Elevjan SERIMOV
идеялық бағыт оның тіл білімімен айналысуына түпкілікті жол ашты.
Өйткені
бұл ағымды уағыздаушылар идеялық қарсыластарымен айтыстарда жеңіп шығу
үшін араб тілінің қыр-сырын жетік білуге мүдделі болды.
Замахшари өзінің поэзиялық туындыларында хорезмшахтың уәзірі Низам
әл-Мүлкпен жақсы қарым-қатынаста болғанын әйгілейді
17,54
. Замахшари сол
дәуірге тән шығыс әдебиетінің үлгісіне сай, сарай маңындағы поэзияның өзіндік
этикасын сақтап, үстемдік жүргізген шах, сұлтандарға тағзым ете көптеген мадақ
өлеңдер шығарған. Алайда кейін сарай ақсүйектерінен бойын аулақ ұстап,
мемлекеттік мүддені ойлаудан гөрі өз күндерін алаңсыз тойлаумен өткізген
бойкүйездікке, рухани жұтаңдыққа ұрынған олардан түңіліп, бірте-бірте
оңашаланып, дәуріштік аскеттікті қалайды. Сөйтіп дүнияуи тірліктің қызығынан
безіп, тақуалық жолға түсіп, Меккеге қажылыққа баруды мақсат тұтады. Кейбір
зерттеушілер оның өміріндегі осындай өзгерістерді 512-513 жылдары (1118-
1119жж.) қатты науқасқа шалдыққанымен байланыстырады. Сол жылдары ол:
“Алла
денсаулық берсе, сұлтан сарайының табалдырығын аттамауға, сұлтан
кеңсесінің тіркеу кітабынан өзінің есімін сыздырып тастауға” бекінсе керек.
Шындығында оның сұлтан сарайынан кетуіне себеп болған нәрсе сол
қоғамның саяси-әлеуметтік астарында жатқандығы сөзсіз. Сол аумалы-төкпелі
аласапыран уақыттарда Селжұқ феодалдық мемлекетіндегі саяси қарым-
қатынастар көптеген білімпаздарды сарай маңынан кетуге мәжбүр етті. Осындай
опасыз қатал ортадан безген Замахшари сол кезеңде белең алған діни ағым –
суфизмге ден қояды. Дәл сол тұста өз дәуірінің көрнекті діндар философы - Әл-
Ғазали да Бағдаттың “Низамие медресесіндегі” “құрметті дәріскер” атағынан бас
тартып,
біржолата тақуалықты таңдап, Мекккеге қажылық сапар шегіп,
суфизмнің теориялық негізін қалайды. Бұл ағым өмiрге өз әдебиетiн әкеле
отырып, дәстүрлi поэзия канондарын өзгерттi, ерекше символикалық шарттылық
рухы басым эротикалық лириканың тууына себепшi болды. Оның мәнi –
Алланы
Достарыңызбен бөлісу: