Нуржігіт Алтынбеков Нефрон құрылысы: Бүйректің структуралық–функциялық бірлігі
болып нефрон саналады. Ол капиллярлар шумағының капсуласынан (Боумен–
Шумлянский) және бүйрек өзекшелерінентұрады. Капсуладан проксималды өзекше шығып, ол
проксималды иірімді және тік өзекшеге өтіп, нефронның проксималды бөлімін түзеді.
Проксималды тік өзекше нефронның жіңішке өзекшесіне жалғасады, олар өз кезегінде ілмектің
(петля) жіңішке төменгі және жуан жоғарғы бөліктері деп бөлінеді. Жіңішке өзекше тік және
иірімді дисталды өзекшеге өтеді. Дисталды
бөлім жинағыштүтікшелерге (нефрон құрамына кірмейді), ал олар пирамида тұсында ашылады.
Нефронның түрлері
Сыртқы (қыртысты) немесе
беткейлік нефрондар (15%), бұл нефрондар толықтай қыртысты затта орналасқан.
Аралық қыртысты нефрон (70%), мұнда бүйрекденешіктері, проксималды иірімді және дисталды
иірімді өзекшелері қыртысты затта орналасып, ал олардың
жіңішке өзекшелері милық бөлімнің сыртқы және ішкі аймағыменшекарасына жетіп одан тік
дисталды өзекшеге жалғасады.
юкстамедуллярлы немесе милық нефрондар (15%
), мұндабүйрек денешіктері, проксималды иірімді және дисталды иірімді
өзекшелері қыртысты затта, ал олардың жіңішке өзекшелері милық бөлімде орналасқан
Бүйректің қанмен қамтамасыз етуі; Бүйрек қақпасына кірген артерия, бөлікаралық, доғалық,
бөлікшеаралық, бөлікшеішілік артерияларға бөлінеді, осыдан жоғарыға қыртысты
нефрондарға, ал төменге милық нефрондарға әкелуші артериолдарға тарамдалады, осыдан
бүйректе шартты түрде екі қанайналым жүйесін ажыратады: кортикалды және
юкстамедуллярлы
1) Кортикалді қанайналым жүйесінде әкелуші артериолдар бүйрек капсуласына еніп «ғажайып» 1-
лік қан капиллярлар торын түзеді. Қан капиллярлар шумағы жиналып бірігуінен әкетуші
артериолаға айналады. Әкелуші артериола диаметрі әкетуші артериоладан үлкен болады,
сондықтан капсулаға қан көп келіп аз шығады осының нәтижесінде қысым жоғары болып
(50мм.с.б.) сүзілу жүріп 1–лік несеп түзіледі. Әкетуші артериола капсуладан шығып екінші рет
нефрон өзекшелерінде тарамдалып перитубулярлы 2–лік қан капиллярлар торын түзеді (10–
12мм.с.б.) қысым төмен болғандықтан 1–лік несептен реабсорбция жолымен 2–лік несеп
түзіледі. 2–лік қан капиллярлар торы жиналып жұлдызша тәрізді венулаға н/е бөлікшеаралық
венаға, доғалық венаға, бөлікаралық венаға, бүйрек венасына құяды.
2) Юкстамедуллярлы қанайналым жүйеде әкелуші және әкетуші артериолдар диаметрі бірдей
болады, сондықтан қысым да төмен. Әкетуші артериола тік тамырға өтеді, перитубулярлы
капилляр торына, тік веналарға, доғалы венаға өтеді.Осы ерекшелігіне байланысты милы
нефронда несеп түзу процесі төмен жүреді, шунт ролін атқарады (қан қысқа және оңай жолмен
өтеді).
Несепөндіру процессінің гистофизиологиясы
Қыртысты нефрондарда несепөндіру процесі үш фазада жүреді:
1) фильтрация (сүзілу) фазасы – бұл бүйрек денешігінде жүретін процесс, қан капиллярлар
торында қысым жоғары болғандықтан капсула қуысына қан плазмасы сүзіліп, мөлшері тәулігіне
180 литрдей 1–лік несепөндірілу жүреді;
2) нефрон өзекшелерінде жүретін процесс – реабсорбция фазасы, өзекшелер қуысынан қан
капиллярларына 1–лік несеп (мөлшері 178 литр), кері сорылып (реабсорбия), соңында 2–лік
несепөндірілу фазасы жүреді;
3) секреция фазасы – жинақтаушы түтікшелерде, ақырғы несептің қышқылдануы жүреді. Ақырғы
несептің тәуліктік мөлшері 1,5–2литр болады.