гидрологиялық константалары. Суарудың топырақта жүретін процестерге
және микроклиматқа әсері. Суармалы егіншіліктегі топырақтың ылғалдық
режимінің ерекшеліктері. Топырақтағы ылғал мөлшерін молайту, оны
ысырапсыз сақтап қалу және егіншілікке тиімді пайдалану шаралары.
Топырақтың ауа режимі (жүргісі) және оны реттеу. Топырақ пен
атмосфера арасындағы газ алмасудың агротехникалық маңызы. Газ алмасу
факторлары. Топырақтың ауа рехимін реттеу тәсілдері. Топырақтың ауа
және ылғал режимдеріннің өзара байланыстылығы.
Топырақтың жылу режимі және оны реттеу. Мәдени өсімдіктердің
жылуға қоятын талаптары. Жылу көздері. Топырақтың жылулық
қасиеттері мен құрама бөліктері. Олардың топырақ құрылысына,
гранулометриялық құрамына, жер бедеріне және агроландшафтың басқа
көрсеткіштеріне байланыстылығы. Топырақтың тоңдануы мен жібуі. Жер
бедері әр түрлі бөлімдерінің жылу режимі. Егіншілікте топырақтың жылу
режимін реттеу тәсілдері.
Топырақтын қоректік заттар режимін реттеу. Топырақтағы
қоректік заттардың динамикасы мен режимі, оның сілтілік-қышқылдық
және сіңіру қабілеті. Топырақтағы қоректік элементтерінің қоры, олардың
өсімдіктерге
сіңімділігі.
Өсімдіктер
сіңіре
алмайтын
қоректік
элементтердің олар оңай сіңіре алатын турге алмасуы. Өсімдіктер
қоректенуінде топырақтың және микроорганизмдердің алатын орны.
Егіншілікте топырақтың қоректік режимін реттеужолдары. Интенсивтік
егіншілікте топырақ құнарлығын жақсартудағы нормативті-технологиялық
негіздеодің маңызы.
Топырақтың құнарлылық моделі (үлгісі). Топырақ құнарлығы
моделі туралы түсінік. Топырақ қасиеттерінің оңтайлы параметрлері.
Топырақ эрозиясы және оның даму заңдылықтары. Топырақ
эрозиясы мен дефляция туралы ұғым, олардың туу себептері. Эрозия
турлері, даму механизмі, келтіретін зияндары. Эрозияға ұшыраған,
топырақтың қасиеті мен белгілері. әр түрлі дәрежеде эрозияға ұшыраған
топырақтың құнарлылығы. Жел және су эрозияларымен күресудің кешенді
шаралары (ұйымдастырушылық, агротехникалық, орман мелиорациясы,
гидромелиорациялық шаралар). Ауыл шаруашылығы дақылдарын эрозияға
төзімділігі қабілетіне байланысты бағалау. Егінжайда эрозияға қарсы
12
жүргізілетін шаралар. Суармалы жерлерде топырақты ирригациялық
эрозиядан, екінші рет тұзданудан және батпақтанудан сақтау. Істен шығып
бүлінген және қалпына келтірілген жерлерді (рекультивация) пайдалану
ерекшеліктері. Экологияға төзімді егіншілік ланшафтысын жасау.
3 Тақырып Арамшөптер және олармен күрес
Арамшөптер туралы түсінік. Арамшөптер, арамшөп қоспасы немесе
ластаушылар, маманданған және қоқыстык (рудералдық) арамшөптер
туралы
түсінік.
Арамшөптердің
егіншіліктегі
зияндылығы.
Арамшөптердің егіншілікке келтіретін негізгі зияндары: ылғалды,
қоректік заттарды мәдени өсімдіктерге қарағанда көп мөлшерде
пайдалануы,
ауылшаруашылық
дақылдарының
аурулары
мен
зиянкестерін тарататын орта болуы, улылығы және басқа зиянды
жақтары.
Арамшөптердің агрофитоценоздағы орны. Агрофитоценоздың
калыптасуы, оның табиғи фитоценоздан айырмашылығы, түрлік
құрамы мен құрылымы.
Арамшөптердің
зияндылық
шектері.
Арамшөптердің
үлестік
зияндылығы.
Зияндылықтың
фитоценотикалық
статистикалық,
экономикалық шектері.
Арамшөптермен
күресу
әдістерін
топтау.
Арамшөптермен
күрестің принциптері мен белгілері. Алдын ала сақтандыру шаралары,
арамшөптерді әртүрлі тәсілдер (физикалық, механикалық, химиялық,
биологиялық,
фитоценотикалық,
экологиялық,
ұйымдастырушылық,
кешенді) арқылы жою.
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары. Карантиндік
шаралар, тұқымды тазалау, органикалық тыңайткыштарды дұрыс
дайындау және сақтау, суару суының тазалығы.
Арамшөптермен агротехникалық жолмен күресу. Арамшөптердің
топырақтағы тұқымдарын (араңдату және тереңге сіңіру), вегетативтік
көбею мүшелерін (механикалық, әлсірету, тұншықтыру, аздыру,
кептіру, үсіту, тарап алу) жою әдістері. Көктеп шыққан арамшөптерді отау
(тырмалау, культивациялау және т.б.).
Арамшөптермен күресудің биологиялық әдісі. Арамшөптермен
күрестің
биологиялық
әдісінің
бүгінгі
жағдайы
мен
келешегі.
Арамшөптерді
биологиялық
әдіспен
жою
үшін
бактерияларды,
саңырауқұлақтарды, немотодтарды, жұмыр құрттарды, кеміргіштерді,
табиғи жауларын, мәдени өсімдіктердің бәсекелестігін, ауыспалы егісті
және басқа шараларды пайдалану.
Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері. Гербицидтердің
арамшөптерге әсерінің механизмі, оларды жіктеу, қолдану тәсілдері,
мерзімі және қолданудың тиімділігін анықтайтын жағдайлар. Негізгі
ауылшаруашылық дақылдары егістіктерінде, жайылымдықтар мен
шабындыктарда
гербицидтерді
қолдану.
Гербицидтерді
қолдану
техникасы, олармен жұмыс істегеңдегі сақтандыру шаралары.
13
Гербицид қолдаңудың экологиялық тәртібі. Арамшөптермен күресудің
кешенді шаралары.
4 Тақырып Ауыспалы егістердің ғылыми негіздері
Ауыспалы егіс туралы түсінік. Ауыспалы егіс, егіс көлемінің
құрылымы, бірдақылдылык (монодақылдылық), алмаспайтын (үзіліссіз)
дақыл, қайталап себілген дақылдар, пайдаланылатын жерлер туралы
түсініктер.
Ауыспалы егістердің дамуы тарихы. Ауыспалы егістердің ғылыми
негіздері дамуындағы көп жылдық далалық тәжірибелердің атқаратын
ролі.
Дақылдарды
алмастырып
егудің
себептері.
Дақылдарды
алмастырып
егудің
химиялық,
физикалық,
биологиялық
және
экономикалық себептері.
Парды және дақылдардың жеке топтарын алғы егіс ретіңде
сипаттау. Парлар және олардың ауыспалы егістегі рөлі, алғы дақыл
ретіңдегі маңызы мен сипаттамалары. Парларды жіктеу, олар туралы
осы күнгі көзқарастар.
Көп жылдық екпе шөптердің, отамалы, жаппай себілетін дәнді-
бұршақты, дәнді дақылдардың ауыспалы егісте алатын орны мен
маңызы.
Ауыспалы егістерді жіктеу. Өндірілістін негізгі өнім түріне
байланысты ауыспалы егістің далалык, мал азықтық (ферма жанындағы,
шабындық-жайылымдық), арнайы типтерге бөлінуі.
Ауылшаруашылығы дақылдары мең пардың арақатынасымен
анықталатын түрлерге жіктелуі. Ауыспалы егісті танаптар саны
бойынша жіктеу.
Ауыспалы егістерді құрудың принциптері. Қазақстанның әр түрлі
егіншілік аймағында (далалық, қуаңшыл-далалық, суармалы және тәлімі
егіншілік аудандарында) ауыспалы егістерді құрудың агроэкологиялық
принциптері: бейімделу, биологиялық және шаруашылық, экономикалық
пайдалылық, ұрық алмастыру, мерзімдік, үйлесімдік, егісті пайдалану,
мамандандыру.
Далалық, мал азықтық және арнайы ауыспалы егістердің негізгі
буыңдары, олардың танаптарының көлемі мен пішіні. Ауыспалы егіс
айналымы.
Ауыспалы егістердің аймактық ерекшеліктері. Далалық және
құрғақ далалық аймақтардағы егістік ауыспалы егістер. Егістік
ауыспалы егістер схемалары. Оңдағы ауылшаруашылық дақылдары
мен парлардың арақатынасы (меншікті үлесі). Топырақты қорғау
ауыспалы егістері және олардың схемалары
.
Мал азықтық ауыспалы егістер. Мал азықтық ауыспалы егістің
түрлері (ферма жанындағы, шабындық жайылымдық), олардың схемалары
.
Көлтабан арқылы суарылатын жерлердегі дақылдар кұрамы және
14
ауыспалы
егістері.
Ауыспалы
егістерді
бағалау
көрсеткіштері
(агротехникалық, экономикалық және энергетикалық).
5 Тақырып Топырақ өңдеу
Топырақ өңдеудің ғылыми негіздері. Топырақ өңдеу және оның
маңызы мен мақсаттары. Топырақ өңдеудің негізгі маңызы. Топырақ
өндегенде жұмсалатың еңбек, қаражат, жанар-жағар майлар мөлшері.
Топырақ өңдеудің мақсаттары: танапты копсыту, ылғал қорын жинау,
топырақтың
кұнарлылығын
арттыру
және
сақтау,
топырақты
эрозиядан қорғау, өңделетін кабаттың құрылымы мен құрылысын
жақсарту, танаптағы зиянды организмдерді жою, топыраққа өсімдік
қалдықтарын, органикалық, минералдық, жасыл тыңайтқыштарды сіңіру
және басқалар.
Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық операциялар. Топырақ
өңдегенде жүретін технологиялық операциялар: топырақты аудару,
қопсыту,
араластыру,
тегістеу,
тығыздау,
арамшөптерді
қырқу,
микробедерлер (микрорельеф) жасау және оларды қолданудың ғылыми
негіздері.
Топырақты өңдеу тәсілдері мен әдістері. Топырақты негізгі оңдеу
тәсілдері, жүргізу техникасы
және құралдары. Топырақты механикалық
өңдеу тәсілдері: жерді аударып өндеу немесе жырту, тегістеп жырту,
жерді аудармай жырту, жазықтілгішпен еңдеу, топырақты өңдеудің
роторлы және кұрамалы әдістері, оларды жүргізу техникасы және
құралдары. Топырақты механикалық өңдеу әдістері: топырақтың беткі
қабатын, кәдімгі (орташа), терең және тым терең өндеу.
Топырақты терең және арнайы өңдеудің тәсілдері: фрезалау,
саңылаулау, ін тәрізді қуыстар жасау, қат-кабаттап жырту, плантажды
жырту.
Топырақтың беткі қабатын өңдеу тәсілдері: сыдыра жырту,
культивациялау, тырмалау, тығыздау (катоктау), шлейфтеу, қарық тарту,
ұялау, түптеу, шоқтау, мала басу (малалау).
Қазақстанның далалық және құрғақ далалық аймақтарында
жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі. Бір жылдық жаппай
себілетін дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу. Сүдігер жырту,
оның теориялық негізі мен маңызы. Сүдігер өңдеудің мерзімі және
тереңдігі.
Олардың
топырақтың
агрофизикалық
қасиеттеріне,
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері.
Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Отамалы
дақылдардан кейін танаптың жағдайы (арамшөптерден, аурулар мен
зиянкестерден тазалығы). Жаппай себілетін быр жылдық дақылдармен
салыстырғанда отамалы дақылдардан кейін судігер өңдеу ерекшеліктері.
Екпелі көп жылдық шөптерден кейін сүдігер өндеу жүйесі. Екпелі
көп жылдық шөптердің топырақтын физикалық қасиеттеріне әсері. Екпелі
көп жылдық шөптердің қыртысын негізгі өндеуге қойылатын талаптар.
15
Көп жылдық шөптердің кыртысын өңдеу мерзімі мен терендігі, олардың
маңызы.
Көктемде топырақты негізгі өңдеу. Топырақты көктемде негізгі
өңдеудің себептері, олардың жүргізілу мерзімі және тереңдігі. Көктемде
топырақты негізгі ендеудің кемшіліктері.
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі. Егін сепкенге дейінгі
топырақ өндеу жүйесі туралы түсінік. Егін себер алдындағы топырақ өндеу
жүйесінің маңызы және мақсаты, жүргізу кұралдары.
Егін сепкеннең кейін топырақ өңдеу жүйесі (егісті күтіп-баптау).
Егін сепкеннең жинағанға дейін жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесі,
маңызы, мақсаты, жүргізілу мерзімі және тереңдігі, құралдары.
Топырақты минималдық, нөлдік және жылдам өңдеу. Топырақты
минималдық өндеу. Топырақты минималдық өңдеудің мақсаты,
бағыттары, ерекшеліктері, құралдары.
Топырақты нөлдік өңдеу. Топырақты нөлдік өңдеу туралы түсінік,
оған осы күнгі көзқарас. Нөлдік өңдеудің топырақтың негізгі
қасиеттеріне тигізетін әсері.
Топырақты жылдам өңдеу. Топырақ өндеу жылдамдығы, оның
еңбек өнімділігіне, топырақ өңдеу сапасына әсері.
Топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру. Жер жырту,
терен қопсыту, культивациялау, тырмалау, сыдыра жырту, егін себу және
басқа далалық жұмыстардың жүргізілу сапасын бағалау.
6 Тақырып Егіншілік жүйелері
Негізгі
түсініктер,
егіншілік
жүйелерінің
даму
кезеңдері.
Шаруашылықты жүргізу жүйесі. Егіншілік жүйесі. Егіншілік жүйесінің
түрлері: қарапайым (тыңайған, тыңайтылған жерлер, кесіп-өртеу, ағаш
танапты), экстенсивті (парлы, көп танаптық-шөптік, шөп-танапты және
басқа егіншілік жүйелері) және интенсивті (жеміс алмастыру, өндірістік-
зауыттық және басқалар).
Егіншілік
жүйелерінің
ғылыми
негіздері.
Егіншілік
жүйелерінің теориялық негіздері: егіншіліктің жалпы зандылықтары,
топырақтын кұнарлылығы туралы ілім, топырақты эрозиядан қорғау
мәселелері. Егіншілік жүйесінің тиімділігі.
Егіншілік жүйелерінің негізгі буындары. Шаруашылықтың
жерін дұрыс ұйымдастыру және ауыспалы егістер жүйесі. Топырақ өндеу
жүйесі,
тыңайтқыштар
жүйесі,
мелиоративтік
шаралар,
өсімдік
зиянкестері, аурулары және арамшөптермен күресу жүйелері, тұқым
шаруашылығы, машина жүйесі. Топырақты эрозиядан сақтау және
қоршаған ортаны корғау шаралары.
Қазақстандағы интенсивті егіншілік жүйелері. Дәнді-парлы, дәнді-
парлы-отамалы, топырақ қорғау, жеміс алмастыру, отамалы (өндірістік-
зауыттық), агроландшафтық егіншілік жүйелері
.
16
Ұсынылатын әдебиет тізімі:
1 Тұрарбеков А.,Иванников А. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. - Алматы,
1990.-216б.
2 Земледелие. /Под ред. Профессора С.А.Воробьева. – М., 1991.-288б
3 Ә.Ә. Әуезов, Т.А. Атақұлов, Н.Ш. Сүлейменова, Қ.Ш.Жаңабаев.
Егіншілік. – Алматы, 2005-344б.
4 Бараев А.И., Сулейменова М.К. және т.б. Почвозащитная система
земледелия. – Алматы, 1976.-305б.
5 Доспехов Б.А. және т.б. Практикум по земледелию. - М.; 1987.-383б.
6 Жанзақов М.М., Егіншілік [Электронный ресурс].- Кызылординский
государственный университет им. Коркыт Ата 2010. - 400 б.
7 Жемпиисов Ш.С., Сейтказинов Д.Т. Егіншілік [Электронный ресурс].-
Костанайский государственный университет им. А.Байтурсынова 2006.
8 Әуезов Ә.Ә.,Атақұлов Т.А.
Егіншілік [Электронный ресурс]-
Кызылординский государственный университет им. Коркыт Ата 2005. -
344 б.
9 http://hitagro.ru/zemledelie/
10 http://agronomiy.ru/zemledelie.html
11 http://www.kodges.ru/tehnika/171716-obshhee-zemledelie.html
17
3 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы
1 Тақырып Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасына
қойылатын талаптар
Астық және астық өнімдері - тағамның негізгі көзі. Астық және
бұршақ дақылдарын стандарттау. Қазақстанның дүние жүзілік астық
өндірудегі орны. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін химиялық құрамы мен
сапасына байланысты пайдалану.
Астық
сапасын
нормалау.
Кондицияның
түрлері.
Дайындау
кондициялары: базистік және шектеулік. Астықты өткізгенде есепке
алынатын сапалық көрсеткіштер. Сапа көрсеткіштерін жіктеу. Азық-түліктік,
мал азықтық және техникалық мақсатқа арналған астықтың сапалық
көрсеткіштері. Жаңа жиналған астықтын, қасиеттері.
Астық корының қойма зиянкестерімен зақымдануы. Астықтын
ылғалдылығы мен ластылығы. Бұл көрсеткіштерді белгілі бір өлшемге
келтіру. Олардың өнім құнына әсері.
Белгілі бір мақсатқа пайдалануға арналған жекелеген дақылдардың
сапа көрсеткіштері: көлемдік салмағы, ірілігі және біркелкілігі, қабығының
қалыңдығы, өзек құрамы, мөлдірлігі, өну энергиясы мен өну кабілеттілігі.
Бұл көрсеткіштерді белгілі бір өлшемге келтіру. Бидайдың нандық қасиеті.
Желімтіктің құрамы мен қасиеті. Желімтік мөлшері мен сапасы және оған
әсер ететін факторлар. Күшті және қатты бидай, олардың маңызы және
олардың сапасын анықтаудағы ерекшеліктер. Жоғары сапалы күшті және
қатты бидай.
Үсіген, өнген және кызған, сол сияқты қандаламен зақымданған
дәндердің морфологиялық-биохимиялық және технологиялық ерекшеліктері.
Дәнде улы заттардың пайда болу себептері. Ауыл шаруашылық жағдайында
астық топтарын сапасына қарай іріктеу және қоймада орналастыру. Астық
сапасын анықтау әдістері.
Тұқымды қабылдау және орналастырудың ережелері. Тұқымның
сапасына байланысты сатып алу бағасына жүретін қосымша үстеме немесе
құнын кеміту.
Техникалық дақыдарды стандарттау. Қант қызылшасын өткізуде және
оны өңдеу кезінде қанттылығын есепке алу. Бұл көрсеткіштің құнына
тигізетін әсері.
Картоп, көкөніс, жеміс-жидек - бағалы тағамдар. Жемістер мен
көкөністерді стандарттау. Жеміс, көкөніс өнімдері стандарттарының
құрылысы. Белгілі мақсатқа пайдалаңуына байланысты жеміс, көкөніс,
картоп өнімдеріне қоятын негізгі талаптар. Өнімдерді тасымалдауда және
сақтауда қойылатын талаптар. Олардың сапасын анықтаудың стандарттық
әдістері. Жеміс, көкөніс өнімдерін дайындау ерекшеліктері мен олардың
сапасына тигізетін әсері.
18
2 Тақырып Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтаудың жалпы
қағидалары
Ауылшаруашылық өнімдері - сақтау объектісі. Абиотикалық және
биотикалық
факторлардың сақтау объектілеріне әсері. Биоз принциптері
(эубиоз, гемибиоз) және оларды ауыл шаруашылығында пайдалану.
Анабиоз принциптері. Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау және
өндеуде оларды тұрақты күйге келтіретін негізгі әдіс (ацидоанабиоз,
осмоанабиоз, термоанабиоз, ксероанабиоз).
Ценоанабиоз принципі және оны ауыл шаруашылық өнімдерін
консервілеуде пайдалану. Абиоз принципі және оны ауыл шаруашылығында
пайдалану. Температуранын көмегімен немесе химиялық, механикалық
жолдармең залалсыздандыруды ауыл шаруашылығында қолдану.
Сәуле арқылы залалсыздандыруды пайдаланудың болашағы. Күн
сәулесін және басқа да сәулелерді қолдану.
3 Тақырып Азық-түліктік, мал азықтық қорларды және
тұқымдық дәңдерді сақтаудың теориясы мен тәжірибесі
Астықты сақтау объектісі ретінде сипаттау. Физикалық қасиеттері
(сусымалылығы, өздігінен екшеленуі, қуыстылығы, сорбциялық қасиеті,
жылу-физикалық қасиеті. Бұл қасиеттердің астықты сақтау және өңдеу
тәжірибесіндегі маңызы.
Астықты сақтау кезінде жүретін физиологиялық процесстердің жалпы
сипаттамасы.
Сақтау кезіндегі дәндердің тыныс алуы. Оларға әсер ететін факторлар.
Астық пен тұқымның қауіпті ылғалдылығы туралы түсінік. Дәндерді
сақтау кезінде газ алмасу процесі. Тыныс алу нөтижесінде дәндегі құрғак
заттың азаюы. Жинап алғаннаң кейінгі дәннің пісуі, оның биохимиялық
және биологиялық маңызы. Әртүрлі факторларға байланысты жинап
алғаннаң кейін пісіп жетілу кезеңінін ұзақтығы. Астық пен тұқымдардын
сақталу мерзімі туралы түсінік. Түкымның ескіруі, көнеруі.
Дән мен тұқымның сақталу кезіндегі өсіп-өну қүбылысы, оның
себептері және бұл құбылыстың алдын алу шаралары. Дән мен тұқымды
сақтауда
микроорганизмдердің
әсері.
Астық
массасында
микрофлоралардың пайда болуы және олардын сипаттамасы. Эпифитті
және паразитті микрофлоралар. Астық массасында микробиологиялық
процестердің әсерінен болатын дән салмағының өзгеруі мен сапасының
төмендеуі.
Астық қорынын зиянкестері. Кенелер, жәндіктер, кеміргіштер мен
құстардан келетін шығын. Астық пен қоймалардың кенелермен және
жәндіктермен зақымдалуы. Қойма және астықтағы кенелер мен
жәндіктердің кобеюін шектеу жолдары. Астық қорын жәндіктерден қорғау
шаралары. Алдын алу тәсілдері.
Дәндерді кеміргіштерден қорғау. Дезинсекция және дератизация
жұмыстарын жүргізудегі қауіпсіздік шаралары.
19
Астық массасының өздігінен қызуы, оның пайда болуына әсер етуші
жағдайлар. Өздігінен қызудың тұқымдық, азық-түліктік және мал азықтық
өнімдердің сапасына әсері. Өздігінен кызу құбылысының түрлері және
оның даму фазалары. Өздігінен қызу жағдайымен күрес шаралары.
Ауыл шаруашылығында қолданылатын астықты сақтаудың тертібі мен
тәсілдерінің жалпы сипаттамасы. Астықтың температурасы, ылғалдылығы
және ауа алмасуы (аэрация) - сақталу мүмкіндігін анықтайтын негізгі
көрсеткіштер.
Астықты құрғатып сақтау тәсілінің теориялык негізі. Астық дақылын
салқындату тәсілі. Ылғалдылығы жоғары астықты сақтауда табиғи салқын
ауаны пайдалану.
Астықты ауасыз кеністікте және әртүрлі газды ортада сақтаудың
теориялық негізі. Дән және тұқым қорларын химиялық жолмен
консервілеу. Мал азықтық астықты сақтау үшін карбон қышқылын
пайдалану.
Астықты сақтау кезіндегі төзімділігін арттыру шаралары. Астық
массасын қоспалардан тазалау. Астықты белсенді желдету. Бұл әдістің
маңызы. Күштеп желдету. Күштеп желдетудің тиімділігі және ұзактығы. Достарыңызбен бөлісу: |