6
Таным
Үнді тамырлары
Шахмат тарихы бір жарым ғасырға
жуық уақытты қамтып жатыр. Үнді елінде
V-VI ғасырларда ойлап табылған шахмат
бүгінде адам мəдениетінің ажырамас
бөлігі ретінде орнығып, жер жүзіне тарап
кетті. Көне аңызға сүйенсек, шахматтың
пайда болуы браминге тиесілі екен. Ол
өзінің өнертабысы үшін раджден бір қа-
рағанда болмашы сый, шахмат тақтасын-
да қанша тор көздер болса, сонша бидай
тұқымын беруін сұрайды. Бірінші тор көз-
ге – бір, екінші көзге – екі, үшінші тор көз-
ге – үш, т.т. бидай дəнін беруін қалаған.
Есептің шешімі ойлағаннан да күрделі бо-
лып шықты. Бұл есептің шешімі бойынша
264 − 1 ≈1,845×1019 дəндермен 180 км³
қойманы толтыруға болады екен. Əрине
бұл оқиғаның шындыққа саятыны туралы
дəл бүгін айту қиын, бір білеріміз, шах-
маттың туған жері Үндістан екені анық.
VI ғасырдың басында Үндістанның сол-
түстік-батысында танымал шахмат ойы-
нының алғашқы нұсқасы немесе бүгінгі
шахматтың туысы – чатуранга ойыны дү-
ниеге келді. Сол кездің өзінде аталмыш
ойын шахматтық үлгісіне (8х8 тор көзден
тұратын шаршы ойын тақтасы, өте ұқсас
16 фигуралар жəне 16 пешка) жақын бол-
ды.
Кейіннен ойынның мақсаты мат қоюға
бағытталды. Иранда шахматты «чатранг»
(шатранг), Арабтық Шығыс елдерінде
«шатрандж» деп атады. Ал шатрандж
ойыны тəжіктердің қолына түскенде бүгінгі
«шахмат» (аудармасында патшаны құла-
ту) атауына ие болды. VIII-IX ғасырларда
шатрандж Араб халифаты мен Орталық
Азия елдеріне кең тарап кетті.
XIII-XIV ғасырларда шахмат Батыс
Еуропадағы бай шонжарлардың ең та-
нымал ойынына айналды, сондай-ақ,
рыцарлерді тəрбиелеу бағдарламасына
енгізілді. Шахмат туралы ерекше əдебиет
жарыққа шықты. Онда шахмат ойыны ар-
қылы адамгершілік қағидаттарын бойға
сіңіруге бағытталған ғибратты шығарма-
лар ұсынылған.
Шахматтық теорияның
дамуы
XV-XIV ғасырларда шахматтық ереже-
лер негізінің тұрақтануының нəтижесінде
жүйелілік шахматтық теорияның дамуы
басталды. 1561 жылы Руи Лопес партия-
лардың дебют, мительшпиль жəне эндш-
пиль этаптары қарастырылған шахмат
оқулығын жариялады. Ол өз еңбегінде
«гамбит» дебютінің мінездемесін, демек,
кейбір фигуралардың құрбандығы жолын-
дағы даму басымдықтарын ұсынды.
XVIII ғасырда шахмат теориясының да-
муына Филидор көп үлесін тигізді. Ол жау
патшасына қолындағы бар мүмкіндіктері-
мен бастырмалата шабуыл жасап, жəне
жаяу жүрістегі фигураларды көмекші құ-
рал ретінде ғана пайдалануды ең тиімді
жол деп есептейтін алдындағы шахмат
теориясының негізін салушылардың көз-
қарасына тойтарыс берді.
Былайша айтқанда, Фолидор бүгінгі по-
зициялық ойын стильін дамытты. Оның
есебінше, ойыншы бас алып аңдаусыз
шабуыл жасағаннан гөрі, жоспарлы түрде
мықты, орнықты позициясын құру арқылы
қарсыласының позициясының əлсіздігі бо-
йынша есептеулі соққы беріп, егер тиімді
эндшпильге жетелейтін болса қажеттілік
туғанда ауыстыру мен ықшамдауға сүйе-
нуге болатынын дəлелдеді.
Филидордың дұрыс позициясы бо-
йынша – бұл біріншіден, жаяу жүрісті
фигураларды дұрыс орналастыру. Көбі-
не Филидор идеялары келесі ғасырдың
шахматтық теорияларының негізі болып
қаланды.
Кеңестік шахмат мектебі
Шахмат тарихында, əсіресе ХХ ғасыр-
дың екінші жартысында кеңестік шахмат
мектебі маңызды орынға ие болды. Ке-
ңестік шахмат мектебінің мінездемелік
ерекшелігі: ғылыми қадам, теорияның те-
рең өңделуі, жалпы бағалардың үйлесімді
бірлесуі жəне нақты сараптама жасау.
Шахматтың кең танымалдығы, ойын-
шылардың бала кезден қабілетін анықтап
жəне белсенді түрде мақсатты оқытуы
(КСРО-ның кез келген қалаларында шах-
мат мектептері, шахмат үйірмелері, білім
беру мекемелерінде, кəсіпорындар мен
ұйымдарда шахмат клубтарының болуы,
турнирлердің жиі өткізілуі, арнайы əде-
биеттердің көптеп жарық көруі) кеңестік
шахматшылары ойындарының жоғары
деңгейде болуына ықпал етті.
Халықтың шахматқа деген ынтасы өте
зор болды. Нəтижесінде, 1940 жылдың
аяғы мен КСРО-ның ыдырап кеткен күніне
дейін кеңестік шахматшылар əлем шах-
матында тегіс үстемдік етіп келді. 1950
жылдан 1990 жылға дейінгі 21 шахматтық
олимпиадаларда КСРО командасы 18 рет
жеңіс тұғырынан көрінген.
Кеңестік шахмат «әкесі»
1924 жылы Халықаралық шахмат феде-
рациясы (ФИДЕ) құрылды. Айтулы құры-
лым Дүниежүзілік шахмат олимпиадала-
рын ұйымдастырумен шұғылданды. 1948
жылы өткен шахмат бойынша бірінші рес-
ми əлем чемпионатында кеңестік гросс-
мейстер Михаил Ботовинник жеңімпаз
болды. Чемпион атағын ол аздаған үзіліс-
термен 15 жыл бойына ұстап тұрды.
Ботовинник əлем шахматында жаңа бе-
лесті – зерттеуші шахматшылар дəуірін
ашты. Техника ғылымдарының докторы,
электротехника кəсібінің маманы шах-
матты ойын ретінде емес, ғылым деп қа-
былдады. Халықаралық турнирлердің да-
йындығына дəл осы ғылыми зерттеушілік
беталыстың арқасында кеңестік шах-
матшылар бірнеше онжылдықтар бойы
əлемдік шахматта бір-бірін алмастыра
жүріп, көш бастап келді. Михаил Ботовин-
никтің бұл табысын бағалау өте қиынға
түседі. Оның белгілі мектебінен шахмат-
тағы ұлы үш «К» – Карпов, Каспаров,
Крамник жəне басқа да оншақты дарынды
шахматшылардың білім алып, кейін мық-
ты гроссмейстерлер болғанын ескерсек,
бұл жетістігінің өзін ауыз толтырып айтуға
тұрарлық.
«Пионерден»
Лингвистикалық
Геометрияға дейін
Кеңестік шахмат мектебінен өзге, шах-
маттық есептерді өзі шешуге қабілетті
болған, кейін компьютерлік бағдарламаға
ұласқан «Пионер» жобасының дүниеге
келуі зор табыс саналды.
1958 жылдан бері Михаил Ботовинник
«ойланатын машинаны» құру мəселесі-
мен шын кірісіп кеткен-ді. Оның ойын-
ша, адам миы жетілмеген, өте жылдам
жауапты іс-əрекетке қабілетсіз. Жəне де
ол əсіресе екі ірі державалардың ядро-
лық қарсылас дəуірінде төтенше маңыз-
ды шешімді ешкімге сеніммен табыстауға
болмайды, өйткені, адамның қателігі атом
соғысына əкеліп соқтырады деп түсінді.
Ботовинник адамзаттың қателесуіне жол
бермейтін машина ойлап тапқысы келді.
Алайда, машинаны қалай ойлатуға бо-
лады? Жалпы, адамның ойлануы қалай
жүзеге асады? Ботовинник бұл мəселені
өзіне ең жақын материал – шахматшының
ойлануы, яғни, ойлампаздық ұстаным-
мен шешуге тырысады. Сол уақыттағы
іс жүзіндегі ұқсастықтар «дөрекі мінез»
əдісін қолданды, былайша айтқанда
«брут-форс» бойынша барлық қолжетімді
нұсқаларды іріктеп шықты. Оларға қара-
ғанда, Ботовинниктің «Пионер» бағдарла-
масы адамның ойлау үдерісін жаңғыртты.
Сенсацияны бес жыл күтуге тура келді.
1977 жылдың 28 қаңтарында, 3 сағат 45
минут ойланудан кейін «Пионер» алғаш
рет адам сияқты шахматтық этюдті шешті.
Бұл үшін машина 200 позицияны сұрып-
тап шығуына тура келді. Сол жылы Бото-
винник компьютерлер арасындағы əлем
чемпионатының кезекті жеңімпазы – аме-
рикалық Chess бағдарламасына дəл осы
этюдті шешуге ұсыныс жасады. 2 млн. по-
зицияларды сұрыптап «американка» бұ-
рыс шешім қабылдап, соңында берілуіне
мəжбүр болды.
Ботовинник пен оның əріптестері таң-
даған жолдың дұрыстығына шүбəсіз еді.
Ол «Пионер» басқару жəне экономикалық
есептерді шығаруға қабілетті деп ойлады.
Ендігі əбден іс жүзінде өзін дəлелдеген
алгоритмнің негізінде тұйыққа тірелген
шешімді айқындауға, алдағы қиындық-
тарды жəне дағдарыс жағдайынан шығу-
ды болжауға əбден болады деп есептеді
Ботовинник мырза. Алайда, кеңестік билік
кибернетиканың сол кездегі мемлекеттік
құрылымға жəне ел билігіне қауіпті деп
Ботовинниктің жобасын іске асыруға,
оның өзінің ғылыми тобымен шетелге
шығуына барынша тосқауыл жасай берді.
Ғалым өзінің идеяларын КСРО қорғаныс
кешеніне ұсынғанда да билік тарапынан
тұсауға ілінді. Дегенмен, Батыстағылар
Ботовинниктің алгоритмдеріне зор қызы-
ғушылық танытты. Ұлы ғалым тіршілігінде
өзінің «Пионерін» бар қуатында жүзеге
асыра алмай кетті. Бірақ, гроссмейстердің
шəкірттерінің бірі оның ісін шетелде жал-
ғастырды.
Лингвистикалық геометрия
Михаил Ботовинниктің жобасын жал-
ғастырушы ретінде оның шəкірттері мен
ізбасарлары ішінде Борис Штильманды
ерекше атап өтуге болады. Ол тағдырдың
жазуымен 90-шы жылдардың басында
АҚШ-та тұрды. Өзінің ұстазының идея-
ларына сүйеніп, «Лингвистикалық гео-
метрияны» жасады. Лингвистикалық гео-
метрия – «Пионер» жобасының тікелей
жалғасы еді.
«Пионер» жобасы барысында жұмыс
істеу кезінде зерттеу тобының алдында
күрделі мəселелер шыққанда доктор Бо-
товинниктің əрдайым айтатын сөзі: «Егер
адам шахмат шебері бола білсе, оның
қолынан келген болса, оны компьютер
де жасай алады». Ол барлық шахмат ше-
берлері мен гроссмейстерлерінің шахмат
ойнау уақытында интуициялық қолданыс-
тарының жалпы алгоритмі жəне жалпы
алгоритмдердің аздаған жиынының бо-
латынына нық сенді. Іс жүзінде, бұл алго-
ритмдердің өңделуі, үлгілеуі жəне жинақ-
талуы «Пионер» жобасының мақсатына
сай еді. «Лингвистикалық геометрияның»
мақсаты – осы алгоритмдердің негізінде
қаланған математикалық үлгіні жасауға
жəне зерттеуге ұмтылу.
«Лингвистикалық
геометрияның» қасиеті
«Лингвистикалық геометрияның» қа-
сиеті неде?», – деп сұрайтын боларсыз.
Оның қасиеті робот яки ұшақты (пилот-
сыз) шын мəнінде басқару үшін шахмат
ойыншысының сараптамалық əдісін қол-
дану, сондай-ақ, экономиканың əртүрлі
салаларында алдын алу жəне жөндеу
жұмыстарын жоспарлай алуында жатыр.
Компьютерлік бағдарлама сараптаманың
мінсіз алгоритмдерін қолдана отырып
жеке ойлау бірлігі, жасанды ақыл-парасат
ретінде жүзеге асады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «ЛГ» авто-
рына əскери бағытта аталмыш жобаның
қуатты жəне оның қолдану аясы көпсала-
лы болатыны туралы ой келмеген де еді.
Бүгінде батыстық БАҚ мəліметтері
бойынша өздерінің жəне өзге де əскери
күштің орналасуын ақпараттандыру мақ-
сатында қолданатын америкалық жүйеде
«Лингвистикалық геометрия» технология-
сы пайдаға жарауда. Жобаны жасаушы-
лардың болжамынша бұл жүйе қаладағы,
орман мен таудағы əрқилы жағдайда қар-
сыластың ең ықтималды жəне ең күрделі
іс-əрекеттерін тұспалдай алатын көрінеді.
Айтулы жүйе қарсыластықтың ең тиімді
өлшемдерін тез анықтап, жау күшінің жағ-
дайын болжауға, жау тылына жасырын
кіріп кету т.б. жолдарын іздеп «не, егер»
сценариін ойнауға мүмкіндік береді. Шын
мəнінде мұның өзі жасанды ақыл-пара-
саттың негізі.
Осылайша, Құрама Штаттарының əске-
ри-өнеркəсіптік кешенінде қайта туылған
Михаил Ботовинник идеясы – кеңестік
шахмат мектебі кезекті рет еліміздегі шах-
маттың болашағы зор екенін дəлелдейді.
Қорытынды орнына
Заман өзгерді, енді аулада шахмат
клубтары жоқ, аула «гроссмейстерлері»
де жоқ. Ал, бүгінгі «гроссмейстерлер»
миллиондардың сүйіктісі де емес. Қо-
ғамда шахмат мəдениетінің орыны да
қалмады.
Қадірменді оқырман, өткеннің нышан-
дары біздің өмірден кетіп, бізді біріктіретін
маңызды бір нəрседен айырып таста-
ды ма? Бұл идея ма? Мүмкін мағыналы
да зор бір нəрсеге қатысты да ортақтық
рух болар? Украинаның азаматтық со-
ғыс шырмауына ілігіп кетуінің себебі де
сол бір маңызды нəрседен айырылып
қалғанымыз деп ойламайсыз ба? Мүмкін
стратегиялық ойлаудың жоқтығы, қабі-
летсіздік, кей уақытта үш қадам бұрын
ойланбаудың нəтижесі болар? Ырықсыз-
дық, бос қызбалық болар? Бүгінгі күні дəл
қазір, ертең – тіпті «артынан шөп шықпаса
да» кез келген жолмен тездетіп нəтижеге
қолжеткізуді аңсау басымдау болып отыр.
Біз ел саясатына «тас лақтыруға» асы-
ғып тұрған əркімге айтамыз, еліміздің сая-
саты шығыс көреген данагөйлеріне тəн əр
адымын есеппен басуының негізінде жос-
парлы түрде күшті де тұрақты позиция-
сын құратын өте шебер гроссмейстердің
ережесіне сай құрылуда. Стратегтің ойы –
ұлы өнер. Жағдайды бірнеше қадам бұ-
рын көрегендікпен байқау мақсатында
төзімділік танытып, өзінің қалаулары мен
құштарлықтарын жеңе алған адам бұл
өнерді иелене алады. Өйткені, күш арқы-
лы жеңген адам бір тартысты ғана жеңеді,
ал стратегтің ерік-жігерімен жеңгені бүтін-
дей ұрыста жеңімпаз етеді.
Қазақстан, Ресей, Белорус арасындағы
2014 жылдың 29 мамыр күні қол қойылған
құжаты – шынайы патриоттың, стратегтің
ойы негізінде пайда болған жаңа жəне
көптен күткен бірлік пен қауымдастық бе-
талысының мадағы болатыны шын.
Гроссмейстер Эмануил Ласкер өз уа-
қытында шахмат турасында қайталан-
байтын бір сөз айтқан еді: «Шахмат тақ-
тасында өтірік пен екіжүзділікке орын
жоқ… Шахматтағы байқалатын аяусыз
шындық екіжүздінің көзін жейді». Құрметті
оқырман, шахматтың жақсысын бойы-
мызға сіңіру арқылы өтірік пен екіжүзділік-
ке орын қалдырмай, аңдаусыз шабуыл
жасаудан бас тартып, бір сəттік сезімге
берілмей, керісінше өз өмірімізді өзгерту-
ге жол ашып, біз өз-өзіміздің, бір-біріміздің
алдында шынайы болуға ұмтылсақ игі бо-
лар еді.
Əңгімеміздің соңында ойымды түйін-
дей келе айтпағым, біздің еліміз Ресей
мен Белоруспен қол ұстасып, ата-баба
мұрасымен сусындап, өзгеріс желіне
рухы мен ойын ашып өткен күннің сабақ-
тарын игеріп, абыроймен жəне шахмат
шеберлігімен Өмір атты «шахмат партия-
сында» жеңіске жететіні сөзсіз.
Руфина ТОРПИЩЕВА
Жанар ЕЛЕШОВА
АТПЕН ЖҮРІС
Бүгінгі әңгімемізге ойыншыдан төзімділік, салқынқандылық пен ал-
ғырлықты талап ететін ойын арқау болады. Ол адам жасын, нәсілі
мен сенім-нанымын талғамайды. Яғни, біз шахмат туралы сөз етеміз.
7
Көңіл пернелерінен
АРМАН ЖОЛЫ
Студент қауым есіңізде
ме? Мектеп кезінде бір
қияңқылық
жасап қателессек басымыз
ды сəл төмендеу түсіріп
«Мұғалім
кешіріңізші мұндай енді
қайталанбайды» деп айт
атынбыз. Ал мұ-
ғалім бетіне күліп, «енді
осылай жасама» деп еск
ертіп, кешіреді.
Бірақ бұл кешірімнің де
өз мерзімі бар екен. Бұл
балалық шақтың
тəтті бір көрінісі екен. М
ектептегі мұғалім кешірсе
де, өмір үнемі
кешіре бермейтінін біз к
ейін ұғындық. Мұны біз үлк
ен арман жолы
дейміз.
Осы мекенде əр сөзімен
ісіне жауап бересің. Бұл
жол өз бо-
лашағының жолы. Қимылда
уын керек немесе көштің
соңында
қаласын. Міне, үлкен өмір
дің, арман жолының осындай
ереже-
лері бар. Мектепте ере
жені жаттасаң, бұл жер
де сол ережемен
жүресің. Басынан сипайтындар
аз, ал сынайтындар керісінше
көп. Осындайда ұстазының
мейірімін, ақылын, жылы
сөздерін
аңсайды екенсің. Арман
жолына қолынан ертіп апарған
ұстазың
орта жолда шəкіртін қалдырып,
«енді саған менсіз, өз өміріңді
жа-
сау керек», – деп шығарып
салады. Шығарып салар
да ұстаз да,
шəкіртте бірін-бірі қимайды.
Бірақ мəңгілікке қоштасады.
Себебі
ол енді оқушы болмайды.
Балалық дəурен кезеңі
аяқталып, ар-
ман жолына бір табан жақындай
түседі. Алғашында оңай
көрін-
генмен бұл жол тіптен қиын
екен. Қатпары көп, ойлы-қыр
лы. Бұл
жолда ол өмір мектебінен
үлкен тəжірибе алады.
Жетістігі үшін
қуанады, жеңілсе жеңіс
үшін барын салады, ақырында
жеңілген-
дерінің бəрі жеңіс екенін
түсінеді. Себебі кеудеде
үміт өлмейді.
Ұстазы айтқан: «үмітің сөнб
есін» деген сөз, оның жүрек
жадында
сақталып қалады. Мəңгілік
мектеппен қоштасса да
ғұмырының
соңына дейін ұстазының
айтқандарының барлығын
есінде сақтап
жүреді ғой адам.
Сондықтан да ұстаз бо
лу үшін жүректің даналығы,
ақ қардай
жаны таза болу керек шығар.
Себебі бала шəкірт тек
адалдықты
жақсы көреді. Өмір ащы
оқпен атса да адалдық
деген қасиеттің
түбінде бəрін жеңетінін
біледі. Себебі оған ең адал
мұғалім са-
бақ берген, ең адал адам
қалам ұстатқан. Асқақ жəне
киелі ма-
мандықтың иелері – ұст
аздар қауымы кəсіби мерек
елеріңіз құтты
болсын. Сіздерге əр жұмыр
басты пенде басын иеді.
Мақтауға
да, атаққа да лайық сіздерсіз
дер – киелі мамандық иесі
ұстаздар.
МЕН САҒАН ӨКПЕЛЕМЕЙМІН
(Басы өткен санда)
Дертінен толық айықпаған
Маралдың мына сүлдерін дұш-
паныма да тілемеймін. Əдетте
əдемі домаланған ботадай көз-
дері толассыз жас пен дұрыс
көз шырымын алмағандықтан
кіртиіп біткен. Табиғатынан то-
лықсыған дене бітімі арыққа
айналған. Нəзік қолдарына тиіп
кетсең, тіптен қалтырайсың. Ол
нəзіктікте де жан қалмаған, тек
мұздай береді.
Ауылдың алты ауызы бүгін
барынша көңілді. Маралдың
мазасыздана күткен мерзімі де
келіп жетті. Қазақ даласының
думанын-ай, дабыл қаққан.
Əншейінде тойдың иісі шыққан
жаққа жалма-жан жүгіретінмін,
дəл бүгін жым-жылас жаттым.
Бірақ Маралдың да маңайына
баруды жөн көрмедім. Оның
жағдайы жыларман күй кешіп
жатқанда жымпоз жұбатушы-
дай мен несіне жетіп барамын
деген ой топшыладым. Барып
қайтайын деп те ойладым, бі-
рақ бара алмадым.
Түс ауа көзім ілініп, ұйықтап
кетіппін. Тəтті түсімнің шырқын
əдемі əуез бұзды. Түкке түсін-
бей аулаға шықсам, кеш қара-
йып та қалыпты. Біздің үйден
жүз метрдей қашықтықта орна-
ласқан Қайсардың үйінен асаба
жігіттің жаңа сарынмен салған
беташар əні жанды осынша
балқытар ма. Мен енді Марал-
ды көру мақсатымен сол жаққа
беттедім. Анамды өтірік сылтау-
ратып, тойдың жалпы көрінісін
көрдім. Аппақ сəнмен сылқым
тартып тұрған Айханым осынша
əдемі болар деп ойламаппын.
Құрбымды қан жылатып кеткен
қызға деген көзқарасымның дұ-
рыс болуы да мүмкін емес қой
бір жағынан.
– Мама, Марал жоқ па?
– Жоқ, Марал келмеген сияқ-
ты, бағана Бағлан тəте ауы-
рып жатыр деген. Үй киімімен
жүргеніңе жол болсын, əдемі
киімдеріңді киіп, Маралды ертіп
мында келсеңдерші…
– Маматай, бəрі ауылдың
адамдары емес пе, сəн қуып
қайтеміз, Маралды көрейін деп
келгенім ғой.
– Қызым, Айханым да апаң-
дай болып кеткен жан, Қайсар
да бөтен емес бізге, құрбың-
ды қолтықтап қайта келіңдер.
Ол қыздың да төрт қабырғада
дегбірі қашқан шығар. Дереу
келсін де. Жалғыз əпкесіне ті-
лекші болып ол келмегенде кім
келеді деп мамам күңкілдеп
кетіп бара жатты. Қазандықтың
қасында қап-қара күйеге көм-
керілген келіншектер де анам-
ның сөзіне бастарын изеп өзара
өсек айтқандай болды.
Кеудемді кернеген ашуым-
ның бір бөлігін анам ақтар-
ғандай болды. Білмесе несіне
жазғырады оны. Дертінің неден
өрбігенін біле білместен, пəк
көңілді құрбыма күйе жағып. Əй
анам-ай, байыбына бармастан
біреуге кір келтіру оңай ғой біз-
ге, болмаса қоғамымыздың күйі
де басқаша болар ма еді, қан-
дастар да бір-біріне қас қылмас
еді. Тойға деген түк қызығушыл-
ғым қалмастан құрбыма қарай
асықтым. Кіршіксіз құрбымды
құшып, мен сенің қолдаушың-
мын, сен əлі де бақытты бола-
сың деуге алып-ұштым. Қою
қараңғылықты қан қақсаған
кеудесіне қоса жасырған жан
құрбымның үйіне кірер есікті
таппай тентіреп қалдым. Мұн-
дай қараңғылық қаралы күннің
белгісіндей-ақ. Қаралы болмай
қайтсін деймін ішімнен.
– Марал, мындасың ба?
Тыныштық. Жауап жоқ. Менің
дауысым шырқау шегіне жетті.
Дауысымды таныған болу ке-
рек.
– Бибінұр, кір, төр бөлме-
демін.
– Мені неге мұнша шошыта-
сың, Марал!
Мені көре сала ол көлірсіген
көз жасын одан бетер төкті.
– Айханымды көрдің бе?
– Иə, бірақ… Қайсарды көре
алмадым.
– Айханды ата-əжемнің қолы-
нан ұзатты.
– Мамам айтқан.
– Маралжан, болған іске бо-
латтай болшы. Айханым жар
дегенде жалғызың, жалғыз əп-
кең ғой. Өз қолыңды өзің кесе
алмайсың. Одан бас тарта да
алмайсың. Ақиқаты – осы. Дос
жылатып айтады ғой. Айтарым
осы ғана. Қане, жуынып ал да,
бетіңді əрле. Бізді де тойға ша-
қырды. Сөзге қалмас үшін ол
жерге баруға міндеттісің. Ай-
ханды сен қолдамағанда кім
қолдайды. (Негізі мен Айханым-
ның бұл қылығына наразы бол-
сам да, құрбыма сөз тимес үшін
солай айттым).
– Биба, не деп тұрғаныңды
өзің білемісің. Ол менің туға-
ным болса да, менің тəніме де
жаныма тұндырып кеткен жа-
расы дəл қазір жазылып кетеді
деп кім айтты.
– Жазылуға жылдар керек, бі-
рақ бүгін сен ол жерде боласың,
өзіңнің өзеуремей жүргеніңді,
мықты екеніңді дəлелдейсің.
Өміріңнің жалғасатынын Қай-
сарға көрсетесің. Жүр енді. Тез
шығайық.
– Биба, сөзіңнің жаны бар
ғой, бірақ…… Мен оларды бірге
көре алмаймын ғой.
– Бүгін болмаса да, ертең
көруіңе тура келеді емес пе.
Ендеше несіне егіліп отыра
бересің. Еңсеңді көтер. Қайта
бұл қылықтарына олар ұялсын
да.
Аппақ қудай бетін опа-далап-
пен əбден əрлеп, Қайсармен
екеуінің бес жылдықтарына
киемін деп алған ақ көйлегін
киді. Əдейі киген болар. Оны-
сына мəн бермедім, райынан
қайтқанына қуаныштымын əй-
теуір. Ақ келінге құтты болсын
айтуға келе жатқан аппақ аруға
айналаның бəрі бұрылып қара-
ды. Көбі Марал екенін білген
де жоқ. Себебі бұл ымырт жа-
былған кез еді. Қазандықтың
қасында келіншектер енді Ма-
ралдың келгенін сөз етіп тұр.
Оларға қарап қаным қайнады,
бірақ аңғармағандай кейіп та-
ныттым. Аққудай ақ көңілді,
ерке мінезді Маралдың аула-
дан аттаған бергі қадамдары
бір межеге бағытталған. Тура
Қайсар мен Айхан отырған
жерге кеп қалт тоқтады. Көзіне
үйірілген жасын жүзіндегі жал-
ған күлкімен жасырғысы келді,
онысы болмады, Айханымға
жақындап құшақтай алды да,
жүгенсіз жылады. Қасындағы
Қайсардың да жүрегі қан жы-
лағандай күйде қалды. Ма-
ралдың бұл əрекетін жиналған
жұрт сіңлісінің қимастығы деп
бағалады да, жалынышты жа-
нармен жұптары жазылғалы
жатқан əпкелерге қарады. Са-
насын өзі сыздатқан сіңлісіне
тіке қарай алмаған Айханым,
Маралдың құшағынан босағы-
сы келгендей сыңай танытып,
оны өзінен итермелей баста-
ды. Марал болса ақ келінге ақ
көңілмен, жасаураған жүзімен:
«Бақытты болыңдар» – деп
тілек айтты. Ол тілегі маған
көңіл айтқандай болып бір-
түрлі естілді. Ендігі кезек Қай-
сардікі еді, оның да қипалақтап
қалғаны анық. Марал оған да
тіке қарап, «Жезде, жұптарың
жазылмасын» – деп күлімсі-
реді. Жездесінің бетінен сүйіп
құттықтаған балдызы құлағы-
на бірдеме айтқандай болды.
Естімей қалдым.
– Биба, жүр жастармен бірге
отырайық.
– Ж-ү-рр деппін түкке түсін-
бей.
Құрбымды қолтықтап алып
сыртқа шығардым да, Қайсарға
не айттың дедім дегбірсізденіп.
Осыдан екі апта бұрын Қай-
сармен кезігіп қалдым. Ол мені
ол кезде де жаралады. Сөзіне
құлақ аспадым да. Тек «Сен ма-
ған өкпелемеші» деп жалынға-
нын кетіп бара жатып құлағым
шалды. Оның өтінішінің жауа-
бын жаңа бердім.
– Не дедің сонда?
«Мен саған өкпелемеймін», –
дедім.
Назгүл РАБИЛОВА
Достарыңызбен бөлісу: