Тамшылары



Pdf көрінісі
бет3/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Ақысын даулаған сахаба
Хазірет Мұхаммед пайғамбардың 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылуға айналған 
соңғы күндері. Алпыс үш жылдық өмірін абыроймен 


12
Тағылым тамшылары
өткізіп, имандылық пен ақиқат жолына бастау арқылы 
халықтың ыстық ықыласына бөленген ол тіршілігінде 
бір құмырсқа екеш құмырсқаны да ренжітпейтіндей 
өте кішіпейіл, қайырымды болатын. Ол өмірінің соңғы 
сәттерінде мұсылмандар арасында жіберген қателігі 
болса кешірім сұрап, бақұлдасып қалуды жөн көрді. 
Осы ниетпен бір күні Біләлге азан айтқызып, 
жұртты мешітке жинауын өтінді. Пайғамбар сөзін екі 
етіп көрмеген Біләл (р.а.) дереу мұнараға шығып, зор 
даусымен азан шақырды. Әуезді азан даусын естір-
естімес Мәдиналығы бар, Меккеден көшіп келгені бар 
– барлық мұсылмандар мешітке аяңдап жинала баста-
ды. Сәлден кейін-ақ мешіт іші лық толды. 
Сүйікті Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларға екі рәкат намаз оқытқаннан кейін мінберге 
шығып сөз бастады. Алдымен Аллаһ тағалаға шүкір 
етіп мақтау айтты. Артынша бүкіл елдің ет жүрегін 
езілтіп, жан-жүрегін тебіренткен, еріксіз көздеріне жас 
алғызып, тұла бойын шымырлатқан хұтбасын оқыды. 
Хұтба соңы анық-анық айтылған мына сөздерге 
ұласты:
«Ей, мүминдер! Мен сендердің пайғамбар-
ларыңмын. Өмір бойы ізгілікке үгіттеп, тынбастан 
бәріңді де Аллаһтың ақ жолына шақырумен келдім. 
Жақсылықты насихаттауда бір ғана Жаратқанның 
жәрдеміне арқа сүйеумен болдым. Сендерді қызғыш-
тай қорғадым. Қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға 
шоқтырмауға тырыстым. Сендерге қолымнан кел-
генше бір әкедей-ақ мейірімділік таныттым. Мұң-
қайғыларыңды да бірге арқаладым... 


13
Пайғамбарлар парасаты
Ал енді сендерден сұрарым: осынша жыл біргеміз,
менде ақысы кеткен жан араларыңда бар ма? Ақысы 
кеткенің бар болса, Құдай үшін, Қиямет күніндегі 
есепке қаратпастан дәл қазір менен ақысын алсын!».
Бұл сөзді естігенде көңілдері өрекпіп, көздеріне 
жас үйірілген сахабалардың ешқайсысы да тікелей 
Пайғамбарға барып «Сізде менің ақым кеткен» демеді. 
Сұрақ екі-үш рет қайталанғанда ғана сахабалардан 
Үккаша орнынан тұрып Пайғамбарымыздың қасына 
барды. Сөйтті де сөз бастады: – Уа, Аллаһ тағаланың 
сүйікті елшісі! Сіз үшін әке-шешемнің де жаны пида! 
Құдай үшін деп бірнеше мәрте қайталағандықтан 
айтпасқа лажым жоқ, сізде менің ақым кеткен еді, – 
деді де болған оқиғаны былайша баяндады:
– Я, Расулаллаһ! Бір күні сізбен бірге соғысқа 
қатыстым. Шайқастың қызған кезі еді. Бір уақытта 
қалай екенін қайдам, мінген түйелеріміз бүйірлесіп 
қатар келіп қалыпты. Мұным ұят болды ма, қой 
кешірім сұрайын деп түйемнен түсіп имене жақындай 
бергенім сол еді, арқамды қамшыңыз осып түсті. Я, 
Расулаллаһ, сол жолы сіз әдейі-ақ мені қамшымен тар-
тып жібердіңіз бе, жоқ әлде, байқамастан болды ма сол 
жағын әлі күнге ажырата алмай келемін... 
Бұны естігенде Пайғамбарымыз:
– Ей, Үккаша! Сені қайтіп әдейі ұрайын, 
байқамастан болған ғой, – деп кешірім сұрайды да ар-
тынша Біләлді қызы Фатиманың үйіне барып дәл сол 
жолғы қамшыны әкелуге жіберді. 
Біләл (р.а.) мешіттен шыққан бойы бірден Фатима-
ның үйіне бет түзеді. Бір жағынан Пайғамбардың қалай 


14
Тағылым тамшылары
өз-өзіне жұрт көзінше жаза бермек болғандығына да 
таңғалды. 
Келе сала есікті қақты. Іштен Фатиманың: – Ол 
кім? – деген даусы естілді. Біләл (р.а.) өзінің атын ай-
тып Пайғамбардың қамшы сұратқанын жеткізді. Фа-
тима: – Ей, Біләл! Әкем қамшыны не істемек? – деп 
сұрады. 
Біләл: – Өз-өзін жазаландырмақшы, – деп жауап 
берді. 
Фатима: – Ей, Біләл! Қамшымен ұрып әкемнен 
ақысын алмақ болған кім? – деп сұрады. 
Біләл: – Үккаша, – деп жауап қатқаннан кейін 
қамшыны алған бойы мешітке заулады. Қамшыны апа-
рып хазірет Пайғамбарға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ұстатты. 
Пайғамбар болса қамшыны Үккашаға берді. 
Дәл осы арада орындарынан атып тұрған Әбу Бәкір 
мен Омар (р.а.) қосарлана: – Ей, Үккаша! Қамшымен 
Пайғамбарды ұрғанша бізді ұр, міне арқамыз, – деп 
жалыныш білдіре жон арқаларын тосты. 
Хазірет Пайғамбар:
– Уа, Әбу Бәкір, ей, Омар! Аллаһ тағала сендердің 
бұл тілектерің үшін сый-құрметке бөлейтіндігі 
күмәнсіз, – деді. 
Бұл жолы Үккашаға Али (р.а.) жалына бастады: 
– Ей, Үккаша! Пайғамбарды қамшымен ұруыңа риза 
емеспін. Оны ұрғанша мені ұр! Міне, арқам, міне, кеу-
дем, қай жерімнен қанша ұрғың келсе де ұр!
Оған да хазірет Пайғамбар басу айтты: – Уа, Али! 
Орныңа отыр! Ұлы Аллаһ сенің бұл жақсылығыңды да 
елеусіз тастамайды. 
Үккашаға енді Хасан мен Хұсейін жалына баста-
ды. 


15
Пайғамбарлар парасаты
– Ей, Үккаша! Біздің Пайғамбар немерелері 
екендігімізді білесің, одан алмақ болған өшіңді бізден 
алғаның жарасады. Өтінеміз, одан да бізді ұр! – десті. 
– Уа, менің көзайым немерелерім! Орындарыңа 
отырыңдар! – деді Пайғамбар оларға да, сөйтті де 
Үккашаға бұрылып: – Әй, Үккаша! Мені шындап 
ұрғың келсе, кәне ұр! – деді. Үккаша: – Я, Расулаллаһ! 
– деді тайсалмастан: – Сіз ұрғанда мен жалаңаш бо-
латынмын. Мен де сізді ұрарда денеңіздің жалаңаш 
болғанын қалаймын, – деді. 
Сүйікті Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
екі 
сөзге келместен бірден жейдесін шешті. Сөйтті де: – 
Кәне, ұр! – деді, – қалағаныңша ұр!
Бұны көрген мешіттегі бар сахабалар көңілдері бо-
сап жылады. Жейдесін шешкенде Пайғамбар денесінің 
сүттей аппақтығына отырған жұрт таңғалысты. 
Арқасында тумысынан Аллаһ тағаланың берген сыйы, 
елші екендігінің хақ дәлелі – қал тәрізді Пайғамбарлық 
мөрі де көзге оттай басылды. Алайда дәл осы сәт еш 
күтпеген тосын жайт болды. Міне, қызық! Қамшымен 
ұрады деп күткен Үккаша барған бойы Пайғамбар 
арқасындағы сол мөрді құшырлана сүйіп-сүйіп алма-
сы бар ма?! 
Сөйтті де: – Уа, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі! 
– деді: – Сіздей адамға кім қол көтерсін?! Бар арма-
ным: сіздің арқаңыздағы Пайғамбарлық қалыңызды 
бір сүю болатын. Сол арманыма бүгін жеттім. Мен 
бақыттымын! Аллаһ тағала енді сіздің құрметіңізге 
бола мен бейбақты тозақ отына қия қоймас!
Отырған жұрт тебірене теңселіп кетті. 
Пайғамбарымыз да қатты толқыды. Қуанышты жүзбен 
көпшілікке көз тастаған Пайғамбарымыз:


16
Тағылым тамшылары
– Жұмақтық адам көргілерің келсе, мына Үккаша-
ға қараңдар! – деді. 
Бұны естіген бүкіл мұсылмандар Үккашаны 
құттықтап, оны маңдайынан сүйгіштеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет