Келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік№2988-ж 2008 жылдың 25 наурызы



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата12.03.2017
өлшемі1,35 Mb.
#8859
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Қазақ  әдебиетіндегі  тұлпарлар  бейнесін  ашуда:  дәстүр  мен  сабақтастық, 

жылқы  малы  туралы  наным-түсінік,  тұлпарлар  бейнесін  сомдаудағы  кейіпкер 

тағдырының  көркемдік  тұтастығы,  қазіргі  әдебиеттегі  тұлпарлар  бейнесінің 

өзіндік  қырлары,  қаламгер  ізденісінің  арналары,  образ  сомдаудағы  жазушы 

шеберлігі тереңнен сөз етіліп, кеңінен көрсетіледі.  

Қазақ  халқын:  ”ер  қанаты  -  аттан“  бөлек  қарау  мүмкін  емес.  Арыдағы 

арналарды  еске  алсақ,  халық  әдебиеті  үлгілерінде,  көне  жазба  ескерткіштердің 

тасқа қашалып жазылған мұраларында тілге тиек етіліп, аласапыран замандарда 

да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе – көлігі, 

жесе – азығы, ішсе – сусыны болған сенімді серігі  – тұлпарларға айрықша мән 

берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар – жылқымен 

байланысты  болғандықтан,  оны  ән-жырға  қосып  жырлап,  мифтік  санада  өз 

жаратушысы  деп  те  сенген.  Бұндай  дәлелдерді  халық  тарихы  мен  өмір-

тұрмысынан жиі ұшырастыруға болады.  


 

 

38 



Аталған  мәселе  қазіргі  таңда  тілдік,  этнографиялық,  тарихи  тұрғыдан  мол 

мағлұмат  беретін  ауыз  әдебиетінің  туындылары  –  көптеген  ғылымдардың 

зерттеу  объектісіне  айналуда.  Қазақ  тұлпарының  әуел  бастан  халқымыздың 

санасына,  дүниетанымына  етене  жақын  болғандығын  дәлелдейтін  рухани 

мұраларды  С.Қондыбай,  А.Тоқтабай,  В.Ф.Зайберт  сынды  археолог,  этнограф, 

геоморфолог  зерттеушілеріміздің  еңбектерінен  кездестіреміз.  Қазақ  халық 

әдебиетіндегі  жылқы  малының  орны  жөнінде  Ә.Қоңыратбаев,  Н.Келімбетов, 

А.Қыраубаева, Р.Бердібай және т.б. еңбектері зерттеушілер үшін құнды ғылыми-

танымдық мәліметтерді алға тартады. 

«Мал  патшасы  –  жылқының»  әдебиеттегі  орнын,  оның  образын  биік 

тұғырға  көтерген  Ғ.Мүсірепов,  Т.Әлімқұлов,  Қ.Жұмаділов,  С.Бақбергенов,  т.б. 

қаламгерлер тұлпар бейнесін көркем де шынайы суреттеген. 

Шындығында  да,  жан-жануарлар  қай  халықтың  болмасын  фольклоры  мен 

әдебиетінде  елеулі  орын  алатындығы  әдеби  шығармалардың  тереңіне  үңілген 

адамға мен мұндалап-ақ тұр. Жылқы жайлы Қазақ Совет энциклопедиясындағы 

тарихи  деректерге  сүйенсек,  біздің  заманымыздан  7000-6000  жылдар  бұрын 

Азия,  Африка,  Европада  қолға  үйретілгендігі  сөз  болып,  сондай-ақ,  жабайы 

жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған делінген. Осы ретте, 

Қазақстан  территориясынан  табылған  Ботай  мәдениетін  зерттеуге  атсалысқан 

ғалымдар:  В.Ф.Зайберт,  Л.А.Маркова,  М.К.Хабдулина,  Г.Б.Зданович  және  т.б. 

энолит дәуіріндегі табылған сүйектердің – 99,9 %-ы жылқынікі болғандығын тап 

басып көрсетеді. 

Қазақстан-Американ  біріккен  экспедициясының  қорытындысы  табылған 

жебелердің 

ұшына 

жасалған 



талдауларда 

жылқы 


малының 

қаны 


табылмағандығын айта келіп, ІІ ғасырда жылқыны қазақтар қолға үйреткендігін 

дәлелдеген.  Осы  ретте  эпостық  шығармаларда жиі  кездесетін,  кез  келген  елдің 

ауыз әдебиет туындыларында мол ұшырасатын бейне – жылқы болып табылуы 

да  тегін  емес.  Шығармалардың  басым  көпшілігінде  ол  адамның  жақын  досы, 

ақылшысы,  сырласы,  тағдырласы  түрінде  өріледі.  Мәселен,  Саха-Якут,  түркі 

халықтарының  дүниетанымында  жылқы  –  жаратушы  ана,  апам-напат  тотемі 

жылқы  – тәңірі мен пенделердің арасын байланыстырушы (пырақ) күш немесе 

шаманың  ие  –  қыласы,  жылқы  –  адам  не  сиқыршы  ретінде  сомдалған.  Қазақ 

әдебиетінде ХХ ғасырдың 60-80 жылдар арасындағы прозалық шығармаларында 

да  тұлпар  образына  байланысты  көркемдік  ізденістер  оқырман  назарын  өзіне 

аударады.  Бұл  шығармалардағы  басты  идея  –  тұлпарлардың  адам  өміріндегі 

өзіндік  орны,  тарихи  қоғамдық-әлеуметтік  шындықтың  тұлпарлар  образымен 

сабақтасуын,  тұлпардың  сымбаты  мен  сұлулығы,  ат  баптаудағы  дәстүрлі 

мектептер  суреттелген.  Мұның  бәрінен,  әрине  жылқы  –  халқымыздың  қымбат 

қазыналарының бірі, өмір–тұрмысындағы жиі пайдаланатын, қадірлі де қасиетті 

жануарларының қатарына жататынын білеміз.  

Ұлттық  сөз  өнеріндегі  –  тұлпар  бейнесінің  тарихы  мен  тағдыры  арыдағы 

арналарда, тым көне кезеңдерде жатқанын аңғартады.  

Ұлттық  рәміздерімізде  бейнеленген  қыран,  барыс  тәрізді  жылқы 

символикасының  да  ұлттық  санадағы  орны  ерекше.  Символдардың  мәнін 

өскелең  ұрпаққа  түсіндіру  –  халқымыздың  сан  ғасырлар  бойы  дәстүрге 


 

 

39 



айналдырған  ғұрыптық  жоралғылары  мен  ырымдарының,  түрлі  ем-домдардың 

түпкі себебін терең ұғынуға септігін тигізеді.  

Бұл  –  халықтың  рухани  мәдениетінің  алғышарттарын  түсінуге,  ұлттық 

санамыз  бен  үрдісімізді  тарих  қойнауынан  аршып,  далалықтар  өркениетін 

мақтан  тұтуға  жетелейді.  Әлем  халықтарының  әдебиетіне  ортақ  бейне  болып 

табылатын  тұлпар,  арғымақ,  сәйгүліктерді  сонау  көне  замандарды 

жалғастырушы  дәстүрлі  мәдениет  үлгісі  деп  қарап,  60-80  жылдар  әдебиетінде 

осы  дәстүрді  қайта  жандандырып  таза  жылқы  малының  бейнесін  сомдап,  ішкі 

жан-дүниесін,  психологиясы  мен  тағдырын  суреттеген  шығармаларды 

қарастыруға болады.  

Қазақ  әдебиетіндегі  тұлпарлар  бейнесін  –  халқымыздың  арғы-бергі 

тарихымен,  ұлттық  сөз  өнеріндегі  белесті  кезеңдер:  ежелгі  әдеби 

жәдігерліктерден,  ақын-жыраулар  мұрасынан  –  Абай  әлеміне,  одан  қазіргі 

дәуірге  дейінгі  аралықтағы  жетістіктермен  табиғи  байланыста  екенін  ескерген 

жөн.  

Қазақ  әдебиетіндегі  тұлпарлар  бейнесі  арнайы  зерттеуді  қажет  етеді.  Осы 



кезеңге  дейін  қазақта  жылқы  малын  этнографиялық,  археологиялық, 

геоморфологиялық тұрғыдан зерттеулер жасалғанымен, әдеби тұрғыдан ғылыми 

еңбек жазылған жоқ.  

Қазақ  әдебиетінің  ежелгі  мифтік,  ру-тайпалық  кезеңде  жылқы  малы  қолға 

үйретіліп  қазақтың  малына  айналған.  Халқымыз  асау  тұлпарды  ән-өлең  мен 

дастандарына  қосып  жырлаған.  Қай  кезең  әдебиетін  алсақ  та,  ішінара  тұлпар, 

сәйгүлік, арғымақ бейнелері сөз етіледі.  

Осы ретте ХХ ғасырдың 60-80 жылдар аралығында әдебиетімізде тұлпарлар 

жайлы  жазылған  шығармалар  кең  орын  алғандығын  айтсақ  болады.  Қазақ 

әдебиетінде  тұлпарлар  образын  суреттеген  шығармалардың  тууына  көршілес 

қырғыз  әдебиетінің  атақты  жазушысы  Ш.Айтматовтың  ”Қош,  Гүлсары!“ 

повесінің  әсері  тиді.  Осы  тұста  қазақ  әдебиетінде  тұлпарлар  образы  мен  өмір 

шындығын, кейіпкер тағдырын суреттеген тың туындылар жарық көре бастады. 

Тұлпар  бейнесі  мен  заман  шындығын,  кейіпкер  тағдырын  суреттеген 

шығармаларда:  Ә.Кекілбаевтің  «Бәйгеторы»,  Б.Соқпақбаевтің  «Бурыл  ат», 

Қ.Жұмаділовтің  «Сәйгүліктер»,  Р.Тоқтаровтың  «Тұлпардың  сыны»  және  т.б. 

шығармаларын жатқызуға болады. 

Жылқы  малына  этнографиялық  тұрғыдан  –  А.Тоқтабай,  археологиялық 

тұрғыдан  В.Ф.Зайберт,  С.Я.Зданович,  М.К.Хабдулина,  мифтік  тұрғыдан  – 

С.Қондыбай  және  т.б.  ғалымдар  зерттеу  жасаған.  Қазақ  жылқысының 

ерекшеліктеріне  В.М.Смирин,  Ю.М.Смирин,  Р.С.Липец,  Б.Жетпісбаева, 

Б.Қиянатұлы және т.б. терең тоқталған.  

Қазақ  әдебиетіндегі  тұлпарлар  бейнесінің  генезисін,  типологиясын, 

функционалдық  қызметі  мен  даму  эволюциясынашумен  қатар  қоғамдық  сана, 

дәстүр жалғастығымен әдебиетке жеке образ болып келген кезеңі, сол кезеңдегі 

жазылған  шығармаларда  көрініс  тапқан  тұлпарлар  мен  кейіпкерлер  тағдырын, 

өмір шындығы және жазушы шеберлігін таныту біздің басты мақсатымыз. Осы 

арнада төмендегідей міндеттер туындайды: 

этнографиялық зерттеулерге сүйене отырып, қазақ ұғымындағы тұлпарлар 

бейнесінің мән-мағынасын ашу; 



 

 

40 



қазақ эпостарында кездесетін тұлпарлар бейнесіне талдау жасау; 

Орта ғасыр әдебиетіндегі тұлпарлар бейнесін зерделеу; 

Жыраулық поэзиядағы арғымақтар бейнесінің көркемдік мәнін саралау; 

1920-50  жылдар  аралығында  жарық  көрген  шығармалардағы  тұлпарлар 

бейнесінің жасалуындағы көркемдік ізденістерді ашу; 

1960-1980  жылдар  прозасындағы  тұлпарлар  бейнесінің  кейіпкер  образын 

ашудағы көркемдік мәнін байыптау; 

ТМД  халықтар  әдебиетінің  қазақ  әдебиетінде  кездесетін  тұлпарлар 

бейнесінің сабақтастығын саралау; 

Ұлттық  прозадағы  тұлпарлар  бейнесін  сомдаудағы  қазақ  жазушыларының 

өзіндік көркемдік ізденістерін анықтау болып табылады;  

«Қазақ  әдебиетіндегі  тұлпарлар  бейнесін»  (Өмір  шындығы.  Кейіпкер 

тағдыры. Көркемдік мұрат.)»жан-жақты қарастырылып, өмір шындығын көркем 

шығармаға айналдырудағы жазушының суреткерлік шеберлігін алуан деректер, 

талдау  –  саралау  негізінде  тереңнен  сөз  етіледі.  Зерттеу  жұмысы  барысында 

төмендегідей ғылыми жаңалықтарға қол жеткізуге болады: 

көне  дәуір  әдебиеті  үлгілеріндегі  тұлпарлар  образы  жасалуының  әдеби  – 

тарихи мәні айқындалады; 

Орта  ғасыр  әдебиетінен  көрініс  тапқан  тұлпар  бейнесінің  дәстүрлік 

үлгісінің мән-мағынасы ашылады

Махамбет  Өтемісұлының  поэзиясындағы  тұлпар  бейнесінің  жасалу 

жолдары нақты көрсетіледі; 

Құлагер  образының  әдеби  туындылардан  көрініс  табуы  салыстырмалы 

түрде қарастырылады; 

қазіргі прозадағы кейіпкер болмысы мен тұлпарлар тағдырының көркемдік 

сабақтастығы ашылады; 

тұлпар  бейнесін  сомдауға  ұмтылған  жазушылар  шығармашылығының 

шеберлік қырлары жан-жақты зерттеледі; 

зерттеу  еңбекте  осы  кезеңге  дейін  сөз  болмаған  әңгіме  жанрындағы 

тұлпарлар  бейнесі  көркемдік  ізденістер  тұрғысынан  жан-жақты  танылып, 

талданады; 

қазақ 


әдебиетіндегі 

тұлпарлар 

бейнесі 

арғы-бергі 

кезеңдердегі 

туындылармен  жүйелі  сабақтастырылып,  көркемдік  мұрат,  дәстүр  арналары 

негізінде байыпты қарастырылады. 

Теориялық  материалдарымды көркем  әдебиет  мәтінімен  салыстыра  отыра, 

өмір шындығы мен көркем әдебиеттегі шындықтың ара жігі ашып көрсетіледі.  

Әдеби-ғылыми  материалдар  теориялық  тұжырымдармен  тиянақталып, 

көркем әдебиеттегі дәстүр мен сабақтастық, өзара байланыс-ықпалдастық, даму 

тұрғысынан кең көлемде қарастырылады. 

Тұлпар  бейнесі  қазақ  халқының  діни  наным-сенімін,  дүниетанымын, 

рухани деңгейін танытатын тұлға. Тұлпар – халық мұраты, батыр серігі, жорық 

жаршысы. Тұлпар – ұлт мақтанышы, абырой мен ар-ұяты. Тұлпар – ел байлығы, 

ер байрағы мен намысы. Осы орайда, зерттеу нәтижесі барысында төмендегідей 

тұжырымдар жасауға болады: 

-  Әлем  халықтарының  фольклорлық  мұраларында  тұлпар  бейнесі 

төмендегідей қырларымен ашылады: тотем, рух, жаратушы, магиялық күш иесі. 


 

 

41 



Ал  көркем  бейне  ретінде  жан-жақты  сомдалған  қасиетті,  киелі  ұғым  ретінде 

қабылданады; 

- Қазақ эпостарында, жыраулық поэзия үлгілері мен Орта ғасыр әдебиетінде 

көп  суреттелетін  тұлпарлар  бейнесі  көркемдік,  философиялық  қырынан 

қаралады;  

Қазақ 



прозасындағы 

тұлпарлар 

образы 

бұрын 


арнайы 

қарастырылмағандықтан  ғылыми  ой-пікірлер  арнасында  бүгінгі  егеменді, 

тәуелсіз ұлттық таным мен ұлттық эстетика тұрғысынан зерттеліп талданады; 

-  Қазақ  прозасындағы  тұлпар  бейнесі  (өмір  шындығы,  кейіпкер  тағдыры, 

көркемдік  мұрат)  көркемдік  тұрғыдан  зерттеу  мен  зерделеудің басты  арқауына 

айналады; 

- Қазақ прозасындағы тұлпарлар бейнесі әдеби-көркем шығармадағы басты 

тұлға ретінде қарастырылып, оның көркем образ ретінде көрініс табуының қыр-

сыры ашылады; 

-  Қазақ  прозасындағы  тұлпарлар  бейнесі  көркем  әдеби  шығармалардағы 

уақыт 

тынысы, 


дәстүр 

жалғастығы, 

көркемдік-рухани 

ізденістер, 

шығармашылық шеберлік мәселесімен байланыста зерттелінеді;  

-  Қазақ  прозасындағы  тұлпарлар  бейнесін  арқау  еткен  көркем 

шығармалардағы суреттелетін кезең көріністері, өмір шындығы, кейіпкер әлемі, 

оның  дүниетанымы,  ұлттық  болмыс-бітімі,  заман  қайшылығының  суреттелуі, 

т.б.  мәселелер  ғылыми  тұрғыдан  сараланып,  зерттеу  мен  зерделеудің  нақтылы 

нысанына айналады. 

Қорыта айтар болсақ,  ел аузында:  «Жылқы  – жеті  қазынаның бірі»,  «Ат  – 

адамның қанаты», «Жылқы – түлік патшасы» деп ұлықтаған ұлағатты ұлтымыз 

желден жүйрік жануарды күллі тіршілік тірегі, тұрмыс-салты, өмірінің өзегімен 

тығыз  сабақтастырып  келген.  Хас  тұлпарға  қатысты  қанымызда  бар  асыл 

қасиеттер  әр  кезде  жанымызда  атой  салып,  бой  көрсетіп  қалатындығы  да 

шындық. 


 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Тілеужанов М. Халық тағылымы. – Алматы: Рауан, 1996. – 230 б. 



2.

 

Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Алматы: Дайк –Пресс, 2004. – 495  



3.

 

Тоқтабай  А.  Қазақтардың  ХІХ  ғасыр  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  жылқы 



шаруашылығы  /  тарихи  –этнографиялық  зерттеу  /:  Тарих  ғыл.  д-ры  дис...  –  Алматы, 

1992. - 228 б. 

4.

 

Зайберт  В.Ф,  Зданович  С.Я.  Бронзовый  век  Урало–Иртышского  междуречья.  – 



Челябинск: Челябинский государственный университет, 1984. – С. 160. 

5.

 



Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. – Алматы: Ғылым, 1987. – 364 б. 

6.

 



Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1986. -264 б. 

7.

 



Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Ана тілі, 1991. -280 б. 

8.

 



Бердібай Р. Эпос мұраты. – Алматы: Білім, 1997. – 320 б. 

9.

 



Мүсірепов Ғ. Уақыт іздері. – Алматы: Жалын, 1977. – 368 б. 

10.


 

Әлімқұлов Т. Тұлпарлар тағдыры. – Алматы: Жазушы, 1975. -343 б. 

 

 

 



 

 


 

 

42 



Нурканова Ж.Т. 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨПТІК МӘНДІ КӨЛЕМ,САЛМАҚ ӨЛШЕУЛЕРІНІҢ 

СИПАТЫ 

nurkanova54@mail.ru

 

Аңдатпа 

Мақалада  көлем,  салмақ  өлшемдерінің  ұлттық  сипаты,  олардың  қазақы 

ұлттық  әлемнің  тілдік  бейнесін  берудегі  қызметі  сөз  болады.  Автор  бұл 

түсініктердің  мазмұнын  мақал-мәтелдерде,  қанатты  сөздерде,  тұрақты 

тіркестерде  қолданысын  мысалға  ала  отырып  түсіндіреді,  сондай-ақ  осы 

ұғымдардың көптік мағынаны беруін, олардың мағыналық өрістерін талдайды. 



Тірек  сөздер:  көлем  өлшемдері,  салмақ  өлшемдері,  ұлттық  менталитет, 

әлемнің тілдік бейнесі, мағыналық өріс. 



 

Аннотация 

Данная  статья  посвящена  анализу  национальных  понятий,  используемых 

для обозначения объема и веса, их роли в образовании казахской национальной 

картины  мира.  Автор  статьи  на  примере  применения  этих  понятий  в  составе 

пословиц,  поговорок,  афоризмов,  фразеологизмов  раскрывает  их  смысловую 

нагрузку. 



Ключевые  слова:понятие объема,  понятие  веса,  национальный  менталитет, 

языковая картина мира; смысловое поле. 



 

Annotation 

The  given  article  is  dedicated  to  an  analysis  of  cultural  realia  used  to  denote 

volume  and  weight,  their  role  in  establishing  Kazakh  national  world  picture.  The 

author  of  the  article  reveals  their  meaning  on  the  basis  of  sayings,  proverbs, 

aphorisms, phraseological units.   

Key  words:  notion  of  volume,  notion  of  weight,  mentality,  language  world 

picture, meaning structure.   

 

Қазақ  халқының  этностық  таным-түсінігінде  салмақ  өлшемін  білдіретін 



батпан атауы сандық жүйемен алғанда нақты қанша килограмм көрсететінін дәл 

басып айтпаса да, оның басқа салмақ өлшемдерімен салыстырғанда аса ауыр зат, 

көптік  нәрсенің  салмақ  мөлшері  мағынасында  кеңінен  қолданылатын  мәдени 

мазмұнды  тілдік  бірлік  екенін  осы  атаумен  байланысты  қалыптасқан  мақал-

мәтелдер  мен  қанатты  сөздерден,  фразеологиялық  символдардың  мазмұнынан 

байқауымызға  болады.  Салмақ  өлшемін  білдіретін  бұл  атаумен  байланысты 

қалыптасқан  ауру  батпандап  кіріп,  мысқылдап  шығады;  бұл  не  деген  батпан 

құйрық,  су  түбінде  жатқан  құйрық;  пұт  болдым  деп  мақтанба,  одан  да  ауыр 

батпан  бар;  бала  атадан  батпан  артық  туады  деген  сияқты  мақал-мәтелдердің 

мазмұнынан бұл атаудың аса ауыр салмақ өлшемі болумен қатар, этностың өзіне 

тән  ментальдық  табиғатынан  да  хабардар  етеді.  Батпан  атауы  көркем  шығарма 

тілінде  де  ауыр  салмақты  білдіретін  ұғым  ретінде  кеңінен  қолданысқа  түскен. 

Мысалы,  


 

 

43 



Қол қойдым, мына сөзі тегін емес,  

Мың батпан,оңай-оспақ жеңіл емес.  

Өлтірмей бұл қазақты қоя берсек,  

Қайталай  менімен  қылар  егес-  деп  халық  ауыз  әдеби  шығармаларында 

кездессе, Батпан балға, сом болат солқылдата соққан күн (Қ.Аманжолов), - деген 

үлгідегі  қолданыстар  да  жеке  авторлық  шығармаларда  өзінің  номинативтік 

мағынасымен қатар, коннотациялық мәнге ие сипаттары да ұшырасады деуімізге 

болады.  

Ғалым  Ә.Болғанбаев  батпан  атауының  синонимдік  қатар  құруда  белсенді 

екенін  атап  өтіп,  сом,  зіл,  ауыр,  зілмауыр,  шомбал,  салмақты  сияқты 

синонимдерге  ұйтқы  болатынын да  атап  көрсетеді  (Болғанбаев  Ә.  Синонимдер 

сөздігі. –Алматы:Ғылым, 1970. -163б). 

Қазақ  халқының  мәдени  ментальдық  ерекшелігіне  орай,  салмақ-көлем 

өлшемдерінің  лексика-семантикалық  табиғатынан  парадигмалық  қатынастарды 

аңғаруымызға  болады.  Салмақ-көлем  өлшемдерінің  дерлік  көпшілігі  өздері 

тұрған  ыдыспен  тікелей  байланысты  болғандықтан  ыдысты  микроконцепт  дей 

отырып, ол құрайтын концептуальдық өріс аясына бір саба қымыз, бір табақ ет, 

бір  қарын  май,  бір  тегене  сорпа,  астау-астау  көже,  мес-мес  қымыз,  қап-қап 

бидай,  самауырын-самауырын  шай  т.б.  өлшем  бірліктерін  жатқызуымызға 

болады. Сонымен қатар көлем өлшемдерінің мағыналық өріс аясынан берекенің, 

бірліктің,  аса  үлкен  жиындардың  символикасы  бейнеленетінін  коннотациялық 

мәнді  де  байқаймыз.  Өйткені  үлкен-үлкен  той  жиындарда  көптік  саба-саба 

қымыз  пісіліп,  жан-жақтан  мес-мес  қымыз  әкелініп,  табақ-табақ  ет  тартылып, 

самауырын-самауырын  шай  ішілген.  Сондықтан  тілімізде  көлем  өлшемін 

білдіруде  бір  қарын  май,  бір  мес  қымыз,  бір  табақ  ет,  бір  астау  көже  сияқты 

фразеологизмдермен  қатар  саба-саба  қымыз,  қарын-қарын  май,  табақ-табақ  ет, 

астау-астау көже сияқты заттың көптігін білдіретін қайталама қос сөздер арқылы 

да жасалған тіл бірліктері мол деуімізге әбден болады.  

Халқымыздың  ментальдық  танымында  шамадан  тыс  азғантай,  яғни  аздық 

көлемді  білдіруде,  бұлармен  қоса  түрлі  нысандардың  белгілеріне  салыстыру 

мәніндегі –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтарының жалғануы арқылы да өлшемдік 

ұғымдар  қалыптасқан.  Мысалы,  ине  жасуындай,  алақандай,  ат  төбеліндей, 

пұшпақтай, ұлтарақтай, зәрдей, титімдей. 

   Зерттеуші  Ә.Болғанбаев  бұл  жөнінде  төмендегідей  пікір  келтіреді: 

«Тіліміздегі  көлем  өлшемінің  ең  азы  бір  сөзімен  тіркесіп  айтылса,  ең  көбі 

қайталама  қос  сөздер  арқылы  бейнеленеді.  Мәселен,  кең  далада  жайылып 

жатқан көп малдың үстінен шыққан адам оның сан мөлшерін санап білуі мүмкін 

емес. Көз -  мөлшер, көңіл  - қазына деп мөлшерлеп айтады. Қой болса  – отар-

отар, қора-қора, жылқы болса - қос-қос, үйір-үйір, түйе болса – келе-келе, сиыр 

болса – табын-табын деп топтап, жинақтап жеткізеді» (Болғанбаев Ә. Өлшемдік 

ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін 

жасау тәжірибелері. –Алматы:Ғылым, 1989.140б). 

Ғалымдар  тарапынан  алғашқы  адамзат  баласы  қоршаған  ортаны  өзі 

қолданған  еңбек  құралдары  арқылы  таныды,  сондықтан  олар  (кәдімгі  таяқ,  аң 

терісі,  әр  түрлі  жемістердің  қабығы)  шаманы,  өлшемді  санды  анықтауда 

қолданды.  Келе-келе  мұндай  өлшемдерді  ажырату  үшін  өзінің  қолын,  аяғын, 



 

 

44 



немесе  олардың  бөліктерін,  тіпті  дауыс  дыбыстарын  да  пайдаланды  деген 

пікірлер  айтылады.  Ал  өлшем  тарихы  туралы  зерттеулерінің  көпшілігінің 

деректерінен  өлшеуге  негіз  ретінде  алдымен  адамның  дене  мүшелері  алынған 

(Молчанова  Л.А.  Народная  метрология.  –Минск:Наука  и  техника,  1973.  -106б.) 

деген пікірді кездестіреміз. 

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі: 



1.

 

Аққошқаров Е. Байырғы өлшемдерді білесің бе? // Білім және еңбек.  -1973, №2 



(156). - 117б  

2.

 



Ахмедова  Ж.Ш.  Казахские  народные  наименование  понятий  об  измерениях. 

Дисс...канд. филол. наук. - Алма-Ата, 1975. - 148б 

3.

 

Болғанбаев  Ә.  Өлшемдік  ұғымдарды  білдіретін  сөздер  мен  сөз  тіркестері  // 



Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. – Алматы. 1989. - 183б 

4.

 



Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. –Алматы:Ғылым, 1984. - 466б 

5.

 



ҚТТС,  7,  108),  қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігінде  «биіктік,  тереңдік, 

ұзындық, қалыңдық өлшемі » деп көрсетілген (ҚТФС, 402 

6.

 

 Жанпейісов  Е.Н.  Этнокультурная  лексика  казахского  языка.  –  Алматы:  Наука, 



1989. - 145б 

7.

 



 Болғанбаев Ә. Синонимдер сөздігі. –Алматы:Ғылым, 1970. - 163б 

8.

 



 Болғанбаев  Ә.  Өлшемдік  ұғымды  білдіретін  сөздер  мен  сөз  тіркестері  //  Қазақ 

тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. – Алматы:Ғылым, 1989. - 140б. 

9.

 

Ақкөзов  Ә.Ә.  Сапалық  сын  есімдердің  семантикасы  және  жүйесі.  –Алматы, 



2005. - 209б 

10.


 

Сыздықова Г.О.  Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық 

және  стильдік сипаты. Филолог. Ғыл. Канд... дисс. – Астана, 2000.278б 

 

 



 

Примбетова М.Б 

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: БІЛІМ ЖАЙЫНДАҒЫ ІЛІМДЕР 

primbetova54@mail.ru

 

Аңдатпа 

Мақаладабілім  мен  ғылымның  адам  өміріндегі  маңызы  туралы  мәселе 

көтеріледі. Автор білімнің әрбір жеке адамның дүниетанымының қалыптасуына, 

жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  тигізетін  әсерін  ұлт  зиялылары  мен  әлем 

ойшылдарының ой, тұжырымдарына сүйене отырып дәлелдейді. 

Тірек  сөздер:  білім,  ғылым,  рухани  әлем,  жастар  тәрбиесі,  дүниетаным, 

жеке тұлға, қазақ қоғамы. 



 

Аннотация 

В статье рассматривается вопрос о роли знаний и науки в жизни человека. 

Автор  раскрывает  влияние  знаний  на  формирование  современной  личности. 

Знания  как  основа  мировоззрения  человека.  Предметом  анализа  в  статье 

выступили  афоризмы  представителей  национальной  интеллигенции  и  мировых 

мыслителей. 



Ключевые  слова:  знания,  учения,  наук,    духовный  мир,  воспитание 

молодежи, мировоззрение, личность, казахское общество. 



 

 

45 



 

Annotation 

The given article considers the role of knowledge and science in modern world. 

The  author  reveals  the  influence  knowledge  has  on  the  contemporary  personality. 

Knowledge is presented as human outlook’s basis. The subject of the aforementioned 

analysis is presented by aphorisms of national intelligentsia and world known thinkers.    

Key  words:  knowledge,  science,  spiritual  world,  upbringing,  outlook,  Kazakh 

society, personality.  

 

Қазақстан  тәуелсіздік  алып,  егемендікке  ие  болғалы  қоғамның  барлық 



саласында  даму  қарқын  алуда.  Соның  негізгі  бір  саласы  –  білім    алу.  Елімізде 

ұлттық  білім  беру  жүйесі  әлемдегі  дамыған  озық  елдермен  теңесуге  барынша 

ниет  етуде  және  ол  іс-әрекет  нәтижесіз  емес.  Алайда  адам  білім  игеріп, 

ғылыммен  шұғылдануда    бірдей  емес.  Ол  –  заңдылық.  Өйткені  білім  алу 

адамзатқа ортақ  міндет болғанмен, ғалым болу әркімге бұйыра бермейтін нәрсе. 

Ол - әрбір тұлғаның өзіндік еркі және қалауы. 

Қазақ  елі   жаздың  соңғы  күндерінде   Конституцияның  18 жылдығын атап 

өтті.  Сол  он  сегіз  жыл  бұрын  қабылданған  Ата  заңымыздың  алғашқы  бетінде: 

«Мемлекеттік  биліктің  бірден  бір  бастауы  -  халық»  деп  (5-бет)  көрсетіліп,  ІІ 

бөлімі «Адам және азамат» деп аталған. 

Еліміздің  бас  құжатының  аталған  бөлімінде  барша  адамға  тән  құқық 

берілген.  Қазақстанда  ұлтына,  жасына  қарамастан  талабы  зор,  ынтасы  жоғары 

азамат  қалаған  мамандық  иесі  болуға  құқылы.  Ал  ғылыммен  шұғылдануға 

ешкім  міндеттемейді,  өзінің  еркімен  өмір  сүреді.  Ендеше  білім  туралы 

қарастырылған зиялылардан жеткен рухани күш жайындағы топшылауымызды 

көппен бөлісуді жөн көрдік. 

Білім,  сөз  жоқ,  ғылыммен,  одан  әрі  экономикамен  және  технологиямен, 

сондай-ақ мәдениетпен тығыз байланысты. Сондықтан білім жалпы ұлттық даму 

стратегиясының  белді  құраушысы  болып  табылады.  Қай  заманда  болсын 

білімнің әлеуметтік рөлі аса жоғары. Қазақ қоғамында ерте кезден бері білімді 

және білімді адамдарды аса жоғары бағалап, қадірлеп келеді. Алайда бұл арада 

жеке  тұлғаның  білім  игерудегі  іс-әрекетінің  әркелкілігін  де  атап  өткен  ләзім. 

Өйткені әрбір жеке адам білімнің қажеттілігін әртүрлі түсінеді. Ондай жағдайда 

адамның мінез-құлқы, психологиясы да көрініс табады.  

Ұлт  зиялылары  мен  әлем  ойшылдарының  шығармашылығынан  білім 

туралы  толайым  топшылаулар  мен  пікірлерді  көреміз.    Қоғамда  білім  мәдени-

әлеуметтік  сипаттағы  қызметтерді  атқарады.  Ал  білім  дегеніміз    -  адамның 

ғылым  мен  мәдениет  әлеміне    енуіне  бірден-бір  оңтайлы  және  қарқынды 

жолдардың  бірі.  Сондай-ақ,  адамның  қоғамдық  және  рухани  өмірін 

қалыптастырудың  негізгі  тетігі  болып  саналатын  білім  –  іс-әрекеттің  мәдени 

үлгілерін таратудың құралы болып та табылады. Білім - құндылықтар қатарына 

жататын құбылыс.  

Білім - адамның жеке дара қабілеті мен бәсекеге қабілеттілігін  көрсететін 

көрсеткіш.  Білім  жайында  қалыптасқан  аксиомалар  жеткілікті,  өмір 

тәжірибесінен  алынып,  ілім  қалыптасқан.  Айталық,  білім  беру  –  тұлғаның 

саналы түрде кемелденуі мен жеке даралығын дамытуға қажетті қабілеттері мен 



 

 

46 



мінез-құлқын, жүріс-тұрысын жетілдірудің процесі мен нәтижесі (ЮНЕСКО, 20-

сессия).  

«Білім»  ұғымын    әр  ұлт  зиялылары    кітаппен  байланыстыра  сипаттайды. 

Шын мәнінде, кітап – білім бұлағы.  Кітап – рухани қазынаны ұрпақтан ұрпаққа 

жеткізіп  келе  жатқан  ой  кемесі.    О.Бальзак:  «Рухында  болашаққа  ұмтылған 

жағдайда  ғана  кітап  өміршең  болады»  десе,  ұлы  ғалым  Мұхтар  Әуезовтен 

«Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент 

бола  бастадым  деп  санайды»  -  деген  сөз  қалған.  Ал  М.Горький  «Мәдениетті 

адам болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. 

Бұл екеуіне кітап бетінде дидарласасың» дейді. 

Абайдағы  білім  жайын  сөз  еткенде  ақын  пайымдауындағы  білім,  ғылым 

табудағы  мақсат-мұраттың  сипатын  тану  да  маңызды.  Білім  ғылымды  шексіз 

дәріптеген  ақынның  оларды  іздеп,  табудағы  мақсат-мұраты  да  өте  өрелі  және 

биік.  Осындай  асқақ  рухқа  ие  пікірді  ақын  «Жасымда  ғылым  бар  деп 

ескермедім»  өлеңінде  ақын  өз  ұғымындағы  білу  мен  білім  алудың  мақсатын 

анық, айқын танытқан. 

Ж.Баласұғын  білім  жайын  жан-жақты  танытып,    тыңдаушысын  білуге, 

білім  алуға  үгіттейді.  «Білім  ал,  ізден,  таны»  деген  тілегін  анық  айтады. 

Көпшілік қауымға да, ұл-қыз өсіріп отырған ата-анаға да айтары осы.  

Білім  үйрет сәбиіңе сарыла, 

Уызда ілім, сүттей сіңер қаныңа. 

Адамға  тән  асыл  қасиеттердің  бірі  –  білмекке  құштарлық.  Ол  біліммен 

келеді.  Адамзат  тарихында  небір  ұлы  ойшылдар  тәмсіл  қалдырып,  іліммен 

рухтандырды.  Осындай  ілімдерді  іріктей  отырып,  абзалдық  әліппесінен  ғибрат 

аламыз. Алайда ол үшін Абайша айтқанда, ғибратлану керек. 

Атадан балаға қанмен тараған ақылдылық, байсалды мінезді тәжірибе мен 

білім толықтырса, төңірегінде нұр шашып тұратын азаматтар солардан шығады. 

Сондықтан  оқу,  үйрену,  тыңдау,  іздену,  талаптану  әрбір  өзін  құрметтейтін 

адамның бағыты болуы керек. 

Білім адамның ішінен шығатын нәрсе емес, сырттан келетін нәрсе. 

VІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі 

Әсірет  Әлінің  (Әли  ибн  Әби  Талиб)  ілімнің  қақпасы  аталып  кеткенін  сынау 

мақсатында  жерлестері  оған  он  адамды  кезекпен  жібермекші  болған,  олардың 

бәрі Әзірет Әліге бір сұрақ: «Білім артық па, байлық артық  па?» деп сұрайтын 

болып  келіскен.  Егер  осы  сұраққа  он  түрлі  жауап  берсе  ғана  халифаны 

мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі сұрақтарға былай деген екен: 

Білім  артық,  өйткені  ол  пайғамбардан  қалған  мирас,  байлық  бақылдардан 

қалған мұра. 

Білім сені бағады, балықты сен бағасың, сондықтан да білім артық. 

Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды көбейтеді. 

Білім  іздей  берсең,  көбейеді,  оны  жұмсағанмен  азаймайды,  байлық 

жұмсасаң, азаяды, білім артық болғаны осыдан. 

Білім  артық,  оны  ұрыдан  сақтаудың  керегі  жоқ,  ал  жиған  дүниеңді 

ұрылардан күнде қорғау керек. 

Білімің  көп  болса,  сені  құрметтейді,  байлығың көп  болса,  сені  қызғанады, 

блімнің артық болатыны сол. 



 

 

47 



Білім  артық,  білімің  көп  болғанымен  есеп-қисап  жүргізбейсің,  байлығыңа 

ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 

Білім  қанша  көп  болса  да  іріп-шіріп  бүлінбейді,  дүние-мал  бүлінеді, 

сондықтан да білім артық. 

Білім артық, ол жаныңды байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді 

тура жолдан тайдыруы мүмкін. 

Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы мол адам оған 

мастанып  мақтанады,  астамшылық  көрсетеді,  сондықтан  білім  артық,  -  деген 

екен. 

Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  мыңдаған  мамандықтар  бойынша 



кәсіби  білім  беру  жүзеге  асырылады.  Ал,  қоғам  тарапынан  жоғары    білімге 

қойылатын талап күн сайын артып келеді. Бұл білім беру бағдарламаларындағы  

қарқынды  өзгерістерден  көрінеді.  Осы  процесте  ғылымның  маңызды  рөл 

атқаратыны белгілі. Ғылым рухани мәдениеттің, материалдық дүниенің, бәрінен 

бұрын,  тұлғаның  білім  деңгейінің  артуын  қамтамасыз  етеді.  Сонда  ғылымның 

және  оның  қоғамдағы  қызметінің  дамуы  білімді,  зиялы  қауымның  дамуымен 

ажырамастай байланыста болады.  

Білімді  адамның  танымы  терең,  парасаттылығы    мол,  кісілігі  жоғары 

болады.  Сонымен  қатар  мәдениетсіздікке  жол  бермеу  арқылы  әдептілік,  ізгілік 

сияқты  кісі  бойындағы  асыл  қасиеттерді  паш  ете  біледі.  Адамға  тән  барша 

жақсы  мінез, пәк пейіл, адал ниет, қайырымдылық пен  достық кісі бойындағы 

адамгершілік    тақырыбына  ойысады.  Осыдан  келіп    ұлылар  мектебінің  негізгі 

өсиет  сабақтары,  даналық  дәрістері    адам  санасынан  орын  алады.  Алайда 

айтылған ойлардың баршасы білімммен тікелей қатысты. Көз көріп, құлақ естіп 

жүрген  жақсылықтар  мен  жағымды  жаңалықтардың  барлығы  да  білікті  де 

білімді  жандардың  айналасына  шоғырланады,  қоғамда  оң  пікірлер  солардың 

аузымен айтылады.  

Қай  кезде  де  білімді  ұрпақты  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастырып,  өмір 

жолына бағыттайтын, игерген мамандығына жолдама беретін Ұстаздар қауымы. 

«Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»  деген  сөзді  айтқан  адам  да  ұстазын 

ұлықтаған ұғымтал жан болса керек.    

Ұлы  Абай  шығармашылығындағы    ішкі  рақым,  мейірім  сияқты 

қасиеттерден жүзі жылы, түсі келген, жомарттық  туындайды.  

Жүрегі жылы, бойы құрыш, 

Туысы жаннан бөлек-ті. 

Өнері оның жұрт асқан, 

Ғылымға көңлі зерек-ті, - деген Абай: 

Адамзатқа не керек: 

Сүймек, сезбек, кейімек, 

Харакет қылмақ, жүгірмек, 

Ақылмен ойлап сөйлемек – дегенді де айтқан. 

Иә,  білім  мәселесі  -  әлеуметтік  маңызы  бар  құбылыс.  Қорашаған  ортада 

өзін мәдениетті  тұлға ретінде таныту - білім арқылы қалыптасатын игі іс. 

Қазіргі уақыт жан-жақты білімді болуды талап етеді. Уақыт талабы – адами 

құндылықтарды  игерудегі  жаңаша  көзқарастарға  жол  ашуда.  Халық  тарих 

толқынында. 

Барды 

түгендеп, 



бағалап, 

жоқты 


тауып, 

түгендеп 



 

 

48 



мемлекеттілігімізді бар жағынан дамытуды көздеу – барша қазақстандықтардың 

парызы. Қоғамды  барынша пәрменді дамытуда әрбір отандастың үлесі бар. Ол 

жеке  адамның  білімімен  өлшенеді.  Сол  өлшемдер  адамшылығымыздың  да 

көрсеткіші болып жатады.  

Отбасы - өнеге мектебі десек, ұрпақ үшін қалыптастыру мектебі орта білім 

алу  кезеңінде,  одан  әрі  дамыта  отырып,  жоғары  білім  алу  -  өзі  қалаған  оқу 

орнында өтеді.  

Біздер  қандай  да  бір  кісілік  жайында  айтар  болсақ,  ұлттың  рухани  әкесі 

Абайға жүгінеміз. Ақын өзінің арманды ойларын көбіне жастарға арнап айтады. 

Сол  жастарды  өзі  армандаған  адамгершілік  қалыпта  көргісі  келеді.  Абай 

армандаған  «Көкіректе,  жүрек-ділде  қиянат,  жамандықтың  жоқ  болуы»  оның 

шығармаларында  кездесіп отырады.  

Ал  білімі  терең,  біліктілігі  жоғары  адам  жамандықтан  бойын  аулақ 

ұстайды.  Аға  ұрпақ  үшін  осынау  ой-пікірімізді  жас  ұрпақ  санасына  құйып, 

барынша жаңа заман адамы болуға бейімдеу ләзім.  

Әлем  таныған  Қазақстан  жастары  –  ел  болашағы.  Мемлекетіміздің 

құндылығы да жастар. Олардың  барынша жақсылыққа жаны құмар, жаңашыл, 

ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген ізетті болуына  алған білімдері рухани қару, 

адами қасиеттерінің  бір парасы болмақ.  

Ендеше білім туралы айту, адамгершілік жайында ой қозғау қоғам үшін де, 

ел болашағы үшін де өте маңызды мәселе болып жалғасын таба бермек.  

Берілген білім бірдей қабылданбауы мүмкін. Осы арада қытайдың ғұламасы 

Конфуцийдің:  «Айтсаң,  ұмытып  қаламын,  көрсетсең,  есте  сақтаймын,  ал  өзіме 

жасатсаң,  үйренемін»  деген  қағидасы  кез  келген  үйренушіге  ортақ  тәмсіл 

сияқты.  Адам  өзі  жасамай,  жүрегінен  өткізбей:  тұщынбай,  сүйсінбей  немесе 

жиренбей берілген білімнің  талапқа сай қалыптаспауы әбден мүмкін. 

Ендеше қоғамның қай саласы болсын қарқынды дамып, бәсекеге қабілетті, 

кез  келген  істе  озық  тәжірибе  жинақтап,  білімділік  танытуы  үшін  қазақ 

қоғамында  алдымен  өнегелі  тәрбиелі  ұрпақ,  содан  әрі  білімді  де  білікті  

мамандар  қажет.  Жаңа  қазақстан  жаңашылдығымен  әлемге  танылып  жатса, 

білім  мен  ғылымның  жетістігі  білмек  керек.  Ал  білім  жайындағы  ой-пікірлер, 

біздің  заманымызға  дейінгі  ғұлама  тұлғалардың  аузымен  айтылып,  ісімен 

танылған жасампаздық идеялары екендігі айғақ. Сондай-ақ асыл мұраттар терең 

білім мен шынайы ізденістің зор нәтижесі болса керек. Ал бізге  тиесілісі  - сол 

жарқын ілімдер жүйесін бүгінгі ұрпаққа жеткізу. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет