Хіі ғасыр ғалымы әз замахшаридің Өмірі және шығармашылығы елеужан Серімов



Pdf көрінісі
бет26/28
Дата16.05.2023
өлшемі0,85 Mb.
#93486
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Муккадимат

 
 
 
“Мукаддимат әл-адаб“ тіліндегі сөздердің семантикалық қолдану 
ерекшеліктері. Зерттеуші тілші ғалымдар өз заманында ескі жәдігерлер 
авторларының өз еңбектерін жазуда өз алдына белгілі бір мақсат көздегендіктен, 
сол тілдің жан-жақты толық жетілген мүмкіншілігін әдейі пайдаланбай, тек 
қолданған тілдің диалектикалық ерекшеліктерін көрсете алған деген 
қорытындыға келеді. Соның өзінде сөздіктерде келтірілген азғантай сөздік 
құрамнан-ақ тілдің ғасырлар иініндегі мол байлығын, жоғары мүмкіншілік 
деңгейін толық аңғаруға болады. 
Тіл лексикасы семантикасының байланысы: лексикалық мағынаның 
мазмұндық түрлері және лексикалық мағынаның формалық түрлері болып 
бөлінеді. Басқаша айтқанда, лексикологияның семасиология тармағының 
қарастыратыны – сөз семантикасы мен тұрақты сөз тіркестерінің семантикасы 
десек, өзара бұлар сөздіктің лексикалық-семантикалық жүйесін жасайды. Олардың 
араларындағы лексикалық-семантикалық байланысты шартты түрде көлденеңнен 
және тігінен деп топтауға болады. Осындай ыңғайда сөз мағынасының тігінен 
байланысы – гиперпоним, гипоним, эквонимдерден тұрса, көлденеңдік 
байланысына синоним, антоним, полисемия, конверсия, омоним, пароним деген 
мағыналық-формалық бірліктер жатады. Сөздіктің осы айтылған екінші тобына 
талдау жасап көрелік.
 
Синонимдер. “Синоним сөздер – кез келген тілдің қаншалықты 
дамығандығын, оның оралымдығын көрсететін сөз байлығының құнарлы бір 
саласы” 

45,1

дейтін болсақ, “Мукаддимат” тілінің синонимдері саны мен көлемі 
жағынан да, синонимдік қатарлардың молшылығы жағынан да өте бай. 
Ойды соншалықты дәлме-дәл етіп жеткізе алу – тілдің синонимдік байлығын 
игерумен өлшенеді десек, әз-Замахшари түркілік мәндес сөздердің мағыналық 
ерекшелігін дұрыс аңғарып, керекті жерінде лайықтап қолдана білген. Заты тілші 
ғалым 
болғандықтан 
тілдік 
материалдарды 
орынды, 
талғампаздықпен 
пайдаланады. Ескі сөздіктегі синонимдік қатарларды сраптап, сұрыптап жіктегенде 
мынадай нәтижелер көрінеді.
Екі сөзді синонимдік қатар: келе (95б) – мал (95б); 
Үш сөзді синонимдік қатар: чығай (373б) – ғаріб (373б) – йоқсыз (373б); 
Төрт сөзді синонимдік қатар: баға (402б) – паһа (160б) – һақы (163б) – нерх 
(223а) көп көптеп ұшырайды. 
Сонымен бірге синонимдер сөз табының түгелге жуығын қамтыған. Зат есім 
синонимдері: аджем (392а) – парсы (392а); ауч (97б) – алақан (97б); баға (402б) – 
паһа (160б) – һақы (163б) – нерх (223а); борч (402б) – фаризе (168а) – борыш, 


 ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
парыз; еш (102б) – дост (102б) – дос; елік (272б) – қол (272б) – қол; келе (95б) – 
мал (95б) – мал; чығай (373б) – ғаріб (373б) – йоқсыз (373б) – кедей; кент (111а) – 
шеһер (109а) – қала, шахар; 
Сын есім жасайтын синонимдер: арығ йер (105б) – таза йер (105б) – таза, 
киелі жер; ғула (107а) – туч (107а) – қола; йақын (263а) – йавуқ (263а) – жақын, 
жуық); чын (381а) – растлық (381б) – растық, шындық; кір (219а) – арықсыз (125а) 
– неджис (248а) – кір, таза емес; 
Етістік жасайтын синолнимдер: һаджет (255а) – муһтадж (241а) – қажет, 
мұқтаж; йарды (291б) – сындурды (291б) – жарды, сындырды; 
Синонимді сөз еткенде дублеттерге соқпай кетуге болмайды. Негізінде 
“синоним болатын сөздердің не мағынасында, не стильдік мәнінде немесе сөз 
қолдану жүйесінде әйтеуір бір өзгешелігі болуы міндетті шарт. Ал дублеттерде 
мұндай шартты белгілер мүлдем қойылмайды, олардан талап етілмейді де. 
Дублеттер қайда қолданылса да, барлық жерде де бір-бірімен ешбір 
айырмашылығы білінбей тұруы керек. Тек сондай тепе-тең, нақ бірдей жұп сөздер 
ғана дублет деп танылады” 

46,12

. Сөздікте мынадай дублеттер кездеседі: бақ 
(98а) – бау (98а) – бау; бел бағ (128б) – бел бақ (128б) – белбеу; бойн (226а) – бойун 
(226а) – мойын; бөрүк (233б) – пөрүк (233б) – бөрік; қырағы (107а) – қығығы 
(107а) – қыры, шеті; қорқмақ (96б) – қоруқмақ (96б) – қорықпақ; қуш (93б) – ғуш 
(27б) – құс; ылан (238а) – йылан (97а) – жылан; өлдүрді (97а) - өлтүрді (97а) - 
өлтірді; сауқ (226б) – савуқ (226б) – суық; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет