Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді 
кабылдаушыларды айтады. Олардың катарына ене алмай қалған, бірақ сол 
үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол 
қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялык немесе 
контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне 
сай ашык және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ 
өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен 
шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі. 
Индия саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны 
дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға 
байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, 
дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға 
заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 
топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер 
қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін 
(министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік 
элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары 
кызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген 
үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі 
жетіспейтін аралық (маргиналдық) жағдайдағы адамдар. Қоғамның 


 
толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, 
күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі 
қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет 
етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал. 
Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші 
топ онша өзгере койған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде 
номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан 
кейін мемлекетгік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке 
көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. 
Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы 
Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, 
атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде 
халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды. 
Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент 
аппаратының 
құрамы 
(Президент, 
оның 
әкімшілігінің 
бастығы, 
орынбасарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, 
министрліктер басшылары мен орынбасарлары, дипломатиялык элита кіреді. 
Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен айналысып, байығандар 
баршылык. 
Олар 
қаржы-каражат, 
экономикалық 
қорлар, 
қажетті 
мағлұматтарға иелік етеді. 
Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады. Билеуші элитаға тарту, оларды 
жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың 
балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды 
орынға отырады. Соның салдарында ол “сырттан келетін” адамдарға жабық 
элитаға айналды. Шынайы көп партиялық болмаған соң, саяси билікке 
олардың ықпалы шамалы. Сыбайлас жемқорлықтың саны көбеюде. Билік 
басындағылардың көбі өз күнін күйттеп, жалпы халықтың жағдайы төмендеп, 
жұмыссыздық белең алуда. 
Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен 
сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, 
білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азаматгардан 
тандаған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет