Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік№2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы


С.БЕГАЛИНІҢ «ШОҚАН АСУЛАРЫ» ПОВЕСІНІҢ ДИРЕКТІЛІК



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,35 Mb.
#8859
1   2   3   4   5   6   7   8

С.БЕГАЛИНІҢ «ШОҚАН АСУЛАРЫ» ПОВЕСІНІҢ ДИРЕКТІЛІК 

СИПАТЫ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ 

gumish_m@mail.ru

 

 

Аңдатпа 

Мақалада  С.Бегалин  шығармасының  стильдік  ерекшелігі  талданады. 

«Шоқан  асулары»  повесінде  қолданылған  мақал-мәтелдер,  тұрақты  сөз 

тіркестері, сондай-ақ көркемдегіш құралдар: теңеу, эпитет, диалог,  монолог, т.б. 

қолданылу ерекшеліктері қарастырылады. 

Тірек  сөздер:  стиль,  тілдік  бірліктер,  көркемдік  ерекшеліктер,  мақал-

мәтелдер, тұрақты тіркестер, шығарма құндылығы, сөйлем құру ерекшеліктері, 

көзқарас. 


 

 

31 



 

Аннотация 

Данная  статья  посвящена  анализу  стилистических  особенностей  прозы  

писателя  С.Бегалина.  В  поле  зрения  исследователя  попали  устойчивые 

словосочетания, пословицы и поговорки, метафоры, эпитеты, характеризующие 

авторское мировоззрение.  

Ключевые  слова:стиль,  языковые  единицы,  художественные  особенности, 

пословицы, устойчивые слова, мировозрение, видение. 



 

Annotation 

The article in question deals with an analysis of stylistic peculiarities of the prose 

written  by  S.  Begalin.  In  particular  the  author  highlights  main  features  of  fixed 

expressions,  proverbs  and  sayings,  metaphors,  epithets  characterizing  the  writer’s 

outlook.    

Key  words:  style,  language  units,  stylistic  peculiarities,  sayings,  fixed 

expressions, outlook.  

 

Көркем  туынды  ретінде  тарихи  оқиғалар  мен  қоғам  қайраткерлерінің 



өмірінен дерек бере отырып, белгілі бір дәуір шындығын айқындауда үлкен рөл 

атқаратын ғұмырнамалық шығармалардың бірі С.Бегалиннің «Шоқан асулары» 

повесі.  

Қазақ  әдебиетінде  ғұмырнамалық  туындылар  жанр  ретінде  өз  даму 

жолында  айтарлықтай  жетістікке    жеткені  талассыз.  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде 

қазақ  прозасының  қалыптасып,  дамыған  кезінен  бастап-ақ  біртуар  тарихи 

тұлғалардың  өмірінен  дерек  беретін  ғұмырнамалық  шығармалар  да  өркендеп, 

қанат  жая  бастады.  Олардың  алғашқылары  С.Сейфуллиннің    «Тар  жол,  тайғақ 

кешу», С.Мұқановтың  «Өмір мектебі», Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген» тағы басқа 

шығармалар.  Алайда  қазақ  әдебиетінде  деректі  туындылар  осы  ХХ  ғасырда 

туып  қалыптасты  десек  ағаттық  жасаған  болар  едік.  Себебі,  ХІХ  ғасырда  өмір 

сүріп,  артына  мол  мұра  қалдырып  кеткен  қазақтың  тұңғыш  ғалымы  Шоқан 

Уәлихановтың    құнды  еңбектері  -  мемуарлық  үлгідегі  естелік  (күнделік) 

туындылары бұған дейін қазақ әдебиетінде нақты дерек көзі ретінде қаралатын 

еңбектер  болғанының  айғағы.  Сонымен  қатар,  қазақ  энциклопедиясында: 

«М.Дулатовтың  ХХ  ғасыр  басындағы  ғұмырнамалық  мақалалары,  М.Әуезовтің 

Абай,  А.Жұбановтың  Құрманғазы  мен  шығармалары  туралы  жазған  кітаптары 

қазақ  әдебиетіндегі  ғұмырнамалық  жанрының  кемелденуіне  ықпал  етті»  деген 

пікір де жоғарыдағы ойымызға дәлел бола алады. 

Тарихи тұлғаларды, оларды тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, өз ортасындағы, 

айналасындағы  сан  алуан  құбылыстармен  тығыз  байланыста  ала  отырып, 

олардың  рухани  жан  дүниесінің  өсіп  жетілуі  мен  жеке  көзқарасының 

қалыптасуын,  қоғамдағы  өз  орнын  тұлға  ретінде  иеленуін  көрсете  отырып, 

айдарлы  азаматтардың  өмірін,  тағдырын  бейнелеу  арқылы  белгілі бір  дәуірдің, 

белгілі  бір  кезеңнің  шындығын  таныту  ғұмырнамалық  шығарманың  басты 

ерекшелігі. Бұл туралы зерттеуші С.Розанова: «Тарихи-әдеби және өмірбаяндық 

мәліметтерге  жанама  құжат  ретінде  қызмет  атқарған    естеліктер,  енді  сөз 


 

 

32 



өнерінің  дербес  жанры  ретінде,  жеке  тұлғаны  танып-білуде  әдебиеттің  өзіне 

ықпал ете бастады» , - деген пікір айтады. 

Осындай  жеке  тұлғалардың  ғұмырынан  дерек  беретін  туындылардың  бірі 

қазақтың  тұңғыш  ғалымы  Шоқан  Уәлихановтың  өмірі  арқау  етілген 

С.Бегалиннің «Шоқан асулары» повесі. 

Мақала  қарастыратынымыз  да  С.Бегалиннің  «Шоқан  асулары»  повесі 

көркемдік  ерекшелігі,  яғни  туындыда  қолданылған  көркемдегіш  құралдар, 

мақал-мәтелдер  мен  тұрақты  сөз  тіркестерінің  қолданылу  ерекшеліктеріне 

тоқталамыз. 

«Стиль  –  грекше  stylus  –  таза,  әдемі сөйлеу  мағынасын  білдіреді.  Стиль  – 

талант  өлшемі.  Өмірдің  әр  саласында  жұмыс  стилі,  газет  стилі,  ғылыми  стиль, 

т.б.  жиі  қолданылады.  кез  келген  әдебиетке  байланысты  монографиялардың 

бәрінде де стильге бір тоқталмай кетпейді. Қазақ әдебиеттану ғылымында стиль 

туралы қомақты еңбек жазған Қ.Жұмалиев ақын-жазушылардың көркем мәнері 

мен  шеберлігін,  талантын  кеңінен  қарастырған.  «Стиль  дегеніміз  –  әр 

жазушының  өзіне  тән  шығармашылық  ерекшеліктері  және  бір  жазушының 

екінші  жазушыдан  айырмашылығы,  өзіне  ғана  тән  сипатын  аңғартатын 

жиынтық болса керек. Стиль жазушының барлық шығармасын қамтып, олардың 

бір-біріне жақындығы мен бірлігін зерттейтін сала – дейді академик З.Қабдолов. 

Қазақ  әдебиеттану  ғылымында  да  стильдік  ізденістер  туралы  мол  пікір, 

ізденістер  айтылған.  Стильдің  не  екенін,  оның  ерекшелігін  М.Әуезов  былай 

түсіндіреді: «Әдебиеттік ұлттық түр мәселесінің бір іргелі үлкен мәні – стильде. 

Теңеу  тілі,  әр  алуан  көркемдік  шеберлікпен  келетін  сөз  кестесі  түгел  құрала 

келіп  жазу  стилін  қалыптастырады.  Әдебиеттің  ұлттық  ерекшеліктері  жайын 

алғанда, тіл – бұл стильдің өзі емес, құралы, қоры ғана. Екінші бір үлкен стиль – 

сөздік,  ақындық  теңеу  кесте  мағынасынан  басқа  екінші  мағынаны  жеке 

тудырады.  Ол  –  ұлттық  мінез,  бейне  жасаудың  стилі.  Міне,  ұлттық  түрдің 

жайына ауысқанда осындай ірі белгілер тілден гөрі артығырақ орны бар, өзгеше 

сипат болатын жайлар бар». 

Көркем  шығарма  стилі  ұғымына  жазушының  тілі,  сөйлем  құрауы,  мәнері, 

шығарманың композициясы, оқиға дамыту үрдістері, тақырып таңдау, жанрлық 

ерекшелік  т.б.  компоненттері  кіреді.  Шығармадағы  орталық  мәселе  идеялық 

мазмұнға келіп тіреледі. Идеялық мазмұн түр болғанда, түрдің мазмұнға сәйкес 

болған  кезінде  ғана  өз  орнын  тауып,  түр  мен  мазмұн  бірлігі  туады.  Жазушы 

көкейінде туған идеяны қалай жеткізу, оқырман сана-сезіміне әсер ету жолдары, 

көздеген  мақсатты  орындаудағы  жазушының  шеберлік  әдістері,  өзіне  ғана  тән 

шығармашылық ерекшеліктері  арқылы жүзеге асады. Жазушының өзіндік ойы, 

өмірге  көзқарасы,  айналада  болып  жатқан  құбылыс  пен  оқиғаларға  берген 

бағасы, оны сезіп-түюінен келіп өзіндік стильдік ерекшелігі туады. 

Стиль  туралы  М.Қаратаев:  «Стиль  –  атаулы  құбылыс,  бір  заматта 

қалыптаспайды  және  бір  қалыпта  қатып-семіп  қалмайды,  ол  бірте-бірте  даму 

процесінде  жетілетін  құбылыс.  Осылай  деп  білсек,  қазақ  әдебиетінде  стиль 

дамуының  тарихын  танытатынын  көреміз.  Стиль  талантты  да,  тәжірибелі 

жазушының  табысы  десек,  дара  стиль  мен  стильдік  ағымдардың  көбеюі  – 

кемелденген  көп  жанрлы  әдебиеттің  табысы».  Қазақ  әдебиетінің  өсіп-өркендеу 

жолына көңіл  бөлсек  те, жеке жазушылар  шығармаларына  зер  салсақ  та,  көңіл 



 

 

33 



аударатын ортақ жайт – бір жазушының бірнеше шығармаларында қайталанып 

отыратын,  басқаларға  ұқсамайтын  өзіне  ғана  тән  ерекшелік  байқалады.  Демек 

бұл – жазушының стилін танудағы шешуші жағдай.  

Белгілі  бір  қаламгердің  шығармаларындағы  тілдік  құбылыстарды 

қарастырудың негізгі бір саласы оның стильдік ерекшеліктерін тану мәселесімен 

байланысты. Алдымен, белгілі бір туындының стильдік арналарын көрсету сол 

автордың  тілдік  компоненттерді  қолдану  мүмкіндіктерін  саралауға  жол  ашса, 

екіншіден,  стильді  қарастыру  тілдік  тұрғыдан  алғанда,  кешенді  зерттеу  болып 

табылады.  

Шығармада  көп  болмаса  да,  кей  тұстарда  керемет  табиғат  көріністері  – 

пейзаж  байқалып  қалады.  «Пейзаж    –  әдеби  шығармадағы  жаратылыстың,  яки 

табиғаттың  әсем  көрінісі,  көркем  бейнесі.  Жазушы  әдеби  шығармада  көркем 

ойлардың ажары ретінде, жаны есебінде, образдың – метафора жүйесінің арқауы 

сипатында  табиғат  келбетін  ұсталықпен  пайдаланады».  «Ел  орынға  отыра  екі 

ауылдың  аралығынан  алтыбақан,  әткеншек  құрған  балалар  шуылы  күзек 

даласының  кең  алқабына  жаңғырығы  сыңғырлап  кетіп  жатты.  Іңірде  туған  ай 

сәулесі де жер бетіне көгілдір аспаннан жарығын мол жайып, аса көңілдендіріп 

жіберді.  Тек  балалар  ғана  емес,  әткеншек  басына  қыз,  келіншектер  де,  жас 

өспірім  бозбалалар  да  жиналды».  Жазушы  жаратылыс  бейнесін  суреттей 

отырып, табиғаттың әсем көріністерін адамдардың көңіл-күйімен бірлікте әсерлі 

суреттеген, дәл берген. Осы көріністі бейнелей отырып, қазақ халқының жайма-

шуақ  тіршілігін  көркем  жеткізген.  «Пейзажды  біз  әдетте,  көркем  шығармада 

суреттелген  табиғат  көріністері  дейміз.  Рас,  пейзаж  –  табиғат.  Бірақ  бұл 

жеткіліксіз.  Нағыз  пейзаж  –  бұл  поэзия!  Бұл  характер,  бұл  адам.  Неге?  Неге 

десеңіз, адамдардың тағдырынан, сезімінен, көңіл-күйінен тыс табиғат суреті – 

пейзаж  емес!».  Мысалы:  «Күтірлеп  сынған  қалың  мұздар  бірін-бірі  қаға 

жылжып, бірі шетке қағылып, бірі ағынға түсіп, ойран-топыры шығып жатыр... 

Су  бұрынғысынан  әлдеқайда  көтеріліп,  жардың  ернеуіне  шыпылдап  келіп, 

қалаға  лап  қоярдай  лепіріп  жатыр».  Осы  бір  көрініс  қырда  еркін  самғап  өскен 

қаладағы Шоқанның кең даланы аңсап, алай-дүлей болған көңілінің сонау туған 

жеріне ынтықтығын, елге деген аңсарының сыртқы көрінісіндей.     

Қай  кезде  де  жазушы  пейзажды  суреттей  отырып,  табиғат  көріністерін 

адамдардың іс-қимылымен бірлікте, дәлдеп беруге талпынған. Көбінесе пейзаж 

шығарманың идеясы мен характерлер мінезін ашуда пайдаланған. 

Пейзажды  біз,  әдетте,  көркем  шығармада  суреттелген  табиғат  көріністері 

дейміз. Рас, пейзаж – табиғат. Бірақ бұл жеткіліксіз. Нағыз пейзаж – бұл табиғат! 

Бұл  характер,  бұл  адам.  Неге?  Неге  десеңіз,  адамның  тағдырынан,  сезімінен, 

көңіл күйінен тыс табиғат суреті  – пейзаж емес. Пейзаж жазушының стилін де 

белгілейді.  Ал,  стиль  –  адам!»  –  дейді  академик  З.Қабдолов.  Е.Букетов 

шығармаларында  түрлі  тірлік  дүниесі  табиғатпен  үндесіп,  жанды  адамдармен 

байланыстырыла суреттеледі. 

«Суреткер  табиғаттың  алуан-алуан  кескін  келбетін  кейіпкер  басындағы 

қуанышты,  шаттықты,  я  болмаса,  шерлі,  мұңлы  күйлерге  ыңғайлап  отырады  

деген  тұжырым  бар.  С.Бегалин  шығармасында  да  табиғат  көрінісі  әрқашан 

адамның  көңіл-күйімен,  оқиға,  құбылыстармен  егізделе  суреттеледі.  Хикаятта 

Шорман  аулына  қонаққа  бара  жатқан  Шыңғыс  тобының  көңілді  сәтіне  орай 



 

 

34 



табиғат  көрінісі  былай  болып  келеді:  «Қайнар  бастаудың  мал  ізі  түспеген  көк 

шалғыны таңертеңгілік самалынан ырғалып жасыл жалтылмен құлпырып алуан 

түрге  бөленіп  тұр.  Әлі  балдырынан  қайтпаған  қырдың  көк  сүйрігі  де  көздің 

жауын  алады.  Арқа  самалы  баяу  майда  еседі.  Табиғаттың  осындай  толықсып 

тұрған шағына құмарта айналаға көз тастаған Шыңғыстың Ықаңдар тобына көзі 

түсті»,  немесе:  «Заукен  шатқалына  өрлеп,  Алатаудың  ең  бір  биікте  қиын 

кезеңіне  көтерілді.  Әлі  қары  бекіп,  қапсағайы  бітелмесе  де,  Үстірттің  түтегі 

адамды да, көлікті де тұншықтыра бастады. Теңіз деңгейінен бірнеше шақырым 

биіктіктің  сиреген  ауасы  өкпені  өшіріп,  діңкені  ұйлықтыра  түседі».  Мұнда  да 

табиғат  көрінісі  қатерлі  Қашғар  сапарының  қауіптілігімен  ұштастыра 

сипаттағалған.   

Қаламгер  «Ғалым  Шоқан»  бөліміне  Шоқанның  ғылым  жолындағы 

ізденісін,  ішкі-сыртқы  елдерге  сапарын  толық  сыйғызып  жіберуді  мақсат 

еткендіктен,  көбінесе  қысқаша  баяндап  өту  тәсілін  қолданған.  Хикаяттың  бұл 

бөлімінде  оқиғалы,  шиеленіскен  сюжеттер  кездеспейді.  Шоқан  қатысқан 

экспедиция сапары да автор тарапынан қысқаша баяндалып, ғалымның  жасаған 

мәлімдемесінің  ғылыми  мәні  қаншалықты  терең  екендігі  сенімді  суреттеліп 

отырады.  Мысалы  «Ыстықкөл  сапары»  тақырыптық  бөлімінде  былай 

баяндалады:  «Қырғыз  елінің  барлық  жайын  білетін  Ұлы  жүз  ақсақалдары 

Байғозы, Жайнақ, Бұландарға, сұлтан Тазабекке сөз сала отырып Шоқан екі ру 

қырғыз манаптарының басын қосып, келісім мәселесін қарады. 

Ұзақ кіналасқан қырғыз манаптары көптен шемен болған шерлерін айтыса 

отырып, татулыққа бет алды. Сарыбағыс манаптары да өздерінің руларын Бұғы 

руларымен  ата  жолымен  ақылдастырып,  туысқандық  тілін  тапты.  Барлық 

қырғыз рулары болып ұрандасып орыс патшалығының қол астына қарап, қазақ 

ағайындарымен  тағдырын  біріктіруге  сөз  байласты.  Көптен  көнек  жара  болып, 

шешілмеген түйінді шешіп, қырғыз, қазақ елінің ағайындығын табуға басшылық 

еткен  Шоқанға  қырғыз,  қазақ  ақсақалдары  үлкен  алғыс  айтты».  Мұндай 

баяндаулар  хикаятта  молынан  кездеседі.  Сауда  қатынасын  орнату  мақсатында 

Құлжаға  барған  сапары  да  былай  болып  келеді:  «Жергілікті  әкімдері  Қытай 

адамдары  болғанмен,  ішкі  тәртібі  Түркістан  өлкесінің  басым  жұртшылығы 

мұсылман  қауымының  қолында  екен.  Байлық,  сауда  қоры  қолында  отырған 

қашғарлық байлар, өзбек, татар саудагерлері сауда жолының бұрынғы қалпына 

келуіне өте ынталы қимылдады. Оның үстіне екі ұлы елдің аралығында шағын 

аймақ халықаралық тыныштықты да аса қуаттады. Осы сияқты тыныштық тілеп 

отырған  елге  Тыныштық-достық  уәкілдігін  алып  келген  Шоқан  халықтың 

ерекше  қамқоры  болып  танылды».  Қаламгер  сол  тұстағы  саяси  өзгерістерді  де 

кең  түрде  суреттемей  бір-екі  ауыз  сөзбен  айтып  өтеді:  «Николай  І-патшаның 

өлімі  Россия  зиялыларына  біраз  кеңшілік  бергізген.  «Әр  басшының  өз 

мархабаты  бар»  деген  емес  пе.  Александр  ІІ-ші  патша  өзінің  тахытқа  отыру 

құрметіне бірнеше буынды кеңшілік шығарыпты. Соның бір буынында Николай 

І-патшаның тұсында жер ауған кіналыларға еркіндік бергізген. Солардың көбін 

айдаудан босатып, ерікті еңбек істеуге кеңшілік еткен. Сібірге жер ауған саяси 

кіналылар сол кеңшілік арқылы орталық Россияға қайтуға рұқсат алған». 

Жазушы  С.Бегалин  шығармаларының    бір  ерекшелігі  –  өмірде  жиі 

айтылатын  мақал-мәтелдердің,  қанатты  сөздердің  орынды  пайдалануында.  



 

 

35 



Хикаяттың бірінші бөлімінде:«Бітер істің басына, білімді келер қасына», «Бұқа 

қарап  жүріп,  жасауылға  тұрыпты»,  «Жігітке  жетпіс  түрлі  өнер  аз»,  «Асауды 

құрық жуасытады, тентекті бұйрық жуасытады», «Басы ауырмағанның тәңірімен 

ісі  жоқ»,  «Төреге  ерген ерін  арқалар»,  «Іздегенге алтын жолығады»,  «Аңдамай 

сөйлеген  ауырмай  өледі»,  «Екі  бай  құда  болса,  арасында  жорға  жүреді»,  

«Шайнап  берген  балаға  ас  болмайды»,  «Атадан  бала  туса  игі,  ата  жолын  қуса 

игі»,  «Бет  көрсе  жүз  ұялады»,  «Бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ»  мақал-

мәтелдері  кездессе,  екніші  бөлімінде:  «Құл  тапқаны  –  қожасы  үшін»  ,  «Басың 

сауда еліңді тап, аяғың сауда жеріңді тап», «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ», 

«Атадан  бала  туса  игі,  ата  жолын  қуса  игі»,  «Бет  көрсе,  жүз  ұялады»,  «Адам 

сөйлескенше,  жылқы  кісінескеше»,  «Аңдамай  сөйлеген  ауырмай  өледі», 

«Іздегенге алтын жолығады, төреге ерген ерін арқалар»,   «Байдың малын байғұс 

қызғанады»,«Басы  ауырмағанның  тәңірімен  ісі  жоқ»  деген    мақалдарды 

ұшыратуға 

болады. 

Жазушы 


мақал-мәтелдермен 

ғана 


шектелмей, 

фразеологиялық тіркестер мен теңеулерді тиімді қолданған: қазан бұзар, бауыр 

басу, даусы сембеу, іш тарлық ету, көз тастау т.б. Мысалы шығармада мынадай 

теңеулер  кездеседі:  «Қыстай  қала  ішінде  іші  пысып  ерігіп  қалған  бала,  далаға 

қарай  қанат  сермеген  түз  құсындай  ынтықты».  «Шоқан  асуларында»  түрлі 

мақал-мәтелдердің қолданылуы шығарма тілінің көркемдігін арттырған. 

Сонымен қатар, көркемдегіш құралдар арқылы да шығарманы шеберлікпен 

көркемдей  білген.  Сондай-ақ,  С.Бегалин  тілінде  теңеулердің  де  түр-түрі 

кездеседі.  Шоқанды  қыранға  теңесе,  жағымсыз  кейіптегі  бейнелерді  қанды 

тырнақ  қара  құсқа,  қара  жүректерге  теңейді.  Және  мұндай  теңеулер 

шығарманың  бірнеше  тұсында  қайталанып  қолданылады:  «Ивашкеевич  ол 

есепті  жүргізу  үшін  аңқау  бейуаз  елге  өзінің  қанды  тырнақ  қара  құстарын 

тобымен  аттандырады  ғой.  Қанша  елді  зарлатарын  кім  білсін.  Бірақ 

Хоментовский, Абакумовтар, Петр Петрович Семеновтар аман болса, оның қара 

құстары бетімен ел тонай алмас...». Осындай парақор, қара ниетті чиновниктерді 

қара жүрекке теңеуі кездеседі: «Достар Сібір өлкесінің осы бір мекемесіне кіріп 

алған  бір  топ  қара  жүректер  жайлы  күйіне  сөз  етіп  отырғанда,  Барнауылдан 

оралған Петр Петрович те келе қалды». «Екі жылдан бері келіп офицер шенімен 

елін ойлы-қырлы аралаған Шоқанды қырғыз адамдары танып қалуы да мүмкін. 

Егер олардың бір қара жүрегі танып қалып, мына қашғарлықтарға сыбыр етсе, 

Шоқан өмірі қатерге ұшырайды». 

Уәлихан  қожа  және  оның  қатыгездігін  суреттеуде:  «Өзі  мас,  өзі  жау 

қамауында  қанына  қарайып  отырған  қожадан  еш  нәрсе  шықпас  деп,  рақым 

сұрамайды. Қайсар да, қара жүрек қожа қаһарына қапыда ұшыраған Шлагинвейт 

сонау  Шоқан  Қашғар  шаһарына  кірердегі  жол  бойындағы  қадаларға  ілінген 

бастардың бірі болып қаза табады».  

Шығармада  теңеулерді  қолдану  арқылы  кейіпкерлер  бейнесін  толық  аша 

білген:  «Қыстай  қала  ішінде  іші  пысып  ерігіп  қалған  бала,  далаға  қарай  қанат 

сермеген  түз  құсындай  ынтықты»,  «Ә,  дегенде  құйындай  ұшып  жөнелген 

Жақыптың  қарагер  құнаны  бір  белестен  асып,  келесі  қайқаңға  көтерілгенде 

тырбақтап жайыла берді». Мұндай теңеу, ауыстыру тәсілдерімен шығарма тілін 

ажарландыру, құбылта түсу С.Бегалин ерекшелігі. 



 

 

36 



Портреттің көркем шығармада алатын орны айрықша. Портрет ең алдымен 

көркем  туындыдағы  адам  болмысын,  мінез-сипатын  ашады.  Қаламгер  портрет 

жасау арқылы кейіпкерлерінің мінез-құлқы мен дүниетанымын сипаттауда, жеке 

ерекшелігі мен адамдық сипатын ашуда шеберлік танытқан.  

Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған 

қоғамдық  құлқы,  барлық  психологиялық  ерекшеліктерінің  жиынтығы.  Осы 

мінездің  өзін  жазушы  әр  түрлі  тәсілмен  жасайды.  Мысалы,  бірі  тура  мінездеу, 

бірі – жанама мінездеу. 

Мінездеу,  жанама  мінездеу,  адамға  тән  сүйініш,  күйініш,  сезімдерді 

суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру 

–  осылардың  бәрі  жеке-жеке  тұрған,  бір-біріне  жеке,  дара  мақсатты  нәрселер 

емес,  керісінше  бірін-бірі  толықтырып,  бірінен-бірі  туып,  жалғасып  жатқан 

дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмайды. 

«Шоқан  асулары»  хикаятында  диалог  пен  қатар,  Шоқанның  өз  ойы,  яғни 

монолог  арқылы да Шоқан бейнесін аша білу ерекшелігі байқауға болады:  

«...Қарашы,  күзетші,  малшы»  деген  сөздер  жайына  Шоқан  ойлана  қарап, 

әкесінің  ауылында  мал  бағып,  бие  сауып,  жылқы  бағып,  үй  жұмысын  істеп 

жүрген толып жатқан адамдарды көз алдына келтірді. Олар жалаң аяқ жар кешіп 

жұмыс  істейді.  Әуе  айналып  жерге  түсетін  ыстықта  ана  Жұлдызбай  ерні 

тобарсып  қой  бағады.  Майбас  бие  сауады.  Сол  қымыздан  өз  бетімен  бір  аяқ 

құйып ішпейді. Ана Жайлыбек, Жазықбайлар жазы, қысы жылқы бағады. Бірақ 

малға  да  ие  емес,  бастарына  да  еркі  жоқ.  Неге  олай?».    Және:    «Өзіне  бағына 

артына  ерген  Шоқанға  ой  жүгірте  қарап  Мұсабай  толғанып  та  келеді. 

«Европаның  мәдениетінде  тәрбиеленіп  білім  алған  жас  досы  мына  тәртіпке 

шоши қарап келе жатқан тәрізді. Бірақ міндетіне алып шыққан мақсаты, осы бір 

тың жұмбақ болып жатқан өлкенің сырын ашып, сипатын түю. Оны анау өзіне 

сеніп жіберіп отырған үкіметіне жеткізу. Сол үшін еріксіз мойындап келеді»,  - 

деп бір түйді». Отанына адал Шоқанның шын беріле жасаған қызметін жеткізу 

мақсатын байқауға болады. 

Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) адам 

образын  ашуға  қызмет  етеді.  Портрет  адамның  бүкіл  анотомиясын  түгел 

қамтып,  жіпке  тізе  беру  шарт  емес.  Әр  портретте  әр  адамның  ең  бір  ерекше 

сипаты нақты, қысқа суреттеледі.  

Қаламгердің  де  сөздік  қоры  мол,  сөйлем  құрылысы  оралымды,  шебер, 

халықтың байырғы көркем тіл өрнектеріне сай бейнелеу, шебер теңеу құралдары 

бар. 


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Гинзбург  Л.О  психологической  прозе.  Ленинград:  Ленинградскоеотделение. 



1971. 

2.

 



Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті. 1992. 

3.

 



Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы: Білім, 1999. – 560 б. 

4.

 



Қаратаев М. Стиль зерттеу принциптері // Стиль сыры. Алматы: Жазушы,1974. 

5.

 



Розанова С. Издаются мемуары. Вопросы литературы. 1976 г. № 8. 

6.

 



С.Бегалин. Шоқан асулары Қаныш. Алматы   

7.

 



Барлыбаев  Р.  Қазақ  тілінде  сөз  мағынасының  кеңеюі  мен  тарылуы.  Алматы, 

1968 


 

 

37 



8.

 

Сыздық Р.Қазіргі қазақ тілі-өміршең тіл, оның бір белгісі- сөздік қазынасының 



байлығы Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі. Алматы, 2009 

 

 



 

Мукушева А.Н. 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН ТҰЛПАР ОБРАЗЫН 

АШУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 

mukusheva.alma@mail.ru

 

Аңдатпа 

Мақалада  қазақ  әдебиетінде  бейнеленген  тұлпарлар  образын  ашудың 

жолдары  баяндалған.  Әдебиетте  бейнеленген  тұлпар  образын  ашумен 

қатар,жылқы  малының  шығу  тегі  мен  қазақ  халқына  тигізер  пайдасы  да  сөз 

етіледі. Сондай-ақ, тұлпар образын ашудағы әртүрлі салада жүргізілген ғылыми 

жаңалықтар да келтірілген. 



Тірек  сөздер:  тұлпар,  дәстүр  жалғастығы,  ұрпақтар  сабақтастығы,  тарих, 

кезең, өмір шындығы, кейіпкер тағдыры, көркемдік мұрат. 



 

Аннотация 

Данная  статья  посвящена  анализу  и  интерпретации  образа  тулпара  в 

казахской  литературе.  Автор  проводит  параллели  между  сказочным  конем  – 

тулпаром  и  реальным  животным.  Предметом  анализа  выступили  пословицы  и 

поговорки казахского народа. 

Ключевые  слова:  тулпар,  история,  эра,  эпоха,  герой  времени, 

художественное наследие. 



 

Annotation 

The article in  consideration  presents  analysis and  interpretation  of  the  image  of 

‘steed\’  in  the  Kazakh  literature. The  author  compares  the  fairy  image  with  the  real 

image of the horse. The abovemwntioned analysis is based on sayings and proverbs.  



Key words: steed, history, era, epoch, time hero, literature heritage,  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет