№1 (92) 2013 377 Әдебиеттер



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі33,74 Mb.
#8828

№ 1 (92) 2013

377


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Әмірбекұлы Е. Ұлттық  инновациялық  инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру 

тетіктері // Альпари. -2008. – №4. 

2.  www.stat.kz – Қазақстан Республикасының Статистикалық Агенттігі

3. Егизбаев Д., Кумпекеев А. Экономический анализ влияние инноваций на развитие зернового комплекса 

Казахстана // Казахский экономический вестник. -2009.-№2-3.

4. Алдашов Б.А., Ткач Е.В. Инновационная инфраструктура: понятие, основные элементы и направления 

развития // 2009.

5.  Дуламбаева  Р.Т.  Экономическая  политика  повышения  конкурентоспособности  Республики  Казахстан  в 

условиях глобализации // Саясат-Policy. -2009.- №6-7.

6. Арыстанов А.К. Экономика будущего – это инновационная экономика // Альпари. -2010.-№4.

7. Мустафина Л.Е. Развитие инноваций как основа конкурентоспособности национальной экономики Казах-

стана в условиях глобализации // Транзитная экономика. – 2010. - №3.

8. Саурукова А.К. Теоретические основы формирования национальной инновационной системы //  Транзит-

ная экономика. – 2010. - №3.

9. Ситенко Д.А. Проблемы инновационной инфраструктуры Казахстана: институты и механизмы взаимодей-

ствия // Альпари. -2010.- №3.

10. Осуществлен долгожданный запуск в коммерческую эксплуатацию сетей связи нового поколения // Ка-

питал. -2011.

11. Притворова Т.П. Проблемы инновационной инфраструктуры Казахстана: институты и механизмы взаи-

модействия // Альпари. -2010.- №3

12. Нурлихина Г.Б. Региональная экономика под призмой национальной безопасности // Саясат-Policy. -2011. 

- №3.

13. Анализ современного состояния экономики и обоснование необходимости инновационного развития РК 



// http://www.nauka.kz/about/legislation/kz/zakon3/gl3_3.php. - 2011.

14. Әжігереева Г. Омеганың инновациялық жобалары // Экономика. – 2011. – 36 (208).

15. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық меха-

низмі // Әмірбекұлы Е // Автореферат // Алматы  2010.



Редакцияға 17.10.2012 қабылданды.

К.Қ. ЖҮНІСОВА, Н.Т.ОМАРШАЕВА

АНТОНИМДЕРДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

In this article scientific risearch of antonyms is observed.

Тіл білімінің қай кезеңінде, қай дәуірінде болмасын қарама-қарсы мағыналы сөздердің (антоним-

дер)  табиғаты  ғалымдардың  қызығушылығын  тудырып  отырған.  Өйткені  жалпы  қарама-қарсылық 

ұғымы  өте  күрделі,  түрлі  көзқарастарды  басшылыққа  алып  жүрген  тілдік  құбылыстардың  бірінен 

саналады. Қарама-қарсылық мәндегі қатынастар семантикалық парадигманың бір көрінісі болып та-

былады, сондықтан да олардың көріну, жасалу ерекшеліктері ғалымдардың назарын әрқашан өзіне 

аударып отырған. 

Сонымен бірге қарама-қарсылықтың күрделі табиғаты бұл мәселенің қаншалықты зерттеу нысаны 

болғандығын баяндауды қажет етеді. Сондықтан біз осы уақытқа дейін жазылған ғылыми зерттеулерге 

сүйене отырып, қарама-қарсы мәндегі сөздердің, яғни антоним сөздердің зерттелуіндегі бағыттарға, 

соның ішінде антоним сөздердің дәстүрлі, құрылымдық бағытта зерттелуінің жай-күйіне соға кеткен-

ді жөн көреміз. 

XVІІІ-ХІХ ғасырда қарама-қарсы мағыналы сөздер әр алуан атаулармен берілген: “қарсы заттар» 

(М.В. Ломоносов); «қарсы мәнді, қарама-қарсы, қарсы атауыш сөздер» (И.И. Срезневский); «қарама-

қайшылық, қарама-қарсы сөздер» (И.И. Давыдова) [1, 6].

Қарама-қарсылық мәндегі ұғымдар тіл білімінде антонимдік бірліктер ыңғайында зерттеліп келді, 

сонымен бірге оларды жалпытеориялық деңгейде зерттеген еңбектер де бар. Қарама-қарсы мағыналы 

сөздерді психолингвистикалық аспектіде ғалым Э.И. Родичева зерттеген [2]. Ғалым афазия ауруына 

шалдыққан бірнеше ұлт өкілдерінің арасында тәжірибе жасаған. Осы тәжірибенің нәтижесі – анто-


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

378


нимдік қарама-қарсы дамулары тежелгендердің логикалық-түсініктік компонентіне енетіні. Мысалы, 

«төменгі» деген сөзге барлығы дереу «жоғары» деп, «бейбітшілік» деген сөзге – «соғыс» деген жауап 

алыныпты. Осы тәрізді қорытындыға В.И. Маслова да келген. Ғалым былай деп көрсетеді: 

«...как  свидетельствуют  экспериментальные  данные,  основные  протвопоставления  могут  быть 

описаны в логико-понятийных терминах» [3, 20]. Э.И. Родичева әртүрлі жүйелі тілдер материалы не-

гізінде (орыс, араб, эстон т.б.) қарама-қарсылық қатынастардың туу және даму үдерісін зерттей келе, 

антонимия пресуппозициясы оны құрайтындардың бір-біріне қосылу нәтижесі болып табылады де-

ген қорытындыға келген: 1) айтушы не сөйлеушінің персоналдық пресуппозициясы; 2) әмбебаптық 

логикалық пресуппозиция. Заттардың қасиеттері немесе объективті құбылыстардың мәнін көрсететін 

логикалық арам-қарсылық жүйелі лексикалық антонидер арқылы тілдік тұрғыдан көрініс табады. 

Әртүрлі  халықтардың  тілдеріндегі  семантикалық  құбылыстарды  сараптаған  кезде  келесі  бір 

элемент – ғаламның ұлттық суретінің ерекшелігі – әлемді ұлттық тұрғыдан тану пресуппозициясы 

қосылады. Бұл пресуппозиция тек сол тілге ғана тән антонимдік оппозицияларда көрінеді.

 Қарама-қарсы мағыналы сөздердің қазақ тіл білімінде зерттелуі жөнінде де біраз мәселені айтуға 

болады.  Қазақ  тіліндегі  қарама-қарсы  мәндегі  сөздер  –  антонимия  мәселесі  едәуір  зерттелді.  Осы 

орайда ол туралы алғаш ғылыми пікір айтып, антонимдер сөздігін жариялаған ғалым – Ж.М. Мусин 

[4]. Ғалым антонимдердің зерттелуіне жан-жақты тоқталып, антонимдік қатынастарды лексикалық, 

сөзжасамдық, морфологиялық, фразеологиялық, стилистикалық деңгейде жан-жақты қарастырады. 

Зерттеудің нысаны ретінде алынған қарама-қарсы мағынадағы сөздердің болымсыздық категориясы-

мен  қатысына  логикалық  тұрғыдан  теориялық  тұжырымдар  беріледі.  Антонимдік  фразалық  тірке-

стерді, стильдік антонимдерді, антонимдік контекстерді тұлғалық және мағыналық жағынан топта-

стырып, бірнеше топқа бөліп қарастырады [4].  

Қарама-қарсылық мәселесі С. Төлекованың «Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәндегі фразеоло-

гизмдер» атты зерттеу жұмысында да қарастырылып өтеді. Автор зерттеу нысаны болған алғыс және 

қарғыс мәндегі фразеологизмдерді үш түрге бөліп қарастырады: 

1) Фразеологизмдердің толық мағыналарының қарама-қарсы қойылуы. Мысалы: «жас жанына 



жамандық бермесін – көгермей, көктей солғыр», «жаның мұрнының ұшына келгір – айдан іздегенің 

алдыңнан табылғыр», «қуанышың қойныңа сыймасын – қасіретіңе жолыққыр» т.б.;

2) Қарама-қарсы мағынадағы фразеологизмдерде мағыналық жағынан фразеологизмнің негізі бо-

латын бір сөз қайталанып келіп жасалуы. Мысалы: «жаның көзіне көрінгір – жаның жадырағыр», 

«жолың болмағыр – жолың ашық болғыр», «жолыңа жуа біткір – жолың даңғыл болғыр»; 

3) Фразалық бірліктерден бөлек алынған кезде бір не екі сөзі жеке тұрып антоним бола алатын 

фразеологизмдер. Мысалы: «Ұзақ ғұмыр берсін – өлім келгір», «көзінің оты жансын – көзіңнің оты 

өшсін». 

Ғалым фразеологизмдер ішінде кездесетін антонимдерді қарастырады да, олардың экспрессивтік-

эмоционалдық  қызметін  айқындайды.    «Өшкенің  жанып,  өлгенің  тірілсін»  дегендегі  антонимдер 

алғыс мәнін күшейте түседі де, «досың қас, дұшпаның жау болсын» деген тіркестегі «дос – қас», «дос 

– дұшпан», «жау – дос» қарғыс мәнінде сондай әсер ететіндігін дәлелдейді [5]. 

Қазақ тіліндегі антонимдер мәселесі жоғарыда келтірген А.Е.Жүсіповтың «Қазіргі қазақ тілінде-

гі  қарама-қарсылықтың  коннекторлары»  атты  зерттеу  жұмысында  едәуір  жақсы  ашылған.  Аталған 

жұмыста  атнонимдердің  объективті  негізін  анықтау,  түбірлі  антонимдердің,  энантиосемияның 

табиғатын  ашу,  қарама-қарсылықтың  синонимия,  полисемия,  омонимиямен  байланысын  және  ан-

тоним  сөздердің  стилистикалық  қызметі  сөз  болады  [1].  Сондай-ақ  бұл  еңбекте  біздің  магистр-

лік  диссертациямызға  әдіснамалық  жағынан  негіз  болатын  көптеген  мәселелер  көтерілген,  атап 

айтқанда,  қарама-қарсылықтың  әмбебап  категория  екендігі,  қарама-қарсы  мағына  мен  мағына 

қарама-қарсылығы,  қарама-қарсылықтың  болымсыздық  категориясымен  байланыстылығы,  қарама-

қарсылықтың коннекторлары т.б. 

Антонимдер мәселесі қазақ және орыс тілдерінің материалдарында салыстырыла зерттеліп жүр. 

А. Жұмабекова өзінің еңбегінде антонимия құбылысын салыстырмалы-типологиялық аспектідегі 

теориялық қағидаларын алғаш рет кеңінен қарастырып, жан-жақты тұжырымдайды [6]. Антонимия 

тілдік құбылыс ретінде қарастырылып, логика, психология, философия қағидаларымен салыстыры-

лып,  кешенді  түрде  зерттеу  жүргізілген.  Зерттеу  барысында  тілдік  және  логикалық  қарама-қарсы 

байланыс  анықталып,  узуалды  антонимдік  оппозиция  және  контекстуалды  антонимдік  оппозиция 

ұғымдарының  айырым  белгілері  көрсетілген.  Қарама-қарсы  мағынадағы  сөздер  градуалды,  прива-

тивті және эквиполентті деп шартты түрде үшке бөлініп қарастырылған. Зерттеушілердің айтуынша, 

қазақ тіл біліміндегі антонимдерге деген көзқарастың дамуында бұл еңбектің тигізер септігі мол. 


№ 1 (92) 2013

379


Ж. Қонақбаеваның ғылыми жұмысында антонимдік фразалық тіркестер ағылшын, орыс және қазақ 

тілі материалдарында салыстырыла отырып, осы бірлік-тұлғалардың тіларалық идиомалық қатысын 

ашып, анықтауға бағытталған. Автор қазақ, орыс тілдеріндегі антонимдік қарама-қарсылық ағылшын-

қазақ, ағылшын-орыс эквиваленттеріне сайма-сай келетінін айтады. Айырмашылық, негізінен, конно-

тативтік қатынастар кезінде байқалады, олардың әрқайсысының өзіндік семантикалық құрылымы бар 

дегенге жүгінеді [7]. 

Қазақ  тілінің  семантикасы  мәселесін  қарастырған  М.  Оразов:  «Сөздерді  антонимдік  қатысына 

қарай тек белгілі семантикалық топтардың аясында бөліп, сол топтармен байланыстыра қараған жөн. 

Л. Новиков көрсеткен үш түрлі парадигмалық байланыс осы топ элементтерінің түрлері бір өлшемге 

негізделмегендіктен көпшілік лексикологтар оны қабылдамай жүр», – дегенді айтады [8, 37]. М. Ора-

зов антонимдерді мағынасына қарай топтаған кезде мынадай мәселелерге көңіл бөлу керектігін айта-

ды: 


1. Сөздер антонимдік қатардың сыңары ретінде қолданылған кезде тура (номинативтік) мағынада 

қолданылып тұр ма деген сұрақтардың басын ашып алу керек. Сондай-ақ көп мағыналы сөздердің 

бір мағынасы (барлығы емес) басқа сөздердің мағынасымен (не көп мағыналы басқа сөздердің бір 

мағынасымен) атнонимдік қатынаста болуы мүмкін. Бұны да есепке алу керек. 

2.  Антоним  болатын  сөздердің  тұлғалық  құрамына  да  көңіл  аудару  керек.  Яғни  туынды  түбір 

сөздерді  антонимдік  қатарға  жатқызу,  я  жатқызбау  мәселесін  анықтау.  Бұндай  анықтаудың  негізі  - 

ұғым мен сөз мағынасында, қарама-қарсы қоюдың сипатында жатыр. Қарама-қарсы қою тек тілдік 

категория болып саналмайды, гнесиологиялық та, психологиялық та категория. 

3. Қарама-қарсылық категориясы өзгермелі, салыстырмалы қасиетке ие болады. 

4. Қарама-қарсылық тек ұғымда ғана болмайтын құбылыс, ол табиғатта да, қоғамда да болатын, 

объективтік сипаты бар құбылыс. 

5. Қарама-қарсылық өсіп, сандық қарама-қарсылықтан сапалық қарама-қарсылыққа өтуі мүмкін. 

Тіл элементтері арасындағы қарама-қарсылық сәл басқашалау сипатқа ие, ол ұғыммен, ойлаумен бай-

ланысып жатады [8, 37]. 

Жалпы түркі тілдерінде де антонимдер жөнінде жинақталған ғылыми тұжырымдар мен түйіндер 

баршылық. Зерттеулерге сүйене отырып, баяндасақ, олар мынадай сипатта болып келеді. 

А. Меметов қырым-татар тіліндегі антонимдерді қарастырып, олардың осы тілдегі пайда болуы-

на, морфологиялық құрылымына сараптама жасайды. Сол сияқты басқа да түркі тілдерінде, ұйғыр 

тілінде – Ә. Қайдаров, Г. Садуақасова, Т. Тәліпов; башқұрт тілінде – Ж. Киікбаев; татар тілінде – Б. 

Байжанов; қырғыз тілінде – Б.Ш. Усубалиев т.б. антонимдер мәселесі сөз болып қарастырылған [4]. 

Дүниені танып-білуде, оның қасиеттерін анықтауда заттардың түрлі қасиеттерін салыстыру, қарама-

қарсы қоюдың қызметі мол. Антоним болатын сөздер бірін екіншісі мүлде жоққа (мағына жағынан) 

шығармауы керек немесе антонимдік қатынас бірі болымды, екінші сыңарының болымсыз мағынада 

болуымен аяқталады деуге болмайды. Мысалы, жас – қарт жұбы антоним екендігінде дау жоқ. Егер 

қарама-қарсы қою олардың мағына компонентіне енген болса, онда олар барлық мағыналарында да 

өзара антоним болушы еді. Салыстырайық: 



Желк-желк еткен жас шалғын, суық желмен майысып; 

Өзі сері, әнші, сұлу Байтасқа өрімдей жас қызыға да, тамашалай да қараған еді;

Жақсылап піскен жас балыққа аңсары ауып кетті;

Жас баланың жылаған даусы бөлмені алып кеткен...

Келтірілген мысалдардағы жас сөзінің мағыналарын бірдей деп айту қиын. Бірінші сөйлемдегі 



жас – «жаңа шыққан», «қурамаған», «буыны қатпаған» деген мәндерде қолданылса, келесі сөйлемдегі 

жас – «жас адам», «жас жігіт», «жас мөлшері шамалы бала» деген мағынадағы қолданыс, ал үшінші 

сөйлемдегі  жас  –  «жаңа  ауланған»,  «қатып,  семіп  қалмаған,  кеппеген»  мағынасын  береді,  соңғы 

сөйлемдегі жас сөзі – «жаңа туған нәресте, сәби» сөзімен мәндес болып келеді. 

Антонимия  қазіргі  заманғы  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайда  да  орын  алып  отырған  құбылыс. 

Мәселен, тілімізде кездесетін мынадай оппозициялар өзекті болып отыр: бай – кедей, жарлы; либерал 

– коммунистер; халық – үкімет, мемлекет; оңшылдар – солшылдар т.б. 

Сөз тіркесінен жасалған жаңа оппозициялар құрала бастады, мысалы:  кластық күрес – әлеуметтік 



күрес, сондай-ақ ұжымдық – жекешелендіру ұғымдарында да қарама-қарсылық мән пайда болды. 

Зерттеуші А. Жүсіповтың ойынша, қазіргі заманғы қоғамдық көзқарастарға сай тілдік кезеңде де 

өзгерушілікке бейімдік, тұрақсыздық байқалады. Кейбір түсініктерді келесі бір сөздерге жүктей салу 

әсерінен, әсіресе, басқа тілден аударған кезде белең алатын, пайда болуынан дегіміз келеді. Соның 

бір айғағы ретінде «оңшыл» және «солшыл» деген саяси түсініктердің қаншалықты ұшырағандығын 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

380


көрсетуге болады. Бұл сөздер 1980 жылдың соңына қарай актуалдана бастады. «Солшыл» деген ай-

дарды демократтарға таңылды. Уақыт өте келе осы екі сөздің негізінде үштік құрылды: солшыл – 



ортақшыл, орташыл (центрист) – оңшыл. 

Қазақ тіліндегі қарама-қарсы мәндегі сөздер – антонимдер мәселесі дәстүрлі лингвистикада бір-

шама  зерттелді.  Осы  орайда  алғаш  ғылыми  пікір  айтып,  антонимдер  сөздігін  жариялаған  ғалым  – 

Ж.М. Мусиннің ғылыми зерттеуін ерекше атап өттік. Ғалым антонимдердің зерттелуіне жан-жақты 

тоқталып,  антонимдік  қатынастарды  лексикалық,  сөзжасамдық,  морфологиялық,  фразеологиялық, 

стилистикалық деңгейде жан-жақты қарастырады. Бұдан басқа қарама-қарсылық мәселесі Ғ. Мұсабаев,                 

С. Төлекова, А.Е. Жүсіпов, А. Жұмабекова, Ж. Қонақбаева, М. Оразов т.б. ғалымдардың еңбектерінде 

антонимия құбылысы жан-жақты қарастырылған. 



ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Жүсіпов А.Е. Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары. КДА., –Астана: ЕҰУ баспасы, 

2004. – 33 б.

2. Родичева Э.И. Психолингвистический анализ лексических антонимов. – Москва: МГУ, 1976. – 25 с.

3. Маслова В.И. Принципы противопоставления и его реализация в системе языка (на лексическом материа-

ле). АКД., – Москва: Наука, 1981. – 35 с. 

4. Мусин Ж.М. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1984.  – 176 б.

5. Төлекова С. Қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәндегі фразеологизмдер. КДА., – Алматы: Мектеп, 1974. 

– 25 с. 

6. Жумабекова А.К. Антонимические отношение в казахском и русском языках. АКД, – Алматы: АГУ им. 

Абая, 1997. – 49 с. 

7. Қонақбаева Ж. Антонимические фразосочетание в английском, русском и казахском языках (сопостави-

тельное исследования). АКД., – Алматы: Рауан, 1989. 25 с. 

8. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы.  – Алматы: Рауан, 1991. – 214 б.



Редакцияға 25.10.2012 қабылданды.

А.Б. МУСАЕВА

НОВАЯ ЕВРОПЕЙСКАЯ СТРАТЕГИЯ БЕЗОПАСНОСТИ: ЗА И ПРОТИВ

The European strategy of safety is first of all the statement of the European Union for the intention to be the 

world actor, and, therefore, it becomes a basis directing activity of EU, and also criterion for its assessment.

Новая европейская стратегия безопасности была обсуждена на встрече Министров иностранных 

дел в Копенгагене в марте 2012 года. Особенно активно выступали за принятие программы малые 

страны, такие как Финляндия и Швеция.  Из неофициальных обсуждений ничего не вышло, однако 

пришли к единому мнению относительно того, что данная программа в будущем будет обязательно 

стратегически  пересмотрена.  Два  государства  из  «большой  тройки»  (Великобритания  и  Германия) 

пока еще не уверены, но их парламентарии уже двигаются в этом направлении, в то время как во 

Франции новое правительство, кажется, соглашается. В последние годы отдельные ученые, мозговые 

центры, советники и высшие чиновники последовательно убеждали Европейский союз и его государ-

ства-члены пересмотреть или создать новый стратегический документ, чтобы заменить европейскую 

Стратегию безопасности 2003 года. Их главные аргументы - то, что ЕСБ 2003 является устаревшей, не 

определяет угрозы, их устранение, и является слишком неопределенной относительно общих интере-

сов и стремлений ЕС. Однако, выступая на конференции в Брюсселе в феврале, Верховный предста-

витель Европейского союза по иностранным делам и политике безопасности Кэтрин Эштон, казалось, 

не была убеждена, что действующая Европейская стратегия безопасности пережила свою полноцен-

ность [1]. 

 Осуществление новой Европейской стратегии безопасности, возможно, будет опасным. Отсюда 

вопрос: перевешивают ли возможные отрицательные последствия потенциальные выгоды?

  Некоторое  согласие  о  потребности  стратегического  пересмотра,  кажется,  появляется.  Однако, 

оспариваются вопросы о том, какой должна быть область действия и форма нового документа. Кроме 

того, важен процесс, приводящий к стратегической переоценке: какие пункты должны быть пересмо-

трены, а также какие дополнительные подходы необходимо применить?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет