Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
185
үш мың қол үңгір алдында тұрып алып шыдатпайды, қанды босқа төгуден бөтен
қазақ жауынгерлерінің табар пайдасы жоқ.
Бұрындық бес мың қолмен сол күні Созаққа қайтып кетті. Бір жетіден кейін
бар әскерін жинап Қасым да қозғалды. Созаққа
таяғанда алдарынан шапқыншы
көрінді. Бөрік астынан бөрі шыққан дүрбелең заман, «тағы не болып қалды?» деп,
әскер басында келе жатқан Қасым мен серіктері құйындата шапқан салт аттыға
қобалжи қарады. Сөйткенше болған жоқ, астындағы құладын бестісін терге
сабылта шапқыншы да келіп жетті. Қасымның кіші інісі Жәдік екен.
— Ассалаумағаликом, — деп ентіге сәлемдесті ол, астындағы атын
тыпыршыта ойнатып.
— Уағаликумассалам, — Қасым сәлем алды, — жарқыным, шабысың тым суыт
екен, ауыл-аймағың аман ба?
— Бәрі де аман... Тек бір болмашы жаман хабар жеткізгелі келіп тұрмын.
— Қандай хабар?
— Тас үйшіктен Махмуд-Сұлтан қашып кетті. Қасында бір күзетші серігі бар.
— Батыр Саян қайда еді?
— Жандарында ұйықтап кеткен батыр Саянды бауыздап қашқан.
Жәдіктің айтуынша оқиға былай болып шықты. Тас үйге
қамалған қол-аяғы
кісендеулі Махмуд-Сұлтанды Саян көзінің қарашығындай сақтайды. Сырт-
тағы күзетті былай қойғанда, біреу-міреу сұлтанды жазым етіп жүрмесін деп өзі
үнемі, бір Маңғыт жігітімен бірге, тас үйдің ішінде қонып жүреді. Махмуд-Сұлтан
батыр Саян жоқ кезде, сірә «сені жетістірем» деп Маңғыт жігітімен тіл тапқан
болуы керек, бір күні түнде батыр Саян ұйықтап кеткен кезінде,
қатар жатқан
Маңғыт жігіті ананың тамағынан қанжарымен орып жіберіп өлтіреді. Сөйтет те
тас үйдің іргесін кісі сыятындай тесік етіп қазып, Махмуд-Сұлтан екеуі қашады.
Сыртқы күзетшілер үй іргесінің үңірейіп жатқанын тек таң ат-
қасын көреді. Жан-жаққа ат шаптырып, іздеу салады, бірақ қашқындар жер астына
кіріп кеткендей, үшті-күйлі табылмайды.
Қасым бала жасынан, ерлігі аңызға айналған батыр Саянды өте жақсы көретін-
ді. Бұл сұмдық хабарды естігенде, ол теңселіп ат үстінде әзер отырды.
Жерге
түсіп, бүкіл әскер боп батыр Саянға арнап құран оқығанда да, ол біреу шекесінен
сойылмен ұрып кеткендей есеңгірей әзер шыдады. «Ақкөз ер, бір сұмдықтың
боларын сезгендей-ақ барғысы келмеп еді. Бекер жіберген екем!» деп өкініп,
жүрегі күйіп, не істерін білмеді.
— Есіл ер... — деді кенет ол қабағын қарс түйіп, — құныңды он есе етіп
қайтарармын, — ол енді ернін сәл қимылдатып күбірлей сөйледі, — қымбатты
ана... саған берген сертімді орындаймын деп, халқым хан көтерген туған әкемнен
айырылдым, анам бір болмаса да, әкем бір, қадірлі ағам Махмұт-Сұлтанды жұрт
көзіне түсе алмастай кемтар еткіздім. Енді міне, ең жақын серігімді қан етіп
тұрмын. Кеш, қымбатты анам саған берген сертімді қайтып алдым... Кезім келсе
әкемнің де, серігімнің де құнын қайтарармын қанішер қос бөріден!
Қасымның бұлай сөйлейтін реті де бар еді. Ол өзін
әкесінің өліміне айыпты
санайтын. Сонау қан судай аққан айқаста Мұхамед-Шайбанимен кездеспеймін
деп, таңдаулы жиырма мың әскерін майданның сол қанатына алып кеткен. Егер
анасына серт бермегенде, бұл әскер Жәнібектің қасында болатын еді. Жуып
көрсінші сонда оның жанына қара атты жауынгер! әттең, әттең! От жүрек, алғыр
ойлы, көреген әке, ел басын толық қоса алмай кетті. Енді міне, топас ойлы