Статикалық түйсіктер. Мұндай түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те
атайды және денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді.
Статикалық
түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибұлярлық аппаратында
орналасқан. Дене қалпының жер жазықтығына қатысты күрт және жиі ӛзгере
беруі (әткеншек тебу, теңіз шайқалысы) теңіз ауруына, бастың айналуына
әкеліп соғады. Статикалық түйсік - бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі
алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.
Ғарыш әлемін
меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігінің сезгіштігін арттырудың
маңызы ерекше артып отыр.
Мәселен,
ғарышкерлерді
даярлауда
вестибулярлық
аппаратты
жаттықтыру, оны кӛру және қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытуға
мән беріледі. Мәселен, 30-40 секундқа созылатын артық салмақ түсу мен
салмақсыздықтың алмасып отыруын адамдар түрліше түйсінеді. Осы
ерекшелікке сәйкес адамдарды мынандай үш топқа бӛліп қарастыруға болады.
Нерв жүйесі неғұрлым тӛзімді адамдар - мұндайға онша қиналмайды, Ал екінші
біреулер - тосын тітіркендіргішке кездескенде ыңғайсызданып, тез шаршайды,
ӛңі бозарып, терлейді, жүрегі айнып, ӛзін әлсіз сезінеді.Үшінші біреулер - сәл
басы айналғанын сезгенімен, кейіннен бұған бейімделіп кетеді. Соңғы топтағы
адамдардың да нерв жүйесі күшті, тӛзімді келеді. Олар ӛз денесін ерік-
жігерімен билейді, эмоциялық тӛзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын қандай
жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
Вибрациялық түйсіктер.
Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған
заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз.
Негізгі
анализаторлары - түйсіну мүшелеріз. Дамуы қалыпты жағдайдағы адамдар бұл
түйсікті байқамайды. Ал егер адам есту қабілетінен айырлса, онда вибрациялық
түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады.
Кейбір саңырау, керең
адамдар музыканы, әнді күшті ынта қойып «тыңдайды».
Кӛзі, құлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен
орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың ӛмірі мен шығармашылық
әрекеті анализаторлардың адам таң қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып
отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің қандай маңыз
алатындығын жақсы кӛрсетеді. Ольга Скороходованың ақыл-ойының аса
жоғарылығын, дарындылығының күшті екендігін бірнеше шетел тілдеріне
аударылған «Как я воспринимаю и представляю окружающий мир» деген
кітабы және осы тақырыпта қорғаған диссертациясы тамаша дәлелдейді.
О.Скороходова ӛзінің
кітабында соқыр, керең, мылқау адамдардың
музыканы қалай «тыңдайтындығын», кітапты қалай «оқитындығын» кӛптеген
қызықты мысалдармен түсіндіреді. Мәселен, олар дыбысты вибрациялық сезімі
арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қою
арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына
барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Ӛйткені, музыкалық әуендерді
олар терісіндегі нүктелермен түйсінетін кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: