25
Пайғамбарлар парасаты
Сонда бала
өзімен сөйлесіп тұрғанның
пайғамбарымыз екенін біліп:
– Әрине, я, Расулаллаһ! Қалайша разы болмаймын,
– деп қуана жауап қатты.
Баланы үйіне ертіп апарып, тамақтандырып,
жақсылап киіндіргеннен кейін шаттанған баланы
достарының қасына қайта жіберді.
Балалар оны көргенде:
– Жаңа ғана жылап тұр едің.
Қалайша қуанып
қайттың? – деп сұрады.
Бала мән-жайды толық айтып бергенде, достары:
– Шіркін, біздің де әкелеріміз сол соғыста шейіт
болып, біз де сен сияқты болғанда ғой, – десті тамса-
на...
Кешіру де зор сауап
Сахабалардан Әнас (р.а.) әңгімелеуде:
Пайғамбарымыз Мұхаммедпен
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірге отырғанбыз. Әлден
уақытта тісі көрінетіндей
ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай
түсіндірді:
– О дүниеге барғанда үмметімнен екі кісі Аллаһ
тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін
көрсетіп: – Уа, Раббым, менің мына пәленшеде кезінде
ақым кеткен, сол ақымды алып бер, – деп өтінеді.
Аллаһ тағала: – Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар,
– дейді.
Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген
екіншісі: – Я, Аллаһ тағала!
Менің сауаптарымнан
ештеңе қалмады ғой? – дегенде, Аллаһ тағала бірінші
адамға: – Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады,
26
Тағылым тамшылары
бұған не дейсің? – деп сұрайды. Сонда бірінші адам: –
Олай болса менің күнәларымнан өзіне алсын, – дейді.
Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі
жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн – аса бір зор күн болмақ.
Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де сөзін
ары қарай жалғастырды:
Сол кезде Аллаһ тағала ақысы кеткен адамға:
– Басыңды көтер де Жұмаққа қара! – деп дауыстай-
ды. Сонда бірінші кісі: – Я, Аллаһ тағала! Алтынмен
апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған
небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын.
Бұған қай
пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие? – деп сұрайды.
Аллаһ тағала:
– Бұлар маған өтемін төлегендер үшін, – деп жау-
ап береді.
– Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді? – деп сұрайды
адам.
– Қаласаң бұған сен де ие бола аласың, – деп жау-
ап береді Аллаһ тағала.
– Қалайша? – деп таңырқағанда, Аллаһ тағала:
– Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына
жолдасыңды кешірер болсаң, – деп жауап береді.
– Олай болса мен оны кешірдім, – деп жауап береді
әуелгісі.
– Ендеше жолдасыңды ал да,
екеуің де Жұмаққа
барыңдар! – деп бұйырады Аллаһ тағала.
Сөйтті де Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да
араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Аллаһ тағаланың
өзі мүміндердің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!»,
– деді.