Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет11/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69
 
4. Қысым бірлігі. Бірліктердің халықаралық жүйесіндеқысым бірлігі ретінде 
1 м
2
аудан бірлігіне түсірілген шамасы 1 Ньютон күш алынған. Демек, қысым 
бірлігі 1Н/м
2
. Бұл бірлікті Блез Паскальдің құрметіне Паскаль (Па) деп атау 
келісілген. 
1 Па=1Н/м

Бақылау сұрақтары: 
1. Қысымның анықтамасын тұжырымдаңыз. 
2. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін тұжырымдаңыз. 
3. Орташа кинетикалық энергия қалай анықталады? 
4. Абсолюттік нөл температурада ілгерілемелі қозғалыстың кинетикалық энергиясы 
қандай мәнге ие болады? 
5. Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі қысым бірлігі? 
 
§6. Идеал газ күйінің теңдеуі 
 


15 
Молекула-кинетикалық көзқарас негізінде алынған теңдеулер газ күйін 
сипаттауға болатын физикалық шамалардың өзара қатынасын анықтауға 
мүмкіндік береді. Мұндай шамалар: P – қысым, Т – температура және V – 
көлем. Оларды газ күйінің параметрлері деп атайды. Осы үш шама бір-біріне 
тәуелді. Олардың әрқайсысы қалған екеуінің функциясы болып табылады. 
Осы үш параметрлерді байланыстыратын (P,V,Т) (газдың тұрақты массасы 
үшін) теңдеуді газ күйінің теңдеуі деп атайды. 
(6.1) 
Бұдан газ күйі екі параметрмен анықталатындығы көрінеді. Үшінші параметр 
алдыңғы екеуімен анықталады.
Идеал газдар үшін күй теңдеуін МКТ-ның негізгі теңдеуінен ( ) 
шығаруға болады. Егер V көлемде N бөлшек болса, онда молекулалар 
концентрациясы
болып анықталады. Онда, МКТ-ның негізгі теңдеуі 
мына түрде жазылады: 
(6.2) 
Соңғы теңдеуде газ күйінің үш параметрі бір-бірімен байланысқан, 
сондықтан оны күй теңдеуі ретінде қарастыруға болады. Мұндағы анықталуы 
қиынға соғатын молекулалар санын газ массасы мен мольдік масса (М
арқылы өрнектеген дұрыс: 

мұндағы
Авогадро тұрақтысы деп аталады. Кез келген 
заттың бір моліндегі бөлшектер саны Авогадро тұрақтысына тең. Осыны 
ескеріп идеал газ күйінің теңдеуін мына түрде жазамыз: 

Авогадро мен Больцман тұрақтыларының көбейтіндісі универсал газ 
тұрақтысы деп аталады: 
, (6.3) 
мұндағы R – универсал газ тұрақтысы 

- мольдер саны. Егер 
, демек газдың бір молі үшінидеал газ 
күйінің теңдеуі мына түрде жазылады: 
. (6.4) 


16 
Ал, кез келген мольдер саны үшін идеал газ күйініңтеңдеуін мына түрде жаза 
аламыз: 
, (6.5) 
немесе
. (6.6) 
Осы түрде жазылған идеал газ күйінің теңдеуін Менделеев-Клапейрон 
теңдеуі деп атайды. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Газ күйін сипаттайтын қандай макропараметрлерді білесіз? 
2. Молекулалар концентрациясы қалай анықталады? 
3. Газдың бір молінде қанша молекула болады? 
4. Идеал газ күйінің теңдеуін тұжырымдаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет