• таңдау бойынша компонент (Electives) — білімалушының кез-келген
академиялық кезеңде таңдауы бойынша оқылатын элективтік оқу пәні;
• білімалушының білім деңгейін бақылау - әртүрлі бақылау
тапсырмалары арқылы нақты пән бойынша білім деңгейін тексеру (жазбаша
жұмыс, тесттер, тәжірибе жұмысы, портфолио, ауызша сұрау, емтихан және
т.б.), бақылау ағымдағы, кезеңдік және қорытынды түрінде болады;
• оқытудың сызықтық (бірқалыпты) жүйесі — оқу процесін оқыту
логикасына сәйкес оқытатын пәнді қатаң жүйемен ұйымдастыру;
• магистратура — ғылыми-педагогикалық ғылымдар мен жоғары оқу
орынында және ғылыми ұйымдарда тереңдетіп ғылыми және кәсіби даярлап,
«магистр академиялық атағын» беру;
• сызықтық емес оқыту жүйесі — оқу процесін білімалушыға баламалы
траектория арқылы пәнді жүйелеп оқыту тәсілі;
26
• пән сипаттамасы (Course Description) — пән мазмұнының қысқа
сипаттамасы;
• Тіркеуші офисі (Office of Registrat) — оқытылатын пәндерге
білімалушының жазатын және оқу кезеңіндегі білімалушылардың барлық
жетістіктерін тіркеумен айналысатын қызмет;
• жалпы білім пәндері— ЖБП (General Education Requirement — GER) —
әлеуметтік-гуманитарлық және 11 ғылыми жаратылыстану пәндерінен;
• міндетті компонент (Core Subjects) — оқу бағдарламасы бойынша
білімалушылар үшін міндетті тәртіптегі пәндер;
• оқудың күндізгі түрі (Full Time Education) — білімалушы оқу
жоспарында қаралған барлық сабақ түріне қатысуға міндетті оқу түрі;
• оқытушылар біліктілігін көтеру кезеңі (Subbatical Term) —
оқытушылардың міндетті түрде әрбір бес жылда бір академиялық кезеңінде
өздерінің біліктілігін көтеруден өтуі;
пререквизиты - оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажет білім, білгерлік
және дағдылары бар пәндер;
постреквизиты- берілген пәнді оқып болғаннан кейін пайда болатын
білім, білгерлік және дағдылары талап ететін пәндер;
• портфолио – білімалушылардың бір немесе бірнеше қызмет саласында
ілгерілік пен жетістікті, барлық жеке білімділік жетістіктерін көрсете алатын
құжаттар жинағы.
• аралық аттестация — ағымдағы аралық және қорытынды бақылау түрін
ескере отырып білімалушының пәндерді меңгергендігін жан-жақты бағалау;
• кафедра саясаты (курстар) — пәндерді оқыту процесінде студенттерге
қойылатын талаптар;
• пәннің жұмыс бағдарламасы (Syllabus) — пәннің мақсаты мен
міндеттерін, мазмұнын түсіндіретін негізгі оқу - әдістемелік құжат, оған
тақырыптың мазмұны, әр сабақтың ұзақтығы, жеке жұмыстың тапсырмалары,
консультациялар уақыты, оқытушыға қойылатын талаптар, аралық бақылау
кестесі мен әдебиеттер тізімі кіреді;
• оқу жұмыс жоспары - білімалушылардың жеке оқу жоспарларына
негізделіп құрастырылған және оқытушылардың оқу жұмысының еңбек
көлемін есептеуге негіз болатын оқу жоспары ;
• үлгерімдік аралық бақылау (Midterm Examination) — білім
алушылардың бір оқу пәнді бөлімнің( модульдың) аяқталуындағы оқу
жетістіктерінің бақылауы;
• білімалушының өздік жұмысы (БӨЖ) — өздігінен оқуға берілген
белгілі бір тақырып бойынша оқу-әдістемелік және ұсыныстармен қамтамасыз
етілген жұмыс түрі, олар тест түрінде, бақылау жұмысы, коллоквиумдар,
рефераттар, шығармалар, есептер түрінде болады. Білімалушылар санатына
қарай олар білімалушылар өздік жұмысы (БӨЖ), магистранттың өздік жұмысы
(МӨЖ), докторанттың өздік жұмысы (ДӨЖ) болып бөлінеді.
• оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмыс (ОЖӨБ) (Office
Hours) – оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы -
бекітілген кесте бойынша өткізілетін оқушының оқытушының жетекшілігімен
27
аудиториядан тыс жұмысы Білімалушылардың санатына қарай ол
білімалушылардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (БОЖӨЖ) болады.
— магистранттардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (МОЖӨЖ)
• мамандық — білім ұйымдарында мамандарды белгілі бір шеберлікке
дайындауды жүзеге асыратын ғылым мен техника саласы;
• анықтама-жолсілтеу академиялық күнтізбеден тұрады, онда жоо туралы
мәліметтер білімалушылардың (магистрант, докторант) құқығы мен міндеттері,
кредиттік жүйенің негізгі ережелері әр пән бойынша қорытынды баға, балл
шығару әдістемесі мемлекеттік қорытынды аттестация талаптары көрсетіледі;
• үлгерімнің орташа баллы – (ҮОБ) (Grade Point Average - GPA) – білім
алушының таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылдық жетістіктерінің
орташа саналатын бағасы (пән бойынша қорытынды бақылаудың баллдарының
сандық эквивалентіне кредиттердің көбейтулерінің қосындысының ағымдағы
оқу мерзімінің жалпы кредит санына қатынасы);
• типтік оқу жоспары — кәсіби білім беру оқу бағдарламаның оқыту
пәндердің тізімін және көлемін, олардың оқу тәртібін және бақылау
қалыптарын реттейтін құжат;
• транскрипт – сәйкес оқу мерзімде әріп және сандық түрде кредиттер
және бағаларды көрсететін меңгерілген пәндер тізімі бар құжат;
• тьютор — нақты пәнді меңгеру бойынша академикалық консультант
рөлін меңгеретін оқытушы;
• үлгерімнің ағымдағы бақылауы — әр тақырып бойынша білімалушы
білімін үнемі тексеру;
• мамандықтың оқу-әдістемелік жинағы (ОӘК) — мамандықты жетік
меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі оқу-әдістемелік құжаттар пакеті;
• оқу-әдістемелік жинақ (ОӘЖ) — барлық оқу кезеңіне қатысты жеке
жоспары,
оқу-консультативтік
ақпараттар
мен
құжаттар,
пәндер
бағдарламалары(силлабустар), жеке жұмыс үшін әдістемелік нұсқаулықтар,
тәжірибе бағдарламалары және т.б..
• жеке оқу жоспары ЖОЖ (Curriculum) — білім деңгейіне, олардың
кезектілігіне сәйкестендірілген оқу пәндерінің тізімі мен көлемі және
білімалушының көрсетілген негізгі құжаты;
• эдвайзер (Advisor) — сәйкес мамандық бойынша білім алушының
академикалық жетекшісінің қызметтерін орындайтын білім алу троекториясын
таңдауында және білім беру мерзімінде білім беру бағдарламаны меңгеруінде
көмек көрсететін оқытушы;
• элективті пәндер — жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі бекіткен
пәндердің тізімі, олардың ішінен білімалушы белгіленген кредит шеңберінде
өзінің оқу жоспарын жасайды.
2. Білімалушылардың өздік жұмысының ұйымдастырылуы
Білімалушылардың өздік жұмысы — білімалушының оқу іс- әрекетінің
ерекше түрі, ол дидактикалық тапсырмаларды өздігінен орындауына, білімтану
іс- әрекетіне қызығушылықты қалыптастыруға және ғылымның белгілі бір
саласындағы білімін толықтыруға бағытталған. Білімалушылардың өздік
жұмысы логикалық ойлауды, шығармашылық белсенділікті, оқу материалын
28
меңгерудегі зерттеушілік бағыттың дамуын қамтамасыз ететін тәжірибелік
тапсырмаларды іске асырумен байланысты.
Білімалушылардың өздік жұмысы ( БӨЖ) болашақ мамандарды дайындау
процесінің маңызды құрылымдық бөлігі болып табылады.
БӨЖ мақсаттары – Білімалушыларда өздік шығармашылық еңбекке
дағдыларын қалыптастыру, қазіргі құралдарды пайдаланып, кәсіптік
тапсырмаларды шеше білу, өзінің білімін үздіксіз жетілдіру; жұмыс уақытын
жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін алу және ой-танымын кеңейту.
Білімалушылардың өздік жұмыс бағдарламасының (Syllabus) негізгі бөлімдерін
ескере отырып, әрбір пәннің оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. БӨЖ
жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және сараптау оқу процесін ғылыми
ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады, ол оқу
жұмысының толық басқарылуын және қажетті тиімділігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді. БӨЖ процессі инновациялық технологияларды пайдалануға
негізделуі қажет.
БӨЖ материалдары кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамымен
құрастырылады және келесі құжаттардан тұрады:
• пәнді оқудың барлық кезеңдеріне БӨЖ тақырыптары есептелген;
• типті және оқу жұмыс бағдарламаларының негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін
тапсырмалар жүйесі;
• эссе, баяндамалар, мәселелік тақырыптар, аннотациялар және т.б.
тақырыптары;
• негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі;
• кеңестік көмек түрлері; бақылау түрлері
• бағалаудың өлшеуіштері, жұмыстың ұсынылатын көлемі, оны орындаудың
ұсынылатын мерзімдері.
Білімалушылардың өздік жұмысы үшін тапсырмалардың мысалдары:
1.Жазбаша жұмысты дайындау (эссе, баяндама, бақылау тапсырмасы)
2.Библиографиялық мәліметтерді өңдеу (картотека құрастыру), кітаптарды,
мақалаларды, препараттарды аннотациялау.
3.Өздігінен мәтіндеу жүргізу ( лингафонды жүйе көмегімен)
4.Іздеу – зерттеу сипаттағы тапсырмаларды орындау ( Интернет арқылы)
5.Салыстырмалы – баламалы кестелерді дайындау
6.Мәселелік мақала бойынша ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді терең
сараптау.
7.Семинар жұмысына қатысу: семинардың баяндамасының конспектісін,
рефераттарды дайындау, тапсырмаларды орындау.
8. Зертханалық –тәжірибелік сабақтар: нұсқауларға және әдістемелік
нұсқауларға сәйкес сараптама өткізу және қорытындысын шығару.
9.Өздік, бақылау жұмыстарын орындау барысындағы БӨЗЖ және БҒЗЖ,
ғылыми жобаны дайындау және теориялық қорытындылардың апробациясы
(ғылыми конференция арқылы).
10. Тәжірибе барысында материалдарды бақылау және жинақтау бойынша
тапсырмаларды орындау: альбомдар, хаттамаларды құрастыру, мүсіндерді
дайындау, препараттау және т.б.
29
Білімалушылардың өздік жұмысын орындауға жетекшілік:
1. Ағымдағы сұхбат және бақылау
2. Кеңестер
3. Оқытушының БӨЖ түзетуі
4. Білімалушылардың қарама – қарсы рецензиялауы
5. Пікірталас
6. Сараптама, рецензиялау, оқытушының бағасы
7. Қорытынды шығару және т.б.
БӨЖ бақылау түрлері
БӨЖ қорытындылары жазбаша эссе, глоссарий, баяндама, бақылау, жазбаша
жұмысы, ғылыми мақала, аудио-, бейне есептер, шығармалар және т.б. түрінде;
сонымен қатар тәжірибелік тапсырма альбомдар, хаттамалар, мүсіндер,
препараттау, аннотациялау, зертханалық тәжірибені енгізу және т.б. түрінде
тапсырылуы мүмкін.
БӨЖ қорытындылары білімалушылардың ғылыми конференциясында,
білімалушылардың ғылыми ұйымының отырыстарында, олимпиадаларда,
сабақтарда (5 мин.), кафедраның web – бетінің БӨЖ бөлімінде көрсетілуі
мүмкін.
Білімалушылардың БӨЖ бойынша қорытындылары кафедрада 2 жыл бойы
сақталуы тиіс. БӨЖ тақырыптары емтихан сұрақтарында және тесттік
тапсырмаларда берілуі керек.
Егер пән бойынша сағаттардың жалпы көлемі мынадай болса:
Жалпы
медициналық,
стоматологиялық,
емдеу,
педиатриялық
факультеттердің, МАА және фармация факультеттерінде:
90 сағатқа дейін - білімалушы БӨЖ бойынша 1 тапсырма орындайды ( 1 –
жазбаша түрде);
90 сағаттан жоғары – БӨЖ бойынша 2 тапсырма (1 – жазбаша түрде және 1 –
практикалық тапсырма);
БӨЖ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ КРИТЕРИИЛЕРІ
Мұқабаның сыртында белгіленеді:
Семей қ. ММУ,
Кафедраны, каф.меңгерушісі,
Пәнді,
БӨЖ тақырыбын,
Білімалушының Тегін, Атын, Әкесінің атын, мамандықты, топты,
Оқытушының Тегін, атын, Әкесінің-атын.
Эссе
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Эсседе студент шығармашылық ойлауын, талдауын, критикалық көзқарасын
және өз ойын нақты және анық жазбаша түрде көрсету керек;
2.
Эссе құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды;
3.
Эссе көлемі - 5-7 бет;
4.
Дәлелді қорытындылар және ұсыныстар;
5.
Ұқыпты өткізілген талдау;
30
6.
Эссе жеке орындалады, басқа студенттердің жұмысынан ерекше болуға
тиісті;
7.
Соңында қолданылған әдебиеттің тізімі болу керек;
8.
А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman
шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол
жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру
қажет.
9.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Power Point форматында презентация жасау
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.
2.
Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық
және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту,
берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды
қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі
сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім
болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар
болуы тиісті.
3.
Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.
4.
Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.
5.
Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс;
Көрнекілік негізделген болуы керек.
6.
Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.
7.
Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда
немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.
8.
Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.
9.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Ситуациялық есептер
Клиникалық пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға
әсер ететін жағдайлар:
1.
Сәйкес ауру тарихы бойынша ситуациялық есептің сауатты
құралуы.(шағым, анамнез, мүшелер және жүйелер бойынша объективті
зерттеулер және т.б.)
2.
Дұрыс медициналық терминологияны қолдану қажет.
3.
Білімалушы ситуациялық есептің соңында диагнозды нақты, анық
құрастыруы тиіс.
4.
Білімалушы қажет препаратты белгілеу, тағайыдау арқылы емдеу жоспарын
ұсынуы керек.
5.
Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.
6.
А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman
шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол
жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру
қажет.
31
7.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Ситуациялық есептер
Жалпы білім беретін және іргелі пәндер үшін тапсырманы орындау
критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Берілген тақырып бойынша есептер саны – 5-тен кем болмауы қажет.
2.
Конкретное изложение этапов решения задач
3.
Алынған нәтижелер негізіндегі қорытындылар болуы керек.
4.
Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.
5.
А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman
шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол
жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру
қажет.
6.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Тесттер
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Көлемі - 15-20 тесттік тапсырмалар болуы керек.
2.
Білімалушы тақырып материалын оқуы қажет.
3.
Бір дұрыс жауабымен көптік таңдау тесттік тапсырмалар (MCQ), бірнеше
дұрыс жауаптарымен тесттік тапсырмалар (MAQ), көп жауаптарымен
кеңейтілген тесттік тапсырмалар жасауы (EMAQ) керек.
4.
Тапсырма нақты, анық құрастырлуы тиіс.
5.
Қате ақынтама жоқ, дәлілді және нақты дұрыс жауапты (кемінде 2-3 тесттік
тапсырмалар), және түсіну деңгейіне (9-11 тесттік тапсырмалар), қолдануға
(2-3 тесттік тапсырмалар).
6.
А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman
шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол
жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру
қажет.
7.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Дифференциалды-диагностикалық карта жасау
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Көлемі – 10-нан кем емес дифференциалды диагностика критериилері.
2.
Қорғау – аудитория алдында айту.
3.
Формат А4 немесе А3.
4.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Аннотация
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Айтып жеткізу нақты және қарапайым болуы тиіс.
2.
Көлемі – 10-15 жол болуы керек..
32
3.
Аннотацияда келесі бөлімдер болуы керек:
аннотоцияланатын құжаттың типі және атуы (монография, диссертация,
жинақ, мақала және т.б.);
құжатты аннотациялайтын студент алдына қойған міндеттер;
автор қолданған әдіс (эксперимент, салыстырмалы сараптау, басқа
әдебиеттер компиляциясы және т.б.);
аннотацияланатын құжат құрылымы;
шығарманың пәні және тақырыбы, автордың негізгі ережелері және
қорытындылары;
библиография және сілтемелер бірге қосымша көрнекілік құжаттардың,
қосымшалардың, анықтамалық аппараттардың сипаттамасы.
4.
А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman
шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол
жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру
қажет.
5.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Глоссарий
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Глоссарий көлемі - 20-25 термин болуы тиіс.
2.
Әрбір терминнің мағынасын нақты түсіндіру керек.
3.
Таңдалған тақырып бойынша сөздерді түсіндіру мағыздылыңын көрсету
керек.
4.
Терминдерді жазғанда қатаң алфавиттік тәртіпті сақтау қажет.
5.
Терминдердің барлық маңыналарын жазу керек.
6.
А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman
шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол
жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру
қажет.
7.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
Науқасты қарау хаттамасы
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:
1.
Бөлімде науқасқа курация жүргізу керек. Науқасқа қажетті курация көлемі,
сонымен қатар қараудың, зерттеудің, емдеудің және т.б. қосымша әдістері
оқыту курсына тәуелді және оқытушы таңдайды.
2.
Киликаналық синдромдарды /аураларды көрсету қажет.
3.
Науқасты қарау, зерттеу хаттамасын жасау керек (оқыту курсына тәуелді
жеке орындалады).
4.
А4 форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman
шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол
жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру
қажет.
33
5.
Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0
баллға төмендетіледі.
|