арналған оқыту мекемелерінің - 56%; кӛмекші мектептердің – 30 %
заманауи арнайы техникалық құралдармен толық жабдықталған.
Үшінші бағыт - интеграцияланған инклюзивті білім беру.
«Бәріне бірдей мүмкіндік» принципін ұстанатын инклюзивтік білім
беру үдерісі арнайы білім берудің перспективалық дамуы болып
табылады. Бұл термин «Сапалы білім
-барлығы үшін» түсінігімен бірге қолданылады. Яғни жалпы білім беретін
мектептерде мүмкіндігі шектеулі бала мен басқа да әлеуметтік қорғалатын
топтарға жататын оқушыларға ӛзгелермен теңдей білім беру, соған жағдай
жасау.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар кӛбіне арнайы
мектеп- интернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған,
қоғамдық ӛмірге бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі
қоғамның да кінәсі бар. Ӛйткені мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей
қараудан арыла алмай келеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде
олардың оқып, білім алуына жағдай жасау енді қолға алына бастады.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың
ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Реабилитациялық орталықтарда, түзету мектептері мен балабақшаларда
эмоция-ерік саласында айқын бұзылыстары бар балаларды, күрделі
кемістіктері бар балаларды бірге оқытып-тәрбиелейтін экспериментальдық
сыныптар мен топтар ашылды.
Инклюзивті білім беру үдерісін енгізу ісі кешенді сипатқа ие, ол
мемлекеттік құрылымдардың, ата-аналардың, отбасының, білім беру
жүйесі мен мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуын, тікелей араласуын
және белсенділігін қажет етеді.
Инклюзивті білім беру үдерісін енгізудің алғашқы сатысында ең
алдымен жалпы білім беретін және арнайы білім беретін салалардағы
нормативтік-құқықтық актілердің үйлесімі болуы шарт.
Достарыңызбен бөлісу: