1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Естің дара және типтік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет59/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
5. Естің дара және типтік ерекшеліктері. 
Ӛмір сүру қызмет атқару барысында нерв жүйесінің ерекшеліктеріне 
қарай адамда естің даралық және типологиялық ерекшелігі қалыптасады 


Естің даралық ерекшеліктері. Естің даралық ерекшеліктері біріншіден, 
жеке адам ерекшеліктерімен байланысты болады. Ес дәрежесі бірдей екі 
адамды табу қиын. Естің жақсы сапаларының бірі - даярлығы. Естің қорынан 
кез келген уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді. 
Сондай-ақ кӛп нәрсені миына тоқи алатын, есінің ӛрісі кең адамдар да болады. 
Біреулер кӛзбен кӛргенді, енді біреулер құлағымен естігенді жақсы қалдырады.
Тіпті есі жақсы адамдар да бәрін бірдей есте сақтамайды да, есі нашарлар 
бәрін бірдей ұмыта қоймайды. Бұл естің таңдампаз сипатымен түсіндіріледі. 
Адамның мүддесі мен қажеттілігіне сай нәрселерді ес тез де берік ұстайды. 
Екіншіден, даралық айырмашылық ес сапасынан кӛрінеді. Ес сапасы есте ұстау 
шапшаңдығы, сақтау беріктігі және қайта жаңғырту жеңілдігімен сипатталады. 
Егер жақсы ес бірден есте сақтау және баяу ұмытудан кӛрінсе, нашар ес, 
керісінше, самарқау сақтау және тез ұмытумен айрықшаланады.
Бірақ ес бір жағынан жақсы, екінші жағынан нашар бола береді. Естің 
жеке сапалары түрлі үйлесім табуы мүмкін. 
1. Ең тәуірі – бірден есте сақтау мен бірте – бірте ұмытудың үйлесуі. Ес 
ерекшелігі осындай адамдар материалды бірден есте сақтайды; бір рет 
тыңдалып немесе оқылған материал берік және ұзақ сақталады, қажет кезінде 
оңай да толық және қатесіз қайта жаңғыртылады. 
2. Есте самарқау сақтау бірте – бірте ұмытумен үйлеседі. Есінің сапасы 
мұндай адам бір нәрсені жаттауға кӛп уақыт жұмсауы – бірнеше рет оқуы, 
кесте жасауы, ӛзіне - ӛзі әңгімелеуі керек. Бірақ олар есте ұстаған соң материал 
ұзақ уақыт берік сақталады және дәл жаңғыртылады. 
3. Бірден есте сақтау тез ұмытумен үйлеседі. Ес сапасы осындай адамдар 
материалды «тез қағып алып», есте сақтайды. Мұндай адамдар тыңдай салып 
немесе бір – ақ рет оқып шығып, мысалы, сабақ соңында материалды толық 
және қатесіз қайта жаңғырта алады. Бірақ, аз уақыттан соң, тіпті екі күннен 
кейін – ақ оның кӛбін ұмытып, жобалап, қате араластырып жаңғыртады. Бұлай 
болу себебі мұндай адамдар есте бірден сақтайтындығын қанағат тұтып, 
қайталауға уақыт бӛлмейді, бәрін білемін деп есептеп үйде ауызша 
тапсырмаларды әзірлемейді. Тез ұмыту салдарынан ес жеміссізденеді. Ес 
сапасының мұндай үйлесімі жағдайында материал қайталаусыз – ақ 
жаңғыртылса да қайталап жаттау қажет. Қосымша қайталаулар есте ұзақ және 
берік сақтауға жеткізеді. 
4. Ең жеміссіз ес самарқау сақтап, тез ұмытумен сипатталады. Есі 
осындай адамдар жаттауға кӛп уақыт жұмсайды, бірақ қажетті нәтижеге жете 
алмайды. Олар толық және дәл жаңғырта алмайды, материалды тез ұмытып 
қалады. Бұл білімдері үзік – үзік оқушыларға тән (үзілістер ауруға байланысты, 
ұзақ уақыт сабаққа келмеуден немесе басқа себептен болуы мүмкін), ӛйткені 
жүйелі білімнің жоқтығы қажетті бірлестіктердің орнауына бӛгет болады. Кей 
жағдайларда ес мидың ауруға шалдығуының нәтижесінде де нашарлап кетеді. 
Ес ерекшеліктері осындай оқушылар тиянақты кӛмекті қажет етеді. 
Оларды жаттау мен қайталауды дұрыс ұйымдастыра отырып, естегі 
кемшіліктерді жоя білуге үйрету керек. Балаларға мұны қалай атқаруды тікелей 
жаттау үстінде нақты кӛрсетіп отыру қажет. Естің тӛмен нәтижелілігі кейде 


жаттауды тиімді ұйымдастыра алмаудан, ой елегінен ӛткізбей тек механикалық 
есте сақтауды қолданудан да болады. Мұның тез ұмытуға әкелетіндігі белгілі. 
Материалды есте сақтауға үйрете отырып, ес әрекетін едәуір жақсартуға, соның 
нәтижесінде оқу үшін маңызды қабілеттің бірін дамытуға болады. 
Жоғарыда аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. 
Оларды тӛмендегіше жіктеуге болады: 
1)Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын 
кӛпке дейін ұмытпайтын оқушылар. 
2)Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар. 
3)Есінде қалдыруы тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар. 
4)Есіне киналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар. 
Бала есінің сапасы тӛмен болуы кӛптеген себептерге байланысты. Есте 
қалдыруы нашар балалар сабақтан кӛп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі 
орындап отырмайды, 
Естің даралық айырмашылығы кейбіреулердің тарихи материалды енді 
біреулердің физика немесе химия жӛніндегі материалды есте жақсы 
сақтайтындығынан кӛрінеді. Сондықтан естің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін 
мектеп оқушыларының әр пәнге деген ынтасын қалыптастыру қажет. 
Адам ұмытылып кеткен бір оқиғаны, басқа еске түсіру кұралдары 
болмаса да, тіпті сол оқиғаға байланысы жоқ сәттер мен бӛлшектерді
арнайы 
қайтадан жаңартып, есіне алу арқылы ойына біртіндеп түсіретіндігі жиі 
кездеседі: «Мен ӛзіміздің досымызды қашан кездестіріп едім? Бұл таңертең 
болатын, есімде мен жұмысқа кетіп бара жатқанмын; демек, бұл жексенбі күні 
емес, сейсенбі де емес, ӛйткені мен сейсенбі күні жұмысты кешкісін
істедім 
демек, бұл дүйсенбі күні болатын. Есімде, оның сырт киімі жоқ, қостюмшең 
болатын,
демек, күн жылы болған. Ал күн ӛткен аптадан бастап қана 
жылынды...». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет