Нуржігіт Алтынбеков



Pdf көрінісі
бет58/91
Дата16.05.2023
өлшемі1,09 Mb.
#93891
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91
Байланысты:
Гиста шпор сурактар(Банда-2курс)

Нуржігіт Алтынбеков 
ішінде өт өзекшелері орналасады, ал бауыр балкалардың аралығында синусоидті қан капиллярлар 
өтеді 
Бауыр жасушалардың, немесе гепатоциттердің құрылысы. Гепатоциттер бауырдың негізгі 
жасушалары болып келеді (бауырдың барлық жас-ың 60% алады ),оның негізгі функцияларын 
атқарады. Бұл ірі жас-р (диаметрі 20-25 мкм) пішіні полигоналды немесе алтықырлы, бір немесе 
бірнеше ядролары болады, сонымен қатар ядролары полиплоидті болуы мүмкін. Көпядролы және 
полиплоидті ядролары бар гепатоциттер бауырдың бейімделу өзгерістерін көрсетеді, өйткені бұл 
жас-р кәдімгі гепатоциттермен салыстырғанда өз функцияларын жоғары белсенділігімен 
атқарады. Гепатоциттерде көптеген органеллалар болады: грЭТ қанға бөлінетін нәруыздарды 
синтездейді, агрЭТ гликогеннің, липидтердің алмасуына жауапты, дезиинтоксикациялық 
функцияны атқарады (грЭТдан түскен ферменттердің көмегімен), митохондриялары көп болады – 
бір жасушада 2 мынға дейін, Гольджи к, лизосомалар, пероксисомалар жақсы дамыған. 
Гепатоцитте гликогеннің, майдың, липофусциннің қосындылары болады, олардың мөлшері зат 
алмасу процессіне байланысты өзгеріп тұрады. 
Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Бауырдың қан жүйесін шартты түрде үш бөлімге 
ажыратады: 1) бөлікшелерге қанның ағып келу жүйесі, 2) бөлікшелердің ішінде қанайналым 
(циркуляция) жүйесі, 3) бөлікшелерден қанның ағып шығу жүйесі. Бауырға қан екі тамырлар 
жүйесінен келеді: бауыр артериясы арқылы (барлық қанның 20 % құрайды, ағзаға өтегіні алып 
келеді) және қақпа вена арқылы (қанның 80 %, бұл қан жұпты емес ағзалардан келеді –ішектен, 
көкбауырдан, ұйқыбезден, оның құрамында көптеген нәрлі заттар, антиденелер және 
детоксикацияланатын заттар болады). Екі жүйенің тамырлары үлес, сегментарлы, субсегментарлы, 
бөлікшеаралық, бөлікшеайнала тамырларына бөлінеді ( бөлікшелерге қанның ағып келу жүйесі). 
Бөлікшеайнала тамырлардан артериолалар, венулалар басталады, олар бөлікшелерге өтіп, оның 
шетінде бірі бірімен қосылып синусоидті капиллярларға айналады (бөлікшелердің ішінде 
қанайналым (циркуляция) жүйесі). Синусоидті капиллярлар бөлікшенің ортасына сәулелер секілді 
жиналып, бір бірімен қосылады да орталық венаны қалыптастырады. Орталық венадан қан 
жинақтаушы венаға (өтеді (бөлікшелерден қанның ағып шығу жүйесі) және төменгі қуыс венаға 
өтеді Бауырдың қанайналымының ерекшеліктері: 1) қан бауырға екі тамырлар жүйесі арқылы 
келеді, 2) бауырдың гемокапиллярлары синусоидті болып келеді, 3) капиллярларда аралас қан 
ағады, 4)капиллярлары екі веналардың аралығында жатады. Осындай капиллярларды “ғажайып” 
капиллярлар торына жатқызады. 5) бауырдың орталық венасы бұлшықетсіз түріне жатады. 
Бұлшықеті болмағандықтан және берікті бекітілмеген себебінен олардың құысы түспей тұрады, 
сол себебінен бауыр зақымдалған кезінде өмірге қауыпты паренхиматозды қан кетуі пайда 
болады. 6) қақпа вена бойымен бауырға келген қанның химиялық құрамы бауыр веналар бойымен 
бауырдан шыққан қанның құрамынан өзгеше болады. 
50. Өт қабы мен өт шығару жолдары. Дамуы, жіктелуі, қыбырғасының құрылысы, регенерациясы 
Өт қабы бауырдың оң жақ бойлық ойығының алдыңғы бөлімінде орналасқан. Ол алмұрт немесе 
конустың пішініне ұқсайды. Органның мөлшерін кішкентай тауық жұмыртқасымен салыстыруға 
болады. Ол сопақ дорбаға ұқсайды. 
Организмнің анатомиялық құрылымы шартты түрде өт қабының төменгі (кеңейтілген бөлім), 
денеге (ортаңғы бөлік) және мойынға (тарылған бөлікке) бөлінеді. 6-8 см ұзындықтағы жалпы өт 
жолына біріктірілген бауыр мен циста жолдары бар.Мойын 3,5 см циста жолына жетеді.Тегіс 
бұлшықет целлюлозасын (Lutkens сфинктері) қолдана отырып, өт және ұйқы безі шырыны 12 
ұлтабарға жіберіледі.
Бауыр жасушалары шығаратын өт ішектерге ішінара түседі. Екінші бөлігі өт қабында жиналады. 
Бұл жасыл тұтқыр сұйықтық. Су ағзаға сіңіп кететіндіктен, өт концентрациясы бірнеше есе 
артады. Онда билирубин, холестерин, өт пигменттері және қышқылдар бар. 
Адам ағзасында 1 күн ішінде шамамен 1500 мл өт шығарылады. Оның негізгі қызметі - ас қорыту 
процесіне қатысу: өт - барлық ферменттерді, атап айтқанда липазаны белсендіретін катализатор. 
Сонымен қатар, ағзада өт осындай міндеттерді орындайды: 

майларды ферменттері бар майлардың жанасу аймағын көбейтетін майда молекулаларға 
бөледі, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет