171
доходной частью бюджета. Предполагается увеличить объемы туристских услуг с 20,7
млн тенге до 56 млн тенге.
Посещая этноаул, любители этнографического туризма, смогут полностью
окунуться в быт кочевников. Начиная с охоты с тазы (борзой) или тобетом
(волкодавом), или с беркутом, и заканчивая изготовлением предметов быта, посуды,
одежды. Кроме того, для любителей верховой езды планируют разработать ряд конных
маршрутов по красивейшим местам Айыртауского района, богатого историческими
памятниками.
Таким образом, можно сказать, что Республика Казахстан располагает
множеством уникальных природных ресурсов и представляет собой целый комплекс
исторических, археологических и архитектурных памятников, культурных центров,
многие из которых располагаются на участке Великого Шелкового пути. Казахстан,
несомненно, заинтересует туристов, которые предпочитают окунуться в атмосферу
прошлого.
На современном этапе развития этнографического туризма Казахстан становится
более привлекательной для бизнесменов, спортсменов, ученых, любителей
экстремального отдыха, а также для людей, интересующихся историей и сегодняшним
днем стран, расположенных на Великом Шелковом пути. Этнографический потенциал
страны позволит создать основу для развития этнографического туризма в Республике
Казахстан.
Литература:
1.
Закон Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан" от 13 июня
2001 года № 211-II;
2.
Бабкин А.В. Специальные виды туризма. - М.: Академия, 2008. - 218 с.
3.
Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. -
336 с.
4.
Кораблев В.А. Туризм в Казахстане: состояние и проблемы // Вестник университета «Туран».
– 2000. - № 3. – С.57.
5.
Гилек Ю.Н. Туристские маршруты центрального Казахстана. Караганды: Издательство КарГУ,
2005. – 235 с.
6.
Муратбек В. Памятники истории Казахстана. Астана: Меруерт, 2005. – 134 с.
7.
Дауренбеков Ж.Б. Историко-культурное наследие Шелкового пути. Алматы, 1998. - 202 с.
ӘОЖ 37.017
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ ТӘРБИЕСІ
Қадырменова А.С.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
“Ұл тәрбиелесек – жердің иесін, қыз тәрбиелесек – ЕЛДІҢ ИЕСІН тәрбиелейміз”
– деген ұлағатты сөздің мән-мағынасына назар аударсақ, Елдің елеулі де тәрбиелі
болуы табиғаттың асылдары саналатын қыз атты пенденің еншісінде екіні түсінікті.
Ф.Оңғарсынованың «Жаралған деп жат үшін» өлеңінде
«...Із қалғандай артында өшпейтұғын,
172
Ұлы болса армансыз жүреді екен.
Ұл туғанын қашан да көксейтіні –
Ұлды еліне қамқор деп біле ме екен.
Қайран бабам өтіпті шер-күдіктің
Емін іздеп баладан жаны жалын,
Білсе еді ғой ел қорғар ер жігіттің
Сол аруға күні ертең табынарын!» [1, 7] -
деп айқын көрсеткендей жер иесінің ел иесімен тығыз табиғи байланысты
болатындығы жайлы ой қозғайды.
«Отан отбасынан басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі
болатын – әйел адам. Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы,
мемлекеттің өркендеуі – әйелге, келешек Ана болар қыздардың тәрбиесіне байланысты
болады.
Қазақ қызының тәрбиесі жайында сөз қозғасақ, ислам дінін ұстанған
мұсылмандық тәрбие және халқымыздың менталитетіне сай тәрбие деп бөле аламыз.
Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының жанұядағы әрі
қоғамдағы орнын белгіледі. Өзіне тиесілі міндетін нақтылап, ар-ұяты мен абыройын
қорғады. Сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін өсірді. Дініміздің
әйелдерге зор қамқорлық жасауы – барша әйел заты үшін адамзат тарихындағы
теңдессіз оқиға болды. Өйткені, өзге елдерде де әйелдің жағдайы тым аянышты күйде
еді. Құран Кәрімде 176 аяттан тұратын «Ниса» («Әйелдер»), 98 аяттан тұратын
«Мәриям» деп аталатын сүрелер тікелей әйелдерге арналған. Бұдан басқа, «Нұр»,
«Ахзаб», «Мұмтахина», «Тахрим», «Талақ» сүрелерінде де дініміздегі әйел адамның
орны туралы кеңінен айтылған және әйел баласын ана ретінде аса қадір тұтқан. «Жұмақ
– аналардың табанының астында», «Кімге жақсылық жасайын?» – деген сахабаға үш
рет «Анаңа» деп жауап берген хадистері Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл
бөлгендігін аңғартады.
Жұмекен Нәжімеденовтің «Ана» өлеңінің мына бір шумағының өзі Ана
асқақтығын айрықша көрсетеді
«...Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.
Тербейді Ана бөбегін,
Сол арқылы тербетеді өз елін,
Құмын, тауын, өзенін.
Тербейді Ана көлеңкені, шуақты –
Планетаның алақаны сияқты...» [2, 226]
Араб қоғамында қыз баланы асыраудан қашатын, ұлды артық көріп, қызды
болғанына күйініп, қатты ызаланатындар да бар еді. Бұндай жауыз мінездің асқынғаны
сонша – жаңа туған нәзік жанды шарананы шімірікпестен тірідей өлімге қиып, аулаққа
апарып көміп тастайтындары да кездесетін.
Бірде үлкен сахабалардың бірі өткенін еске алғанда, кейде қатты жылағысы, кейде
күлгісі келетінін айтқан еді. Қасындағылар мұның себебін сұрағанда: «Жылағым
келетін себебі – Исламға дейінгі кезде бір қызым бар еді. Төрт жасқа толғанда, көзін
құртпақ пиғылмен шөлге ертіп апардым. Шұңқыр қазып жатқанымда, қызым
ештеңеден бейхабар күйде менің үстіме жұққан құм-топырақты тазалаумен болды.
Қазып болғаннан кейін, қызымды шыңғырып жылағанына қарамастан тірідей көміп
кетіп едім. Сол бір қатігездігім есіме түскен сайын, еріксіз көзімнің сорасы ағады. Ал
күлгім келетіні – жаһил кезімізде ұннан әртүрлі мүсін жасап, соған табынатын едік.
Кейде соны отқа пісіріп жеп те қоятынбыз. Сол кезгі надандығымызға қазір күлкім
келеді», − деп жауап берген екен. Демек, Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ
қыз балаларға мейіріммен, аяушылықпен қарауға шақырған. Тіпті бір жанұядағы
173
балаларды да ұл-қыз деп алаламауға тәрбиелеуінің өзі қыз балаларға дініміздің зор
көңіл бөлгенін байқатады.
Әйел баласына тән әурет жерін жабық кию үлгісі кемсітуден емес, қайта оны өте
бағалы көздің қарашығындай көруден, сырт көзден, сондай-ақ, түрлі арсыздықтар мен
кесірі қоғамға тиетін (зинақорлық, тастанды бала, түсік тастау секілді) жамандықтардан
сақтау үшін бекітілгенін ескерген жөн. Осы тұрғыда «Асыл тас ашық болса ұрлағысы
келетіндер көбейеді, ару қыз ашық болса қорлағысы келетіндер көбейеді», т.б. деген
мақалдарды негізге аламыз.
Ислам дінінде әйелдің орны ерекше. Сондықтан әйелге деген құрмет зор болуы
тиіс. Ислам діні әйелге Алланың аманаты ретінде қарауға шақырған. Ешбір құқын
шектемеген. Қайта өз жаратылысына сай сүйікті жар, аяулы ана ретінде қашан да оның
орнын жоғары бағалаған. Қоғам тәрбиесін қыз баланың ұяттылығымен ұштастыра
қарастырған. Әйел затын жат пиғылдылардың бұзық әрекеттерінен қорғауға тырысқан.
Осындай құрметке лайық бола білу үшін әйелден де белгілі бір міндеттерді талап еткен.
Әйелдер қауымының дәрежесін ешбір дін дәл Исламдағыдай биіктете алған емес.
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың
белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз
қызға көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын,
шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары
бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы:
Байсерке шешеннің жастарға арнаған термесінен үзінді – «...Қылығы жақсы қыз бала,
Қыз да болса ұлмен тең...», «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей»,
«Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар
үйдің қызығы бар», т.б.
Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара
қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде тәрбие берген. Сол дәстүрдің арқасында Елдің
анасы атанған талай әйелдердің есімі бізге жетті.
«Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған» -
деп атап айтқанда, бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан
сақтың батыр қыздары Томирис пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі
Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Бопайдың, күні кеше Әлия мен Мәншүктің
ерлігіне ұласты. Кеңес Үкіметі күйрердегі желтоқсанда ерліктің туын жықпаған қыздар
қаншама. Ал аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным ханымның елді
ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген, данагөй әжеміз ұлы Абайдың
тәрбиешісі болған Зере әжемізді қалай ұмытамыз? Бұның бәрі ата салт-дәстүріміздің,
тәрбие жолының дұрыстығын көрсетсе керек.
«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» демекші, көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке,
нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі
үйдің шаңырағын жоғары көтеретіні анық.
«Қамар Сұлу» романындағы Қамардың бейнесін авторы С.Торайғыров:
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай? [3, 183] –
деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар
сұлулығын бейнелегенде:
Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп,
174
Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай!
Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі,
Қайнамас оны көріп кімнің іші?
Алмас қылыш жүзіндей аударылған,
Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі.
Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып,
Бойының мінсіздігі оның асып.
Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,
Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып [3, 183].
Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың
бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді.
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы әпкесінің ұзату кезін бір
қайталап оқыңызшы. Қазақтың молшылықты көрсете білгенін, әсемдікпен сәндеп
үйренгені білініп тұрады. Ал лиро-эпостың озық үлгісі «Қыз Жібектегі» керуенді
суреттеген кез ше? Әр күйменің сәні мен салтанаты кейінгісінен жүз есе артық болып
отырғанына Төлеген ғана емес, оқырман да тамсана таң қалады. Жұматай
Жақыпбаевтың «Аруларға» атты туындысынан үлгі ала –
«Бөлініп бір асқақ сезімге,
Толқытқан шақтарда бойды әнім,
аруға дін аман кезінде
Ескерткіш қоюды ойладым» [4, 175] -
мен де қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу аруларына арнап ескерткіш қойғым келеді.
Ал Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» шығармасында – «Ол хан-сұлтандардың
ғана емес, қолы жеткен дәулетті адамдардың қыздары да тәнін ақ биенің сүтімен
шылайтынын, әртүрлі шөптің шырынымен бетіне әр беріп, дене мүшесін нәрлендіріп,
күтім жасай алған» дегенінен қазақ қыздарының ықылым заманнан бері тазалыққа,
сұлулыққа құмар екендігін аңғарамыз. Тағы бір айта кететін жайт, осы романда
мынадай бір тұс бар, Ораз-Мұхамед пен Ай-Шешек Бегімнің арасындағы әңгімеде:
«Олар әйелін…оңаша бөлмеге қамап қояды дейді. Атқа мініп, жүріп-тұрмақ түгілі,
ешбір ер адаммен сөйлеспейсің. Сөйлеспейсің деймін-ау, ешкімді көрмейсің. Бетіңе
пәренжі деген бүркеніш жауып аласың да, қаралы адамдай түнересің де отырасың…»
[5, 211] айтып отырғандары басқа елдің салт-дәстүрі, яғни ол қазаққа жат болғандығы
көрініп тұр.
Орыс әдебиетінің классигі М.Горький «Мәдениеттің өресі әйелге деген
көзқараспен анықталады» дегендей, қай кезеңде болмасын тәртіп пен әдеп, сұлулық
пен мәдениет, тәрбие мен тағылым – әйел затына деген құрметпен шектеледі.
Ә.Нұршайықов қаламынан шыққан шығармадағы бір Меңтайдың бойындағы
нағыз қазақ қызына тән инабаттылық, сыпайылық сияқты қасиеттері кімге болсын үлгі.
Әрине, «Ана көрген тоң пішер» дегендей, Меңтайдың мейірімді, ақылды, өнегелі қыз
болуы ана тәрбиесінен екені белгілі. Меңтайдың қойын дәптеріне анасының ғибратқа
толы сөздерін түртіп алғандарынан үзіндіні келтірсек, «...Қыз көйлегінің етегі тізеден
жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш
келеді. Ал халықта: «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар. Кемшіліксіз кісі
болмайды, оны көруден; Үміт күткен ұлы оңбаған боп кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге
өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы; қыран деп
тигені жапалақ боп шықса – жар сорлы. Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп
білген адам көп тындырса, мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар.
Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштен» аз біліп,
көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық» [6, 162-167 б].
175
«Өнегелі болса – бала көрікті» деп Қорқыт бабамыз атап өткендей, қай бала
болмасын өнегелі, өрелі, тәрбиелі болғаны, әрине, көңіл қуантады. Тәрбиенің көркін
ашатын – арулар. Қорытындылай келе, қыз баланың тәрбиесі жоғары деңгейде болуы
бүкіл халықтың жақсы ғұмыр кешуінің шарты деп айтуға болады. Әженің жұмсақ
алақанынан тәлім алып ғибратты әңгімелерімен сусындаған, ананың құрметке лайық
қоғамдағы орнымен сыйластықтың озық үлгісін көріп өскен қазақ қызының елге
сіңірер еңбегі мен болашаққа көрсетер үлгісі жарқын екеніне әркімнің-ақ көзі жетеді
деген сенімдемін.
Әдебиет:
1.
Оңғарсынова Ф. Дауа. Өлеңдер. – Алматы: Атамұра, 2002. – 288 бет.
2.
Нәжімеденов Ж. Үш томдық шығармалар жинағы. 1 том. Алматы: Жазушы, 1996. – 560 бет.
3.
Торайғыров С. Қамар сұлу: Роман – Астана: Елорда, 1999. – 268 бет.
4.
Жақыпбаев Ж. Кенежирен: Өлеңдер/Құраст. Б.С.Қошым-Ноғай. – Алматы: Раритет, 2005. –
288 бет. – «Алтын қор» кітапханасы.
5.
Мағауин М. Аласапыран. Тарихи диология. Екінші кітап. – Алматы: Жалын, 1983. – 456 бет.
6.
Нұршайықов Ә. Махаббат, қызық мол жылдар. – Алматы: Атамұра, 2002. – 320 бет.
ӘОЖ 82.08.081
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАДАҒЫ ДРАМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
Қадыров Ж.Т., Абжан Е.Е.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Қазақ драматургиясының әлем халықтарының драматургиясымен салыстырғанда
тууы, дамуы, зерттелуі жағынан кейінірек. Қазақ сөз өнерінде драматургия
классикалық үлгіде неміс, ағылшын, грек, орыс драма жанрымен салыстырмалы түрде
ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Қазақ әдебиетінде драматургия басқа әдеби
жанрларға қарағанда көп кейін туды. Қазақтың ауыз әдебиетінің халықтың тұрмыс-
салтына, әдет-ғұрпына тән шығармаларында: жар-жар, беташар, бәдік жыры сияқты
өлеңдерде, айтыстарда драмалық элементтердің барлығы аңғарылады.
Қазақ халқының ғұлама ғалымы М. Әуезов: «Анығында ақындар айтысының
негізінде, өзгеше жанрлық бітім мазмұнында қолдану дәстүрінде қазақтың халықтық
театрлық өнерінің мол белгілері бар. Халық театрының дән ұрығы бар деуге болады»
[1, 145-147 бб.], - деп айтқан болатын.
Қазақ жастары ұйымдастырған әдеби ойын-сауық кештері ұлттық сахналық өнер
мен
драматургияның
бастамасы
болды.
Бұлардың
тәжірибелері
отандық
драматургияның пайда болуына, ұлттық драмалық шығармалардың жазылуына ықпал
жасады. Қазақстанның әр түкпіріндегі алғашқы сахналық талпыныстар Қазан
төңкерісімен ілесе, ұлттық драматургияның дүниеге келуіне негіз болды. Алғашқы
қазақ драмалары 1910-1915 жылдары пайда болды. Алғашқы пьесалар авторлары
К.Тоғысов «Надандық құрбаны», И.Мендіханов «Малдыбай», «Тамырлар»,
«Байғұстар», А. Лиханов «Манап», Б.Серкебаев «Бақсы», «Ғазиза», «Жер дауы». 1915
жылы К.Тоғысовтың «Надандық құрбаны» драмасы жеке кітап болып Уфада басылып
Достарыңызбен бөлісу: |