Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет62/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
Бронх ағашына мыналар кіреді: негізгі бронхтар – оң және сол жақ; лобальды бронхтар (1-ші ретті 
үлкен бронхтар); аймақтық бронхтар (2-ші ретті үлкен бронхтар); сегменттік және 
субсегментальды бронхтар (3, 4 және 5-ші ретті орта бронхтар); ұсақ бронхтар (6...15-ші ретті); 
терминалды (соңғы) бронхиолалар . Жалпы, ересек адамда өкпеде бронхтар мен альвеолярлы 
жолдардың 23-ке дейін тармағы бар. Соңғы бронхиолалар 16-шы буынға сәйкес келеді. 
Бронхтардың құрылымы бронх ағашының бойында бірдей болмаса да, ортақ белгілерге ие. 
Бронхтардың ішкі мембранасы — шырышты — кеңірдек тәрізді көп қатарлы кірпікшелі 
эпителиймен қапталған, оның қалыңдығы жасушалардың пішінін жоғары призмадан төмен кубқа 
өзгерту арқылы біртіндеп азаяды. Эпителий жасушаларының арасында жоғарыда сипатталған 
кірпікшелі, бокал тәрізді, эндокриндік және базальды жасушалардан басқа, Клара жасушалары, 
сондай-ақ жиектелген немесе қылшық жасушалар бронх ағашының дистальды бөліктерінде 
кездеседі. Бронхтың шырышты қабығының өзіндік тақтайшасы бойлық серпімді талшықтарға бай, 
олар тыныс алу кезінде бронхтардың созылуын және дем шығару кезінде олардың бастапқы 
күйіне оралуын қамтамасыз етеді. 
Кілегейлі қабық - өте жұқа кілегей асты негіз арқылы фиброзды - шеміршекті қабықпен 
байланысқандықтан , бұл қабығында қатпарлары болмайды . Кілегейлі қабықтың эпителийі бір 
қабатты көп қатарлы кірпікшелі , құрамында : кірпікшелі , бокат тәрізді , эндокринді және қысқа 
жасушалары бар . Бұлардың ішінде ең көбі кірпікшелі жасушалар . Кірпікшелі жасушалардың 
үстіңгі бетінде 250 - дей кірпікшелері болады . Кірпікшелер қалыпты температурада 18-32C және 
әлсіз сілтілі ортада жұтылған ауаға қарсы бағытта мейлінше күшті жыбырлап қимылдайды . 
Мұндағы бокал тәрізді жасушалары – кілегейлі қабықтың эпителиі үстіне гиалурон және сиял 
қышқылдарына бай секретті бөліп шығарады . Ал , бұлар болса , ауамен келген шаң - тозаңды 
шылап , жөтелу кезінде шығатын , құрылымның ұйысуына жағдай жасайды .
Ауамен келіп түсетін көптеген микроорганизмдерді залалсызданды ратын кілегейлі қабықтың 
құрамында призмалы жасушалардан бөлінетін иммуноглобулиндер де болады . Мұндағы 
эндокриноциттердің цитоплазмасында көптеген гормональді түйіршіктері болады , бұлар қанға 
біраз гормондарды да бөледі . Олардың көбі липидті гормондар мен биогенді аминдерді : - 
норадреналин , серотонин , дофаминдер , ал бұлар болса ауа жолдарындағы ет тінінің 
миоциттерінің жиырылуын реттейді . 
53. Өкпе. Өкпешілік ауа өткізу жолдары: бронхтар мен бронхиолалар. Бронхтар мен 
бронхиолалардың диаметріне байланысты қабырғасының құрылысы 
Тыныс алу жүйесі - ағзада тыныс алумен қатар тыныс алуға қатыссыз қызмет атқаратын мүшелер 
тобы . Бұл жүйеге қатысатын мүшелер ауа жолдарына және тыныс алуға қатысты болып бөлінеді 
. Бұл мүшелерге : мұрын қуысы , жұтқыншақтың мүрын бөлігі , кеңірдек , өкпеден тыс жатқан 
бронхтар мен негізгі мүше , өкпе жатады . 
Өкпе - көкірек қуысының көп бөлігін алып жататын және тыныс алу кезеңінде ұдайы өз пішінін 
өзгертіп отыратын мүше . Өкпенің беті серозды қабық – висцеральді плеврамен қапталған . 
Құрылысы : Өкпе - ауа жолдары , бронхтар мен өкпе көпіршіктер жүйесі немесе альвеолалардан 
тұрады . Альвеолалар өкпенің респираторлы бөлімі болып табылады . 
Өкпенің бронхтары оң және сол жақтағы бронхылар жүйелерінен тұрады . Бұл бронхылар өкпе 
ішінде ауа жолдарын түзin , бірнеше тармақтарға бөлінеді .Диаметріне байланысты , ірі бронхылар 
( 15-20мм ) , орташа ( 5-2мм ) және майда ( 2-1мм ) бронхтар болып жіктеледі . Ал , бүдан соң 
соңғы бөлігі терминальді бронхиолаларға айналады . 
Бронхиолалар газ алмасу кызметін атқаратын респираторлық бөлім болып табылады . Бронхылар 
кұрылысы жағынан әр түрлі болғанымен , ортақ белгілерге де ие . Құрылысы жағынан кеңірдекке 
ұқсас , бірақ диаметрі кішірейген сайын өзіндік ерекшеліктері байқалып та отырады . 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет