Философия, саясаттану



Pdf көрінісі
бет6/34
Дата12.03.2017
өлшемі1,97 Mb.
#8950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Әмір  Сейіт  Әлі  Уәйіс-ханның  (1428  жылы  өлтірілген)  даңқты 
қолбасшысы  болып,  Қашқардан  Ұлықбектің  қойған  уәкілін  қуып 
жіберіп, оның қомақты бөлігіне билік жүргізді. 
«Тарих-и Рашиди»  авторының  атасы Мұхаммед Хайдар-мырза 
Қашқарды  биледі,  бірақ  1480  жылы  оны  ол  жерден  өзінің  жиені 
Әбу Бәкір қуып жібереді. Ол Сұлтан Жүніс-ханның жақын жолдасы 
болды және Тәшкентте оның сарайында ұзақ уақыт паналады. Оның 
ұлы, яғни Мырза Хайдардың әкесі – Мұхаммед Құсайын бала кезінен 
Сұлтан  Махмұд-ханмен  дос  болып,  Темір  әулетінің  ұрпағы  Захир 
ад-Дин  Мұхаммед  Бабырдың  әкесі  Омар  Шейхтың  сарайында  екі 
жылдай болды. Одан кейін ол Сұлтан Махмұд-ханның Ұра-төбедегі 
нәменгері  болып,  кейін  ұзақ  уақыт  бойы  оның  қасында  Тәшкент 
қаласында  жайғасты.  Ал  шәйбанидтік  өзбектер  Тәшкентті  басып 
алғанда  ол  Қара-тегіндегі  Құсырау-шахқа  қарай  қашты.  Қабул 
шаhарында  Бабырға  қарсы  бүлікке  қатысып,  қолға  түскенімен, 
туыстық  байланыстарына  орай  (ол  Бабырмен  бөле  болып  келетін) 
кешірілді,  дегенмен  Мұхаммед  Құсайын  Ферғанаға  қайта  оралды. 
Осы жерде ол өзбектердің қолына түсіп, Мұхаммед Шәйбани-ханның 
бұйрығымен өлтірілді. 
Мырза Хайдардың ата-бабалары Шағатай әулетінен шыққан ең 
алғашқы  хандардың  өздері  берген  мұрагерлік  артықшылықтарға 
ие  болды;  оларға  тархан  атақтары  берілген  болатын.  Онан  ары 
шағатайлық хандар олардың артықшылықтарын бірнеше мәрте қайта 
бекітіп,  олардың  санын  арттырғанын  қолында  бар  мадақтамалары 
(грамоталары) арқылы Мырза Хайдардың өзі де дәлелдеп отырған. 
Оның  кейбір  жекелеген  аталарының  құдіреттілігі  соншалық,  төре 
тұқымдарының жоғарғы билігін мойындамай, Қашқарияда тәуелсіз 
жеке-дара  билік  жүргізген.  Әмір  Полатшының  бауыры  Қамар  ад-
Дин  Тоғлық  Темір-ханның  өлімінен  кейін  Моғолстандағы  билікті 
өз қолына алған және Әмір Темірдің бұл елге жасаған жорығы ғана 
оның билігін тоқтатты. Осындай билеушінің бірі Мырза Хайдардың 
немерелес ағайыны Мырза Әбу Бәкір дулат болатын. 
Мырза  Мұхаммед  Хайдар  Дулат  әкесі  қуғында  жүргенде 
1499/1500 жылы Тәшкентте туылды. Оның анасы Құб Нигәр-ханым 
Сұлтан  Жүніс-ханның  кіші  қызы  болатын,  демек  ол  Сұлтан  Сейіт 
ханның  да,  шешесі  Құб  Нигәр-ханымның  әпкесі  Құтлық  Нигәр-
ханым  болып  табылатын  Захир  ад-Дин  Бабырдың  да  туған  бөлесі 
болып саналады. 
Әкесі  өлтірілгеннен  кейін  Мырза  Хайдарға  да  қауіп  төніп,  ол 
туыстарының  көмегімен  Бұқараға  жасырынып,  онан  кейін  әкесінің 
халифасы Мәулана Мұхаммедпен бірге Бадахшандағы Хан-мырзаға 

 
 
 
                      
                                                  49
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
кетеді, сонсоң Қабул қаласындағы Бабырды паналап, оның сарайын-
да  біршама  уақыт  болады.  Бабырмен  бірге  Орта  Азияға  жасаған 
жорыққа  шығып,  Хамза-сұлтанмен  болған  соғысқа  қатысады.  1512 
жылдың қыркүйек айынан бастап Әндіжандағы Сұлтан Сейіт-ханға 
қосылып,  ұзақ  уақыт  бойы  соның  қасында  болады.  Сұлтан  Сейіт-
ханмен  және  оның  шағын  әскерімен  бірге  өз  отаны  Қашқарияға 
жорыққа  шығып,  Әбу  Бәкір  дулатты  тас-талқан  етіп  жеңіп,  онда 
Моғолия деген атпен жаңа мемлекеттің, жаңа әулеттің негізін салады. 
Сұлтан  Сейіт-ханның  мемлекетінде  М.Х.  Дулати  ірі  әрі  маңызды 
мемлекеттік  және  әскери  лауазымдарды  иеленеді.  Сұлтан  Сейіт-
ханның баласы, тақтың мұрагері, бірақ ол кездері әлі сұлтан Әбд-әр-
Рәшид-ханның тәрбиешісі болды. 
Мырза Мұхаммед Хайдар 1533 жылы Сұлтан Сейіт-ханмен бірге 
Тибет жорығына қатысты. Сол жорықта хан қайтыс болғаннан кейін 
Әбд-әр-Рәшид-хан  Мырза  Мұхаммед  Хайдардың  туыстарын  қуда-
лай бастады. Ойшыл-тарихшының немере ағасы, дулат билеушілері 
әулетінің үлкені Сейіт Мұхаммед-мырза өлтірілді. 
Немере ағасының өлтірілуінен кейін Мырза Мұхаммед Хайдар 
дулаттың Жәркендке келуі неғайбыл болып қалды да, ол Бадахшан 
мен  оның  төңірегіндегі  таулы  аймақтарда  ұзақ  уақыт  бойы  кезіп, 
ақырында Үндістандағы Камран-мырзаға кетеді. 
Дулатидің  немере  ағасының  өлтірілу  себебі  туралы  мәлімет-
тер  қайшылықты:  жазушының  айтуынша,  мұның  төркінін  оның 
тәрбиеленушісінің  билікқұмарлығынан  да,  кейінірек  ірі  лауазым-
дарға  ие  болған  кейбір  әмірлердің  қитұрқы  қимылдарынан  іздеу 
керек  сияқты.  Дегенмен,  Әбд-әр-Рәшид-ханның  бұл  репрессиясын 
Сұлтан  Сейіт-ханның  қайтыс  болуынан  кейін  Дулат  әулетінің 
үлкенінің (Сейіт Мұхаммед-мырзаның) Жәркендке шұғыл жетуін осы 
өлкедегі дулаттардың бұрынғы билігін қайта келтіру ұмтылысымен 
байланыстыруға  да  болатын  секілді.  «Тарих-и  Рашидиде»  оның 
авторының өз шәкіртіне өкініш пен кінәға  толы төрт қатар шумақ 
болғанымен, өз шығармасының атауын Әбд-әр-Рәшид-ханға бағыш-
талғанына  қарағанда  Мырза  Мұхаммед  Хайдар  ханның  алдында 
ақталуға тырысқанға ұқсайды. Бұл шығарманың «Рәшидтің тарихы» 
аталу себебін автор өзі былайша түсіндіреді: «...Кітаптың «Тарих-и 
Рашиди» аталуының мынадай үш түрлі себебі бар. Оның біріншісі, 
Тоғлық Темір хан ислам дінін мәуләна Аршададдиннің ықпалымен 
қабылдады. Біз бұған кейінірек тоқталамыз. Екінші бір себебі Тоғлық 
Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған 
еді.  Алайда,  осы  хандар  дәуірінде  моғол  ұлыстары  ислам  дінінен 
дұрыс жол таба алмады. Ал құдіретті де мәртебелі Тоғлық Темір хан 

50 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мен бақытты Моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа 
бет бұрды. Үшіншіден, қазіргі уақытта моғол ханы Әбдірашид хан 
болғандықтан,  бұл  тарих  соған  арналып,  оның  құрметіне  құрас-
тырылып  отыр.  Осы  үш  себептен  бұл  тарих  «Тарих-и  Рашиди» 
(«Хақ жолындағылар тарихы») деп аталынды» [1, 41 б.]. Оның өз ата-
жұртына оралу ниеті соңғы демі біткенге дейін қалмаған тәрізді.
Өмірінің соңғы жылдарында Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати 
Ұлы  Моғолдардың  атынан  өзі  жаулап  алған  Кашмир  қаласын 
басқарды.  Таулы  аймақтағы  тайпааралық  қақтығыс  кезінде  ол  өз 
оққағарының жебесінен кездейсоқ өлім құшқан, оның жәй кездей-
соқтық  болмауы  да  мүмкін.  «Енді  ол  орнықты,  байсалды  азамат 
болып, жақсы жолға түсіпті деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық, 
жебе жасауға, зергерлікке, садақ шыбығын июге қолының ебі бар. Он 
саусағынан өнер тамған жігіт. Ақындық дарыны да бар еді. Ол менен 
кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәп-тәуір» [2, 31 б.]. 
Өмірбаяны  осындай  оқиғалармен  айшықталған  Дулати  тек 
мемлекет қайраткері ғана емес, ортаазиялық фарси тілінде жазылған 
«Тарих-и Рашиди», түркі тілінде жазылған «Жахан-наме» сияқты өз 
шығармаларын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған өз заманының 
белгілі тарихшысы, өзіндік философиялық көзқарастары бар ойшыл-
ғұламасы да болды. Оның үстіне Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати 
қазақ халқының этногенетикалық тұрғыда жаңғырып құралып, саяси 
дербес Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасқан кезінде өмір сүрді. 
Сондықтан  да  оның  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегі  ортағасырлардағы 
қазақ халқының тарихынан дұрыс мәлімет беретін (Темір әулетінің 
және  Шәйбан  әулетінің  сарай  тарихшыларының  қалдырған  жазба 
деректерімен  салыстырғанда)  бірден-бір  жазба  дерек  көзі.  Сол 
себепті де орталықазиялық тарихқа қатысты зерттеулерде бірде-бір 
медиевист бұл еңбекті, өзінің ғылыми айналымға енген кезінен бас-
тап, айналып өткен емес, өйткені бұл шығарма өзінің шынайлығымен, 
ғылыми  дәлдігімен,  салмақтылығымен  ерекшеленеді.  Дулатидің 
философ ретіндегі дүниетанымдық көзқарастары да осы шығарма-
ларды  талдау  барысында  анағұрлым  айқын  аңғарылады.  Тарихшы 
ретінде  отандық  тарих  ғылымына  кеңінен  танымал  Дулатидің 
қазақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымдық жүйесі тарихындағы 
ойшыл ретінде алатын орны осы күнге дейін басы толық ашылмай 
келе  жатқан  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Ұлы  бабамыздың 
өмірдерегін  шолып  өткеннен  кейін  оның  рухани  мұрасын,  әсіресе 
қазақ  халқының  тарих  философиясына  қатысты  оның  «Тарих-и 
Рашиди»  еңбегін  (онан  өзге  оның  «Жахан-наме»  атты  еңбегі  де 
сақталып қалған) сипаттаудың реті келіп тұр.

 
 
 
                      
                                                  51
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  ақындық  мұрасынан  қалған 
жалғыз шығарма – ертегі үлгісімен құрылып, түркі тілінде жазылған 
– «Жаhаннама» дастаны. Бұл шығарма Алманияда Берлин қалалық 
кітапханасында сақтаулы тұр. Мұны белгілі башқұрт ғалымы Ахмет 
Зәки Уәлиди кездестірген. Қолжазбаны 1814 жылы Молда Омар ибн-
Қашы  көшірген.  Көлемі  125  бет.  Хайдар  мырзаның  бұл  еңбегі  әлі 
қалың оқырман қауымының қолына тиген жоқ. 
Ал «Тарих-и Рашиди» шығармасына келер болсақ, оның шығыс-
тық  тарихнамалық  дәстүрде  де,  батыстық  тарих  ғылымында  да 
ертеден кең танымал екендігін атап өткен жөн. «Тарих-и Рашидиді» 
кейінгі замандағы тарихшылар дерекнама ретінде көп пайдаланды. 
Мысалы, XVI-XIX ғасырларда көптеген тарихшылар, әдебиетшілер, 
жыршылар,  оның  ішінде  Әмин  Ахмет  Рази,  Махмұд  бен  Уәли, 
Мұхаммед  Азам  және  т.  б.  өз  шығармаларында  М.Х.  Дулатидің 
еңбегінен мәліметтер алып, оған сілтеме жасап отырды. 
Аталмыш  шығарма  сондай-ақ  Батыс  ғылымына,  әсіресе  орыс 
шығыстану ғылымына да таныс болды. Еуропа жұртшылығы Мырза 
Хайдардың  шығармашылығымен  XIX  ғасырдың  аяғында  танысып 
үлгерді. Ағылшын отаршылары «Тарих-и Рашидидің» парсы тіліндегі 
қолжазбасын Үндістаннан тауып, оны ағылшын тіліне аударып 1895 
жылы және 1898 жылы Лондонда екі мәрте жариялаған [3]. Атақты 
ориенталист-ғалым, академик В.В. Бартольд бұл шығармаға былай 
деп  баға  береді:  «М.Х.  Дулатидің  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегі  XVI 
ғасырдың  тарихи-әдеби  ескерткіші  болып  табылады  және  Шығыс 
Түркістан  бойынша  аса  маңызды  деректердің  бірі»  [4,  75  б.].  Ал 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің осы еңбегінің үзіндісін ең алғаш орыс 
тіліне аударып, оның қазақтарға қатысты тұстарын терең зерттеген 
В.В. Вельяминов-Зернов былай дейді: «М. Хайдардың жазғандарының 
барлығы дерлік – жаңалық және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері 
қай  жағынан  қарағанда  да  үйлесімді  және  жауапкершілігімен 
ерекшеленеді» [5]. Кеңестік дәуірде шығыстану ғылымы ортағасыр-
лық  бұл  шығарманы  біршама  жоғары  деңгейде  зерттеді.  Белгілі 
тарихшы-зерттеушілер  С.Г.  Кляшторный  мен  Т.И.  Сұлтанов 
«Тарих-и  Рашидиді»  ортағасырлық  мұсылман  тарихнамасындағы 
Қазақ  хандығының  ерте  тарихын  бяндайтын  жалғыз  шығарма 
ретінде  бағаласа,  Орта  Азияны  зерттеуші-ғалым  П.П.  Иванов  «бұл 
еңбек – XV–XVI ғасырлардағы Моғолстан өмірі туралы мәліметтерге 
негіз болатын жалғыз дерек» деген қорытындыға келеді [6, 12 б.]. 
Бір  айта  кететіні,  түбі  бір  түркі  халықтарының  ортақ  мұрасы 
болып  келетін  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  бабамыздың  көлемі  50 
баспа  табақ  болатын  осы  шығармасын  ғылыми  айналымға  кеңінен 

52 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
енгізуде өзбек оқымыстылары қомақты үлес қосты. Орталық Азия-
ның  тарихын  қалпына  келтіруде  аса  құнды  бұл  еңбекке  қатысты 
Р.Г. Муминовтың, А. Урунбаевтың, С. Әзімжанованың, Р.П. Жәлелова-
ның, Х. Хасанованың зерттеулері жарияланды. Тәшкент қаласындағы 
Өзбекстан  Ғылым  академиясы  Шығыстану  институтының  ғалым-
дары  1996  жылы  Әмір  Темірдің  660  жылдығына  орай  «Тарих-и 
Рашидиді» орыс тіліне толығымен аударып шығып, игілікті іс атқарды 
[7]. Отандық шығыстану және тарих ғылымдарында да бабамыздың 
бұл мұрасын игеруде қыруар жұмыстар атқарылды. Кеңес дәуірінде 
еліміздің  археология,  тарих,  энография  және  т.  б.  ғылымдарының 
дамуына орасан зор үлес қосқан ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1941 
жылы  «Әдебиет  және  искусство»  (кейінгі  «Жұлдыз»)  журналында 
даңқты  тарланбоз  жайлы  «Қазақтың  тұңғыш  тарихшысы»  атты 
арнайы  мақала  жазып,  халқымыздың  тарих  философиясының 
тамырын  тереңге  бойлатты  [8,  78  б.].  Ғылымдағы  бұл  дәстүрді 
кейінірек К.М. Байпақов, Б. Көмеков, Б. Қожабеков, Н.Н. Меңғұлов, 
К. Пищулина-Жандосова, Т.И. Сұлтанов, Ә. Хасенов, В.П. Юдин және 
т.  б.  жалғастырды.  Кемеңгер  ойшыл  бабамыздың  өмірінің  тарихи 
кезеңдері  мен  оның  әлеуметтік-саяси  көзқарастарын  жүйелеуде 
белгілі  тарихшы-ғалымдар  Б.  Албанидің,  С.  Жолдасбаевтың, 
М. Қозыбаевтың, М. Қойгелдиевтің, Т. Омарбековтің және т. б. үлес-
тері  ерекше.  Бұл  зерттеушілердің  еңбектерінде  Қазақ  хандығының 
құрылуы  мен  қалыптасуы  дәуіріндегі  тарихи-этникалық  және 
әлеуметтік-саяси,  мәдени  мәселелер  қамтылып,  қоғамдық  ойдың 
дамуына  өлшеусіз  үлес  қосқан  М.Х.  Дулати  сияқты  ойшылдардың 
көзқарастарына талдау жасайды. 
Дегенмен, елімізде Мұхаммед Хайдар Дулатидің рухани мұрасын 
игеруде  жаңа  лептің  республикамыздың  тәуелсіздік  алуымен  бас-
талғанын атап айта кету керек. 1999 жылдың күзінде әлемдік ғылым, 
білім мен мәдениет тарихында өзіндік үлкен орны бар, қазақ тарихы-
ның атасы атанған ұлы ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері, ақын 
әрі қолбасшы мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің туылғанына 500 
жыл толды. Бұл мүшел той тек біздің елімізде ғана емес, ЮНЕСКО-
ның  айтулы  мерзімдер  күнпарағына  енгізілгендіктен,  онан  тыс 
жерлерде де аталып өтілді. Дана  әрі батыр бабамыздың мұрасына 
деген  қызығушылық  арта  түсіп,  мерзімдік  көпшілік  және  ғылыми 
басылымдарда  ол  туралы  мақалалар  көптеп  жариялана  бастады. 
Тараз  университеті  У.  Бішімбаевтың  ұйымдастыруымен  ғалымның 
өмірі  мен  шығармашылығына  арналған  бірнеше  халықаралық 
ғылыми-теориялық конференциялар өткізді. Осы оқу орнына Мырза 
Мұхаммед Хайдар Дулати аты берілді. М.Х. Дулатидің суреттері оқу 

 
 
 
                      
                                                  53
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
орындарының  дәрісханалары  мен  кітапханаларының  төрінен  орын 
алды. Шығармалары оқулықтар мен оқулықтарға енгізілді.
Тәуелсіз Қазақстанда дулатитану ғылымын өркендетуге отаны-
мызға танымал шығыстанушы-ғалым, бұрынғы бас муфти Әбсаттар 
қажы Дербісәлінің ерен еңбек сіңіргенін ерекше атап өтуге болады. 
Бұл  кісі  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  өмірі  мен  оның  қалдырған 
мұрасын  асқан  ыждаhаттылықпен  зерттеді.  Үндістанға,  Кашмирге 
арнайы ғылыми сапармен барып, ұлы бабамыздың жатқан қабірін 
тапты  және  ол  туралы  алғаш  рет  өмірбаяндық-библиографиялық 
анықтамалық  жазды.  М.Х.  Дулати  қоғамдық  қоры  құрылып,  осы 
қордың  ұйымдастыруымен,  «Тарих-и  Рашидиді»  1996  жылғы 
Тәшкентте  шыққан  орыс  тілді  толық  басылыммен  салыстыра 
отырып,  парсы  тілінен  тікелей  қазақ  тіліне  аудару  қолға  алынды. 
Бұл  шара  2003  жылы  аяқталып,  жақсыдан  қалған  осы  жәдігер  – 
Алматы қаласындағы «Тұран» баспасынан басылып шықты. Парсы 
тілінен Ислам Жеменей тәржімәлап, оның ғылыми редакциясына Ә. 
Дербісәлі, Ә. Байбатша, Б. Кәрібаев, М. Қазыбек сияқты зерттеуші-
ғалымдар  атсалысты.  Осылайша  көптен  күткен  игілікті  іс  жүзеге 
асып, ұмыт қалған ата мұра ұрпақтарымен қайта қауышты.
«Тарих-и Рашиди» Кашмирде жазылды және ол екі дәптерден 
тұрады да оның екінші дәптері біріншісінен бұрын жазылды: біріншісі 
1546 жылы, ал екіншісі 1542 жылы аяқталды. Бұл шығарманың түрік 
тілінде  көптеген  аудармалары  болды,  ағылшын  тіліндегі  тәржімәсі 
де жарияланды. Орыс және қазақ тіліндегі аудармалары таяуда ғана 
іске асырылды, бірақ орыс тіліндегі аудармалары үзінді түрінде көп 
мәрте қолданылды. 
«Тарих-и Рашидиді» жазу барысында жергілікті халық арасында 
кеңінен  таралған  ауызекі  әңгіме,  аңыздар  кеңінен  қолданылған. 
Сонымен  қатар,  Мырза  Хайдар  өз  шығармасында  өзі  пайдаланған 
бірнеше еңбектердің атауын келтіреді: Мір Ғияс ад-Дин Мәнсүрдің 
«Джам-и  гити-нумай»,  Жақұттың  «Та’риф-и  булдан»,  Фазылаллах 
Рашид  ад-Диннің  «Джами  ат-тауарих»,  Хамдаллах-мустауфи 
Казвинидің  «Та’рих-и  гузида»,  Әбд  ар-раззақ  Самарқандидің 
«Та’рих-и  манзум»,  Ұлықбектің  «Улус  арба’а»,  Қазіреті  Мәулана 
Мұхаммед Қазидің «Силсилат ал-арифин», Захир ад-Дин Бабырдың 
мемуарлары  мен  «Мубайин»  және  тағы  басқа  еңбектер.  Дулатидің 
аталмыш  еңбегінде  Ата  Мәлік  Джувейнидің  «Та’рих-и  джахан-
кушай»  еңбегі  мен  Шараф  ад-Дин  Әлі  Иездидің  «Зафар-наме» 
еңбегінен көлемді көшірмелер кездеседі. 
«Тарих-и Рашиди» ең алдымен тарихи дерек ретінде аса құнды. 
Бұл еңбек сол кездері қазіргі Қазақстан территориясының оңтүстігі

54 
        
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мен оңтүстік-шығысын алып жатқан Моғолстанның және Қашқария-
ның  тарихына,  оны  билеген  шағатайлық  нәсілдегі  хандардың 
тарихына, дулат тайпасының тарихына, оның Шығыс Түркістандағы 
билеушілерінің  тарихына  арналған.  Мырза  Хайдардың  еңбегінде 
Орталық Азияны мекен еткен өзге де халықтардың тарихы, тарихи 
географиясы, салт-санасы және т. б. туралы орасан көп мәліметтер 
кездеседі. «Тарих-и Рашиди» сол заманның басқа деректерімен, оның 
ішінде  «Бабыр-намемен»  салыстырғанда,  Моғолстан  мен  Моғолия 
туралы басқа еш жерде кездеспейтін хабарларды береді, сондықтан 
да  Моғолстан  мен  Шығыс  Түркістанның  ортағасырлық  тарихын 
зерттеген  шығыстанушы  авторлардың  барлығы  дерлік  осы  тарихи 
дерек көзіне сүйенеді. 
«Тарих-и Рашиди» – қазақ халқының тарихы бойынша ең негізгі 
жазба деректердің бірі. Онда қазақтар туралы мәліметтер өте мол, 
Керей мен Жәнібек ауып көшкенге дейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтың 
тарихы бойынша да ақпараттар кездеседі. Мұхаммед Хайдар қазақ 
мемлекеттігінің негізін салған осы қоныс аудару прецеденті туралы 
және осыған байланысты қазақтардың өз этнонимін қалай алғанын 
да  хабарлайды.  «Тарих-и  Рашидиде»  бастапқы  қазақ  хандары 
туралы, қазақ-моғол және қазақ-өзбек қатынастарының одақтастығы 
немесе  дұшпандығы  туралы,  Моғолстанды,  қазіргі  Қырғызстанның 
территориясын  басып  алудағы  қазақтар  мен  моғолдардың 
бәсекелестігі туралы, Жетісудың, Түркістанның және т. б. елдер мен 
аймақтардың  тарихы,  тарихи  географиясы,  топографиясы,  әдет-
ғұрыптары туралы материалдар да молынан ұшырасады. 
Қазақ хандығының онан арғы саяси тарихы нығаюмен, күшеюмен 
сипатталады. Тарихи тағдырларға сәйкес Орталық Азиядағы басқа да 
көшпенді мемлекеттер сияқты Моғол мемлекетінің де саяси сахнадан 
кеткені  мәлім.  Ал  оны  құраған  этникалық  тайпалар  мен  рулар, 
оның  ішінде  біз  қарастырып  отырған  Мырза  Хайдар  бабамыздың 
тегі  болып  саналатын  дулат  руы  да  қазақ  халқының  этникалық 
компонентіне  кіретін  Ұлы  жүздің  құрамына  енді.  Сондықтан  да 
осыдан-ақ  М.Х.  Дулатиді  ұлттық-мәдени  идентификациялауға 
қатысты қайшылықты пікірлерден дұрысын анықтап алуға болады. 
Оның  үстіне  Дулати  шығармашылығынан  аңғарылатын  оның 
дүниетанымдық  көзқарастары  қазақтың  ұлттық  ойлау  жүйесіндегі 
тұтастықты  бұзбайды,  керісінше  рухани  сабақтастықтың  ізі  айқын 
байқалады.  Мұхаммед  Хайдар  Дулати  өзі  өмір  сүрген  заманның 
объективті  құбылыстарын  әр  қырынан  пайымдап,  сол  қоғамның 
әлеуметтік-саяси,  рухани-мәдени  жетістіктері  мен  кемшіліктерін 
ой таразысына салып, сайып келгенде, оның философиялық ойлау 

 
 
 
                      
                                                  55
ІІ тарау.  Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы
тарихи үдерістің зерделенуі
жүйесіне,  оның  ішінде  тарих  философиясына  өзінің  өлшеусіз 
үлесін  қосты.  Дулатидің  дүниетанымдық,  тарихи-философиялық 
көзқарастарын  қарастырмас  бұрын,  бүгінгі  ғылыми  түсініктегі 
тарихи сана ұғымына, әлемдік тарихнамада қазақ тарихының алатын 
орнына тоқтала кетейік. 
Тарих  –  бұл  бүгінгі  ұрпақтың  әлеуметтік  жады.  Жады  немесе 
әлеуметтік ес неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда 
қоғам да рухани бай болады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау 
үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі 
рас.  Ал  бұл  тарихи  білім  берудің  мақсаты  жан-жақты  дамыған 
тұлғаның  ойлау  мәдениетінің  қажетті  компоненті  ретіндегі  тарихи 
сананың  элементтерін  адам  бойында  қалыптастырумен  ұштасып 
жатады.  Тарихи  білім  немесе  тарихи  эрудиция  –  бұл  тұлғаның 
рухани  байлығы.  Қазіргі  адамның  алдыңғы  буынның  жинақтаған 
әлеуметтік-мәдени  тәжірибесіне  тереңірек  ендеген  сайын  оның 
өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім 
адамның  ғылыми  дүниетанымының  қалыптасуына,  оның  бойында 
адамгершілік  мұраттардың  егілуіне  ықпал  етеді.  Отанға  деген 
сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту патриотизм деп 
аталатын сезімдердің құйылысын тудырады. 
Тарихи айғақтар, уақиғалар адамның санасында қашанда белгілі 
бір көзқарастармен байланыста құрастырылады. Ал кеңес дәуірінде 
жалпы ойлау мәдениетінің дүниетанымдық негізін маркстік-лениндік 
теория құрады. Алайда бұл ілімнің сыңаржақтылығы кеңестік өзге 
ғылымдар  сияқты  тарих  ғылымында  да  қайшылықтардың  орын 
алуына негіз болды.
ХХ ғасырда табиғи және әлеуметтік өмірде орын алған ғаламат 
өзгерістер адамзаттың алдына ғаламдық мәселелерді қойды. Қоғам-
дық  дамудағы  нақты-тарихи,  ұлттық  және  таптық  мәселелердің 
қойылуы мен олардың шешілуі, дәстүр мен жаңашылдықтың, әлеу-
меттік  ес  пен  индивидуалдық  жадының,  жаттану  мен  ұжымшыл-
дықтың  арақатынастары  мәселелерінен  кеңестік  гуманитарлық 
пәндер салаларымен қатар, тарих ғылымы да тыс қала алмады. 1980-
ші  жылдары  кеңестік  ғылымда  бұл  қалыптасқан  жаңа  ахуалдың 
теориялық көрінісі әлеуметтік зерттеулердің мәселелерін талдаудағы 
әртүрлі  бағыттардан  көрінеді:  философиялық-әлеуметтанымдық 
[9], гносеологиялық [10], мәдениеттанымдық [11], методологиялық-
тарихи [12].
Бұл  бағыттардың  соңғысы  тарих  ғылымының  әдістемелік 
мәселелерін талдау негізінде қалыптасты. Бұл мәселелерді соңғы екі 
онжылдықтар  бойы  белсенді  түрде  талдау  әлеуметтік  шарттылық 

56 
        

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет