20
Тағылым тамшылары
– Немене, кедейлігі жұғып кетеді деп қорықтың
ба? – деді байға қарап.
Ол:
– Жоқ,- деді.
Пайғамбарымыз тағы да:
– Жоқ әлде ырысың ауып кетеді деп қорықтың ба?
– деді.
Ол болса:
– Я, Расулаллаһ, ондай да ойым болған жоқ, – деп
ақталғансыды.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Онда неге аулағырақ барып отырдың? –
деп сұрағанда, ол өзінің үлкен
қателік жасағанын
аңғарып:
Менен бір ағаттық кеткен екен. Оны мойындай-
мын. Осы қателігімді
жуып-шаюды ниет етіп, бар
байлығымның тең жартысын осы мұсылман бауырыма
бағыштасам деймін. Сірә, кемсітті деп көңліне қатты
алып қалған шығар. Мені кешірсін, – деп жаңағы кедей
мұсылманнан кешірім сұрамақ болды.
Алайда кедей мұсылман болса күтпеген жерден:
– Я, Расулаллаһ! Маған оның байлығы керек емес,
– деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді.
Бұған отырғандардың бәрі таңғала неліктен
екендігін сұрағанда, ол:
Өйткені мен де
байлықтың буына мастанып,
мына отырған бай секілді күндердің бір күні жағдайы
өзімнен төмен мұсылман бір бауырымның көңліне
кірбің түсіріп алам ба деп қорқамын, – деп, өзінің нағыз
21
Пайғамбарлар парасаты
мұсылман екендігіне жұртты тәнті ете мағыналы жау-
ап қайырған екен
2
.
Достарыңызбен бөлісу: