тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі
бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек.
Сондықтан билік басына тандаудың бұл түрі жабық болып саналады. Гильдия
жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдық топтан
іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның ар- тықшылығы — саясаткердің болашақ
іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші
элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің
бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита
жатады.
Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған
басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н. А.
Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элита санының арасында өзара
байланыс барлығын ашып, “элита коэффициентін” шығарды. Ол жоғары
зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда
бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі. Ал элитаның
коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі
барлығын айғақтайды дейді ғалым.
Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады.
Билікке иелігіне қарай
басқарушы және
оппозициялық элита деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: