам баласының арманы. 
|
Мәселен, Платонның ойынша, адамдар арасындағы 
махаббат  қатынастары  сұлулықты,  әсемдікті  сезінуге 
деген үлкен ұмтылыстан туындайтын көрінеді. Ол күш 
өзінің шегіне жетуге асығады, ал адамдағы ондай күшті
-  ер  адам  мен  әйел  адам  арасындағы  махаббат -  Эро-  I 
та  күші  деп  атаған.  Ғалымның  пікірінше,  махаббатқа  I 
ұмтылу -   адамның  мәңгілікке,  шексіздікке  ұмтылысы  I 
регінде  түсіндіріледі.  Дүңиедегі  барлық  заттың  бір-  I 
бірімен  жақындасуын,  үйлесім  табуын  ол  адамдар  ] 
арасындағы махаббатқа телиді. 
I
Әсемдік  -   ол  үлкен  қуаныш.  Әсемдікті  аңсау,  сұ-  I 
лулыққа  ұмтылу  тек  қана  адам  баласының  арманы, 
адамзатқа  ғана  тән  ерекше  сезім.  Адам  баласының 
әсемдікке,  сұлулыққа  деген  сезімі  оның  о  бастағы  жа- 
ратылысымен бірге берілген, біте қайнаған қасиет. Сол 
сұлулықты, әсемдікті тану үшін арнайы ғылым  саласы
-  эстетика пайда болған.
Әсемдік  мәселесі  эстетикадағы  ең  басты  нәрсе  | 
ғана  емес,  ол  ең  негізгі  және  айқындаушы  нәрсе. 
Әсемдік  деген  не,  оның  құдіретті  күші  мен  тылсым 
табиғатын  қалай  түсінуге  болады  деген  сауалдардан 
эстетика  ғылымы  пайда  болған.  Кез  келген  эстетика 
теориясы  туралы толғам  мен  пайымдау болған жерде 
міндетті түрде әсемдік мәселесі сөз болады. Әсемдіксіз, 
сұлулықсыз  эстетика  деген  ұғым  да  жоқ.  Сонымен 
қатар  ол  ешқашан  да  бір  орында  тұрып,  дамылдап 
қалған  емес.  Әрдайым  даму,  өзгеру  үстінде.  Ерте  за-  I 
манда да солай болған, қазір де солай. 
1
Ол  туралы  қазақтың  белгілі  әдебиеттанушысы,  та-  | 
лантты  сыншы-ғалым  3.  Серікқалиев  былай  дейді:  I

<Көркемдік тұрғысынан дүние сырын игеру -  жараты- 
іыс  шындығына,  әр  нәрсе,  әр  құбылыстың  мән- 
лағьшасына  талдау,  саралау  жолымен  жай  ойлана 
/ңілу ғана емес, ол -  ең алдымен күллі әдемілік әлемін, 
гұлулық  сипатын  бар  табиғатыңмен  беріліп  жан- 
кақты  тану,  рухани  жан  жылуыңмен  егжей-тегжейлі 
гезіну.  Платон  мен  Аристотельден  бастап  ғасырлар 
Зойы-адам  баласы,  ақыл-ой,  парасат осы  дүние  көркі 
иәселесі  төңірегінде  үзбей  толғанып  келген.  Бұл 
гақырыпқа  байланысты  қазіргі  заман  эстетикасында 
да  пікір таласы толастап  көрген емес.  Мұны байыпты 
тіешу -  көркемөнер қазынасының бір жұмбақ тылсым
құпиясын ашу деген сөз» [1.47 б.].
Бірақ  кейбір  эстетика  жайлы  зерттеулер  мен 
пікірлерде  әсемдік  туралы  түсінік  мүлдем  кездеспеуі 
де мүмкін. Эстетика туралы тарихта мұндай жағдайлар 
сирек те болса кездесіп қалып жатады. Мысалы, Арис- 
тотель  езінің  «Антириторикасында»  әділетті  нәрсенің 
оәрі  әсем  де  сұлу  болады  деп  жазған.  Немістің  өнер 
тарихын  зертгеуші  ғалымы  Винкельман  әсемдікті 
«бүтіннің  әр  түрлі  қасиеті»  деп  түсінсе,  Шиллер 
«әсемдік»  деген  сөздің  өзін  «ақиқат»  деген,  оның  ең 
жетілген үлгісімен ауыстыруды ұсынған.
Әсемдікгі  анықтауда  кездесетін  әралуандықтың 
орын алуы жайдан-жай емес көрінеді. Себебі әсемдікке 
анықтама  бергеннен  гөрі  нақты  мысал  келгірген 
әлдеқайда жеңіл  екендігі байқалады.  Мысалы, таңның 
рауандап  атуы  мен  күннің  қызарып  батуы,  қарлы 
шыңдарының  уақыт  пен  ауа  райының  өзгеруіне  орай 
құбылып сан алуан бояуға шомылуы, көңілге әдемі бір 
сүйіспеншілік  ұялатуы,  көкжиекке  ғана  көз  тірелепн 
кең  жазира даланың  ғажайып  суреті,  шалқып  жатқан 
теңіз  бен  өзен-көлдердің  сұлулығын,  т.б.  біз  жаны- 
мызбен  қабылдаймыз.  Шаттанамыз,  қуанамыз.  Сол 
сияқты  мәңгі  қозғалыстағы  өмір,  адамдардың  жоғары 
идеалдарды  пір  тұтуы,  сол  жолда  өмірлерін  құрбан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет