2-7 орынға бағалы сыйлықтар.
2-5 орынға бағалы сыйлықтар.
1-2 орынға бағалы сыйлықтар.
сыйлықтар.
Қала Күні
4
// «Жамбыл - Тараз» // №41 (1329), 12 қазан 2016 Жыл //
«біз - ТараздықТармыз!»
дегеН мақТаНыш әр қала
ТұрғыНыНың Өмірлік
кредоСыНа айНалды»
Жыл сайынғы дәстүр бойынша
қала тұрғындары қазан айының
ортасында қала күнін атап
өтеді. Жылдан-жылға аумағы
кеңейіп, тотыдай таранған көне
шаһардың бүгінгі келбетіне көз
тояды. оның үстіне, желтоқсан
айында кең көлемде аталып
өтетін ел Тәуелсіздігінің 25
жылдығына тараздықтар да
толағай табыстармен жетіп
отыр. облыс орталығының
бүгінгі келбеті, Тәуелсіздік
тойының қарсаңында ел
игілігіне берілетін әлеуметтік
нысандар... міне, қала әкімі
Нұржан календеровпен болған
сұхбатымызда осы мәселелерді
сөз етеміз.
- Нұржан Сәбитұлы, тәуелсіздік жылдары
облыс орталығында бой көтерген әрбір әлеуметтік
нысанда мықты мамандардың қолтаңбасы бар.
Дегенмен ел игілігіне ұсынылған әрбір нысанды
тәуелсіздікке тарту деп есептеген дұрыс шығар.
Оның үстіне, бүгінде көне шаһардың тұрғындары
күннен-күнге келбеті артып, заманауи сәулеті
келіскен ғимараттар бой көтеріп келе жатқан
шаһарда тұрып жатқандарын мақтаныш етеді.
Қала күні қалай аталып өтпек?
- Әр жыл өзіне тән жаңалықтарымен,
оқиғаларымен ерекшеленеді. Биылғы 2016 жыл
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс ке-
луде. Егемендігіміздің ширек ғасырлық кезеңінде
Елбасының бастамасымен халықтың әл-ауқатын
көтеруге, тұрмыс-жағдайын жақсартуға бағытталған
сан салалы іс-шаралар, іргелі жобалар мен маңызды
бағдарламалар сәтті іске асырылып, мол табыстарға
қол жеткізілді. Ендігі мақсатымыз - тәуелсіздігіміздің
тұғырын биік ұстап, елімізді үздік отыздыққа енген
«Мәңгілік Ел» ету. Осы орайда, біздің алдымызда
болашақ бағдарымыз айқындалған Жолдауды жүзеге
асыру, өңірдің экономикалық және инвестициялық
әлеуетін арттырып, тұрғындардың әл-ауқатын одан
әрі жақсарту міндеті тұр. Білесіз бе, тәуелсіздік
жылдары бір ғана облыс орталығында 11 мектеп, 56
мектепке дейінгі мекеме, екі мектептен тыс балалар
шығармашылығы орталығы, алты денсаулық нысаны,
бір мәдениет және алты спорт кешені пайдалануға
беріліпті. Бұл білгенге үлкен жетістік. Әрине, бұл
бағыттағы жұмыстар тоқтап қалмайды. Жоғарыда
айтып кеткендей, алдағы жылдары Таразда тағы
да жаңа мөлтек аудандар бой көтеріп, көне шаһар
тұрғындарының әлеуеті таси түседі. Ал Қала күнін
жоғары деңгейде атап өту үшін бүгінде дайындық
қызу. «Біз – тараздықтармыз!» деп кезінде осы көне
шаһарды мекен еткен абыздар мақтаныш еткен. Талай
таланттардың табанын қыздырған Тараз топырағы
киелі. Ал киелі мекеннің тұрғындары мұны мақтаныш
етеді.
- Білдей облыс орталығында Үдемелі
индустриялы-инновациялық жобаларды жүзеге
асыруда Индустрияландыру Картасына енген
жобаларды қолдауда қандай шаралар атқарылуда?
- Тарихи деректер Тараз қаласының ежел-
ден өркениет, соның ішінде өнеркәсіп орталығы
болғандығын, мұнда түрлі өндіріс бұйымдарын
өндіретін шеберханалардың жұмыс істегендігін
көрсетіп отыр. Ал кешегі Кеңес дәуірінде Тараз
Одақ бойынша ең ірі химия өнеркәсібінің орталығы
болды. Одақ тараған соң бұрынғы жүйенің ыды-
рауы, экономикалық байланыстардың бұзылуы
себебінен қаланың инфрақұрылымдарында бірқатар
өзгерістер пайда болып, өндіріс және өнеркәсіп
орындарының жұмысында іркілістерге жол берілді.
Республика бойынша жүргізіліп отырған ілкімді
экономикалық саясат нәтижесінде соңғы жылда-
ры қалада экономикалық тұрақтылық орнығып,
өрлеу-даму тенденциялары айқын байқалуда.
Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар химия сала-
сын жандандырумен тікелей байланысты болып
отыр. Оның қатарында, ағымдағы жылы құны 10,0
млрд. теңгені құрайтын 3 индустриалдық жобаны
іске асыру жоспарланып отыр, онда 95 жаңа жұмыс
орны ашылатын болады. Атап айтсақ, «Қазфосфат»
ЖШС-і «Минералды тыңайтқыштар зауыты»
Тараз филиалы экстрационды фосфор қышқылын
өндіретін ЭФК-1 технологиялық жүйесін қайта
жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны 7
млрд. 700 млн. теңге, қуаттылығы жылына 220 мың
тоннаны құрайды. Сондай-ақ «Жамбылгипс» АҚ-ы
құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс бұйымдарын
өндіретін жаңа цехтың құрылысын және қайта
жаңғырту жұмыстарын аяқтайды. Жобаның құны - 1
млрд. 715 млн. теңге, қуаттылығы жылына – 270 мың
тонна. 50 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ал
«Бағұл» ЖШС-і дәнекерлеу электродын шығарудың
өндіріс қуаттылығын кеңейтуді жоспарлап отыр,
жобаның құны 585,5 млн. теңгені құрайды. Жылдық
қуаттылықты 2 мың тоннаға жеткізіп, 45 жаңа жұмыс
орнының ашылуы жоспарлануда. Бұдан бөлек,
қазіргі таңда «Қазфосфат» ЖШС-і Жаңа Жамбыл
фосфор зауыты филиалы жеке қаражаттары есебінен
құны 1 млрд. 100 млн. теңгені құрайтын 2 жобаны
Индустрияландыру Картасына енгізу бойынша
жұмыстар жүргізуде. Олар - 2016 жылдың соңына
дейін іске асырылатын құны 200,0 млн. теңгені
құрайтын түйіршікті фосфор-калий тыңайтқышын
шығаратын өндіріс орнының құрылысы және 900
млн. теңгені құрайтын ауа бөлгіш қондырғыны қайта
жаңғырту жобалары. Бұл жобалардың тиімділігі
өндіріс шығындарын азайтумен және өндірістегі
қатты қалдықтарды қайта өңдеумен ерекшеленеді.
Тағы бір айта кетерлігі, «Бизнестің жол картасы -
2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай
бағдарламасы аясында субсидиялау тетігі бойынша 2
млрд. 844 млн. теңгеге 26 жоба аймақтық үйлестіру
кеңесімен мақұлданып, несие берілді. Осы жобалар
аясында, «Сапар Транс 2012» ЖШС-і ЕВРО 4 стан-
дартты «Dunsan» маркалы 15 автобус сатып алуға
945,0 млн. теңге, «Арай-логистик» ЖШС-і қонақ
үй комплексі бар бизнес орталығының құрылысын
жүргізуге 350,0 млн. теңге, «Нұралы» ЖШС-і сауда
орталығын салуға 120,0 млн. теңге және тағы басқа
да бизнес өкілдері жеңілдетілген несие алды. Ал
осы бағдарламаның аясында грант тетігі бойынша
инновациялық бизнес ойлап тапқан 8 кәсіпкерге
3 млн. теңгеден қайтарымсыз қаржы бөлінді. Бұдан
басқа, Индустрияландыру Картасына енген «Жам-
былгипс» АҚ-да өндірістік инфрақұрылымды дамыту
тетігі бойынша 82,1 млн. теңгеге газ және электр
қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, жайма шығаратын «MARK of
PERFECTION» ЖШС-і өндірістік базасын қосымша
электрмен қамтамасыз ету үшін 3 млн. теңгеге транс-
форматор орнатты. Қазіргі таңда 1 млрд. 163 млн.
теңгені құрайтын субсидиялау тетігі бойынша тағы
9 жоба қарастырылуда. Осы бағдарлама аясында
қаржыландырылған жобалар арқылы қосымша 169
жаңа жұмыс орны ашылып, қала тұрғындарының
әлеуеті артып отыр.
- Ағымдығы жылдың 10 ақпанында Үкіметтің
кеңейтілген отырысында Елбасы тұрғын үй
құрылысын жандандыру, инфрақұрылымдық жо-
баларды жүзеге асыруды жеделдету, шағын және
орта бизнесті қолдау, сонымен қатар халықтың
іскерлік белсенділігін және жұмыспен қамтылуын
қолдау бойынша бірқатар тапсырмалар беріп,
аталған шараларға қомақты қаржылар бөлді.
Осы шараларды іске асыру Тараз қаласында қалай
жүріп жатыр?
- Бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүріп
жатыр деп айтуға толық негіз бар. Атап айтқанда,
«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы
бойынша 2016 жылға жалпы 1 млрд. 647,3 млн. теңге
бөлініп, 1200 адамды жұмыспен қамту жоспарла-
нып, есепті кезеңде 352 адам қамтылды. Бағдарлама
аясында жоғарғы бюджеттер есебінен 523,6 млн.
теңге қарастырылып, қаладағы №7 мектеп-гимназия
ғимаратына – 300,8 млн. теңгеге, №56 орта мектеп-
ке – 78,4 млн. теңгеге, №6 балабақшаға – 70,0 млн.
теңгеге және №7 балабақшаға 74,3 млн. теңгеге
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал облыстық
бюджеттен бағдарлама әкімшілері арқылы 1 колледж,
13 денсаулық сақтау және 2 әлеуметтік, 1 мәдениет
салаларындағы ғимараттарын жөндеуге 636,3 млн.
теңге бөлінді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру
үшін 444,0 млн. теңге қарастырылған. «Жұмыспен
қамту жол картасы - 2020» бағдарламасынан
бөлек, экономиканы ынталандыру шаралары ая-
сында республикалық бюджеттен мектеп және
балабақшаларды күрделі жөндеу жұмыстарына
барлығы 699,5 млн. теңге қарастырылған. Оның
ішінде, №24 гимназияға - 257,9 млн. теңге, №32 орта
мектепке – 211,2 млн. теңге, №37 орта мектепке – 131,5
млн. теңге және №21 балабақшаны күрделі жөндеуге
99,0 млн. теңге қарастырылды. Сөйтіп, 2016 жылдың
I жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі
8 млрд. 275 млн. теңгені құрады. Оның ішінде,
бюджеттік инвестиция есебінен 4 млрд. 40 млн. теңге
немесе үлесі 49 пайыз. Ағымдағы жылдың соңына
дейін құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту
үшін бірқатар факторлар бар. Мысалы, жалпы қала
бюджетінде құрылыс жұмыстарына 10 млрд. 967
млн. теңге қарастырылған, оның ішінде «Нұрлы жол»
инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы
арқылы 7 млрд. 911,4 млн. теңге. Осы жерде айта
кетуіміз керек, жыл басында жоғары тұрған бюджет-
терден бөлінген трансферттер мен несиелердің көлемі
3 млрд. 888,4 млн. теңгені құраса, бүгінгі күні бұл
сома 13 млрд. 692,0 млн. теңгені құрап отыр немесе
3,5 есеге артқан. Осы экономиканы ынталандыру
аясында бөлінген қаражаттар инфрақұрылымдық
жобаларды жүзеге асыруға өз ықпалын тигізуде.
Жыл соңына дейін «Арай» тұрғын алқабында
2 тұрғын үй, Сүлейменов көшесінің соңынан
жоспарланған 15 мөлтек ауданында магистральдық
ішкі кварталдық су және телефон желісі бойынша
инженерлік жүйелерінің құрылысы, «Барысхан»
тұрғын алқабында қиыршық тас жол құрылысы,
сонымен қатар Жамбыл даңғылы, Б.Момышұлы,
Ы.Сүлейменов, С.Сейфуллин көшелерінде жылу
магистралінің телімдерін қайта жаңғырту жұмыстары
жүргізілуде. Ал «Қайнар», «Ақжол», «Мичуринец»
алқаптарын электрмен және газбен қамтамасыз ету
жұмыстары аяқталды. «Көктем» тұрғын алқабына
газ жүргізу, Жамбыл даңғылы және Тәуке хан
көшесіндегі жол өткелдерін, Песчанная, Октябрь-
ская көшелеріндегі су құбырын қайта жаңғырту,
«Бурыл-А,Б,В» алқабының су құбыры желілерін салу
жұмыстары да аяқталып отыр. Бұдан басқа, жеке
инвесторлар тарапынан коммерциялық нысандардың
құрылыстары аяқталып немесе жүргізіліп жатыр.
Атап айтсақ, Жамбыл даңғылындағы «Магнат» сауда
үйі, Төле би даңғылы бойындағы «МART» ойын-
сауық орталығы, Ташкент көшесінің бойындағы
әмбебап сауда үйі және Мәмбет батыр көшесіндегі
сауда үйі.
- Бүгінгі күні қала тұрғындарын толғандырып
отырған жай – тұрғын үй мәселесі. Үй алу
үшін кезекке тұрған азаматтардың өтінішін
қанағаттандыруда қандай жұмыстар
атқарылуда?
- Қазіргі таңда қалада 1235 көп пәтерлі тұрғын
үй бар. Жалпы қалада 13 мөлтек аудан және
«Арай» алқабындағы көп қабатты тұрғын үй кешені
орналасқан. Тәуелсіздік жылдары алғашқы бой
көтерген тұрғын алқап – «Астана» мөлтек ауданы
болды, оның құрылысы 2007 жылы басталды. Екі
жылға жуық мерзімде қаланың шеткі бөлігіндегі бос
жерге инфрақұрылымымен және әлеуметтік нысанда-
рымен жаңа үлгідегі көп қабатты үйлер тұрғызылды.
2008 жылдан бастап жалпы көлемі 40 гектар аумақта
«Бәйтерек» мөлтек ауданының құрылысы бастал-
ды. Бүгінде 6 қабатты 70 пәтерлі бір үй, барлығы
1460 пәтерді құрайтын 5 қабатты жиырма үш үй,
әрқайсысы 200 төсектік екі аурухана, 280 және 75
орындық екі балабақша пайдалануға берілді. Жеке
қаржылары есебінен «Арайстроймаркет» ЖШС-і 5
қабатты 75 пәтерлі екі үйдің, «Сенім» ЖШС-і тарапы-
нан 9 қабатты 240 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысы
жүргізілуде. Қалалық бюджет есебінен 1200 орынға
арналған мектеп құрылысының жобалық-сметалық
құжаттамалары әзірленуде, жобаны 2018 жылы іске
асыру күтілуде. Сондай-ақ 2014 жылы 14 гектар
«Арай» тұрғын алқабында көп қабатты үйлердің
құрылысы басталды. 2015 жылы «Тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі» желісімен әрқайсысы 65 пәтерлі екі
Нұржан КАЛЕНДЕРОВ,
қала әкімі:
// «Жамбыл - Тараз» // №41 (1329), 12 қазан 2016 Жыл //
Қала Күні
5
тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Осы жылы қосымша тағы екі 80 пәтерлі тұрғын үй
салынуда. Аталған үйлердің құрылысы ағымдағы
жылдың қыркүйек және қазан айларында аяқталады
деп жоспарлануда. Сонымен бірге, «Бином» ЖШС-і
ірі панельді 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысын
жүргізуде. Өздеріңізге белгілі, Сүлейменов көшесінің
соңынан жалпы көлемі 362 гектар 15-ші мөлтек
ауданын, «Автобекет» аумағынан жалпы көлемі
100 гектар 14-ші мөлтек ауданын тұрғызу - алдағы
жылдардағы негізгі бағыттарымыздың бірі. Бүгінде
Сүлейменов көшесінің соңындағы тұрғын алқапта
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым
желілерін тарту жұмыстары жалғасуда, ал «Авто-
бекет» аумағында бұл жұмыстар ағымдағы жылы
басталды.
Тұрғын үй құрылысын ынталандыру -
экономикалық өсімді қамтамасыз ететін негізгі
шаралардың бірі болып табылады. Елбасы тап-
сырмаларын орындау мақсатында шілде айында
«Арай» алқабында әрқайсысы 80 пәтерлі 6 үйдің
құрылысына облыстық бюджеттің ішкі резерві
есебінен 3 млрд. теңге несие бөлінді. Бұл үйлердің
құрылысы айналымы екі жылға арналған облигаци-
ялар шығару және оларды «Бәйтерек девелопмент»
АҚ-ы иеленіп, жеке құрылысшыларға құрылыс
жүргізуге тапсырыс беру арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ «Арай» алқабында барлығы 470 пәтерлік
тағы 6 үйдің жобалық құжаттары мен жер телімдері
«Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының
жарғылық капиталына беріліп, одан әрі «Бәйтерек
девелопмент» АҚ-ы арқылы жеке құрылысшыларға
тапсырыс беру жолымен құрылыс жұмыстары
басталады. Аталған 12 үйдің құрылысын 2017
жылдың І жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда.
Жеке құрылысшыларды ынталандыру мақсатында,
«Бәйтерек» мөлтек ауданында бір подъезді үйлер
салу үшін аукцион арқылы әрқайсысы 0,027 гектар
8 жер телімдерін беру қарастырылуда.
- Ал жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін
жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтардың
өтінішін қанағаттандыруда қандай жұмыстар
атқарылып жатыр?
- 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойын-
ша қалада жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер
телімдерін алуға 62305 адам кезекте тұр. Жыл
соңына дейін Сабалақов көшесінің бойынан 800 және
«Көлтоған» алқабынан 200-дей жер телімдерін беру
жоспарлануда. Сонымен қатар, алдағы жылдарға
Асқаров көшесінің соңынан 312 га, «Хамукат» 125
га, «Қарасай» 126,6 га алқаптарын электрмен, сумен
қамтамасыз ету желілері мен қиыршық тас жол
төсеу құрылысына жобалық-сметалық құжаттары
әзірленуде.
- Алдағы жылдары қала аумағында тағы да
бірнеше мөлтек аудандар бой көтеріп, әлеуметтік
нысандар тұрғындардың игілігіне берілетіні
белгілі. Дегенмен Тараз Ұлы Жібек жолы бойына
орналасқан тарихи қалалардың бірі. Туризмді
дамыту бойынша қала аумағында қандай шаралар
жүзеге асып жатыр?
- Тараз қаласы Ұлы Жібек жолының бойындағы
тарихи маңызы бар ірі қалалардың бірі болғандықтан,
қазіргі кезде шет ел сәулетшілерінің қатысуымен
көне Тараз қаласының қазба жұмыстары жүргізіліп
жатқан бұрынғы орталық базардың аумағына ескі
қала стиліне сәйкестендірілген тарихи-мәдени
ошақтарды, туристік, сауда-ойын-сауық нысандарын
орналастыру бойынша қайта құру жоспары дайын-
далуда. Бұл келешекте қаламызды бірегей тарихи-
мәдени және туристік аймаққа айналдыру жоспары
болып табылады. Оның үстіне келесі жылы Астана
төрінде «ЕХPO-2017» халықаралық көрмесі өтеді.
Көрмені тамашалауға келген туристердің дені ел
аумағын аралап тамашалауға ниет білдіріп отыр. Оның
қатарында көне қала Таразды да бетке алған туристер
үшін барлық қолайлы жағдай жасау мақсатында
көптеген жұмыстар жүргізілуде. Ал өткен жылы
Қазақ хандығының 550 жылдығы тойында қайта
жаңғыртылып, тіпті жаңадан бой көтерген тарихи
кешендерде туристер үшін сервистік қызмет түрін
арттыру жолдары бүгінде күн тәртібінен түспей отыр.
- Нұржан Сәбитұлы, өткен жылы Қазақ
хандығының 550 жылдығында жаңаша түрленген
көне шаһардағы көпшілік тамашалайтын
нысандардың қатарына тағы бір нысан қосылды.
Ол - Төле би даңғылы бойындағы «Гүлденген
Қазақстан» монументі. Расында, ел Тәуелсіздігінің
25 жылдығы қарсаңында тараздықтар үшін бұл
үлкен сый болып тұр.
- Иә, соңғы жылдары облыс орталығында
бой көтерген әлеуметтік нысандардың барлығы -
тәуелсіздіктің жемісі. Алдағы желтоқсан айында бүкіл
ел болып Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығы республика аумағында кең көлемде ата-
лып өтпек. «Гүлденген Қазақстан» архитектуралық
монументін көне шаһар тұрғындарының тәуелсіздікке
сыйы деп түсінген жөн. Оның үстіне, соңғы жыл-
дары қала аумағы кеңейіп, бой көтерген заманауи
архитектуралық нысандармен бұрында да атақ-
даңқы талай жерге жеткен Тараз тотыдай түрленіп
келеді. Енді «Гүлденген Қазақстан» монументалды-
архитектуралық кешенін қаламыздағы ең бір сәулетті
орындарға қосуға да толық негіз бар. Архитектуралық
монументтің жарқын келбеті – бұл композицияның
басты символы. Қазақ халқының ежелгі тарихы
түрік сақтарынан бастау алған. Шығыста арка-
мәңгілік махаббат пен бақыттың символы, шаңырақ-
мемлекеттің түп негізі отбасының бейнесі, сегіз
бұрышты жұлдыз Қазақстанның болашаққа бастар
жолы іспетті жобаның мағынасын аша түседі. Оның
биіктігі - 15,8 метр, көлемі - 3,5 метр. Сондай-ақ осы
монументтің жобасын жасап, сәулетін келістірген
азаматтардың да есімдерін атап кеткен жөн болар.
Яғни, суретші-монументші Аманат Назарқұлов
және сәулетшілер Асқар Рыспаев, Ильяс Бекежанов,
Жүсіп Суанбектердің творчестволық композициясы
бойынша Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жеткен
жетістіктері суреттермен айшықталған, ешқандай
артық атрибуттар қарастырылмаған.
- Жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін
қазан айының ортасындағы Қала күні қарсаңында
да игі істер бастау алған сыңайлы. Талай жыл-
дан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан
«Құмшағал» аумағындағы аспалы көпірдің
құрылысына жан біткендей...
- Рас айтасыз. «Құмшағал» аумағындағы көпір
мәселесі талай жыл бойы халық алдындағы есепті
кездесулерде де айтылып жүрді. Міне, бүгінгі күні
реті келіп, жұмыстар қолға алынды. «Нұрлы жол»
мемлекеттік бағдарламасының аясында Айша
бибі көшесіндегі жол өткелі қайта жаңғыртылуда.
Жұмысты жүргізуші мердігер компания - «Арай-
строймаркет-2003» ЖШС-і. Биылғы жылы облыстық
бюджеттен 16,958 млн. теңге қаражат бөлініп,
жұмыстары басталды. Сондай-ақ тағы бір мәселе.
Ол - қаланың қақ ортасындағы көлік көп қатынайтын
аумақтардағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті
көпірі. №12 Керімбай атындағы орта мектеп
жанындағы жерүсті жүргіншілер өткелінің құрылысы
аяқталып, ел игілігіне берілді. Тұрғындардың талап-
тілегін орындауда жергілікті билік хал-қарекетінше
жұмыстар жүргізіп жатыр. Осылайша, көп түйінді
мәселелер рет-ретімен шешілетіндігіне сенімдімін.
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан ерман ӘБдИев.
Түрленген Тараз.
Жаңғырған инфрақұрылым.
Жаяу жүргіншілерге тиімді.
Көпір құрылысы жанданды.