Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет2/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
 
 



1. ТЕМПЕРАТУРА 
 
§1. Температура және термодинамикалық тепе-теңдік 
1.Температура ұғымы денелердің әр түрлі қызу (суық) дәрежесін 
сипаттау үшін енгізіледі. Температура туралы түсінік ғылымға күш ұғымы 
сияқты біздің сезімдік қасиеттеріміз арқылы енген. Біздің сезіміміз қызуды 
сапалы деңгейде ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, ыстық, жылы, 
салқын, суық – деген сияқты. Алайда, ғылымда қолданылатын қызу 
деңгейінің сандық мөлшері біздің сезімталдығымызбен анықталмайды. 
Себебі, сезім барлық уақытта субъективті. Адамның қолының күйіне қарай 
бір дене кейде жылы, ал кейде суық болып сезілуі мүмкін. Мысалы, екі 
қолымызды жылы және салқын суы бар екі ыдысқа біраз уақыт салып, одан 
кейін екі қолымызды да бөлме температурасындағы суға салатын болсақ
онда бір қолымызға су салқын болып сезілсе, ал екінші қолымызға ыстық 
болып 
сезіледі. 
Температураны 
сезім арқылы 
анықтау 
дененің 
жылуөткізгіштігіне аса тәуелді. Температураны сезім арқылы бағалау 
температураның тек өте қысқа интервалында (адам ағзасы температурасы 
аймағында) мүмкін болады. Аса ыстық және аса суық денелердің 
температурасын сезім арқылы бағалау мүмкін емес. 
Физикалық шамалардың арасында температура ерекше орын алады. 
Температура аддитивтілік қасиетіне ие емес физикалық шама. Мысалы, 
қандай да бір денені ойша бірнеше бөліктерге бөлетін болсақ, онда дененің 
толық температурасы бөліктердің температураларының қосындысына тең 
болмайды. Сондай-ақ, температураны масса мен ұзындықты өлшеген сияқты 
эталонмен салыстыру әдісімен өлшеу мүмкін емес.
2.Термодинамикалық тепе-теңдік. Температураның сандық мәнін 
анықтау және дәл температуралық шкаланы жасау негізінде сезімдік 
субъективизмнен ажыратылған объективті физикалық құбылыстар мен 
фактілер болуы қажет. Жылудың феноменологиялық ілімінде температура 
жылулық немесе термиялық тепе-теңдік ұғымы негізінде енгізілген. 
Термодинамикалық тепе-теңдік ұғымы оларға қарағанда жалпы ұғым болып 
табылады. 
Егер температуралары әр түрлі екі денені бір-біріне жанастыратын болсақ, 
онда жүйедегі барлық макроскопиялық өзгерістер тоқтағанша бір дене қызып 
екіншісі салқындайды. Бұл жерде біз жүйедегі денелер арасында химиялық 
реакция 
жүрмейді 
деп 
ескереміз. 
Осылай 
жүйедегі 
денелердің 
температуралары теңесіп термодинамикалық тепе-теңдік орнайды. Жүйеде 
тек қана екі дене болғанда ғана емес, жүйе құрамында одан да көп денелер 
болса да термодинамикалық тепе-теңдік орын алады. Егер жүйедегі денелер 
арасында химиялық реакциялар жүретін болса, онда жүйе толық тепе-теңдік 
күйіне жеткенше осы реакциялар нәтижесінде қосымша қызу немесе 
салқындау процестері өтеді. Алайда, реакциялар тоқтаған соң жүйе 
термодинамикалық тепе-тең күйге келеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет