1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы)



Pdf көрінісі
бет48/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94
Түйсіктердің қарама-қарсылығы (контрастылығы). Контраст дегеніміз 
- ілгері немесе қосарланған тітіркендіргіш әсеріне қарай түйсіктердің қарқыны, 
және сапасының ӛзгеруі. Екі тітіркендіргіштің бір мезгілді әрекетінен бір 
мезгілділік контраст пайда болады. Мұндай контраст кӛру түйсіктерінде жақсы 
байқалады.Бір кескіннің ӛзі қоңырқай түстің аясында ақшыл, ақшыл түстің 
аясында қоңырқай болып кӛрінеді.Жасыл зат қызғылт түстің аясында қоюлана


түскендей болады. Суықтан соң жай ғана жылы тітіркендіргіштің ӛзі ыстық 
сияқтанады. Қышқылды түйісіну тәттіге деген сезгіштікті арттырады. 
Синестезия. Синестезия дегеніміз - пайда болған бір түйсіктің басқа 
түйсікті қоздыруы. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік 
туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай 
жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сӛзін естігенде, бұған қоса түрлі 
дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Сондай адамдардың бірі қызғылт түстен 
- жылылықты, екіншілері кӛгілдір жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің 
осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, кӛру, сипап сезу, иіс, дәм 
түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс ӛмірде онша жиі кездесе 
бермейді. Синестезия - түйсіктердің ӛзара байланысының шамадан тыс 
дамыған бір кӛрінісі. 
Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, 
түйсіктің аз ғана уақыт болса да ӛз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер 
деп атайды. Бұлар кӛру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. 
Мысалы, адам 2-3 секунд бойы кӛз алмай, шамға қарап отырып, содан кейін 
кӛзін жұмса, жарықтың ізін айқын кӛре алады. Бір ізді бейненің бұл түрі оң ізді 
бейнелер деп аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағазды қолға алып, бірін сол ақ күйінде 
қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып 
қойып, бұдан соң қызыл қағаздан 20-30 секундтай кӛз алмай отырып, кӛзімізді 
ақ қағазға сәл аударсақ, оның бетінен кӛгілдір түсті кӛруге болады. Бұл теріс 
бір ізді бейненің мысалы. Бір ізді бейнелер кӛбінесе адамға байқалмайды. 
Себебі мұндай тітіркендіргіштің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. 
Оның байқалмауы - кӛздің тор қабығының ылғи қозғалып тұруынан. 
Сондықтан адамның кӛзі талмайды. Орталық нерв жүйесінің жоғары 
бӛліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердің физиологиялық 
негізі болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет