Инновациялық педагогикалық технологияны игеру



Pdf көрінісі
Дата09.03.2017
өлшемі0,49 Mb.
#8699

 

Қалыбекова Д.Б.  қаржы магистры,  

аға оқытушы   

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 

 

Инновациялық  педагогикалық технологияны  игеру – 

заман талабы 

   

 

«

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың 

тағдыры ұстаздардың қолында» 

Н.Ә.Назарбаев 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім 

беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім 

беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу, 

ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 

жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби 

шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»  -  деп атап 

көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты 

міндеттерінің  бірі-  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және 

жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.  

Осы орайда, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған 

терең  білім,  білік,  дағдылар  мен  құзырлықтардың  негізінде  еркін  бағдарлай 

білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз 

бетінше  дұрыс,  тиімді  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны 

қалыптастыру  болып  табылады.  Оны  жүзеге  асыру  –  білім  беру 

мекемелерінде  жеке  тұлғаның  танымдық  белсенділігін  арттыруға  септігін 

тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын 

іздестіруге өзекті сипат береді. 



«Технология»  ұғымы  «тehne»  -  өнер,  шеберлік  ,  «logos»  –  ілім,  білім,  оқу, 

ғылым деген  мағыналарды  білдіретін,  грек  тілінен  енген  екі  сөзден  тұрады. 

Сондықтан, «технология»  - терминін  - өнер туралы ғылым немесе шеберлік 

туралы ғылым - деп аударуға болады. 

Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 

меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа 

технологияны  меңгеру  тұлғаның  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани,  азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына 

игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  процесін  тиімді 

ұйымдастыруына  көмектеседі.  Қазіргі  педагогика  жаңалықтарын  пән 

ерекшелігіне  қарай  қолдана  білу  -  оқыту  мақсатына  жетудің  бірден  -  бір 

жолы.  Осы  жолда  педагогикалық  технология  оқыту  мақсатына  жетудің 



тиімді,  нақты  жолдарын  көрсетеді.  Оқытудың  жаңа  технологиясы  іс-

әрекеттің  жоспарланған  нәтижесіне  жетудің  шартты  тәсілі  ретінде 

қарастырылатын  жаңа  әдістердің  жиынтығынан  тұрады.  Оның  дәстүрлі 

оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада: 

-  білім  алушы  тұлғаның  интеллектуалды  дамуы  аз  уақыт  ішінде 

қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы

-   білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;

 

-  мұғалім  мен  білім  алушының  өзара  қарым  -  қатынасында 



жауапкершіліктің міндеттілігі. 

Оқытудың  дамыту  функциясы  білім  алушы  тұлғасын  жетілдіруге 

бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік 

жүйелері  мен  әдістерде  жүзеге  асырылады.  Оларға  бүгінгі  өркендеп  келе 

жатқан  жаңа  сипаттағы  жаңа  технологияларды  жатқызуға  болады.  Олар: 

«Дамыта  оқыту  технологиясы»,  «Модульдік  оқыту  технологиясы»,  «Сын 

тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады. 

Білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің 

бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы 

педагогикалық  технологияларды  меңгеру.  Қазіргі  таңда  оқытушылар 

инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана 

отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 

Еліміздегі  жоғары  оқу  орындарында  білім  мен  ғылымдағы  ең  алуан  түрлі 

және  болашағы  зор  қазіргі  заманғы  білім  беру  технологиялары  ендірілуде. 

Оқытудың  кредиттік  жүйесін,  қашықтан  оқыту  формасын  енгізуді,  маман 

даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үдерісінде қазіргі заманғы 

білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап 

айтуға болады. 

Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды 

мәселелерінің бірі – жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа 

әдісті  жан-жақты  түсіне  білу  үшін,  бұл  жаңалықтың  басқа  жаңалықтардан 

ерекшелігін,  айырмашылығын,  артықшылығын  көре  білу  қажет.  Оқыту 

процесін  жандандыру  білім  алушылардың  оқу  материалының  теориялық 

мазмұнын  игеру  жөніндегі  еңбегін  тиімді  ұйымдастыру  және  олардың 

практикалық іскерлікті мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. 

Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы 

және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, инновациялық технологияларды 

игерулеріне  тікелей  байланысты  болады.  Сондықтан  білім  алушылардың 

ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары 

әр  мұғалімнен  оларды  терең  игеруін,  іске  асыруын  және  оған  сай  болатын 

іскерлікті талап етеді.  

ЖОО оқыту-дың инновациялық технологиялары: 

-

 

Жеке тұлғаға бағ 



-

 

Дамыта оқыту технологиялсы 



-

 

Тренингтер және оны жүргізу технологиясы 



-

 

 Интерактивті оқыту технологиясы 



-

 

 Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиялары 



-

 

Қашықтықтан оқыту технологиясы 



-

 

Жеке оқыту технологиясы 



-

 

Проблемалық оқыту технологиясы 



-

 

Жобалап оқыту технологиясы 



-

 

Ойын технологиялары 



-

 

Модульдік  оқыту технологиясы 



    ЖОО  –ларда    кредиттік  технология  бойынша  оқыту  2006-2007  оқу 

жылынан  бастап  жүргізіліп  келеді.  Дегенмен,   оқытудың  кредиттік 

технологиясы  әлі  де  болса  нақты  жүйеленбей  отырғанын  байқауға  болады.. 

Өйткені  бір  жағынан  оқытушының  дәстүрлі  білім  беру  жүйесі(дәріс, 

тәжірибелік  сабақтарда   сұрақ-жауап  ретінде),  екінші  жағынан  оқыту 

процесінде  әртүрлі  жаңа  инновациялық  әдістерді  қолдануға  тырысу.  Оның 

ішінде  презентациялар,  тақырыпты  проблемалық  мазмұндама  ретінде 

түсіндіру,  пікір-талас,  кейс-стадиялар,  топпен  жұмыс  істеу,  ми  шабуылы, 

сыншыл  тұрғысынан  ойлау,  шағын-  ізденістер,   Insert   (немесе  қысқаша 

түртіп  алу  негізінде  студенттер  7-10  минуттық  ассоциативтік  эссе  жазады), 

блиц-тест  тәсілі,  сауалнама,  «Бинго»  қабылдау,  викториналар,  іскерлік 

ойындар, ролдік ойындар, т.с.с. 

Оқытудың  интерактивтік  үлгілерінің  негізгі  критерийлері  :  пікір-талас 

тудыру,  оқу  материалын  еркін  баяндау,  дәстүрлі  дәрістердің  аз  болуы, 

студенттің  белсенділігін  арттыру,  топпен  жұмыс  істейтін  тапсырмалардың 

болуы,  семестр  бойынша  кредит  санына  байланысты  бірнеше  аралық 

бақылаудың болуы, жазбаша жұмыстардың болуы т.т. 

Нарықтық  қатынастар  жағдайында  қалыптасып  келе  жатқан  Қазақстандық 

жоғары білім жүйесі бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау барысында,  қазіргі 

таңда білім алушының қызығушылын ояту принципін көздейді. Демек ЖОО 

оқытушылары  студенттердің  шығармашылық  әлеуетін  белсендірумен  қатар 

олардың оқуға деген ынтасын арттыру қажет.  

Алайда ЖОО білім беру процесінде инновациялық әдістерді дұрыс қолдану 

— еңселі елдің іргесін қалайтын азаматтардың білім алудағы қажеттіліктерін 

қанағаттандыра  отырып,  болашақта  сыртқы  нарықта  бәсекеге  төтеп  бере 

алатын жоғарғы дәрежедегі мамандар дайындаудың алғашқы сатысы. 

М. Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін-білім» деп атап 

көрсеткендей,  ғылым  мен  білім  адам  ой-санасының,  дүние  танымының 

өсуіне  қорек  беретін  рухани  күш  деуге  болады.  Демек  жаңашыл  әдістердің 

білім беру процесінде алатын орны зор. 

Қашықтан  оқыту  біздің  елімізде  кең  таралуы  жайлы  айту  әлі  ертерек, 

толыққанды  қашықтан  оқыту  туралы  айту  үшін  оқу  орындарында  және 



оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы 

тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі 

әлсіздеу.  Білім  Министрлігінің  тарапынан  қашықтан  оқыту  формасының 

әрекетіне  қатысуында  жетіспеушілік  бар,  нормативті-құқықтандыру, 

экономикалық  және  финанстық  сұрақтар,  Интернет  бағасының  жоғарлығы. 

Бұл проблеманы шешу үшін, мынадай ұсыныстар бар: 

—     кабинеттер  компьютерлермен  толық  қамтамасыз  етілуі  керек; 

—     қашықтан оқыту курстары және бағдарламалары болу керек, оқытудың 

әдіс – тәсілін жасау, жобалау, арнайы курстар, үйірмелер ашу; 

—     қашықтан  оқытудың  өмірде  жиі  пайдалану,  пайдаланудың  тиімді 

әдістерін ойлап табу; 

—     алыс-жақын  шет  елдердегі  қашықтан  оқытудың  іс-тәжірибесін  оқып-

үйрену; 

—     қашықтан  оқытуда  оқушының  білім  сапасын  бағалаудың  жаңа 

критерийін 

жасау; 


—    ақпаратты-техникалық  жабдықтау  қызметі  қашықтан  оқытудың 

программалық,  ақпараттық  және  техникалық  құралдарын  дайындау; 

—     мультимедиялық бағдарламалармен жабдықталуы керек. 

Әрине,  оқу  орындарының  компьютерлік  базасы  әрі  қарай  толықтырылады, 

жетілдіріледі,  бірақ  соған  қарамастан,  қолдағы  бар  құралдарды  толық 

пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек.  

Интерактивті  оқытудың  мәнісі  –  кластағы  барлық  оқушы  таным  үрдісімен 

қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге 

және  қарсы  әсер  етуге  мүмкіндік  алады.  Таным  үрдісінде,  оқу  материалын 

игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне 

тән  еңбегін  сіңіреді,  білім,  идея,  әрекет  ету  тәсілдерімен  алмасу  үздіксіз 

жүреді.  Сонымен  қатар,  бұл  үрдіс  мейірімділік  пен  өзара  бір-біріне  қолдау 

көрсету аясында болады.  

Маңыздысы  –  айтылған  көзқарасқа  баға  қоймау  керек,  барлық  жауап 

қабылданады  және  әр  пікір  тақтаға  немесе  қағазға  жазылғаны  дұрыс. 

Қатысушылар  олардан  негіздеме  немесе  түсініктеме  талап  етілмейтінін 

түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады.  

Білім  беру  саласындағы  көп  қолданыста  жүрген  АКТ  құралдары: 

- Интерактивті тақта; 

- Мультимедия; 

- Интернет кеңістігі

- Электронды оқулық. 

«Интернет»  деген  термин  ағылшынның  «international  net»  деген  сөзінен, 

аудармасында  «халықаралық  байланыс»  деген  ұғымды  береді.   Интернет 

жүйесі  арқылы  тіл  үйренуші  тіл  өкілімен  тура,  тікелей  байланысқа  түсе 

алады,  шетел  тілі  сабағында  Интернетке  қосылу  арқылы  шынайы  қарым-

қатынас  үлгісін  жасауға  болады.  Табиғи  тілдік  ортада  тілді  қарым-қатынас 

құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды  



түрде,  түрлі  тілдік  формулаларды  қолдана  отырып,  жылдам  жауап  беруге 

дағдыланады. 

Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі 

тек  қана  мұғалімнің  шеберлігімен  және  осы  шеберлікті  шыңдай 

түскендігімен  ғана  шын  күшіне  ие  бола  алады.  Сондықтан  білім 

алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі 

мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған 

сай болатын іскерлікті талап етеді. 

        Ұлы  ағылшын  ағартушысы  Уильям  Уарт  айтып  кеткендей  :  «Жай 

мұғалім-хабарлайды,  жақсы  мұғалім-түсіндіреді,  керемет  мұғалім-көрсетеді, 

ұлы  мұғалім-шабыттандырады»  демекші,  бүгінгі  мұғалім    «ұлы  мұғалім» 

мәртебесіне сай болуы үшін қажырлы еңбек пен  білім беру жүйесінде заман  

талаптарының ұстанымдары әрқашан естен шықпауы керек. 

 

 



 

 

        Әдебиеттер : 



1.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Алматы, 2 010 ж  



Жүнісбек Ә.Жаңа технология негізі – сапалы білім \ Қазақстан мектебі 

№4 2008 


2.

 

Көшімбетова  С.  Инновациялық  технологияны  білім  сапасын  көтеруде 



пайдалану  мүмкіндіктері А \Білім, 2008ж  

3.

 



Нағымжанова Қ.  Инновациялық технологияның құрылымы А\ Өркен, 

2007ж 


4.

 

Оқу- тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану   



Ж.А. Еркегалиева http://zkoipk.kz/ 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет