І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
Бабыр кейде оқиғалар мен түрлі тартыстарды авторлық
ұстанымы негізінде өзінің ішкі қайшылықтары арқылы құрып
отырады. Мысалы: «Үлкенді-кішілі бауырларым азды-көпті жаман-
дық жасағанымен, оларға өшпенділік ойлау маған жат қылық
көрінетін де, жамандыққа жамандық жасау әркімнің қолынан
келеді деп көңілімді жұбататынмын» деп [4, 145 б.], ішкі сырын жан
дүниесінің түп тереңінен орын алған ішкі монолог арқылы жеткізуге
тырысады. «...мемуарлық (өмірбаяндық) т. б. жанр түрлерінде қара-
пайым түрде қолданылатын ішкі ой-монолог, диалог, түс көру, еске
алу т. б. секілді көркемдік тәсілдер психологиялық прозада еріксіз
күрделеніп, кейіпкердің ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, рухани
әлемді қазбалай талдауға талпынады. Өйткені, жанрдың табиғаты
мен стиль ерекшелігі соны талап етеді» деп пайымдайды Г. Пірәлиева
[5, 16 б.].
Бабыр реті келгенде адамзаттың рухани әлеміндегі ең
маңызды мүдде дидактикалық тағлымды шығыстық үлгімен шебер
пайдаланады. Өмірдегі ымырасыздықтың кесапатынан адам баласы-
ның қандай жағдайға душар болатынын нақты мысалдармен
көрсетіп отырады. Ол жастарға осыдан жиреніңдер деп тәлім айтып
отырғандай: «Бұзықтық пен зинақорлық Сұлтан Махмұт мырзаға
бақытсыздық алып келді, оның ұлдарының бәрі жас кезінде дүние
салды» деп жазады [4, 48 б.]. Тағы бірде шиенеліскен оқиғаны баяндай
келіп: «Құсайын Бақидың жағдайын естіп, жолын торып, оны оп-
оңай қолға түсірді. Бақиды өлтіріп, оның әйеліне үйленді, бірақ
ол өз опасыздығының сазайын тартты. Адамға жамандық жасасаң,
алдыңнан шығадының кері келді» деп, кеселді қылықты сынға алады
[4, 185 б.]. Шығармасындағы көрініс тапқан зұлымдық атаулы сол
күйінде авторлық санамен сараланып, оның ішкі әлемінен хабар
береді. Мына жолдар да кейіпкердің азғын қылығын әшкерелейді:
«Қожа Абдолла – ұяттан безген, зинақор, бұзылған адам еді. Соның
салдарынан ауруға ұшырап, үстін жара қаптап, ақыры аяқ-қолынан
айрылып сал болып, біраз жыл қорлық көріп, ғұмыр кешті де, осы
ауру оның түбіне жетіп, бұ дүниемен қоштасты» [4, 255 б.]. Көбінде
ізгілік атаулыны сүйіп айтатын ғұлама, осы келтірілген үш бірдей
жағдайға үкім айтып отырған секілденеді. «Қайырымдылыққа жол
сілтеген адам – жасампазбен бірдей бағаланады», – дейді [4, 359 б.] ол
ар-ождан мәселесін сөз еткен тұста. Бабыр осылайша келер ұрпақтың
жүрегін оятып, оларды озат мақсат-мұраттарға тартуға ұмтылады.
Соғысты сипаттау кезінде соғыс тақырыбынан бұрын оның
көрегендігі көбірек байқалады: «...Қарама-қарсы шекіскен әскер
біріне-бірі жақындап, айқаса кетті. Екі жақтың әскерінің ортаңғы
40
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
тобы күн мен түннің тоғысар сәтіндей тоқайласты. Оң қанат пен
сол қанаттың айқасының айбаттылығы сондай – жер қайысып, көк
күңіренді» [4, 371 б.].
Автор табиғат пен әрекетті салыстыра зерделейді. Бұл – Бабыр-
дың оқырманды баурап алу үшін қолданып отырған эстетикалық
бағыттағы ұстанымы. Тіпті соғыс көрінісінен де сұлулық іздегендегі
тұстары оның өз көркемдік әлемінің пердесін ашып көрсете
алатындай. Бабыр тағы бірде тегеурінді, кескілескен шайқасты
көрсетеді: «Мыңдаған атты-жаяулы лашкердің айқасынан көтерілген
шаң бұлтқа айналып, күннің көзін жауып, соғыс алаңының үстін шар-
бып қалды, сатырлаған қылыш-найза жай отындай жарқылдады.
Ат тұяғының ұшқыны жанар таудың шашыранды шоқты тасы
сияқты айқұш-ұйқыш от шашады» деп [4, 342 б.], шаңды бұлтпен,
қылыштың жарқылын жай отымен, тұяқ ұшқынын вулканның
шоқты тасымен салыстыра отырып, оқиғаның тартымдылығын
арттыра түседі. Оқиғаны бейнелеуде табиғат құбылыстарын адам
әрекетімен баламалап, байланыстыра бейнелейді.
Бабырдың өзі бас кейіпкер болғандықтан мұрадағы жүйені
өз өмірінің ізі мен жүріп өткен жолы арқылы сипаттаған. Автор
өзі көзі көрген елеулі оқиғаларын 1493 жылдан бастап 1529 жылға
дейін күнделікті жазып отырған. Мұндағы хронологияның сақталуы
еңбектің тарихи деректілігін сақтауға септігін тигізген.
«Бабырнама» – шағатай тілінде 1526 жылдан бастап жазылған
тарихи шығарма, Орта Азия халықтарына ортақ құнды мұра.
ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша тарихи жазбаның дүниеге келуі-
нің 460 жылдығы 1990 жылы қазан айында Ташкентте тойланып,
1993 жылы ғылыми-теориялық симпозиум өткізілген. «Бабырнама»
алғаш аударылып, халыққа ұсынылған кезде оны «қазақ халқының
тарихы жазылған шығарма» деп танығандар көп болды. Қазақтың
зиялылары да бұл пікірмен келіседі. Себебі Бабырдың бұл еңбегінде
бүгінгі қазақ, өзбек, түрікмен сияқты түркітектес халықтардың құра-
мындағы ру-тайпалардың тарихы баяндалған. Сол ғасырдағы бір-
қатар қазақ хандары, қоғам қайраткерлері, батырлары, ақындары
туралы құнды деректер жазылған. Ежелгі қазақ жерінің табиғаты бұл
шығармада көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп, анық суреттелген.
«Бабырнамада» қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, Қасым
туралы, Хасен, Әли сияқты ақындары, тарихшы бөлесі Мұхаммед
Хайдар Дулати жөнінде тарихи деректер бар. Сол сияқты қыпшақ,
дулат, жалайыр, арғын руларынан шыққан қолбасыларға, Ұлықбек
сияқты қоғам қайраткеріне Бабыр нақты мінездеме берген. Оның
әскери іс, музыка, заң ғылымы, тәлім-тәрбие жөнінде жазған көптеген
41
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
туындылары бар екенін білеміз. Сонымен қатар «Бабырнамада» Темір
әулетінің билік құрған кезеңі сипатталады. XV-XVI ғасырлардағы
Ферғана, Хиндустан аймағындағы халықтардың тарихы, хандар
арасындағы билікке, жерге, таққа таласып жүргізген соғыстары
жайлы егжей-тегжейлі баяндайды. Жаңа қалалардың салынуы,
архитектурасы туралы жазады. Үндістан және Орталық Азия
халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен этнографиясын, мәдениетін
толық қамтыған бұл туын-дыны қазақ тарихына өзек бола алады
десек, қателеспейміз.
Бабыр ғазалдарының лирикалық кейіпкері небір дәстүрлі
мифтерде кездесетін фантастикалық персонаж емес, ол – Бабырдың
өзі. Ақын өзінің болмысын, табиғатын жасандылықтан мүлде таза
шынайы сезім тұрғысынан танытады. Ол өзін қоршаған әлемнің сан
қилы құбылыстарына, тағдырға мойынсұна білетін жұмыр басты
пенде екендігін ұмытпайды. Сондықтан да Бабыр ғазалдары жалпы
адамзаттың жүрек түкпіріне жылы тиіп, терең орын алады. Ол
дүниенің барлық ғажайыптары мен кереметтерінің адамның рухани
жан дүниесіне қарағанда түкке тұрмайтындығын адами болмысымен
табиғи түрде бере біледі:
Мұнда бәрін жоғалттың атақ, алтын, дәреже,
Солар үшін құрбан ғып, жанды сату дұрыс па? [4, 286 б.]
Автор «Бабырнамасында» жастарды зұлымдық атаулыдан
бойын аулақ салуға үндейтін тәрбиелік мәні зор өлең жолдарын
жазып кетуді мақсат тұтқан:
Бір зұлымдық жасасаң, тартасың бір азабын,
Өзгерте алмас ешкім де табиғаттың заңдарын.
Ақын адамның басынан кешкен әрбір жағдайдың оған ғибрат
болып, адамзатты парасат пен игілікке жетелейтінін мына бір
жолдар арқылы көрсетеді:
Жақсы-жаман өткен істің сабақ алсаң бәрінен,
Түбі қайыр болар ақыр шипа алғандай дәріден [4, 234 б.].
Бабыр лирикасы адам образын ашуда жүрек пен ақылдың
арасындағы бітіспес тартысты адамның сыртқы әлемі, өмір ағысы-
мен біте қайнастыра тұтас бірлікте алып қарастырады. Лирикалық
кейіпкер автордың өзі болғандықтан, ол ішкі әлемінің ешкімге
42
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ұқсамайтын даралығын таныта отырып жырлайды. Барлық ойшыл-
дарға тән өлім мәселесі «Бабырнамада» да кездеседі:
Жүз жыл, мейлі бір күн өмір сүре біл,
Тоқтар бір күн шаттық сүйген жүрегің.
Өзінің өзекті жанға тән алуан түрлі күйзеліс-қуаныш үстіндегі
нәзік көңіл-күйін қаныпезер қатал заманның озбырлығына төтеп
берер орасан зор рухани күші арқылы көрсетеді.
Түркі поэзиясына Бабырдың тағы бір қосқан үлесі – төрттаған
жанры (төрт тармақты рубаи). Көлемі шағын мұндай лирикалық
өлеңдер философиялық, танымдық, тәрбиелік, сүйіспеншілік
мәселелері жөнінде сөз қозғайды. Бір сөзбен айтқанда, төрттаған –
көлемі шағын болғанымен, мүмкіндігінше мол мәліметті жинақтап,
тұжырымдайды. Мазмұн, пішін жағынан болсын рубаи жанрын
түркілік ортаға орнықтырып, мінсіз төрттағандар қалдырған
Науаидан кейін Бабыр еді. Оның төрттағандарында нәзік сыршыл
сезімге толған мағыналық ұйқас, сыртқы көркемдік бітіммен үйлесе
келе ақын талантын айғақтай түседі. Бабыр рубаиларындағы тұрақты
тақырыптардың бірі «отан» тақырыбы. Бабыр:
Бөтен елде ұмыт болдың сен адам,
Жүрегімен аяйды өзін тек адам.
Бір сағат та қызық көрмей сандалдың,
Отаным деп қайғы жұтар мәңгі адам [4, 225 б.].
деп, жат жұртта, туып-өскен елі мен жерін аңсап, сағынышқа толы
көңіл күйін білдіретін рубаиларында бөтен елде өз отанын аңсаған
жанның мұң-зарын білдіреді. Оның отанына, сүйіктісіне арнап
жазған рубаиларының көпшілігін «жел» ұғымы арқылы беріледі.
Жел үғымын қолданған рубаилар көбіне автордың желге қарата
айтқан монологы түрінде келеді:
О, самал жел, жетсең егер кипаристің бағына,
Жалғыздықтан жапа шеккен жеткіз жүрек дерегін.
Аямады ол, еске алмады Бабыр жайлы тағы да,
Тәңір түбі тас жүрегін жібітер деп сенемін [4, 275 б.].
Бабыр бұл рубаида өз жүрегіне жақын көретін аяулы асыл
адамына деген өкпе-назын, онсыз жүрегінің жалғызсырайтынын
жел арқылы білдіруге тырысады. Бабыр өлеңдерінде көтерілген
43
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
сан-салалы тақырыптарды жинақтай келе зерттеуші И.Ч. Хаккулов
оның рубаиларын шартты түрде екіге бөледі. Біріншісі, дәстүрлі
тақырыпта жазылатын төрттағандар, ал екінші, белгілі бір жайттарға
байланысты жазылған рубаилар. Ғалым Бабыр шығармашылығында
осы екінші арнаның басым түсетінін ерекше атап көрсетеді [6, 175 б.].
«Бабырнамада» автор сырқаттанып қатты ауырып қалғанын
баяндай келе, мына рубаиды осы оқиғаға арнағанын жазады:
Күндіз күйіп, дене ыстығым артады,
Түнде көзден ұйқым алыс қашады.
Азап, төзім бойды аңдыса қалады,
Төзім бітіп, азап асып барады [4, 256 б.].
Ойшыл ерлікті, батылдықты мадақтап, қоян жүрек қорқақтықты,
опасыздықты әшкерелеп көрсетеді. Патша тағына таласып, өзара
қырық пышақ болып қырқысып жатқан феодалдық соғыстардың
адам табиғатына жат, жиіркенішті жақтарын зор білгірлікпен
суреттеп көрсетеді.
Жиһанкез Бабыр өзі жүрген жерлердің табиғатын – тауларын,
өзендері мен көлдерін, орман-тоғайларын, аңдары мен құстарын
нағыз суретшіге тән шеберлікпен бейнелейді. Автор қара сөзбен
айтып жеткізе алмаған кейбір ғажайып көріністерді лирикалық өлең
жолдарымен суреттеп өтеді. Әлемге есімі мәшһүр шығыстанушы
ғалым, академик В.В. Бартольд «Бабыр-наменің» көркемдік
дәрежесін жоғары бағалай келіп, оны «түркі тіліндегі прозалық
шығармалардың ең жақсы үлгілерінің бірі» деген еді.
Бабыр өзінің туған бөлесі, қазақтың белгілі тарихшы-ғалымы
Мұхаммед Хайдар Дулати туралы да өз пікірін айтқан: «Хайдардың
әкесін өзбектер өлтірген соң, ол менің қарамағыма келіп, үш-төрт
жыл тұрды. Кейін рұқсат сұрап қашқарға, ханға кетті. Жұрттың
айтуы бойынша, ол енді бұрынғыдай емес, байсалды болып, дұрыс
жолға түсіпті. Қолы әрбір іске епшіл-ақ: жазуға да, сурет салуға да,
жебе ұстауға да ұста. Өлең сөзге де дарыны бар. Маған жазған өтініші
келген еді: сөз саптауы жаман емес» [4].
«Бабырнамада» тарихта болған көптеген көрнекті адамдардың
– қол бастаған батырлардың, ғалымдардың, сәулетші-шеберлердің,
ақындардың, тағы басқа өнер адамдарының бейнесі сипатталып,
тарихи адамдардың бәрі бір-бірімен шығарманың ең басты тұлғасы
– Бабырдың өзі арқылы байланысады.
Ұлы Абай, Шоқан Уәлиханов және Мұхтар Әуезовтер кезінде
«Бабырнаманы» ерекше зейін қойып оқыған, бұл еңбекті қазақ
44
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
халқының тарихына, ертеректегі тілі мен әдебиетіне, этнография-
сына тікелей қатысты шығарма деп есептеп, қазақ халқы тарихына
қатысты жақтарын ашып, көрсеткен. «М. Әуезов ақындық тұғыры
биік тұрған Науаиды емес, ғұмыр бойы өзін ұлы шайырдың шәкірті
санап кеткен, Науаидан қырық екі жас кіші Бабырды алдымен
ауызға алады, – деп жазады Н. Келімбетов, – Өйткені кезінде қазақ
қауымына Науаи ғазалдарынан гөрі «Бабырнама» жақсырақ таныс
еді. Неге? Мұның сыр-себептері көп. Біріншіден, «Бабырнама» қазақ
қауымының тарихына, рухани өміріне тікелей қатысы бар, қазақ
еліне өте-мөте жақын туынды екенін жоғарыда айттық. Екіншіден,
«Бабырнама» кезінде Орта Азия түріктерінің әдеби тілі болған
шағатай тілінде жазылғаны мәлім. Ал шағатай тілінің құрамында
араб-парсы сөздері басым болып келеді [2, 310 б.].
Ғабитов Т.Х.»Бабырнамада» халықтың үш сипатты белгісін
атап көрсетуге болады дейді: жеңімпаздық, әскери басымдылық;
еркіндікті сүю, бөтен билікке төзімсіздік; бөтен көмекке онша сенбеу,
жауапкершілікті тек өзіне қабылдау, сонымен бірге басқа елдердегі
қандастарын өзіне тарта білу [7]. Бабыр шығармашылығында
исламдық құндылықтар мәселесі негізгі орын алады. Ол өз
мемлекетінде исламға жат нәпсіқұмарлық пен шарапқұмарлыққа
қарсы арнайы жарлық шығарып, нақтылы әрекеттерге барған,
терең құдық қаздырып, бүкіл арақ-шарапты төктіріп отырған,
патшақұмарлықпен күрескен. Исламдық құндылықтар үшін
ұмтылысты өзінен бастайды:
О, жаным, неге күнә алдында дәрменсізбін дейсің сен?
Тыйылу да, байқап қара, тәттіліктен емес кем.
Бұл өмірде күнәға батсаң егер қаншалық,
Тыйған істен ләззат алдым дей бер онда соншалық...
Өлімді кім көп ойласа, сен көңілге түйіп қой,
Сол тек тыйым салынған көп істерден тез тартар бой [4, 359 б.].
Өмірдегі ымырасыздықтың кесапатынан адам баласының нендей
жағдайға душар болатынын нақты мысалдармен көрсетіп отырады.
Ол жастарға осыдан жиреніңдер деп тәлім айтып отырғандай:
«Бұзықтық пен зинақорлық Сұлтан Махмұт мырзаға бақытсыздық
алып келді, оның ұлдарының бәрі жас кезінде дүние салды» деп
жазады [4, 48 б.]. Табаламаса да үндеу салғандай болып отыр. Тағы
бірде шиенеліскен оқиғаны баяндай келіп: «Құсайын Бақидың
жағдайын естіп, жолын торып, оны оп-оңай қолға түсірді. Бақиды
өлтіріп, оның әйеліне үйленді, бірақ ол өз опасыздығының сазайын
45
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық
бірегейленудің философиялық негіздері
тартты. Адамға жамандық жасасаң, алдыңнан шығадының кері келді»
деп, кеселді қылықты сынға алады [4, 185 б.]. Туындысындағы көрініс
тапқан зұлымдық атаулы сол күйінде авторлық санамен сараланып,
оның ішкі әлемінен хабар береді. «Қайырымдылыққа жол сілтеген
адам – жасампазбен бірдей бағаланады» дейді ол, ар-ождан мәселесін
сөз еткен тұста [4, 359 б.]. Бабыр осылайша келер ұрпақтың жүрегін
оятып, оларды озат мақсат-мұраттарға тартуға ұмтылады.
Қорыта айтқанда «Бабыр-наме» – шын мағынасындағы
энциклопедиялық шығарма. Мұнда ғылымның сан түрлі салалары
жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық
тарихына, этнографиясына қатысты материалдар Бабырдың осы
еңбегінде мейлінше көп жинақталған.Орта Азия мен Үнді елінде
ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың бас кезінде болған тарихи
оқиғаларды, сол кездегі феодалдық қарым-қатынасты дәл осы
кітаптағыдай толық ашып көрсететін бірде-бір тарихи жәдігер жоқ.
Захир ад-дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» мұрасы оқырманды
рухани-эстетикалық ләззатқа бөлеп, таным-түсінігін кеңейтетін
және дүрбелең кезеңді тарихи аяда көркем бейнелеумен қатар,
адамгершілік құндылықтарды өнеге етіп, имандылыққа шақыратын
тағылымды туынды.
Әдебиеттер
1 Дж. Неру. Открытие Индии. – М., 1955. – 272 с.
2 Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 264 б.
3 Бабур З.М. Избранная лирика Востока, – Ташкент,
Гл. ред. «Шарк»,
2006.
4 Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама (Б.А. Қожабеков ауд.). –
Алматы: Ататек, 1993. – 448 б.
5 Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері.
(Түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлемі) – Алматы: Алаш, 2003. –
328 б.
6 Хаккулов И.Ч. Рубаи в узбекской классической литературе. Поэтика и
история жанра. – Ташкент: АКД, 1975. – 387 с.
7 Ғабитов Т.Х. «Бабырнама» және тарих философиясындағы түркілік
үрдістер // Қазақтың тарих философиясы, 6-том. – Астана: Аударма, 2006. –
512 б.
46
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ
ҮДЕРІСТІҢ ЗЕРДЕЛЕНУІ
2.1 М. Х. Дулати – қазақ тарих философиясының негізін
қалаушылардың бірі
Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі
рухани күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне он бес жыл
енді ғана толған Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік
пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі
болып отыр. Барлық ізгі рухани белсенділіктер басылып қалатын
құлдық жағдайдан шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу қазіргі
жаhандастырудың қатаң бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-
экономикалық дербестікпен қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды
қажет етеді. Бұл үшін замана ағымына лайықты сырттан енгізілген
соңғы, бірақ руханилықтан жұрдай жалаң технологияларды енгізу
жеткіліксіз, мәңгүрттік және марги-налдық жағдайдан арылу үшін
ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты өмірқамын қамтамасыз ететін
төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүние-
танымды, рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы
қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек.
Осындай рухани бастаулардың бірі, халқымыздың мәдени
дамуына өзіндік ықпал еткен ғұламалардың бірі – XVI ғасырда өмір
сүрген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл әрі тарих-
шы, ақын әрі дарынды қолбасшы Мырза Мұхаммед Хайдар бен
Мұхаммед Құсайын-көреген Дулат. Көбіне Мырза Хайдар деген ат-
пен белгілі Дулатидің рухани мұрасы ортағасырлық рухани жәдігер
ретінде шетелдерде, Үндістанда, Пәкістанда, Батыс Еуропада кеңінен
танымал болғанымен, империялық солақай саясаттың салдарынан
өз елінде тарихи танымнан тыс қалды.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің дүниетанымдық көзқарастарын,
тарих философиясының көрнекті өкілі ретіндегі оның ұлттық
философиялық жүйедегі алатын орнын тікелей талдамас бұрын,
ойшыл тарихшының туып-өскен ортасы мен өмірбаянына, оның
47
ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
ата-бабалары мен дулат руы туралы мәліметтерге, оның қалдырған
еңбектері мен олардың зерттелу деңгейіңе қысқаша тоқталуды жөн
көрдік.
Мырза Мұхаммед Хайдар уақытында моғол тайпаларының,
кейіннен қазақ халқының этникалық құрамына енген тарихта ежелден
бері белгілі көне түркілік дулат тайпасынан шыққан. Қазақтың
шежіресінде Дулат руы Үйсін тайпалар бірлестігінен тарайды. Демек
дулат біздің жыл санауымыздан бұрын тарихи сахнасында өзіндік
ізін қалдырған, қытай жазба деректерінде «У-Сунь» деген атпен
белгілі Үйсін мемлекетінің құрамында болған. Бұл идентификацияға
оның территориялық орналасуын тарихи қайта қалпына келтіру де
сәйкес келеді. «Ханьнама», «Батыс өңірінің шежіресі» деп аталатын
қытай жылнамаларындағы соны деректердің мәліметіне сәйкес
үйсін күнбиінің (патшасының) бір ұлы Далудаға еншілікке іле бойы
беріледі. Бұл ел Далу (Дулу, Доғлат) аталады.
С.Е. Маловтың зерттеуі бойынша Күлтегін тас жазуындағы
Бүмын қаған, оның інісі Естемес қаған да Дулу тайпасынан болған.
Көптеген түркі тайпаларымен, басымыл (арғын), найман, қоңырат,
үйсін тайпаларымен одақтасып, дулаттар біздің заманымыздың
515 жылы жужандарға бағынышты болуын тоқтатып, Юебан (Үрбі)
одағын құрған. Ал Бумын-қағанның, Естеми-қағанның тұсында
әлемдік тарихтан ойып тұрып орын алған Түркі қағанатының
шекарасын ол заманнан алты жүз жыл кейін өмір сүрген Махмұд
Қашғари өзінің «Диуани лұғат ат-түрки» еңбегінде былайша
белгілейді: «Қазіргі бүкіл түркі елінің шекарасы Абискүн (Каспи)
теңізінен айналып Рүм елінен, Өзкенттен шығысқа дейін созылады.
Ұзындығы сегіз мың парсақ».
Мырза Хайдар туралы негізгі мәліметтер оның өзінің «Тарих-и
Рашиди» шығармасынан белгілі. Оның ата-бабалары Моғолстан
мен Шығыс Түркістанның саяси тарихында үлкен рөл атқарып,
Қашқарияны жеке-дара билегендері белгілі. Оның текті тұқымнан
тарайтын даңқты шежірелік тегі былайша тарқатылады: Бабда-хан
→ ... → Ұртұбу → ... → Полатшы → Құдайдат → Сейіт Ахмет → Сейіт
Әлі → Мұхаммед Хайдар мырза → Мұхаммед Құсайын → Мырза
Мұхаммед Хайдар.
Бұлардың бірқатары Моғолстан мен Қашқардың тарихында
маңызды рөл ойнаған: Мырза Хайдардың өзінің айтуынша, Ұртұбуға
моңғол хандарының өзі Қашқарияны (Маңлай-Сүбені) сыйға
тартқан; Полатшы болса, Моғолстанның тағына Тоғлық-Темірді өзі
отырғызған (1362 жылы қайтыс болды); Құдайдат моғол ұлысында
ұлысбегі болып, моғолдардың білдей алты ханын таққа отырғызған;
|