ХІІ ғасыр ғалымы әз-Замахшаридің өмірі және шығармашылығы
Белгілі бір еңбекті фонетикалық тұрғыда қарастырудың басты мақсаты –
тілдің фонологиялық жүйесін айқындауға келіп саяды. Бір тілді жеке дара алып
қарау ақиқатқа жетер жол емес, ол үшін туыс тілдерге тән ортақ белгілерді
туыстас тілдермен салыстыру арқылы айқындап алуымыз қажет. Туыс тілдердің
ішінде өзара жақын тілдерге тән ортақ белгілер өте көне дәуірлерде пайда болған
көрініс екеніне дау тумауға тиіс. Осыдан келіп екі мақсат айқындала түседі: бірі
– фонологиялық зерттеу арқылы жеке дыбыстардың (фонеманың) даму
эволюциясын, әуелгі қалпынан өзгеріске ұшырауын айқындау да, екіншісі – ол
арқылы фонологиялық жүйеде болған жекелік не ортақ өзгерістерді белгілеуге
ұласады.
Фонетикалық зерттеуіміздің нысаны – сөздіктің дыбыстар жүйесі. Ол үшін
біз алдымен оппозициялық әдісті қолданамыз. Бұл
әдіс бір-бірімен мағыналық
айырмашылығы бірен-саран дыбыс өзгешелігіне негізделген сөздерді анықтау
үшін қажет [29, 8]. Ондай сөздер: ағыз – ауыз – (100а); ағынады – аунады –
(224а); ағыр – ауыр – (227а); ағыршық – ұршық – (402а); ауртамақ – ұрттамақ –
(108а); болжал – болжау – (120б); бошады – босады – (327а); бөгрі – бүкір –
(123б); бөзчі – бөзші – (124а); тағық – тауық – (123б); таңлағаны – таңдағаны –
(160а); тағ – тау – (124а), т.б.;
Сөз құрамындағы бір дыбыс басқа дыбыспен ауыстырылып, сөз
мағынасына әсер ететін коммутациялық әдіске салып көрсек, анлаут (сөз
ортасында) : азар
– азар да безер
– (14 б.), т.б.
Фонетикалық дублет сөздер. аяқ
– ыдыс аяқ
– 108 б., қарқа
– қарға
– 97 а.,
қарыз
– борчіш
– борыш
– 278 б., бош
– бос
– 327 а., бөк
– бөктер
– 4 а., ев – ідін –
үй, т.б.
«Ғ» дыбысына аяқталатын сөздердегі аулаут позициясындағы (сөз
аяғындағы) қазақ тілінде элизия құбылысына (түсіп қалу) ұшырайтыны да: ачығ
(ашу), тарығ (тары), сарығ (сары), ұлығ (ұлы), азық тіш (азу тіс) ай йүзлік (ай
жүзді) не болмаса анлауттағы (сөз ортасындағы) «ғ» дыбысының «у» дыбысына
айналатыны да: «сағыт (сауыт), бағыр (бауыр), сағлық (саулық), түгін, төгін
(түйін), ачығлаған
> ачығланған – ашуланған, сақмақ – саумақ – (38 а.), қазіргі
«м» дыбысынан басталатын сөздер ескінің белгісіндей «б»
дыбысымен
айтылатыны да: бойын (мойын), бықын (мықын), бурут (мұрт), көм көк – көп-көк
– (219 а.) сөздіктен айқын байқалады. Сондай-ақ көне тілге тән, кейінгі кезде
тілдік қолданыстан мүлдем шығып қалған архаизмдер де жеткілікті: көкүс
(кеуде), егин (иық), елік (қол), үй (сиыр). Осындай архаистік тұлғалардың сол
уақыттарда жарыса қолданылған басқа варианттары да қатар ұшырасып
отыратыны көрінеді: елік (қол), бітік (хат) т.б.
Салыстырмалы фонетика ғылымы дыбыстық жүйені зерттеуде туыс тілдер
дыбыстары ұқсастығы мен өзгешелігін анықтау мақсатын көздейді.
Салыстыру
әдісін қолдану тілдің қай тілден тамыр тартып жатқанын генетикалық туыстығын
мойындаудан келіп туындайды. Белгілі бір тілдер тобының бір ғана негізден
немесе бір біріне жақын негізден тарағандығын мойындаудан барып оларды өз
ара салыстыра зерттеудің объективтілігі келіп шығады.
Elevjan SERIMOV
Фонетика сияқты лингвистикалық ғылымның ірі саласының негізгі нысаны
тілдің дыбыстық жүйесі. “Мукаддимат” сынды сөздіктің дыбыстық жүйесін
қарастырудың мақсаты – орта ғасырлардағы түркі тілі мен қазіргі қазақ тілінің
арасындағы ортақтық пен айырмашылықты, ол арқылы
жәдігерліктің біздің де
рухани мұрамыздың қайнар көздерінің бірі екенін аңдап білу. “Түркі тілдерін
топтастырған ғалымдардың бірқатары (Ф.Е.Корш, В.В.Радлов, Г.И.Рамстедт,
В.А.Богородицкий, М.Рясянен т.б.) тілдің өзге белгілерінен гөрі оның дыбыстық
белгісін ең негізгі классификациялық белгі етіп ұстанады” – дейді белгілі
ғалымдар С.Омарбеков пен Н.Жүнісов. Яғни дыбыстар жүйесі арқылы туған
тілдің төркінін анықтау тіл білімінің басты мұраттардың бірі болып табылады
[30, 13].
Осы тұрғыдан алғанда, орта түркі жазба ескерткішінің фонетикалық
жүйесі қазіргі қазақ әдеби тілінің негізгі нормаларына, негізінен, сай келеді.
Ондай сәйкестік алдымен неден байқалады? Біріншіден, фонетикалық тұрғыдан
алғанда, қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстардың көпшілігі
өзіндік ерекшелігімен
орта түркі жазба ескерткіштерінен мирас болып енген. Нақтылай айтқанда,
дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігіне қарай жүйелі топталуынан, соның
негізінде үндестік заңының тұрақты сақталуынан көрінеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі қ-ғ, к-г паралель дыбыстардың
алғашқы жұбы тек
жуан, кейінгісі тек жіңішке болып қолданылуы «Мукаддиматтың» қағазға түсу
кезеңінен бастап тұрақталған десе болғандай. Мұндай сәйкестіктер орхон-енесей
тастарында бедерленіп қалған көне түркі тілінде де бар. Бұл жайында С.Исаев:
«Дауыссыз дыбыстардың жуан-жіңішке болып бөлінуі барлық дыбыстарға тән
емес екендігін, демек, орхон-енисей дәуірінде бұл тілдік құбылыстың жойылына
қарай бет алған даму процесіндегі бір кезең екенін көрсетеді» - дейді
[31, 74].
Әйтсе де сөздіктің тілінде қазақ әдеби тіліндегідей түбір
мен қосымша
арасында дауыссыз дыбыстардың үндесіп келуі секілді фонетикалық заңдылық
жүйелі түрде кездеспейді. Ал көне түркі тілінде бұл заңдылық болмаған деген пікір
де орын алулары кездеседі.
[31, 74]. Мәселен, сөздіктегі
көкдің,
көкнің, түңлік
дейтін сөздер қазіргі қазақ тілінде
көктің, түндік түрінде қолданылады. Қатаңға
біткен түбірден кейін қосымша ұяң дыбыстан басталуы көне түркі
тіліндегідей
дыбыс үндестігінің жүйелі түрде сақталмауын көрсетеді. Яғни сөздіктің орта ғасыр
жазбаларымен салыстырғанда ескілеу деген уәжді айғақтай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: