1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет72/94
Дата05.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#90701
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   94
 
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары 
1. Қиял дегеніміз не? 
2. Қиялдың қандай түрлрі бар? 
3. Шығармашылық қиялға сипаттама беріңіз? 
4. Қиялдың жасалу жолдарын атаңыз? 
5. Түс кӛру қандай қиялға жатады? 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б. 
2. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, 
-490с. 


3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 
1992г., -195 б. 
4. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., -
630с.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с. 
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.
8. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под 
ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г., -390с. 
9. Страхов И.В. Психология творчества: Лекция для студентов пед. 
Институтов. – Саратов, 1968г., - 235с. 
10. Якобсон П.М. Психология художественного творчества. М: Знание, 
1971г.,-286с.
№ 15 дәріс. Эмоция және сезімдер 
Жоспар: 
1.Эмоция және сезімдер туралы түсінік. 
2.Эмоция мен сезімдер мәселесіне теориялық жағынан шолу. 
3.Сезімнің түрлері. 
4.Эмоцияның түрлері. 
 
1.Эмоция және сезімдер туралы түсінік. 
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес 
келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін 
эмоция мен сезім деп атаймыз. 
Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше ӛтелуі адамда, 
кӛптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң, 
үрей, қорқу, масаттану, ӛкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы 
басқалары.Мысалы: Шӛлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады. 
Егер шӛлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі 
тудыруы мүмкін. 
Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады. 
1) Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол кӛңіл-күй тұрақтылығы мен 
мінез-құлығымызға 
бағыт 
беріп 
отырыды. 
Эмоцияның 
реттегіштік 
механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу, 
қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғана 
қоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану, 
бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіпті 
болады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші кӛз жасы, бет, тыныс жолдары 
бұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы әлсірейді» 
2)Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе 
жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты. 
Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын 
адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған. 


3)Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның ӛз 
бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, 
кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады. 
4)Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды 
нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сӛйлеуі, 
айқайлауы, түртуі, басын изеуі, кӛзін қысуы. Мимика және пантомимика, дене 
бұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б. 
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол:
Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну–сүйсінбеу, 
кӛңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-бірі 
қарама-қарсы мағынада қолданылады. 
Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып 
бӛлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын кӛтерінкі сезімдер мен 
эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сӛз), ал бұлардың баяу солғын 
түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік, 
жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, кӛнілсіздік т.б. сезімдер 
жатады. 
Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану 
немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан ӛтуі, спортпен айналысатын 
адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда 
адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез ӛткен соң басқа бір күйге түседі. 
Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет