«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» Молекуалық биология және медициналық генетика
кафедрасы
Тест тапсырмалары
Редакция: 1
64 беттің 44 беті
580. Солярий қабылдағаннан кейін әйелдің терісінде ісіктердің көбейгендігі
анықталды. Ісіктің пайда болу себебі ультракүлгін сәулелердің әсерінен
нуклеотидтер тізбегінің бұзылуы. Қай үрдістің бұзылуы ісіктердің пайда болуына
алып келеді?
581. Ли-Фраумен синдромы аутосомды доминантты тұқым қуалайды және әртүрлі
ісік түрлерінің жоғары жиілігімен сипатталады. Қандай супрессор генінің
мутациясы осы синдромға алып келеді?
582. Берілген суретке сәйкес қатерлі ісік қасиетін анықтаңыз анықтаңыз.
583. Берілген суретке сәйкес қатерлі ісік қасиетін анықтаңыз анықтаңыз.
584. Осы сатыда қалыпты жасуша геномының тұрақсыздығына ие болады. Қатерлі
ісіктің кезеңін анықтаңыз:
585. Қатерлі ісік жасушалары жасушааралық байланысқа жауап беретін, беткейлік
ақуыздардардан байланысты жоғалтып, негізгі ісіктен бөлініп, қан тамырларына
еніп және оның беткі қабаты арқылы басқа мүшелерге таралады. Бұл көрініс қалай
аталады?
586. Ісік бір немесе одан да көп жасуша ағзаның бақылауынан шығып, бөліну
жылдамдай бастағанда пайда болады. Жасуша бөлінуінің ағзаның бақылауынан
шығуын сипаттайтын ісіктің қасиеті қандай?
587. Метастазданған ісіктерде көбінесе бірнеше типті жасушалар кездеседі. Бұл бір
бастапқы жасушадан пайда болған жасушалар. Осы қатерлі ісікке тән, қасиетті
анықтаңыз
588. Жасушада терең өзгеріске ұшырап, қатерлі ісік жасушаларының инвазивті
өсуіне және метастазға әкелетін ісік жасушасының қасиеті онкогенездің қай