Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңірім. Тарих туралы сөз бола қалса, көне Таразды айтпай кету мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата12.03.2017
өлшемі8,12 Mb.
#8899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сұхбаттасқан ерман ӘБдИев.

Көрермен көзайымы.     Суретті түсірген а.қартабай.



 

„

қай заманда да мәдениет халық 



мүддесі үшін қызмет етіп келеді. 

ағылшын ойшылы Томас ман: «егер 

ұлттың театры болса, ол ұлттың 

тобырдан мемлекетке  айналғанының 

бейнесі» деген екен. Сондай мәдени 

ошақтардың бірі 80 жылдық тарихы 

бар Жамбыл облыстық қазақ драма 

театрымен бірге қара шаңырақтың 

астында өнерді дамытуға үлес 

қосып отырған Жамбыл облыстық 

орыс драма театры 14 қазан күні                                    

50-ші маусымын ашпақ. айтулы күн 

қарсаңында аталмыш мәдениет ошағын 

басқарып отырған ақылдос Тәжиевпен 

сұхбаттасқан едік.   

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1329), 12 қазан  2016 Жыл  //

Тұғыр

ПейішТің гҮліНдей 

ПерішТе Жыр

 

„

алты алаштың аманатын ардақтап, ұрпаққа жеткізіп, 



нағыз қазақ атанған қасиетті қара домбыраның қос 

ішегіндей өмірде де, өлеңде де жұптасып, жұмыр 

жалғанда ғұмыры ғазалдасып, өздері ғана емес, тарих пен 

тағдырды, парасат пен махаббатты, кешегі мен келешекті 

өлеңнің ұйқасындай ұштастыра білген жауһар жүректі, 

гауһар тілекті ақындар қайырбек асанов пен күләш 

ахметованың 70 жылдық мерейтойлары қара шаңырақ 

қарт шаһарда салмақты һәм салтанатты түрде аталып өтті. 

Нұржан СерІКХаНҰлЫ

Өмір  –  адамзат  баласының 

маңдайына  жазылатын  уақыттың 

шығармасы  іспетті.  Бір-бірінің 

маңдайына жыр болып жазылған қос 

ақын өмірде һәм өлеңде іңкәрліктің ізін 

қалдырып, өздерінің бір-біріне және 

қазақ әдебиетіне деген махаббатын 

мойындата  білді.  Әлі  де  мойында-

тары сөзсіз. Ал өлең – көңілдің оты, 

сезімнің теңізі. От пен судың, ақ пен 

қараның  арпалысы  арқылы  қағазға 

қонатын құдірет. Түсінгенге, нағыз 

өлеңнің киесі бабалардың қаны мен 

аналардың ақ сүтімен пара-пар. Руха-

ни кеңістікте таудан төменге қонбай, 

қазақ  шаңырағын  айналып  қатар 

ұшқан ақындар  Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов 

Жарасымды жыр-ғұмыр.   Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек.

пен  Қазақстан  Жастар  одағының, 

ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  лау-

реаты Күләш Ахметова  70-ші күзін 

Тараз төрінде қарсы алып, уақыттың 

уәжіне  жырмен  жауап  қатып,  Жам-

был облыстық қазақ драма театрын-

да    әдебиетсүйер  қауымның  басын 

қосып, мерейтойлық кеш берді. Жарты 

ғасыр  отасып,  әдебиеттің  ауылын-

да  шығармашылықтың  шаңырағын 

көтеріп, араларында сүйіспеншілік сал-

танат құрған қос ақынның қуанышын 

бөлісуге алыс-жақыннан ат терлетіп кел-

ген зиялы қауым өкілдері мен жырсүйер 

жастардың қарасы қалың болды. Облыс 

әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен 

ауқымды  шарада  ең  алдымен  мем-

лекет және қоғам қайраткерлері, сөзі 

сүйекті  ақын-жазушылардың мерейтой 

иелеріне және олардың әдеби өмірі 

жайлы айтылған оралымды ойлары 

мен пікірлері, ізгі лебіздері, әр жыл-

дардан ескірмес естелік болып қалған 

суреттері бейнеэкран арқылы жиналған 

көпшілікке көрсетіліп отырды. Ал сах-

на шымылдығы театрдың талантты 

һәм жас әртістерінің сомдауындағы 

әдеби-лирикалық, ретро-романстық 

көрініспен ашылды. Театрландырылған 

қойылымда әртістер уақытқа шегініс 

жасап,      Қайырбек  пен  Күләш 

ақынның    жастық  шағынан,  өмір 

көктеміндегі  көріністерінен  үзінді 

көрсетті. Шабыт шалқарындағы қос 

ақынның талықсыған жастық жалыны, 

студенттік сәті, бір-бірімен тұңғыш 

таныстығы,  әдебиет  ауылындағы 

асау сезімі мен махаббат аралындағы 

толқыныстары,  жырмен  кестелен-

ген  сырлы  сұхбаттары  әсерлі  сах-

наланды.  Тіпті  сезіммен  өрілген 

жылдардың, бұрымдай айқасқан жүрек 

тамырларының жанұя боп жұптасуы 

да жиналған жұрттың көңіл пернесін 

дөп басқандай. Әсерлі әдеби көріністен 

кейін рухани кештің ресми салтанатын 

ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар 

сыйлығының  лауреаты  Қалқаман              

Сарин  ашып,  жүргізіп  отырды.  Ал 

текті сөздің алғашқы тізгінін облыс 

әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов 

алып, қос ақынның қазақ әдебиетіне 

жылдар  бойы  қосқан  қабырғалы 

үлесін, қадау-қадау салмақты туынды-

ларын, бір сөзбен айтқанда, өшпейтін 

қолтаңбаларын  ерекше  атап  өтіп, 

мерейтоймен құттықтап, облыс бас-

шысы Кәрім Көкірекбаевтың лебізін 

жеткізді. Шапан мен қамзол жауып, 

мерейтой иелерінің мерейін асырды. 

Ал  астаналықтардың  құттықтауын 

арқалап алып келген мемлекет және 

қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбе-

ков өткен күндердің еншісіндегі өзекті 

сырлар мен естеліктерді айтып өтті. 

- 1968 жылдары белгілі ақын Өкім 

Жайлауов екі қызды жетектеп келіп 

маған  табыстаған  еді.  Соның  бірі 

бүгінгі  той  иесі  осы  Күләш  бола-

тын. Сонда Өкім: «Күләштан жақсы 

ақын шығады. Мырзаш, сен осыған 

қамқор  болшы»  -  деген  еді.  Күләш 

сондағы  бірегей  жоғары  оқу  орны 

Алматыдағы  ҚазҰУ-ге  түсіп,  онда 

үздік студенттердің бірі атанды. Озат 

шәкірттердің  қатарында  Қайырбек 

те  болды.  Бірі  Таластан,  бірі  Сыр 

елінен келген қос талантты жас өлеңде 

де,  өмірде  де  бірге  жетіліп,  бірге 

өркендеп,  бірге    өсті.  Қатар  аққан 

Талас пен Сырдария өзендерінің ара-

сын жалғап, бір жүректен гүлдеген 

сезімдерін  жыр  ғып  өрген  екеуі 

бәрімізді қуантып келеді.  Күләш аяу-

лы ақын, сүйікті жар, мейірімді ана, 

ақылды қарындас бола білді. Оның 

жанының  нәзіктігі,  сыршылдығы, 

мейірімділігі өлеңдерінен де көрініп, 

төгіліп тұрады. Поэзиясы тұнып тұрған 

адамгершілік, инабаттылық, кісілік, 

парасаттылық.  Жырларынан  кейде 

Қожа Хафиздің, Сағдидің үні естілсе, 

енді бірде Абаймен тілдескендей бола-

тын Күләш – періште ақын.  Сол  үшін 

оны бәріміз жақсы көреміз. Күләштің 

туған  жер,  туған  өлкені  жырлауы 

ақиық  ақын  Мұқағалимен  үйлесіп, 

үндеседі.  Қазақта  бұл  тақырыпты 

Мұқағали  мен  Күләштан  артық 

жырлаған ешкім жоқ, меніңше. Біздің 

Күләшті аялап, алақанында ұстап келе 

жатқан Қайырбектің де сонау Сырдағы 

жыршылдық  ортаның  қайнарынан 

шыққан тасқын талант екенін бәріміз 

білеміз. Оның да өнерінің бағасы биікте 

екенін айта аламыз, - деген ел ағасы 

қалам  иелеріне    арнайы  жолданған 

ҚР  Премьер-министрі  Бақытжан 

Сағынтаевтың Құттықтау хатын оқып 

берді.  Ол  хатта:  «Құрметті  Күләш 

Ділдәқызы! Сізді шығармашылықтың 

кемел  шағы  –  70  жасқа  толған 

мерейтойыңызбен  шын  жүректен 

құттықтаймын.  Ғибратты  ғұмырын 

поэзия дейтін әлемдік руханияттың 

ажырамас  бөлігін  дамытуға  арнап 

келе жатқан сіздің есіміңізді халқымыз 

көрнекті ақын,  өлең өлкесінің шы-

найы жанашыры деп ардақ тұтады. 

Сіздің нәзік те сыршыл сезімге  толы 

лирикалық  шығармаларыңыз  адам-

зат  баласын  адалдыққа,  туған  елін 

сүюге тәрбиелейді. Сонысымен ұлттық 

әдебиетіміздің  баға  жетпес  алтын 

қазынасына айналды. Бүгінде еліміздің 

аяулы  ақын  қызы,  Мемлекеттік 

сыйлықтың иегері ғана емес, ақындар 

әулетінің  ұйытқысы,  сүйікті  жар, 

ардақты  әже  атанып,  зор  құрметке 

бөленіп  отырсыз.  Құрметті  Күләш 

Ділдәқызы,  сізді  мерейтойыңызбен 

құттықтай отырып, кемел жасыңызда 

өзіңізге зор денсаулық, отбасыңызға 

баянды  бақыт,  еңбегіңізге  толайым 

табыс  тілеймін!»  деп  жазылыпты. 

Бұған қоса, Мырзатай Жолдасбеков 

қос ақынға  ҚР Мемлекеттік хатшы-

сы  Гүлшара  Әбдіқалықованың,  ҚР 

Парламенті  Мәжілісі  төрағасының 

орынбасары Гүлмира Исимбаеваның, 

Қа з а қ ст а н н ы ң   ха л ы қ   ә рт і с і , 

Қазақстанның  Еңбек  Ері  Айман 

Мұсаходжаеваның құттықтауларын да 

жеткізді. Тілек білдірушілер тізімінде 

ҚР    Премьер-министрінің  орын-

басары  Иманғали  Тасмағамбетов, 

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының 

бірінші  орынбасары  Мұхтар  Құл-

Мұхаммед,    Мәдениет  және  спорт  

министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, 

Энергетика министрі Қанат Бозымба-

ев, Қазақстан Жазушылар одағының 

басқарма  төрағасы  Нұрлан  Ораза-

лин,  Қызылорда  облысының  әкімі 

Қырымбек  Көшербаев,  Ақтөбе 

облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, 

ақын  Жадыра  Дәрібаевалар  да  бар.  

Кештің кейіпкерлері тілеулестердің 

ыстық  ықыласына  ғана  емес,  сый-

сияпатына да бөленді. Қос қаламгердің 

табиғаты  тарпаң,  адуынды  ақын 

інісі,  халықаралық  «Алаш»  әдеби 

сыйлығының  лауреаты  Маралтай 

Райымбекұлы  да  салтанатты  сахна 

төрінен  табылды.  Кеш  барысында 

әдебиетсүйер  талантты  жастар  мен 

күміс көмей, жез таңдайлар тарапынан 

екі ақынның жырына қанат бітірген 

әуезді әндер шырқалып, әсерлі оқылған 

өлең  шумақтары  жүрек  тебірентті. 

Әдеби  мереке  «Терасса»  мейрам-

ханасында  жалғасын  тауып,  онда 

«Егемен Қазақстан» республикалық 

газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан 

Қыдырәлі мен «Айқын» республикалық 

қоғамдық-саяси газетінің бас редакто-

ры Нұртөре Жүсіп, қазақ сән өнерінде 

өзіндік орны бар  «Сымбат» сән бизнесі 

академиясының президент-ректоры, 

экономика ғылымдарының кандидаты 

Сабыркүл Асанова мен жүрегі жыр деп 

соққан бірқатар атқамінер азаматтар, 

зиялы қауым өкілдері келелі пікірлерін 

көпшілікпен бөліссе, облыс басшысы 

Кәрім Нәсбекұлы той иелеріне су жаңа 

темір тұлпардың кілтін табыс етті.  



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1329), 12 қазан  2016 Жыл  //

аҚ Қауырсын

11

маңдайы,

мақТаНышы 

ТҮркілердің! 

 

„

осыдан XXI ғасыр 



бұрын алып ғұн тайпасы  

гоби шөлін басып, алтай 

тауын асып, Талас пен 

аса өзенінің аңғарында 

Тараздың іргесін қалағаны 

тауарихтан белгілі. батыс пен 

шығысты байланыстырған 

азиядағы құтты орда атанған 

шаһарымыздың ол кезде  

ешбір қаланың маңдайына 

жазылмаған өзінің алып 

теңге сарайы да болды. бұған 

қоса, сонау түркі әдебиеті мен 

мәдениетінің құнды жәдігері, 

Жүсіп баласағұнның «құтты 

білігі» де осы топырақта 

жазылған еді. айта берсек, 

азулы аңыздар да, дастанға 

сыймас деректер де жетерлік. 

қарт шаһар туралы шығыстың 

жыр жауһарлары да аз жазған 

жоқ. бір сөзбен айтқанда, 

әулиеата топырағы -  батырлар 

мен ақындардың алтын 

бесігі. мыңжылдықтардың 

мінберінен бой көтерген Тараз 

қаласының бүгінде шаңырағы 

күнмен, керегесі көкжиекпен 

теңесіп, тағы бір торқалы 

тойын атап өткелі отыр. 14 

қазан  қала күніне орай, ақын, 

қр мемлекеттік сыйлығының 

лауреаты, Жамбыл облысының 

құрметті азаматы күләш 

ахметованың көне шаһар 

туралы жазылған өлеңдер 

циклін жариялауды жөн 

көрдік.

***

Тақ Тараз. Жалқы Тараз жаһандағы,

Түп қазық, туған үйім Отандағы.

Ықылым замандардың шаңы жұққан,

Шаһарлы шежіремнің қаһарманы!

Тегім – сен, кітабым сен – парағы алтын.

Сен – дәлел, дамыса егер, дала халқы.

Милед пе, миллениум бе, саған да тән –

Дәуірге сәлем бердің дана қалпың.

Маңдайы, мақтанышы түркілердің!

Ұйысқай рухыңмен ұлтым енді!

Жамбы атып, жарысса – озған, нұр тілеулі

Еркесі ем еркіндікке ынтық елдің.

***

Көшеңе жұлдыз ауылы көшіп келіп,

Жаңа үйлер жатыр екен қосып көрік.

Баяғы төрт қақпалы қамал емес,

Бұ күнде қала – тыныш, есікте – кілт.

Қағазға қауырсын боп қадалатын,

Ақынға жақсы болар самала түн.

Маңдайға біте бермес бірсыдырғы,

Халқына, қаласына адал әкім.

Абсенттей жүйріктерің жүлдеңді ілген,

Қашанда қасиетіңді білгенмін мен.

Қалады ел жадында, тарихында –

Тұлғалар туған жерін гүлдендірген.

***

Ақбақайдың алтыны, Шудың мысы.

Қаратаудың байлығы – бұл күнгісі.

Алынбақшы алауы – келешегі.

Тоғайында тотысы, бұлбұл құсы.

Тасып аққан Таластың шағын көргем,

Төскейіңнен мыңғырып малың да өрген.

Алақанға ал да сал, нәсіпті елім,

Алла саған нығметін, дәнін берген.

Келешегін ойлаған біртуары,

Керегедей қабысқан ынтымағы,

Емізігі кеппеген бесікті елдің

Ақ жарылқап алдынан Күн туады!

***

Берілген ұлылардан бағасы – шың.

Тарихтың салиқалы саласысың.

Киелі, әулиелі, көне Тараз,

Сүюдің, сұлулықтың қаласысың!

Сүюдің Айша бибі бопты Арындай,

Далада қызға ескерткіш жоқ та мұндай.

Кезінде Шах Жаханның Мұмтазға арнап,

Өлмейтін Тәжмахалды соққанындай.

Малыңды есте шығар жұт алғаны,

Дарақты отын етіп бұтарладық.

Көрінген күндік жерден күмбездерді,

Дариға-ай, Тәжмахалдай күте алмадық…

***

Білемін өтелмеген борышымды,

Керекте бере алмадым қол ұшымды.

Бар еді таудай-таудай армандарым,

Жеткізбей кейбіреуін жел ұшырды.

Достарға соға алмадым мені күткен,

Күтеді сонда да олар зор үмітпен.

Таласқа түскендей-ақ алтын елдің,

Қайтамын махаббатына шомылып мен.

Қадайды желегіме жеңгем де үкі,

Жабады иығыма белдер күпі.

Пейіштің төріндейсің, төркін қала,

Жүрегім – қай уақта да сендердікі!

***

Құлың боп кетсем деген құлыныңмын,

Жұпары бұрқырайды бұрымымның.

Екі мың жасқа келген бабам менің,

Шыңы сен – елдік асыл ұғымымның.

Құлагер шығатын-ды ерек құлын,

Бөлектеу болып еді бөбек күнім.

Жасыңды жамағаттың тойлағаны –

Басымды июіме себеп бүгін.

Ізіңді сұрыптадым зейініммен,

Көзімді сусындаттың мейіріммен.

Сен қанша ғасырларға барсаң-дағы,

Барасың осы ғажап пейіліңмен.

***

Әуелгі көрген түсім, көрген өңім,

Әуеңде ақ құс болып тербелемін.

Алғашқы жүрегімнен жыр ұшқан жер,

Күтіңдер, кешіксем де мен келемін.

Ақынын сағынады… күтеді олар,

Қабағын қарлығашқа шыта ма олар?

Сендердің көздеріңде – бала қалпым,

Баяғы бәтес көйлек, шыт орамал.

Әуелгі басқан жерім, сүйген жерім,

Әуелгі қуанғаным, именгенім.

Әлемді шарлап қайтып, саған ұшып,

Бір өмір – сағынғанда бір көргенім.

дайындаған Нұржан СерІКХаНҰлЫ

***

Ел жаққа барып қайттым сәуірде мен,

Ауылды тербетеді дәуір-кеме.

Кеменің кемерінен күлкісі аспай,

Аспанға жаутаңдайды қауым неге?

Бақ пен сор елдің екі қанатындай,

Көз жасы тілсіз құмға таматындай.

Тағаты таусылмаған сабыры үшін,

Осы елдің отын Алла жағатындай.

Асулар ұстағандай күнге бағыт,

Шыдамды ел, жігеріңді, шыңда да, күт.

Күн жақта – сенің соңғы ұлы үмітің,

Құйылар Құдай берсе, құмға да құт.

***

Құбылған жел айдаған көш қаншама?

Құп еді – ойланса әке, ескерсе – ана.

Жат ықпал қара сел боп қаптағанда,

Халқыма ең керегі ес пен сана.

Ес – көмек, ештемені ұмытпауға,

Сана – сеп бір Алланы ұлықтауға.

Баласы ек біз Адамның азат туған,

Айналды құлындарды құрықтауға.

Басқаның құлағына құйғаны – нәр,

Бас қамын білетіндер «миға» құмар.

Сүйіңдер туған елді, тұлғалылар,

Отанын сүйгендердің иманы бар!

***

Жан Тараз, жақұт таққан тәжім менің!

Жанымнан кетпей қойған сазым менің!

Жанары кең даланың жабылмаған,

Жарқырай түсіпсің-ау қазір керім!

Көркемім, шырағы бар маңдайында,

Жарыған жасыл гүлзар, тал-қайыңға.

Қандай боп, не күн кешер екенсің сен

Жаһандық ғаламдасу жағдайында?!

Тілекшің – түн ұйқысын қиған ақын,

Ырзасың перзенттік сәл сыйға да тым.

Алдымен Алла, сосын халқым үшін –

Таңдағы мінәжатым, ғибадатым.

***

Жұлдызым Жібек жолы бойындағы,

Өреңді өркениет мойындады.

Боз бие шалып, күтіп тұрған той бұл –

Борт үзіп, бостандыққа бой ұрғалы.

Сәулеттің шаһардағы мәні күшті,

Баһарда бар табиғат бағынышты.

Бәдіздің бәйшешегі мың жылдан соң,

Көзімнің бір тамшысын қанып ішті.

Алдыңда мыңжылдықтар өлшенбеген,

Сол кезде  көзім болсаң, сен сөнбеген.

Бабамның алған дінін балам ұстап,

Бал тілде сөйлер халқым мен сөйлеген!

***

Ақ қала. Алтын қала. Абат қала.

Кім ашар тарихыңды қабат-қабат?

Халыққа тиген үлес әділ емес,

Тарихтан тиген соққы сабақ та – ағат.

Түсірмес асылыңды шаңдақ құмға,

Туса да ақылды қыз, ардақты ұлдар.

Торғыным, тозып кете жаздап едің…

Ұлы елге ұлы Азаттық келді уақытында!

Егемен елдің бала жігіт кезі.

Еменнің шырыны аққан шыбық кезі.

Торсықтай шекемізде той үстінде

Жанып тұр күн көзіндей үміт көзі!              

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №41 (1329), 12 қазан  2016 Жыл  //

КелбеТ

Ғажап  сәттің  сиқырын  сезініп, бір  демнің  арасында  фотоаппа-



рат  нүктесін дәл басып қалу шарт. Әйтпесе, картина қас пен көздің 

арасында бояуын жоғалтып үлгереді.  Сурет өз нысанасына дөп тиіп, 

оны ойдағыдай  сәтті  шығару мың тамшы көрініс пен бір тамшы 

үйлесімділіктің нәтижесінде. Туындылары Тараз төрі мен төңірегі, 

сұлулары мен түнгі көріністерінен бастау алған «Арай» облыстық жастар 

газетінің танымал фототілшісі Алтынбек Қартабаймен кездесіп, сиқыры 

мен сұлулығы  жарасымын тапқан суреттері жайлы сыр шерткен едік.

-  Алтынбек, киелі қаламыздың көрікті жерлерін фотоға басып 

жүргеніңізді білеміз. Әсіресе, кешкі Тараз суреттері әлеуметтік 

желілерде талқыға түсіп, көпшілікке танылды. Сам жамырап, 

шырақ жағылар сәттің сіз үшін  не тылсымы бар?

-  Әркім өзінің өскен ортасын көрсеткісі, танытқысы келеді. Түнгі 

қаланы кім, қалай түсіреді? Кімде қандай көзқарас бар? Түнгі 12 мен 

1-лер шамасында немесе кез келген уақытта, кез келген ғимаратты 

түсіруге болады. Бірақ маған кешкі санаулы уақыт, яғни күн ұясына 

батып, қала үйлерінің шамы жарқыраған сәтті түсіру қатты ұнайды. Әр 

уақыттың өз сұлулығы бар. Ал сұлулықты кім, қалай көрсете алады? Күн 

жаңа батқанда аспан бірден қарая қоймайды. Түні қоюлана қоймаған 

аспан мен нысанаға алған ғимараттың жарығы үйлесіп, әдемі бейне 

береді. Міне, сол бояу, сол көріністі түсіру - мен үшін ғажап.



- Мәселен, бір суретті түсіруге секунд та жетеді. Бірақ ол сәтті 

шығады ма, шықпайды ма,  мәселе сонда  ғой.  Жалпы шығармашылық 

уақытыңыз қандай? 

- Ең алдымен түсірілетін ғимаратты ойлап, ойша қай жерден алатыны-

ма дайындалып жүремін. Кешкі сағат 7-лер шамасында сурет түсіруге 

кіріссем, 8-ге дейін 40 шақты кадр жасалады. Сол 40-қа жуық фото ара-

сынан небәрі екі сурет қана көрсетуге, көруге тұрарлық болып шығады.

- Бұл өнерге қалай, қашан келдіңіз?

- 1998 жылы пленкаға келдім. 2000  жылы студияға келдім. Бір фотограф 

студияға келіп суретке түсті.  Сол кісі маған: «Халтура түсіресің бе?» - деп 

сұрады. Мен басымды изедім. Себебі дәл сол сәтте не сұрап тұрғанын 

ұға қоймағанмын. Кейін кітаптарды оқып, ізденіп жүріп, халтура мен 

профессионализм  адамның көзқарасынан басталатынын ұқтым. Сосын  

сұрастыра  келіп, әлгі  кісінің  Кеңес үкіметі тұсында  керемет фотограф 

болғанын естідім. Үнемі 3-4 суретті түсірсең, соған қалыптасып қаласың. 

Бұл ақша табу деген сөз. Бірақ тойда жүрген жігіттердің  жұмысын  жоққа  

шығара  алмаймын. Мәселен, тойға шығып та  ерекше  идеяларды тауып 

жүргендер  бар. Міне, бұл шығармашылыққа жақын. Жалпы фотограф  

бірнеше салаға бөлінеді: студиялық, той, портрет,  макра, репортаж  

дегендей. Бұрын  мен көне  тарихи  жерлерді түсіргенмін. Қазір портрет 

жанрына ойыстым. Портрет түсірудің ерекшелігі кез келген нәрсенің 

жақсы қырын тауып алуға болады. 

-    Портрет    жанрындағы    туындыларыңыздың    басты                                 

кейіпкері  –  Тараз арулары. Мұның мәні неде? 

-  Иә, кез келген бейтаныс  қызды түсіремін. «Суретке түсесің                             

бе?» - деп сұраймын. Көбіне  құнының қанша екенін білгісі келіп, қанша 

ақша төлейтінін сұрайды. Әрине, тегін түсіремін.  Жалпы қыз балаға 

портрет түсіру себебім, әлеуметтік желіде қыздар ашық-шашық, кеудесін 

көрсетіп, ернін шығарып, жағымсыз кейіпте суретке түсіп жатады. Ерсі 

көрінеді. Соларға қарапайым сұлулықты, ешқандай ерсі қылықсыз, әдемі 

көріністегі бойжеткеннің де әдемі екенін дәлелдегім келеді. 



-  Суретшінің  көзімен қарағанда, қиял мен шынайылықты 

қиюластырған сіздің салада қандай қиындықтар, кемшіліктер, 

идеялар бар? Я  болмаса , көз жеткен жерге өзіңізді жетелеп жүрген 

мақсатыңыз қандай?

- «Кім, не түсіріп жүр?» деген оймен қызығушылық танытып, 

Қазақстандағы барлық  әріптестермен  жиі байланысып отырамын. 

Көбінесе фотографтардан: «Архив жинайсың ба?» - деп сұраймын. 

Олардың басым көпшілігі  жинамайды. Әдемі кадр, әдемі күлкі, небір 

образдар жойылып кетеді. Бұл, бәлкім, фотографтардың той түсіріп 

жүргендігінен шығар. Ал мен өз стилімде, тарихта таңбасы қалатындай 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет