Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің құрылу және
қызмет атқару тәртібі. Демократиялық және құқықтық мемлекетте ерекше
орынды конституциялық бақылау алады. Оларға Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі жатады. Конституциялық Кеңес мемлекеттік орган
ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясының ел аумағының
барлық жерінде ұлықтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесінің басты мақсаты конституцияны
қорғау.Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты
жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық кеңестің екі
мүшесі республика президентімен, екеуі сенат төрағасымен, екеуі мәжіліс
төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық
мүшелігіне Республика Экс-Президенттері құқылы болып табылады.
Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып
тұрады.Конституциялық кеңестің құзыреті. Конституциялық Кеңеске өтініш
беру құқығына: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы,
Мәжіліс Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен
бір бөлігі, Премьер-Министр, Республика соттары ие:
- дау туған жағдайда республика президентінің, парламент депутаттарының
сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу
туралы мәселені шешеді;
- парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін
президент қол қойғанға дейін қарайды;
- парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың республика
конституциясына сәйкестігін қарайды;
- республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың
конституцияға сәйкестігін қарайды;
- конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.
Республика президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату туралы
парламентпен тиісті шешім қабылданғанша, республика президентін
қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген
конституциялық
рәсімдерді
сақтау
туралы
ұйғарым
жасайды.
Конституциялық Кеңес соттардың жеке тұлға еркіндігі мен құқығы
бұзылғандығы туралы өтініштері бойынша қолданыстағы заңдар мен өзге де
нормативтік-құқықтық актілер нормаларының конституциялығын тексереді.
Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап
күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық
аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің
өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылысы мен қызмет атқару тәртібі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасындағы жоғары
атқарушы билік органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы
билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және
олардың қызметіне басшылық жасайды.
Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде
республика президентінің алдында жауапты, ал конституцияда көзделген
жағдайларда парламент мәжілісінің және парламенттің алдында жауапты.
Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген
тәртіппен құрады. Үкімет мүшелері – республиканың премьер-министрі, оның
орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар. Премьер- министрді
парламенттің келісімімен президент қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-министрі
өзі
тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы
туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері өкілетті орган
(мысалы, парламент, мәжіліс) депутаты болуға немесе мұғалімдік, ғылыми
және шағармашылық мамандықтардан басқа төленетін қызметте істеуге
хақысы жоқ; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады;
коммерциялық ұйым басшыларының мүшелігіне және бақылау кеңесінің
мүшелігіне кіруге де рұқсат жоқ. Үкімет мүшелері алқа болып үкіметтің
шешімдерімен келіспесе де, дегенмен уақытылы өзінің қарсылығын
жеткізбеген жағдайда қабылданған шешімге жауап береді. Егер өздеріне
жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын
болса, үкімет және оның кез келген мүшесі республика президентіне өзінің
орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Республика конституциясында
көзделген жағдайларда парламент мәжілісі немесе парламент үкіметке
сенімсіздік білдіретін болса, үкімет өзінің орнынан түсуі туралы республика
президентіне мәлімдейді. Республика президенті орнынан түсуді қабылдау
немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді
қабылдау үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын
білдіреді. Премьер-министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл үкіметтің
өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министрдің орнынан түсуін
қабылдау бүкіл үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-
министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл үкіметтің өкілеттігі
тоқтатылғанын білдіреді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен
қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы» ҚР-ның конституциялық Заңымен белгіленген.
Сот төрелігі және соттық билік. Қазақстан Республикасында сот төрелігін
тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық,
қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге
асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу
алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. Сот билігі Қазақстан
Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қоғауды,
республиканың конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-
құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз
етуді мақсат етіп қояды. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты,
республиканың жергілікті және басқа да соттары республиканың соттары
болып табылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы
соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер
бойынша Жоғарғы Сот органдары болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот
практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
Жергілікті соттарға мыналар жатады:
- облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының
қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары;
- аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық).
Қазақстан
Республикасында
мамандандырылған
(әскери,
қаржы
экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың ісетрі жөніндегі және
басқа) соттар құрылуы мүмкін. Мамандандырылған сотты Қазақстан
Республикасының Президенті облыстық немесе ауданды сот мәртебесімен
құрады.
Жергілікті үкімет және атқарушы органдар. Оларға мәслихаттар және
әкімдер жатады. Өзіндік басқарманың жергілікті үкімет органы (маслихат) –
өзіндік басқарманың сайланған жергілікті органы. Ол сол аймақ халқының
қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып,
қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу
барысын бақылайды.
Жергілікті атқарушы органдар (әкімшіліктер) – атқарушы органды
басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың
жүргізілуін қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе. Мемлекеттік басқару жүйесіне
жергілікті атқарушы үкімет органдары – облыс әкімдері, аудан, қала, ауыл
және қыстақ әкімдері кіреді. Астана, облыс және республикалық маңызы бар
қалалардың әкімдерінің лауазымына премьер-министрдің ұсынысымен
республика президенті тағайындайды және жұмыстан босатады. Басқа
әкімшілік-аумақтық бірліктерді лауазымдарына өздерінен жоғары тұрған
әкімдер тағайындайды және жұмыстан босатады. Әкімдер президенттің және
үкіметтің өкілдері болып саналады. Әкімдерді лауазымына президент өз
білгенінше жұмыстан босатқызуға құқылы.
Солайша мемлекеттік билік дегеніміз- арнайы мәжбүрлеу аппараты арқылы
меңгеру тәсілі. Құқықтық мемлекетте ең басты қағида – биліктің үш тармаққа
бөліну қағидасы. Ол дегеніміз – тек мемлекеттік биліктің еңбегінің бөлінуі
ғана емес, сонымен қатар авторитарлық және тоталитарлық билікке айналып
кетуден сақтайтын мемлекеттік биліктің ұстамдылығы. Бұл қағиданың
болжамы бойынша биліктің үш тармағы күшімен бірдей болып, теңдікті ұстай
тұра, біреуінің қалғанынан асып кетпеуін қадағалау. Ол құқықбұзушылықты
анықтауда, алдын алуда көрінеді, сонымен қатар құқықбұзушыларға арнайы
заңға сәйкес түрлі санкция, жазалау шараларын қолдану білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |