Қазақтың дара тұлғасы, ғылым және мәдениет қайраткері, жазушы, публи



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата12.03.2017
өлшемі4,37 Mb.
#8868
1   2   3   4

Бе

тті дайындағ

ан Ұлж

ан ТӨЛЕУ

4

Тұлға


Ғалым  қазақ  ауыз  әдебиетін  жи-

нақтап,  жүйелеп,  қазақ  әдебиеті 

тарихы,  Абайдың  өмірі  мен  шығар-

машылығы, әдебиеттану мен фольк-

лордың теориялық мәселелері тура-

лы іргелі еңбектер жазған. Сан алуан 

мақалаларымен  ағымдағы  мәселе-

лерге  дер  кезінде  үн  қосып  отырған. 

Ол қоғам және мемлекет қайраткері 

ретінде  дүниежүзілік  аса  маңызды 

мәселелерді  шешуге,  халықтардың 

рухани  ынтымақтастығын  дамы-

туға  елеулі  үлес  қосқан.  Қазақтың 

даңқты  жазушысы,  ғұлама  ғалымы, 

әдебиет сыншысы, тамаша педагогы, 

қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің 

даралығы  мен  даналығы,  заңғарлығы 

мен дархандығы қай салада болмасын 

көрініс тауып отырған.

Бала Мұхтар

Мұхтар  Əуезов  1997  жылы  28  қыркү-

йекте  Семей  облысы  Шыңғыс  болысын-

дағы Аяққараған мекенінде көшпелі қазақ 

Омархан  Əуезовтің  отбасында  дүниеге 

келді.  Мұхтардың  бабасы  Бердіқожа  ше-

шен сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының 

салт-дəстүрлерін  сақтаған,  қызыл  тілдің 

хас шебері болған адам. Бала Мұхтар қа-

зақ  ауыз  əдебиетінен  сусындап,  ертегіні 

ермек етті, халық аңыздары мен тағылым-

ды  əңгімелерге  қанығып  өсті.  Ол  дүниеге 

келген жылы қазақтың ұлы ақыны Абай 52 

жаста еді. Ол кезде Абайдың есімі ел ішіне 

кеңінен тарап, танымалдығы артып тұрған 

уақыт болатын. Мұхтар ес білгелі Абайдың 

өлеңдері мен терең ойлы сөздерін жаттап, 

бойына сіңірумен болды. Оның қаламы қа-

рымды  қаламгер  болуына  қазақи  тəрбие 

мен Абай шығармашылығына деген ынты-

зарлық себеп болса керек.

Алаштың Мұхтары

Мұхтар  алғаш  сауатын  Семейдегі 

медреседе  ашты.  Кейін  бес  сыныптық 

орыс  мектебін,  оқушылар  семинария-

сын  тəмамдады.  Шəкірт  Əуезов  мінсіз 

тəртібімен,  айрықша  дарындылығымен, 

тектілігімен,  аса  сыпайы  мінез-құлқымен 

өзгелерден  дараланған  деседі.  Тамаша 

спортшы қаладағы бірінші «Жарыс» фут-

бол командасында ойнаған. Болашақ жа-

зушының  айтуы  бойынша,  орыс  мектебі 

«өзінің  айқара  ашылған  ақжарқын  құша-

ғымен тартқан».

1918  жылы  Мұхтар  Əуезов  Семей  қа-

ласының  өкілі  ретінде  Омбы  қаласында 

өткен  жалпы  қазақ  жастарының  құрыл-

тайына  қатысып,  оның  орталық  атқару 

комитетінің мүшесі болып сайланады. Құ-

рылтайда «Алаш-орда» үкіметі мен Алаш 

қозғалысының  бағытын  ұстанған  «Жас 

азамат»  атты  Бүкілқазақстандық  жастар 

ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мү-

шесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік 

журналын шығаруға Жүсіпбек Аймауытұ-

лымен бірге атсалысады.

Ол  білім  алып  жүрген  уақытта  Семей 

қаласы еліміздің саяси орталығы еді. Се-

мейге  келіп,  Мұхтар  Əуезов  Əлихан  Бө-

кейханов,  Ахмет  Байтұрсынов  бастаған 

алашордашыл  азаматтар  қатарындағы 

Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торай-

ғыров,  Мағжан  Жұмабаев,  Жүсіпбек  Ай-

мауытов сынды қазақтың дарынды ақын-

жазушыларына  қосылды.  Алашордашыл 

бағытты ұстанған жастармен етене арала-

сып, Мұхтар ұлтының бағының ашылуын 

аңсап,  туған  жұртына  деген  қамқорлығы 

арта  түсіп,  ұлттық  бағытқа  бет  бұрады. 

Оның  ағартушылық-демократтық  бағыт-

та жазған сол уақыттағы мақалаларында 

өнер-білімге, ғылымға, кəсіпке ұмтылмай, 

қамсыз  отырған  халқының  болашағына 

алаңдаушылық,  жақсылыққа  жетелейтін 

жол  іздеу  байқалды.  Кейін  келе  жазушы 

публицистикасы  əдебиет  мəселелеріне 

қарай  ойысады.  Кеңестік  билік  орнаған-

нан кейін Мұхтар Əуезов өмірінің осы бір 

үзігі, ұлтына деген осы бір жанашырлығы 

үшін тіршілігінің ақырына дейін қудалана-

тын болады. Ол кеңестік билікті жырына 

қосып  жүріп,  халқының  мұң-мұқтажын 

жоқтады,  қазағының  жарқын  болашағын 

ойлаудан еш талған емес.

«Абай жолы» – 

шеберлік жолы

Мұхтар Əуезовтің туындыларының ішін-

дегі  шоқтығы  биік  еңбегі  –  «Абай  жолы» 

роман-эппопеясы. Бұл еңбек қазақ халқы-

ның тұрмысы мен қасиетін, ұлттық таны-

мы мен болмысын тамаша суреттеген қа-

зақ əдебиетінде бірегей орынға ие еңбек 

əрі бүкіл қазақ халқының мақтанышы. Ал-

ғашқыда жазушының роман жазу туралы 

ойы да болмаған көрінеді. Роман дүниеге 

келмес  бұрын  жазушы  ақынның  шығар-

машылығы  мен  өмірбаянын  зерттеумен 

шұғылданады.  Абай  шығармаларының 

толық  жинағына  редактор  болады,  оның 

өмірбаянын  жазады,  ақын  мен  оның  за-

манына байланысты тарихи деректер жи-

найды, орыс жазушысы Леонид Соболев-

пен бірлесіп «Абай» трагедиясын дүниеге 

əкеледі. Кейіннен Абай туралы жиналған 

материалдың көптігі соншалық, жазушыға 

роман жазуға тура келеді. Тіпті, Əуезовтің 

романға кірмей қалған мəліметтерінің өзі 

қаншама  деседі.  Ал  материалдың  көптігі 

айтулы еңбектің сəтті болып шығуына өз 

үлесін тигізді. Мұхтар Əуезов: «Бірте-бір-

те өз халқының көзі болған Абаймен мен 

де сол халықтың жан жүрегін ұғуға жəне 

соны  бір  абзал  қалпында  ашып  беруге, 

жайып  салуға  тырыстым.  Жас  Абайдың 

жалын  атқан  сезімі,  жігіт  ағасы  болған 

Абайдың  толғаулы  ойлары  мен  əрекеті, 

кəрілік меңдеген шақтағы халық қамқоры, 

халық  ұстазы  болған  Абайдың  тартысы 

мен тақсіреті міне осының бəрі сол дəуір-

дегі халықтың да жаны мен жүрегін ұғуға 

бастайтын жол еді», – деп романның жа-

зылу сырына қанықтырды.

Бұл еңбекте жазушы өзінің дарынының 

барлық  қырынан  ашылады.  Өзінің  бала 

күніндегі  əрбір  сəтті  есіне  алып,  барын-

ша  оқырманға  шынайы  бейнелеп  беруге 

тырысады. Кемеңгер тұлғаның болмысын 

кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жа-

зушы  бұл  еңбекте  балалық  күндеріндегі 

Абай  туралы  естіген  əңгімелер  мен  ес-

теліктерге жан бітіріп, ақынның ғибратты 

өткеніне  өмір  сыйлады.  Ол  бала  кезінен 

ақынның  жары,  балалары,  жақындары, 

туыстары, достары мен ауылдастарымен 

Абай  туралы  естеліктерді  ұзағынан  тың-

дап, Абайдың өнері мен тағлымына қаны-

ғушы еді. Жазушы Абайды ең біріншіден 

өз  уақытының  жемісі,  өз  заманының  үні 

екенін жадында ұстады, соны оқырманға 

жеткізді.

Мұхтар  Əуезов  бұл  романын  он  бес 

жыл уақыт шамасында жазады. Жазушы 

«Абай жолына» зор дайындықпен кіріседі. 

Абайдың  өмірі  мен  шығармашылығын 

жан-жақты да терең жасаған зерттеу жұ-

мыстарын  көптеген  ғылыми  еңбектеріне 

негіз етеді.

Қазақтың  тұңғыш  эпопеясы  «Абай  жо-

лының» алғашқы тараулары 1930 жылдың 

басында «Əдебиет» журналына басылып 

шыға бастайды. А.Пушкиннің 100 жылды-

ғына арнап жазған «Татьянаның қырдағы 

əні»  əңгімесі  осы  «Абай  жолының»  бір 

тарауы болып енеді. Төрт томдық роман-

эпопеяның  біріншісі  1942  жылы,  екіншісі 

1947  жылы,  үшіншісі  1952  жылы,  соңғы-

сы 1956 жылы жарық көреді. 1949 жылы 

Эпопеяның  «Абай»  атанған  алғашқы  екі 

кітабына  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығына 

ие болды. 1959 жылы төрт томдық «Абай 

жолы» роман-эпопеясы үшін Мұхтар Əуе-

зовке  «Лениндік  сыйлықтың  лауреаты» 

атағы берілді. Ұлы жазушының өшпес ең-

бегіне, заңғар дарынына көрсетілген бұл 

баға сол кездегі əдебиет пен өнерге бері-

летін ең жоғары, ең беделді атақ болатын.

Нəтижесінде,  Мұхтар  Əуезов  əлемдік 

əдебиет  алыптарының  қатарынан  ойып 

тұрып  орын  алды.  Қазақ  тілінің  байлығы 

мен  тазалығын  əлемге  паш  еткен  «Абай 

жолы»  эпопеясы  аса  жоғары  бағаланды 

да,  дүниежүзілік  əдебиеттің  классикалық 

шығармасы  қатарында  адамзат  руха-

ни  байлығының  алтын  қазынасына  енді. 

Роман  жаһан  халықтарының  116  тіліне 

аударылды. «Абай жолы» роман эпопея-

сын француз тіліне аударған Луи Арагон: 

«Менің  ойымша  «Абай  жолы»  эпикалық 

романы – ХХ ғасырдағы ең үздік шығар-

малардың бірі. Бұл роман оқушыға қызық-

ты  қиял  мен  ерекше  ой  өлкесін  кездіріп, 

талай терең толғаныстар тудырады. Бұл 

шығарма кеңес əдебиеті туындыларының 

маңдай  легінен  орын  алады  деу  аздық 

қылады, əлемнің басқа елдерінде де оны-

мен тең түсетін шығарманы табу қиын», – 

деп бағалайды.



Мұхтардың отбасылық 

ғұмыры

1917  жылы  аттастыру  салтымен  туыс-

тарының қалауы бойынша Мұхтар 15 жа-

сар  Райханға  үйленеді.  1918  жылы  ерлі-

зайыптылардың  отбасында  Мұғалима 

есімді  қыз  дүниеге  келеді,  əкесі  қызына 

өмір бойы қамқорлық көрсетіп өткен. 1920 

жылы Райхан 18 жасқа толғанда Мұхтар 

онымен ажырасады.

Əуезовтің екінші əйелі Абайдың немере 

қызы Кəмила сұлу болады. 

Мұхтар  Əуезов  үшінші  жары  Валинти-

на  Кузьминамен  Ленинград  мемлекеттік 

университетінің 

əдеби-лингвистикалық 

бөлімшесінде бірге оқып, кейін тағдырла-

рын қосты. Ленинград университетін бітір-

геннен  кейін  жас  ерлі-зайыптылар  1928 

жылы  Ташкентке  көшеді.  Онда  ол  Орта 

Азия  мемлекеттік  университетінің  шығыс 

факультетіндегі аспираитурада оқуын əрі 

қарай жалғастырады. Осында 1929 жылы 

қыздары  Лəйля,  ал  1935  жылы  Ернар 

атты ұлы дүниеге келеді.

1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны 

болып, атылып кеткен Ілияс Жансүгіров-

тың зайыбы педагог Фатима Ғабитовамен 

көңіл қосады да 1943 жылы Мұрат есімді 

ұлы дүниеге келеді.

Ұлы  қаламгердің  ұрпағы  түгелдей 

дерлігі ғылыммен айналысып, ел дамуы-

на  сүбелі  үлестерін  қосты.  Бүгінде  жазу-

шының  Мұрат  баласынан  өзгесі  өмірден 

озды. Мұғалима апамыз əкесі туралы ес-

теліктер жазып қалдырды. Лəйля Əуезова 

тарих  ғылымдарының  докторы,  дарын-

ды  ғалым  болған.  Əкесінің  шығармала-

ры  мен  ғылыми  еңбектерін  жинастырып, 

мемориалды  мұражайын  ашып,  оның 

дамуына  көп  еңбек  сіңірген  жан.  Ернар 

Əуезов  бүкіл  ғұмырын  Қазақстан  табиға-

тын қорғау жөніндегі жұмыстарға арнаған. 

Ол  Алакөлде  табылған  реликтілік  шаға-

ла жайлы жоғары көркемдік эссе жазған. 

Реликтілік  шағаланы  зерттеу  арқылы  ол 

əлемнің ғалымдарын осы мəселеге назар 

аудартқан. Бүгінгі күні қаламгердің кенже 

ұлы  Мұрат  Əуезов  мəдениеттанушы-ға-

лым, дипломат, мемлекет жəне танымал 

қоғам  қайраткері  ретінде  қалыптасты. 

Мұхтардай əкесі сөйлеген ана тілін аз уа-

қыт ішінде меңгеріп алаған Мұрат Əуезов 

барша  замандастарына  үлгі  болды.  Ол 

Мұхтар,  Ернар  Əуезовтердің  мұраларын 

насихаттау мен қайта басылып шығу жо-

лында көп еңбек сіңірді. Мұхтар Əуезовтің 

балалары мен немерелері де ғылым жо-

лын  қуып,  қазақ  мұраларын  зерттеумен 

айналысты.

Түйін.  Мұхтар  Əуезов  қазақтың  ба-

сына  біткен  бағы  десем  еш  қателес-

пеймін.  Ол  «Абай  жолындай»  дүниені 

дүниеге  əкеліп,  жер  жаһанға  қазақтың 

қасиетті болмысын, асқақ мəдениетін, 

терең  пəлсапасын  Абайдай  кемеңгер 

тұлға  арқылы  ашып  берді.  Оның  өш-

пес  еңбектерінен  əлі  талай  ұрпақ  жі-

герін  қайрап,  баба  сөзінен  тамыр  жа-

йып, болашаққа бой түзері анық.

Жанар ЕЛЕШОВА

ҚАЗАҒЫН СҮЙГЕН МҰХТАР


5

Алаш ардақтылары 



ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 

ҰЛТТЫҚ ҮНДЕСТІК

Ақын  ана  тілін  шын  сүйіп  нағыз  қазақ-

тың  тамырын  жандандырған,  қазір  əрбір 

қазақ осы өлеңді кеудесін кере мақтаныш-

пен жырлайды:

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Сол тілмен шешем мені əлдилеген,

Еркелеткен: «құлыным, жаным» деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген,

«Апа» деген сүйгендік сөз əлі менен…

Тілімде əдебиет, жанымда азық,

Əн болардай көңілге намыс – қазық,

Терең ойлар, дүниеге қарастар бар.

Кəнекей сынап, байқап тапшы жазық.

Халық əділеттілікке жетеді, оған өз рухы 

көмектеседі деп сенген ақын:

Даламда бар ұят, құдай деген,

Қалаңдай намысы жоқ, жолсыз емен.

«Əділдердің көтеретін сыйлары бар,

Жауыздарға бір жаза бар» деп сенем.

Дəстүрі сақталған, қазақ елі өз келбеті-

мен, өз тарихымен, өз рухымен ешнəрсе-

ден, ешкімнен кем емесін дəлелдеген:

Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс,

Бəрі тоқ, бəрі де шат, жүзі жарық…

Малдары күншуақта, көк шалғында,

Ажарланған, тойынған, қыдыр дарып…

Сұлтанмахмұт «Сөзің – Өзің» дей келіп, 

шығармашылығының  өн  табиғатында  əр 

қазақтың  жан  дүниесіндегі  сезім  мен  ру-

хына  күш  беріп,  ұлттық  тəрбие  негізінде 

ұлт  мəселесін  ақылдылықпен,білімділік-

пен алуға шақырады.

Ал Сұлтанмахмұт пен Мұхтар Əуезовтің 

арасындағы  байланыс  төркіні  де  ұлттық 

мүдде  жолында  тоғысқан.  Əуезовтің  ес-

терліктеріне сүйеніп, дерегіне зер салсақ: 

жазушы  1916  жылы  Семей  қаласында 

маусым  жарлығы  кезінде  ақын  Сұлтан-

махмұтты көрген. Бұл кезде ақын күнкөріс, 

əрі білім алу, зиялылармен танысу мақса-

тымен Баянауыл, Павлодар, Том, Семей, 

Тарбағатай,  Қатонқарағай,  Шыңғыстау 

араларында  жүрген  кезі  екен.  Семейге 

қайта  келген  уақыты  сол  маусым  жарлы-

ғына  сəйкес  түскен.  Жарлыққа  қарсы  қа-

зақ  оқығандарының  жиналысы  Семей-

дегі Приказчиктер клубында өтеді. Содан 

кейін  1917  жылы  қыста  денсаулығына 

байланысты ақынды Əуезовтің үйінде қы-

сырақтың  қымызымен  бір  айдан  артық 

демалдырғаны  айтылады.  Ақынды,  оның 

қасиетін Мұхтар Əуезов ерте тани білген, 

1918  жылы  Жүсіпбек  Аймауытовпен  бір-

ге  «Екеу»  деген  атпен  «Абайдан  кейінгі 

ақындар» деген əдеби-сын мақала жария-

лайды,  мұнда  Сұлтанмахмұт  өлеңдеріне, 

сыршылдықты арнайы талдап бағалайды. 

Бұл Сұлтанмахмұт туралы алғашқы ғылы-

ми  жұмыстың  бастауы  еді,  соны  ғалым: 

«Дұрысында  осы  мақала  Сұлтанмахмұт 

шығармашылығын ресми сөз еткен алғаш-

қы  əдеби-сын  ой-пікір  еді»,  –  деп  дұрыс 

байқаған. Өздері де əдебиетке келген жас 

талапкерлер  екендігі,  соған  қарамастан 

Сұлтанмахмұттың  шығармашылығынан 

жаңашылдықты көре білгенін айтып өтеді: 

«Оларға  Сұлтанмахмұттың  тақырып  таң-

дауы мен бейнелеу əдісі ұнады», – деп өз 

бағалауын  береді.  Сонымен  қатар  ғалым 

аталған мақалада ізденіс төркінін олардың 

əдеби байланысы тұрғысынан алып қара-

ғаны қонымды: «Əуезов даласы мен адам-

ның  атауы,  аты,  заты  бар  ондағы  мінез, 

сурет, оқиға – бəрі де заманға, заманның 

тəртіп-талқысына  сай  келеді.  Егер  Сұл-

танмахмұт бай, кедей, би, бəйбіше, төре, 

тілмəш  десе,  Əуезов  адамдардың  атын 

атайды, түрін түстейді», – деп екі шығар-

машыл адамның тəсіліне тоқталып өтеді.

Көркемдік  əдіс  қашанда  автордың  дү-

ниені  тану  ерекшелігінен  тыс  болған 

емес. Табиғатынан ішкі сезімі, субьективті 

ой-пікірлері басым келіп, өмірлік жайттар-

ды  жүрегімен  қабылдап,  сыршыл  нəзік 

сезімді  туындылар  жазатын,  арман  дү-

ниесіне  бейім  туратын  суреткерлер  ғана 

шынайы  болмыстың  əр  түрлі  жағдайла-

рын  мейлінше  өзіндік  тұрғыда  қабылдап 

жазды.  Əсершіл  романтик  өмір  шынды-

ғының  объективті  жақтарын  саралаудан 

гөрі,  өзі  қалаған  рухани  идеяларды  ал-

дыға  оздырып  жіберді.  Мұндай  көзқарас 

ерекшелігі романтизмнің барша өкілдерін 

дүниетаным  тұрғысынан  өзара  жуықтас-

тырады. Сөйтіп, бұл əдеби бағыттың фи-

лософиялық негізінде идеализм жатады. 

Осындай  ортақ  сипаттан  қазақ  романти-

калық  шығармалар  жазғанда  идеалист 

қаламгерлер ретінде көрінеді. Хакім Абай 

да,  жыр  сұлтаны  Сұлтанмахмұт  та,  сөз 

зергері Жүсіпбек те, заңғар жазушы Мұх-

тар  да  өткен  дəуірлердегі  қазақ  қоғамын 

бейнелеуде болсын, төңкерісшіл лирика-

сында  болсын,  эллегиялық  көңіл  күйде 

болсын  өзінің  қоғамдық  мұраттарын  ро-

мантикалық  идеал  тұрғысынан  биік  тұр-

ғыда көрсете білді.

Ендеше,  Абайды  оқып  –  ұлықты,  Мағ-

жанды  жырлап  –  сыршыл,  Мұхтарды 

зерделеп  –  парасатты,  Сұлтанмахмұт-

ты  түсініп  –  ұлтжанды  болуға  əбден 

мүмкіндігіміз  бар.  Əдебиетіміз  бен  мəде-

ниетімізде, тарихымыз бен өнерімізде Тау 

тұлға болған Қазақ Елінің Ұлы Тұлғалары 

кемел  келешегімізде  руханилығымыздың 

қуаты, ұлттық ынтымақтығымыздың тағы-

лымы болатынына кəміл сенеміз.



Айман ЗЕЙНУЛИНА,

филология ғылымдарының 

кандидаты, профессор

 



ЕСІМІ  ЕЛ  ЕСІНДЕ

Туған  жердің  қасиеті  онда  өмір  сүрген 

абзал  жандармен  ғана  қасиетті  болса 

керек.  Ауасын  жұтып,  аяғы  басқан,  қолы 

тиген, сөзі жараған жақсы жанның қасиеті 

өз атамекеніне дарыйтыны шын. Себебі, 

Лəзиза  Жүсіпбек  Аймауытұлы,  Сұлтан-

махмұт  Торайғыров,  олардың  ізін  бас-

қан  Қаныш  Сəтбаев,  Мұзафар  Əлімбаев 

сынды  өр  тұлғалы  азаматтарды  дүниеге 

əкелген топырақтың тумасы еді. Ол қазақ 

журналистикасының  қарлығашы  атанып, 

қазақ журналистикасынан өшпестей орын 

алды. Өйткені, қырық жылдан аса журна-

листік ғұмырында қоғамдағы түйткілді мə-

селелерді қозғаған əртүрлі жанрда алуан 

түрлі  еңбектер  жазды.  Лəзиза  апайымыз 

қоғамның  барлық  саласын  қамтитын  та-

қырыптарда  қалам  тербеді.  Мəселен, 

əйел теңдігі, денсаулық, саясат, мəдениет, 

əдебиет, экономика, шетел жаңалықтары, 

отбасылық қатынастар, т.т.

МҰҒАЛІМ ҚЫЗ ТАНЫМАЛ ЖУР-

НАЛИСТ БОЛДЫ

Лəзиза  Серғазина  1908  жылы  қыркү-

йек  айында  əйгілі  қажы  Мешітбайдың 

отбасында  дүниеге  келеді.  Мұсылман-

дық  сауатын  Стамбулда  ашқан  Мешіт-

бай қажы ауыл балаларын оқытатын еді. 

Əкесі қызын діни білімнен өзге шығыс фи-

лософиясы  мен  əдебиетіне  сусындатып, 

кішкентай  Лəзизаның  мəдениетті  де  са-

налы,  рухани  сарайының  мейілінше  биік 

болғанына  аса  мəн  берді.  Əкесінің  тəр-

биесі оны білімге құштар етті, оқуға зерек, 

жаңаға жақын болуына жол ашты.

Павлодар  қаласында  мұғалімдер  оқы-

татын  қысқа  курстың  ашылғаны  тура-

лы  хабар  14  жасар  Лəзизаның  құлағы-

на  да  жетеді.  Ол  бұл  мектепке  де  өзінің 

өжеттілігі  мен  қайтпас  қайсарлығының, 

білімге  деген  құштарлығының  арқасын-

да  қабылданады.  Оқуын  үздік  аяқтап,  өз 

ауылында 1929 жылға дейін бала оқыта-

ды.  Ауыл  ішінде  «мұғалім  қыз»  атанған 

Лəзиза  білімнің  көкжиегін  бағындыруға 

бел байлап, Алматыға жол тартады. 1930 

жылы  КомВУЗ-ға  оқуға  түсіп,  ал  1933 

жылы  маманданған  журналист  болып 

оқуын тəмамдайды.

КЕЛДІҢ СЕН БАҚЫТЫМНЫҢ 

БАҚ ҚҰСЫ БОП...

Ертістің  ерке  қызы  қазаққа  танымал, 

қазақтың бағына біткен шоқтығы биік тұл-

ғалардың бірі – Қазақстан халық жазушы-

сы Əбу Сəрсенбаевтың өмірлік жары еді. 

1933  жылы  КомВУЗ-да  білім  алып  жүр-

генде екеуі танысып, содан бері жұптары 

жазылмаған. Екеуі жарты ғасырдан артық 

бірге  кешкен  ғұмырында  Лəзиза  апайы-

мыз  жазушының  жан  серігі,  адал  досы, 

ақылшысы,  кейде  шығармаларының 

өткір  сыншысы  бола  білді.  Екі  жанның 

үйлесімін  тапқан  жұбайылық  ғұмыры  та-

залықтың, сыйластықтың үлгісі болғанын 

бұл  отбасына  жақын  болғандардың  ауы-

зынан шығатын алғашқы сөзі. Осы орай-

да  Əбу  Сəрсенбаевтың  сүйікті  жарына 

арнаған шумақ жолдары еске түседі:

Əрқашан өзің болдың сағынарым,

Мөп-мөлдір қасиетіңе табынды арым.

Келдің сен бақытымның ақ құсы боп,

Көркейтіп Сəрсенбайлар шаңырағын…

БАСШЫЛЫҚҚА ҚҰМАР 

ЕМЕСПІН


Лəзиза Серғазинаның кəсіби шеберлігі 

турасында оның өмірлік жолдасы Қазақс-

тан  халық  жазушысы  Əбу  Сəрсенбаев 

баспа  бетіне  шыққан  бір  мақаласында 

былай  деп  еске  алып  еді:  «Соғыстан 

кейін  əйелдер  журналы  қайта  шығатын 

болды. Бүкіл қазақ қауымы бұл хабарды 

жүрекжарды қуанышпен қарсы алды. Бұл 

жеңістен кейінгі еркіндікті сезінген тұсы-

мыз болатын. Кімдер қызметке бекітілер 

екен  деп  асыға  күттік.  Редакторлыққа 

партия  қызметкері,  жас  коммунист  Ха-

сиба  Сейтқазиева  тағайындалды.  «Бə-

рекелді»  –  дедік.  Хатшылыққа  «Социа-

листік Қазақстанда» жиырма жыл істеген 

тəжірибелі  журналист  Лəзиза  Серғази-

на  шақырылды.  Ол  кісі  менің  зайыбым 

болатын.  Лəзизаның  кейбір  достары 

мұндай  шешім  күтпесе  керек:  «Барма, 

баспасөздің  не  екенінен  хабарсыз  жас 

коммунист қыз редактор да, жиырма жыл 

тəжірибесі бар сен хатшы ғана болғаның 

не?» – десті. Лəзиза өзінің салиқалы мі-

незімен достарына рахмет айта отырып, 

өзінің  шешімін  айтты:  «Достарым,  бас-

шылыққа  өзім  де  құмар  емеспін.  Менің 

əкем  қажы  болғандықтан  партия  мү-

шелігінде жоқпын, сондықтан басшы жұ-

мысқа  жібермейді.  Өзім  де  оған  тырыс-

паймын,  қайта  осы  жұмысқа  баруға  бел 

байладым.  Балаң  редакторды  өзім  тəр-

биелеймін.  Менің  көргенім  көп,  тəжіри-

бем жетерлік. Оны қазақ қыздарын, қазақ 

əйелдерін тəрбилеуге жұмсауға тиістімін. 

Бұл  жұмыстың  қолымнан  келетіндігіне 

сенімдімін,  сендер  де  сене  көріңдер»,  – 

деген-ді сонда. Оның сөзіне достары қол 

соғып қошемет білдірді…».

Міне,  Лəзиза  өзінің  қажырлы  еңбегінің 

арқасында ғана қызметте өсті. Өзінің ең-

бек  жолын  1933  жылы  «Сталин  жолы» 

облыстық газетінде бастады. 1937 жылы 

«Социалистік  Қазақстан»  газетіне  əдеби 

қызметкер болып орналасады да, көп ұза-

май  бөлім  меңгерушісіне  жоғарылатыла-

ды. Ал 1950 жылы «Қазақстан əйелдері» 

журналында жауапты хатшы қызметін ат-

қарады. Лəзиза Серғазина – баспасөздегі 

еңбек  жолында  қазақ  журналистикасы-

ның  нығаюына  елеулі  үлес  қосып,  арты-

нан мол өнеге қалдырған жан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет