Заңгерлікке қатысты сөздер: аһд – талап, шарт, міндет – 158б, аманат –
99б, ант – 102а, антласты – анттасты – 103а, арчлады – арашалады – 105а, азад –
азат – 109б, азған – 105б, айыб – айып – 242а, борч – борыш – 120а, дад – дат –
137б, дад берүр күн – соттасар күн – 260а, дағва – дау – 403б, деліл – дәлел – 95б,
фақир – заңгер – 168а, иджазет – шешім – 196а, һүджеджет – құжат – 193а, һүкүм –
үкім – 157а, джебаб – жауап – 254б, мүһүр – мөр – 339б, оғры – ұры – 285а,
оғурлуқ – ұрлық – 179б, өчешті - өштесті – 235б, қази –қазы – 198а, шарт – 132б,
талақ – 339а, тертіб – тәртіп – 208а, уруш керіш – ұрыс-керіс – 217а, сыған аһд –
бұзылған шарт – 158а, йүкүнген – жүгінген – 325б, зина – зинақорлық – 306а,
зиндан – зындан – 296б, т.б.
Тұрғын-үй, баспанаға қатысты атаулар: ас пішүрүр ев – асхана – 194б,
ағрықларның еві – аурухана – 150а, абхана – монша – 110б, босақа – босаға – 141б,
ешік – есік – 167б, етмек аішүрүр ев – наубайхана – 166а, ев – үй – 170б,
ғарібларның еві – жолаушылар үйі – 178а, кент – 111а, кертек ев – отау – 275а,
қотан – 302а, қуш еві – құс ұясы – 110б, сарай – 93а, шеһер – шаһар – 109а, там –
109а, төр – 110б, түңлүк – түндік – 278б, тутқа – тұтқа – 113а, йармақ соқар ев –
ақша соғар үй – 99а, йазлуқ ев – жазғы үй – 285а, йер астыдақы ев – жер асты үй –
174а, т.б.
Қауымдастыққа қатысты сөздерді іштей этникалық атаулар, қауымдастыққа,
дінге қастысты сөздер, демонологиялық атаулар деп бөлдік.
Этникалық атаулар: аджемче – парсыша – 392а, арабі (ат) – арабы ат –
151а, арапча – арабша – 392а, һиндистан – үндістан – ғырақ – ирақ – 393а, джухуд
– еврей – 210а, руми – үрімдік – 314а, сарт – 319а, Шам – 331а, Йемен – 390а, йазы
арабі – дала арабы ~ бәдәуи – 218а, т.б.
Қауымдастыққа қатысты сөздер: дост – дос – 102б, дүнийа – дүние –
157а, ел – 119б, ер – 93а, кічік – кіші – 189а, кіші – кісі – 96б, нөкер – 261а, орта
йашлық- орта жаста – 144б, үлүш – ұлыс – 174а, халқ – халық – 203б, йердеш –
жерлес – 251б, йігіт – жігіт – 200а-б, йолдаш – жолдас – 261а, йурт – жұрт – 114а,
хатун – қатын – 95а, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |