Тамшылары



Pdf көрінісі
бет8/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84
Байланысты:
Тағылым тамшылары 2

Жанашырлық
Мұхаммед пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір мереке күнінде қуана ойнап жүрген балаларға 
қарап тұрып, олардың қастарында жыртық киімді бір 
баланың жылап отырғанын көреді.
Бірден қасына барып: – «Балалармен бірге неге 
ойнамайсың? Неге жыладың?», – деп сұрады.
Бала қайғырып:
– Әкем пайғамбармен бірге пәлен соғыста қайтыс 
болды. Шешем басқа біреуге үйленді. Өгей әкем 
мені үйден қуып жіберді. Жейтін тамағым, киетін 
киімім, паналайтын жерім де жоқ. Әке-шешелері бар 
балалардың жақсы киім киініп, ойнап жүргендеріне 
қызығып, қорланып жылап тұрмын, – деп жауап бер-
генде, пайғамбарымыз оның қолынан ұстап:
– Мен – әкең, Айша – шешең, Хасан мен Хұсейннің 
саған – бауыр болуын қалар ма едің? – деп сұрады.


25
Пайғамбарлар парасаты
Сонда бала өзімен сөйлесіп тұрғанның 
пайғамбарымыз екенін біліп:
– Әрине, я, Расулаллаһ! Қалайша разы болмаймын, 
– деп қуана жауап қатты.
Баланы үйіне ертіп апарып, тамақтандырып, 
жақсылап киіндіргеннен кейін шаттанған баланы 
достарының қасына қайта жіберді.
Балалар оны көргенде:
– Жаңа ғана жылап тұр едің. Қалайша қуанып 
қайттың? – деп сұрады.
Бала мән-жайды толық айтып бергенде, достары:
– Шіркін, біздің де әкелеріміз сол соғыста шейіт 
болып, біз де сен сияқты болғанда ғой, – десті тамса-
на...
Кешіру де зор сауап
Сахабалардан Әнас (р.а.) әңгімелеуде: 
Пайғамбарымыз Мұхаммедпен 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірге отырғанбыз. Әлден уақытта тісі көрінетіндей 
ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай 
түсіндірді:
– О дүниеге барғанда үмметімнен екі кісі Аллаһ 
тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін 
көрсетіп: – Уа, Раббым, менің мына пәленшеде кезінде 
ақым кеткен, сол ақымды алып бер, – деп өтінеді. 
Аллаһ тағала: – Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар, 
– дейді. 
Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген 
екіншісі: – Я, Аллаһ тағала! Менің сауаптарымнан 
ештеңе қалмады ғой? – дегенде, Аллаһ тағала бірінші 
адамға: – Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады, 


26
Тағылым тамшылары
бұған не дейсің? – деп сұрайды. Сонда бірінші адам: – 
Олай болса менің күнәларымнан өзіне алсын, – дейді. 
Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі 
жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн – аса бір зор күн болмақ. 
Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де сөзін 
ары қарай жалғастырды:
Сол кезде Аллаһ тағала ақысы кеткен адамға: 
– Басыңды көтер де Жұмаққа қара! – деп дауыстай-
ды. Сонда бірінші кісі: – Я, Аллаһ тағала! Алтынмен 
апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған 
небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын. Бұған қай 
пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие? – деп сұрайды. 
Аллаһ тағала:
– Бұлар маған өтемін төлегендер үшін, – деп жау-
ап береді.
– Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді? – деп сұрайды 
адам. 
– Қаласаң бұған сен де ие бола аласың, – деп жау-
ап береді Аллаһ тағала. 
– Қалайша? – деп таңырқағанда, Аллаһ тағала:
– Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына 
жолдасыңды кешірер болсаң, – деп жауап береді. 
– Олай болса мен оны кешірдім, – деп жауап береді 
әуелгісі. 
– Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де Жұмаққа 
барыңдар! – деп бұйырады Аллаһ тағала. 
Сөйтті де Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
:
«Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да 
араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Аллаһ тағаланың 
өзі мүміндердің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!», 
– деді. 


27
Пайғамбарлар парасаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет