№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата12.03.2017
өлшемі30,5 Mb.
#8858
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Есеп №11. 
1. Банк 10 жылға 11 пайызбен 8 млн. теңге несие берген. Банкке қайтарылуға 
қажетті сома қанша? 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
51
Шешуі: q=0,11. 
Қарапайым пайыздар формуласы бойынша: 
Q
10
=8000000*(1+0.11*10)=16800000 
Күрделі пайыздар формуласы бойынша:
 
Q
10
=8000000*(1+0.11)
10
=22715200 
2.  Банк  5  жылға  11  пайызбен  8  млн.  теңге  несие  берген.  Банкке  қайтарылуға 
қажетті сома қанша? 
Шешуі: q=0,11. 
Қарапайым пайыздар формуласы бойынша: 
Q
5
=8000000*(1+0.11*5)=12400000 тг. 
Күрделі пайыздар формуласы бойынша: 
Q
5
=8000000*(1+0.11)
5
=13480465 тг. 
Қорытынды. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында экономикалық мәні бар 
есептерді  қарастыру  және  оқушыларға  шығарта  білу  бүгінгі  күннің  талабы  болып 
отыр.  Сол  себепті  де  мен  өз  жұмысымда  қарапайым  халыққа  қажет  несие  депозит, 
қосымша құн салығы мен өндірістік маңызы бар есептеулер жүргіздім. 
Жұмыс  нәтижесінде  экономикалық  мәні  бар  есептерді  шығаруды  бірнеше 
кезеңге бөлдім. 
Бірінші кезеңде нақты жағдайдан математикалық модельге көшу, яғни есептің 
шартына  қарай  теңдеулер,  теңдеулер  жүйесін  және  теңсіздіктер,  теңсіздіктер 
жүйесін құра білуге үйрену. 
Процестер  мен  жүйелерді  экономикалық  модельдеу  ең  күрделі  міндет,  бірақ 
онсыз ғылыми қорытындылар және оның практикалық мәнділігі төмендейді. Соның 
ішінде математикалық модельдеу ерекше орын алатынын баса айтқым келеді. Себебі 
экономика  көп  өлшемді  жүйе  қызмет  атқару  сипаты  және  дамуы  реттелетін 
тәуелділігі бар, кездейсоқ байланысы бар шамалардан тұрады. 
Экономика  адамсыз,  адам  экономикасыз  өмір  сүре  алмайды.  Себебі,  адам 
болмаса,  экономика  өзінің  басты  мақсатын  іске  асыра  алмайды.  Адамның,  яғни 
біздің жақсы өмір сүруге құштарлығымыз арта түскеннен, қажеттілік шеңбері кеңейе 
түсуде.  Егер  экономикалық  біліміміз  болмаса,  шығыны,  табысы,  бағасы,  кірісі 
белгісіз  болады  да,  экономикалық  есептердің  мәні  болмайды.  Сол  себепті,  қорыта 
айтсақ,  әрбір  қазақстандықтың  жақсы  өмір  сүріп,  жақсы  экономикалық  қоғамда 
тұруы  үшін  экономикалық  білім  алу,  экономикалық  ой  өрісті  қалыптастыру, 
экономика салттарын меңгеру қажет. 
Өз жұмысымды студенттердің өмір талабына сай есептерді шығаруда қосымша 
құрал  ретінде,  халықтың  экономикалық  сауаттылығын  арттыруға  көмекші  құрал 
ретінде ұсынамын. 
 
Әдебиеттер 
1  Ағанина  Қ.Ж.,  Мұсабеков  С.М.,  Мұсабеков  Ж.С.,  Абибуллаева  Ж.С., 
Дәулетқұлова  А.Ө.,  Қасымова  Ж.Г.  Экономикалық  білім  негіздері.  5  сынып.  – 
Алматы: Жазушы, 2003. 
2 Основы экономики: Казахстан в современном мире. Учебник для 9-10 класса. 
– Алматы, 2001. 
3 Прикладная экономика. Junior Achievement. – М.: Просвещение, 1993. 
4 kk.wikipedia.org сайты. 
5 www.baq.kz сайты. 
 
 
 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
52
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
АБДЫҚАПАР Еркемай Ерболқызы, 
Құлан шағын орталықты орта мектебінің 8 сынып оқушысы, Құлан ауылы, 
Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КОПБАЕВА Эльвира Тұрсыналықызы, 
Құлан шағын орталықты орта мектебі «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, 
Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ХАЛЫҚТЫҚ РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ 
 
Зерттеудің  мақсаты:  ұлттық  поэтикалық  шығармаларды  рухани-эстетикалық 
тәрбие құралы ретінде пайдалану тиімділігін негіздеу және жетілдіру. 
Зерттеудің  міндеттері:  этнопедагогиканың  асыл  мұраларын  зерттеп,  ежелгі 
би,  жыраулардың  шығармаларындағы  айтылған  түрлі  тәлім-тәрбиені  рухани  азық 
ретінде 
өмірде 
пайдалану; 
тақырыпқа 
байланысты 
педагогикалық 
озық 
тәжірибелермен танысу. 
Кіріспе. Адамзат  тарихының  түрлі  кезеңдерінде әр  өлкеде өмір  сүрген  атақты 
білімпаз,  ақылгөй  даналар  айтып,  жазып  қалдырған,  уақыт  елегінен  өтіп,  ұрпақтар 
зердесіне ұялаған ұлағатты педагогикалық ойлар ұшан-теңіз. Сондықтан тек сабақта 
ғана  емес,  сыныптан  тыс  тәрбие,  үйірме  жұмыстарында  да  ұлтымыздың  асыл 
мұраларын  дәріптеуіміз  керек.  Баланың  бойына  озық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлерді 
сіңіруге  тиіспіз.  Имандылыққа,  адамгершілікке,  ізгілікке  тәрбиелейтіндей  ұлттық 
поэтикалық  шығармалар,  шешендік  сөздер,  жыраулардың  нақыл  сөздерін,  мақал-
мәтелдерді кеңінен қолдану қажет. 
Біріншіден,  оқушылардың  тіл  орамдылығын  арттырып,  өмірге  көзқарасын 
қалыптастырса,  екіншіден,  ой-өрісін  кеңейтіп,  көркем  сөйлеп,  пікірін  дәл  айтып 
жеткізуге  баулиды,  сөздік  қорын  байытады,  үшіншіден,  балаларды  жақсыдан 
үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
53
Кезінде  қаралғанымен,  талданғанымен,  әлі  де  рухани  қазыналарымыздың 
қалтарыста қалған, байқалмай жүрген байлықтары жоқ емес. Оларды заман талабына 
сай  білім  беру  тәрбие  жұмыстарында  лайықты  қолдана  алмай,  болашақ 
жеткіншектерге өз деңгейінде үлгі-өнеге  етуде олқылықтар жіберіп жатқанымыз да 
жасырын  емес.  Сондықтан  тарихи  тұлғаларымыздың  тағылымдарын  эстетикалық 
тәрбие  құралы  ретінде  пайдалануды  рухани  саладағы  негізгі  мәселелердің  бірі  деп 
есептейміз. 
Халықтық  педагогика  жөнінде  түсінік  танымызды  терең  ұғыну  –  болашақ 
ұрпақтың,  яғни  біздердің  міндетіміз.  Осы  жағдай  ғылыми  жұмысымыздың 
тақырыбын таңдауға себепші болды. 
Қазақ жыраулары мен би-шешендерінің көзқарастарындағы эстетикалық 
тәрбие  және  олардың  қазіргі  мәні.  Эстетикалық  тәрбие  мәні  мен  әдістері. 
Адамдардың  әсемдікке  сезімдері  олардың  өмірінде  зор  рөл  атқарады.  Әсемдікті 
көре,  түсіне,  жасай  білу  адамның  рухани  өмірін  байытады,  оған  ең  жоғары  рухани 
ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамытуға 
ұмтыламыз,  сондықтан  әр  баланың  сезім  нәзіктігін,  көркемдігі,  әсем  нәрсені 
сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. 
Ұлттық поэтикалық шығармаларды қазіргі эстетикалық тәрбие құралы ретінде 
пайдалану  өзінің  татымды  жеміс  беретіні  сөзсіз.  Өйткені,  дархан  даламызда  жасап 
өткен  небір  ділмар  шешендер,  небір  майталман,  аузымен  құс  тістеген  ауызы  даулы 
даналар  ұлттық  поэтикалық  шығармалардан  нәрленіп,  сусынданып  өскеніне  тарих 
беттері  куә.  Зерттеуімізді  әуелі  эстетикалық  тәрбиенің  міндеттері,  мазмұны  және 
әдістеріне шолу жасаудан бастағанды жөн санап отырмыз. 
Эстетикалық  тәрбиенің  міндеттері.  Педагогика  эстетикалық  тәрбиені 
өмірдегі  және  өнердегі  әсемдікті  қабылдау,  сезіну,  түсіну  қабілеттерін  дамыту 
ретінде  әсемдік  заңы  бойынша  қоршаған  дүниені  жасауда  өзі  ұмтылуға  тәрбиелеу, 
көркем  іс-әрекетке  араласу  және  шығармашылық  қабілеттерді  дамыту  ретінде 
анықтап береді. 
Эстетикалық  тәрбиеде  өнерге  ерекше  рөл  беріледі.  Ол  толғанта,  қуанта 
отырып,  балалар  алдында  өмір  құбылыстарының  мәнін  оларды  қоршаған  дүниеге 
үңіле қарауға мәжбүр етеді,  әсер ықпалын бастан кешіруге, зұлымдықтан жиренуге 
итермелейді. 
Баланы  адам  қарым-қатынасындағы  жақсылық  пен  зұлымдықты  ажырата 
білуге, формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз – 
оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз. Психологтар мен 
педагогтардың  бірлесіп  атқарған  зерттеулері  соңғы  жылдары  балалардың  ақыл-ой 
және  эстетикалық  іс-әрекеті  адамгершілік  қасиеттерінің  деңгейі  неғұрлым 
жоғарылағанын көрсетті. 
Қазіргі  кездегі  өмір  тәртібі,  адамдардың  еңбектік,  қоғамдық  қарым-
қатынастары айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын 
жасайды. Ол әртүрлі халықтардың шығармашылығымен, сурет және мүсін өнерімен, 
музыка  және  бимен,  қуыршақ  театрының  спектакльдерімен,  мультфильмдермен 
және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді. 
Эстетикалық  тәрбие  педагогиканың  оқшауланған  саласы  емес,  оның  барлық 
жақтарымен  өзара  әрекеттес.  Ақыл-ой  және  дене  жағынан  толық  даму,  моральдық 
пәктің  және  өмір  мен  өнерге  деген  белсенді  қарым-қатынас  адамгершілік  жағынан 
жетілуі  көбіне  эстетикалық  тәрбиеге  тәуелді  болып  келетін  кесек  тұлғалы,  жан-
жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды. 
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті болады және есте ұзақ  уақытқа, кейде 
бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
54
педагог  оның  жасына  сай  балалар  іс-әрекеттері  мен  көңіл  көтерулерінің  түрліше 
формалары  мен  түрлерін  дұрыс  пайдалану  қажет.  Эстетикалық  тәрбие  заманмен 
тығыз  байланысты,  көбіне  сонымен  анықталады.  Болмысты  эстетикалық  жағынан 
игеру өмірмен етене болуды, қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны 
жасампаздықпен өзгертуге талпынтады. 
Қазіргі  жағдайда  эстетикалық  тәрбие  беруде  мына  міндеттер  алға  қойылып 
отыр: 
1. Балалардың әсемдікті қабылдауын эстетикалық сезімін, елес-қиялын жүйелі 
дамыту.  Өнердің  барлық  түрлері,  табиғат  пен  тұрмыс  бұған  көмектеседі,  тікелей 
эмоциялық ықыластылық, қуаныш, толқу, таңдану, қызығу тудырады. 
2.  Балалардың  тұрмысқа,  табиғатқа,  қоғамдық  қарым-қатынасқа  әлі  келгенше 
әсемдік  элементтерін  ендіру  қажеттілігі  мен  әдетін  баули  отырып,  олардың  өнер 
саласындағы іс-әрекетке тарту. 
3.  Балалардың  эстетикалық  талғамының  негізін  және  өнер  туындылары  мен 
өмір құбылыстарын өздігінен бағалай білу қабілетін қалыптастыру. 
4. Балалардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту. Олардың өнерімен 
байланысты іс-әрекеттері әрқашан да ешқандай зорлықсыз, қуанышты талпыныспен, 
шығармашылық қиялмен, ынтамен суарылған болуы тиіс. Бала эстетикалық жағынан 
неғұрлым дамыған болса, оның көркемдік  іскерлігі мен дағдылары соғұрлым бірге. 
Шығармашылық іс-әрекеті соғұрлым кеңірек болады. 
Эстетикалық  тәрбиенің  мазмұны.  Эстетикалық  тәрбие  –  өмірге  деген 
көзқарас  белсенділігінің  тууына  әсерін  тигізетін  қабылдаудың,  қиялдаудың,  естің 
қалыптасуына  және  ынтаның,  сезімнің,  бейімділік  пен  қабілеттің  дамуына,  жалпы 
жан сұлулығына бағытталған. Бұл қасиеттердің көрініс беруін және олардың дамуын 
қадағалай  біліп  және  дағдыны  үйретудің  нақты  нәтижелерінен  қиындау.  Бұл 
дамудың бірізділігін анықтау маңызды. 
Эстетикалық  тәрбие  –  күрделі  жұмыс.  Сондықтан  ұстаздар  «Балаларды 
эмоциялы қабылдауға үйрету», «Рахатана білу», «Сүю және ұмтылу», «Қабілеттілік 
көрсету»  деген  сияқты  тұжырымды  сөздерді  жадымызда  ұстаймыз  да,  оның  қалай 
көрініс  беретінін  нақтылай  отырамыз.  Мәселен,  баланың  музыкалық  және 
поэтикалық есту қабілетін көрсету талабына тап болдық делік. Дәл осы жерде мұны 
қалай  тексеруге  болатындығы  және  балалардан  не  талап  етілетіндігі  түсіндіріледі: 
«таза  интонация  ұстау,  әннің  дұрыс  салынғандығы,  есту  арқылы  анықтау, 
дыбыстардың жоғарылығын және төмендігін,  олардың күшін және шарықтауын, ән 
салу, өлең оқудағы қарқын ауысуын айыра білу». 
Жыраулар 
мен 
шешен-билердің 
толғау-арнауларындағы 
рухани-
эстетикалық  идеялар.  Қазақ  ақын-жырауларының  көрнекті  көш  басшылары  Асан 
қайғы мен Ақтамберді. Олардың өлеңдері мен өсиет сөздерінен халық қамын жеген 
ақылгөй, қамқоршы бола білгені байқалады. Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт 
жырау  өзінің  толғау-жырауларында  не  жаман,  не  жақсы,  не  ғаріп  деген  мәселелер 
төңірегінде  ой  толғаған.  Ел  қорғаушы  азаматтың  бойында  қандай  адамгершілік 
қасиеттің болуын қалаған Асан қайғы: 
Ешкімменен ұрыспа, 
Жолдасыңа жау тисе, 
Жаныңды алып тұрыспа. 
Ердің құны болса да, 
Алдыңа келіп қалған соң, 
Қол қусырып қалған соң, 
Аса кеш те, қолың бер, 
Бұрынғыны қуыспа, - деген. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
55
Бұл  пікір  халық  педагогикасының  түйіні  –  мақал-мәтелдерде  айтылатын: 
«Жауға  жаныңды  берсең  де,  жолдасыңды  берме»,  «Алдыңа  келсе,  атаңның  құнын 
кеш» деген қағидалармен қабысып жатыр. 
Ежелгі  жыраулардың  бірі  Бұхар  жыраудың  көптеген  жырлары  отбасылық 
қарым-қатынас, адамгершілік мәселелеріне арналған. Қарт жырау: «Адам өмірінің ең 
қызықты  кезеңі  –  ойына  алған  ісін  қайратымен  іске  асырып,  ақыл  қайрат  пен 
талаптың  тасыған  шағы  жиырма  бесті  іздесең  де  таппайсың,  жас  өміріңді  дұрыс 
пайдалана  біл»,  -  деп  ақыл  айтып  отырған.  Оған  қарама-қарсы:  «Кәрілік  –  ел 
қонбайтын шөл, екі жағы ор, түпсіз терең көл, алдың – белгісіз қараңғы тұман түн», - 
деп  қорытынды  шығарады.  Жырау  өскелең  ұрпақты  шынайы  достыққа,  ар-ождан, 
адамгершілік қасиеттерді өмір бойы қастерлеп өтуге үндейді. 
Елі  үшін  еңіреген  ерлердің  бірі  –  Ақтамберді  жырау.  Оның  шығармалары 
негізінен  нақыл  толғауларға  толы  келеді.  Адамгершілік  қасиет  отбасындағылардың 
бірін-бірі  қадірлеуіне,  әке-шешелеріне  ерекше  құрмет  көрсетуінен  көрінбек.  Бұл  – 
халық педагогикасының ежелгі қалыптасқан дәстүрлі көзқарасы. Осыны ойға қазық, 
тілге тиек ете отырып, көпті көрген көне жырау: 
Меккені іздеп нетесің, 
Меккеге қашан жетесің? 
Әзір Мекке алдыңда, 
Пейіліңмен сыйласаң, 
Атаң менен анаңды, - деп ата-анаңа көрсеткен сый-құрмет Құдай жолын қуып, 
Меккеге  барумен пара-пар деген ойды қорытады. Жырау осы өнегелі өсиетін келер 
ұрпақтың санасына сіңіруді мақсат етіп: 
Балаларыма өсиет, 
Қылмаңыздар кениеп. 
Бірлігінен айырма, 
Бірлікте бар қасиет. 
Татулық болып береке, 
Қылмасын  жұрт  келеке,  -  деп  ел  бірлігін,  отбасы  татулығын,  достық  пен 
ұйымшылдықты дәріптейді. Ұйымшыл берекелі, бірлікшіл болыңдар, адал еңбек ет, 
еңбекті, егіншілік қолөнер кәсібін қастерлеңдер дейді. 
Зерттеушілер Бұхар жыраудың философиялық пікірлеріне баға бергенде, оның 
толғаулары  сол  кездегі  Шығыс  философиясының  қазақ  топырағындағы  нақты  бір 
көрінісі екендігін атап көрсетеді. 
Қорытынды.  Ұсынылып  отырған  зерттеу  жұмысымызда  адамдардың  бір-
біріне қарым-қатынастағы көңіл-күйі, эстетикалық мінез-құлық дағдылары, олардың 
қалыптасып,  кемелдену  бағыты  көрсетіледі.  Оқу-тәрбие  жұмысында  балалардың 
әсемдікке, оның ішінде жан сұлулығына тәрбиелеу мақсаты ешқашан түскен емес. 
Ұстаздың  басты  мақсаты  –  өзіндік  эстетикалық  құндылықтарды  бала  бойына 
дарыта  отырып,  жүрек  түкпіріндегі  рухани  қазынасын  жарыққа  шығару,  әрбір 
баланы  жеке  тұлға  ретінде  жетілдіру  үшін  оның  бойындағы  бар  құндылықтарын 
дамыту. Осылайша ұлттық мәдениеттің бала бойына сіңіру  көзделіп отыр. Әр адам 
өз халқының тарихи терең тамырына бойлап, халықтық тәрбиенің озық үрдістерін ой 
елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, жауапкершіліктің сыры айқындала бастайды. 
Біз  жүргізген  зерттеулерімізде  эстетикалық  тәрбиенің  кейбір  проблемаларын 
шешуге  өз  үлесімізді  қостық  деп  есептейміз.  Мақал-мәтелдерде  адамгершілік, 
имандылық  тәрбиесіне  байланысты  әдет-ғұрыптар  насихатталса,  жұмбақтар  мен 
айтыстарда  –  ақыл-ой  тәрбиесі,  өлең,  жыр-дастандарда  –  әсемдік  тәрбиесі 
қарастырылады. Сондықтан да ұлттық поэтикалық шығармашылығын тәрбиенің сан-
алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдалануға болады. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
56
Біз  адам  бойына  рухани  адамгершілік  қасиеттерді  дарытумен  қатар, 
имандылықты  дәріптейтін  қарым-қатынас,  мінез-құлық  қасиеттерді  бойында 
қалыптастыруымыз  қажет.  Бұл  қасиеттер  халықтық  педагогиканы  самғатып  тұрған 
алып  күштер.  Біз  ата-баба  дәстүрлі  рухында  өз-өзімізді  тәрбиелей  отырып, 
адамгершілікке,  инабаттылыққа  мойын  бұруымыз  абзал.  Ол  үшін  әр  отбасында 
қалыптасқан тұрмыс-салт дәстүрі жүйелі тәртіптің болуы тиіс. 
Жалпы  адамзаттық  құндылықтарды  болашақ  ұрпақ  ақыл-парасатына  азық  ете 
білу  үшін  әрбір  тәрбиелі  адам,  халық  педагогикасына  сан  ғасырларда  қалыптасқан 
сан түрлі дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, жан-жақты біліп, тәлім ала білуге борышты. 
Біз  осы  жүргізген  зерттеу  жұмысымызды  қорытындылай  отырып  мынадай 
ұсыныстар жасауды жөн деп ойлаймыз: 
1. 
Оқушылардың 
бойына 
рухани-эстетикалық 
қасиеттерді 
халықтық 
педагогикасын сабақта пайдалану арқылы сіңіру керек. 
2.  Оқушы  бойына  рухани  қасиеттерді  сіңіру  үшін  халықтық  педагогиканың 
тәрбиелік жақтарын күнделікті өмірде өз ұстанымы ретінде пайдалану керек. 
Міне, 
осындай 
ежелгі 
ата-бабаларымыздан 
қасиетті 
тәлім 
беретін 
шығармаларын өз ортамызда жиі қолдансақ, рухани баюға толық мүмкіндік болады 
деп ойлаймыз. 
 
Әдебиеттер 
1 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы, 2002. 
2  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасы. – Алматы, 2003. 
3 Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы тәлімдік ойлардың дамуы (ХVІІІ ғ.). 
– Алматы, 1999. 
4  Омар  Е.О.  Қосымша  білім  беру  ұйымдары  тәрбие  жұмыстарының  негізі.  – 
Түркістан, 2004. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
57
БИЖУМАНОВА Айдана, 
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 9 «В» сынып оқушысы, 
Семей қаласы, Шығыс Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшілері: 
БАЛДАНБАЕВА Сауле Рахмашевна, 
ШИЛИЯСОВА Рымгайша Кутайбаевна, 
«№41 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
пәнінің мұғалімдері, Семей қаласы, Шығыс Қазақстан Республикасы, 
Қазақстан Республикасы 
 
ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒА 
– ӘРІ БАТЫР, ӘРІ БИ КӨКЕНАЙ 
 
Кіріспе. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік өшпес із қалдырған, 
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай 
мектебінің  дәстүрін  жалғастырушы,  өзінен  кейінгі  ұрпаққа  сарқылмас  мол  мәдени 
мұра  қалдырған  Шәкәрім  Құдайбердиев  белгілі  гуманист  ақын,  ойшыл  тарихшы-
шежіреші, ағартушы, ғұлама болды. 
Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен 
қайта  қауышқан  алыптарымыздың  бірі  Шәкәрімнің  шығармаларын  оқу,  оқып  қана 
қоймай,  терең  сырлы  құпиясын  ашып,  оның  адамдық,  азаматтық  құқық  жайында 
жазған өлеңдеріне, тарихи шығармаларына талдау жасау қазіргі жастарға зор міндет 
жүктейді. Тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық мәдени қазынамыз бен рухани өмірімізге 
қайта оралған тұлғалардың өмір жолдары, тарихи, әдеби еңбектері зерттелу үстінде. 
Зерттеудің 
мақсаты: 
Ш. 
Құдайбердиев 
шығармаларындағы 
тарихи 
тұлғалардың  тәлім-тәрбиелік  ойларының  сабақтастығын  көрсету.  Адам  образын 
бейнелеуде Шәкәрім поэзиясындағы психологизм сипатын, адамның ішкі жан дүние 
сапаларын  тірілту,  жандандыру  арқылы  ерекше  мәнде  суреттеу  тәсілін 
қалыптастырғандығы,  сол  арқылы  «адамды  түзету»  идеясын  көздегені,  ал  жеке 
адамның  ішкі  сапасының  артуы  бүкіл  қоғамның  болмысын  айқындайтындығын 
шығармалары арқылы баян еткендіген талдау. 
Зерттеудің 
мақсаттары 
мен 
міндеттері. 
Шәкәрім 
Құдайбердіұлы 
шығармаларының  ерекшеліктерін  ашу  үшін  оның  дүниетанымына  бойлау,  ақыл-
ойын  қалыптастырған  негіздерді  саралау,  сол  арқылы  қазақтың  батыр,  билерінің 
өмір  жолдарындағы  тапқырлықтары  мен  турашылдықтарын  сараптау  міндет  болып 
табылады. 
Шәкәрім  шығармаларын  саналап  зерттеу,  шығармаларындағы  әртүрлі 
көріністерді:  заман  көрінісі,  сыншылдық,  романтикалық  сарындар,  философиялық 
толғам,  лирикалық  және  эпикалық  өрлеу,  үлгі,  терең  бойлап  зерттеуге  әбден 
тұрарлық ойлы мәселелер. Тек тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана ғұлама 
ойшылдар  мен  гуманистер  көзқарастары,  қазақтың  дәстүрлі  дүниетанымы  туралы 
бүкпесіз  айтуға,  айтып  қана  қоймай,  жүйелі  түрде  зерттеуге  мүмкіндік  туды.  Сол 
себепті мен өзімнің ғылыми жұмысымда Шәкәрім Құдайбердиев көзқарастары, оның 
шығармаларындағы  сабақтастық,  педагогикадағы  ұлттық  тәлім-тәрбие,  шығарма 
кейіпкерлерінің  әлдебір  ертегі  кейіпкері  емес,  тарихи  шындық,  тарихи  тұлғалар 
екендігі тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, олардың бүкіл мұрасын тұтас 
қамтуға  тырыстық.  Бүгін  біз  олардың  іс-әрекеттерін  құрметпен  еске  аламыз, 
олардың есімдері Шығыс мәдениеттің келбетінің құрыш құймасын бейнелейді. 

№№4-12(83-91), сәуір-желтоқсан, апрель-декабрь, April-December, 2014        ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
58
Бұл  күндері  Шәкәрім  Құдайбердиев  ұлттық  сана  сезімде  мәңгі  аталатын  ұлы 
тұлғаға айналды. Заман ілгері жылжып, адамзат санасы неғұрлым биікке иек артқан 
сайын  оның  алдындағы  міндеттердің  де  мәртебесі  биіктеп,  ауқымы  кеңейіп,  мәні 
күрделене  түспек.  Халқымыздың  ұлттық  мақтанышына  айналған  тұлғаның 
шығармаларына  тоқталып,  су  түбінен  асыл  тас  іздегендей,  зерттей  түссең  талай-
талай тарихты табылатынына сенімдімін. 
Менің  Шәкәрім  шығармаларына  деген  қызығушылығым  қазіргі  заманмен 
ұштасып  жатыр.  Бала  кезден  қанымызға  сіңген  әдет  бойынша  апаның  әлдиімен, 
атаның  әңгімесімен  тәрбиеленіп  өскен  әр  қазақтың  баласы  сияқты  мен  де  талай 
ертегі  мен  әңгімен  ұйып  тыңдағам.  Соның  бірі  –  «Қалқаман-Мамыр»  болатын.  Өсе 
келе  ешқандай  ертегі  емес  тарихи  шындық  екенін  ұқтым.  Бала  санамда  ертегі 
кейіпкері  болып  қалыптасқан  Әнет  баба,  Мәмбетей,  Қалқаман  мен  Көкенай  батыр, 
Мамыр  сияқты  тарихи  тұлғалардың  өміріне  үңіле  зерттей  түскім  келді.  Осы 
азаматтар ортасынан Көкенай батырды ойып алуыма жетекшім себеп болды. Себебі 
ұстазым сол батыр ұрпақтарының біріне жар, біріне ана. 
Шәкәрімнің  қалдырған  мұрасы  сан  қырлы,  ешқашан  құнын  жоймайтын  мол 
қазына.  Шығарма  кейіпкерлері  –  негізінен,  тарихи  тұлғалар,  Шыңғысхан  дәуірінен 
басталып,  Кенесарымен  аяқталатын  қазақ  мемлекетінің  бастау  көзі  мен  қиын-
қыстаулы  тағдыр-талайының  басында  тұрған  хандар  тізбегі,  ел  мұңы  мен  арман-
тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан 
аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – 
ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар. 
Шәкәрімнің 
«Қалқаман-Мамыр», 
«Еңлік-Кебек», 
«Нартайлақ-Айсұлу» 
поэмалары оқиғасының тарихтың негізі бар. Кейбір тарихтық мағлұмат-деректер де 
тарихи дастандарда кеңейтіліп сипатталады. 
Менің  жұмысымның  басты  мақсаты  да  осы  еңбектердегі  тарихи  тұлғалардың 
бірі – Көкенай батырды мүмкіндігім жеткенше ашып көрсету. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет