ролі өте зор. Осымен байланысты математика пәнің оқытудың
мынадай мақсаттары алға қойылады:
- студенттердің математикалық және алгоритмдік ойлау
қабылетін дамыту.;
- студенттердің математикалық есептерді зерттеу және
шешудің негізгі әдістерін меңгеруі;
- студенттерге қолданбалы өндірістік есептерді шешу үшін
математикалық білімдерін
дұрыс пайдалану дағдысын
сіңіру.
Пәннің міндеттері – Көздеген мақсатқа жету үшін пәннің
оқытудың мынадай негізгі міндеттері жүктеледі:
- математикалық ұғымдар мен әдістерді пайдаланып
студенттерге ғылыми зерттеудің мәнің ашып көрсету;
- қолданбалы өндірістік есптерді шешудегі математиканың
ерекшелігі мен ролін айқындау.
- студенттерді кәсіптік
жұмысында математикалық
әдістерді қолдануға бейімдеу;
Осы мақсатқа жету үшін мыналар қарастырылады.
Дәрістер оқу. Дәрістерде пәннің мазмұны баяндалып,
негізгі математикалық ұғымдар мен әдістерге талдау
жасалады. Бұл жағдайда дәрістің
мазмұны мен студенттің
болашақ кәсіптік жұмысын байланыстырып отыру қажет.
Тәжірибелік сабақтар. Тәжірибелік сабақтарда студенттер
математикалық есептерді шешудің негізгі әдістерін үйренумен
қатар математика курсының теориялық қағидаларынан
теориялық қағидаларынан түсінік алады.
Студенттердің өзіндік жұмысы. Математикалық әдістерді
меңгерудің негізі ретінде студенттердің
өзіндік жұмысын
айтуға болады. Оған мыналар жатады:
- студенттердің аудиториядағы үздіксіз жұмысы;
- аудиториядан тыс жердегі үздіксіз жұмысы;
- математикалық талдаудың арнаулы бөлімдері бойынша
рефераттар жазу және ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу;
- студенттердің ғылыми – тәжірибелік конференцияларға
қатысуы .т.б.
Достарыңызбен бөлісу: