Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
pl5C6v7xoPJwncysjfV8B34IXYhNAm (1)

 
Күштік трансформаторларды жөндеу. Трансформаторды ағымдағы 
жөндеу кезінде трансформатордың және барлық арматураның сыртын 
қарайды: кеңейткіштегі кірді ағызу; майды құю; трансформатордағы тесулік 
сақтандырғыш, төмен түсіретін кран және нығыздағыштың май көрсеткіш 
құрылғысын 
тексеру; 
орамдардың 
оқшауламасының 
кедергісі, 
трансформатордың майын сынау, газдық қорғанысты тексеру. 
Трансформаторды капиталды жөндеу кезінде трансформаторды ашады; 
өзекшені көтереді және қарайды; алынатын бөлікті жөндейді (магнит өткізгіш, 
орам, ажыратып қосқыш, бұру); трансформатордың қақпағын, кеңейткішін, 
кранды, изоляторларды, салқындатқыш және май тазартқыш құрылғыларды 
жөндейді; қаптаманы тазалау және бояу; сигналдық және қорғаныс 
құрылғысын және бақылау-өлшем аспаптарын тексеру, майды тазалау немесе 
ауыстыру; оқшауламаны кептіру; трансформаторды жинау, трансформаторды 
сынау және қажетті өлшем жасалады. 
Трансформаторды қарау және ақауларды жөндеу толық көлемде 
техникалық және технологиялық құжаттарға және қажетті өлшеулер мен 
сынақтарға сай жасалады. 
Трансформаторды қарау кезінде олардың жұмысын тыңдау керек. 
Гуілдеудің сипаттамасына қарай, дірілдің пайда болуына, бактың ішіндегі 
тырсылға қарап зақымдалудың бар екендігін анықтайды. 
Май толтырылған изоляторлар мен кеңейткіштегі майдың деңгейі мен 
түсін, нығыздағыштағы май ағуының болмауын, шиналау мен келген кабельдің 
жағдайын, жерлендірудің жағдайын тексереді. 
Сонымен бірге құрылыстық бөліктерін тексереді: шатырдан ақпайтынын, 
жарықтандырудың, желдеткіштің, өртке қарсы құралдардың дұрыстығын
іргетас пен май жинайтын шұңқырдың жағдайын. 


60 
Мерзімді қараудан бөлек әрбір газдық немесе дифференциалды 
қорғаныстың ажыратуынан кейін кезектен тыс қараулар жасалады және де 
сыртқы ауаның температурасы күрт өзгергенде де қаралады. 
Трансформаторды қарау және ақауларды жөндеу нәтижесі арнайы 
ақаулар ведомостына жазылады. 
Күштік трансформаторды шашу, жинау, жүйедегі және түйіндегі жөндеу 
жасаудың реті технологиялық құжаттарға сай негізделіп жасалады. 
Трансформатордың активті бөлігін қарап жөндегенде жаңбыр және кір 
түспейтін жағдайда жасайды және де майсыз аз уақыт қана тұруы қажет. 
Барлық ақауларды жойған соң трансформатордың активті бөлігін бакқа 
салады және жинақтайды.
Трансформатор капиталды жөндеуден кейін, оқшауламасын немесе 
орамдарын толық немесе жартылай ауыстырған болса, өлшеудің нәтижесіне 
қарамай міндетті түрде кептіру керек. 
Трансформаторды кептіру барлық жөндеу опреациялары мен жинап 
болған соң жасайды. Кептірудің әдісі көп: бактың болат шығынының 
индукциялық әдісі, арнайы шкафта, инфра қызыл сәуле, ауа үрлегіш, ауасыз 
кеңістікте. Кептірудің әдісі трансформатордың конструкциясы мен жөндейтін 
кәсіпорынның мүмкіндігімен таңдалады. 
Жөндейтін кәсіпорындарда көбінесе бактың болат шығынының 
индукциялық әдісі қолданылады. Әдістің мәні, уақытша магниттеуші ораммен 
айнымалы тоқ өткен кезде, үлкен магнит өрісі түзіледі, ол бактың болаты 
арқылы тұйықталып оны қыздырады. Осы кезде бактың ішііндегі барлық 
металл бөліктер қызады, магнит орамдары мен оқшаулама орамдарындағы 
ылғалдың булануын қамтамасыз етеді. 
Трансформаторды кептіру кезінде орамдардың кедергісін өлшейді. Егер 
температура өзгермеген жағдайда 6-8 сағат ішінде трансформатор орамының 
оқшаулама кедергісі тұрақты болса, кептіру бітті деп саналады. 
Трансформатор қоршаған ортаның температурасына дейін салқындаса
қарау үшін бактан активті бөлігін алады, бекіткіштерді тартып, қайтадан бакқа 
салады, қақпағын бекітіп, трансформаторлық май құяды. 
Трансформаторды жөндеу жұмыстары біткен соң қажетті сынақтар мен 
өлшемдер, ПТЭ сай жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет