Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау болды  дейді проф. м.Жүсіпов. Ол 1) сөз ішінде  ы, і



Pdf көрінісі
бет51/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

<э>, <е> дыбыстарының фонемалық мәртебесін анықтау болды 
дейді проф. м.Жүсіпов. Ол 1) сөз ішінде 
ы, і қысаңдарын жазу//
жазбау; 2) ұ, ү, у дыбыстарының дифферекциалды белгілері; 
3) -ый, -ій дыбыс тіркесімін таңбалау деген проблемаларға 
ажыраған (Джусупов м. 1995). 
мұның бәрі ауызша тілдің үздіксіздігінен, сөз ішіндегі ды- 
быстардың өзара әсерінен шығады. Бұл құбылыстарды мәс- 
кеу фонологиялық мектебі (мФм) 
инвариант (негізгі реңк)
вариант (өздік реңк), вариация (бөгде реңк) ұғымдары арқылы 
түсіндірді (жақша ішіндегі қазақша баламаларын профессор 
н.уәли ұсынған). 
мФм ілімі бойынша, инвариант фонема – дыбыстың күшті 
жағдайындағы қалпы. Ол әліпбидегі әріп мәніне сәйкес. Қанша 
инвариант фонема болса, сонша әліпби таңбасы болуы керек де-
ген осы ұғымнан пайда болды.
Сөз мағынасын ажырататын фонема сөз ішінде іргелес кел-
ген дыбыстармен әсерлесіп, өзінің негізгі реңкінен өзгеріп 
түрленеді. Сонда инвариант фонемалардың іргелес келген 
дыбыстық қоршаудағы уақытша көрінуі оның дыбыс қорын 
құрайды. Дыбыстық қор екі түрлі: өздік реңк, бөгде реңк түрінде 
көрінеді. 
Өздік реңк дегеніміз фонеманың әлсіз позициядағы түрле- 


80
81
німінің әлді позициядағы басқа бір фонемамен сәйкес келуі. 
ал жалпы осы әлсіз позициядағы дыбыс түрленімдерінің қоры 
– фонема модификациясы болып табылады. мысалы, 
ақ үй, 
көк үй, ұзын, түнгі сөздеріндегі <қ>, <к>, <ы>, <н> фонема-
лары айтылым актісінде іргелес дыбыстардың әсерінен өзгеріп, 
парадигмалық осьтегі <ғ>, <г>, <ұ>, <ң> фонемаларына ұқсап, 
соларға сәйкес айтылады: [ағүй], [ұзұн], [түңгү]. мұндай про-
цесті фонеманың бейтараптануы деп те атайды. ғ, г, ұ, ң – дыбыс-
тары фонеманың өзі емес, <қ>, <к>, <ы>, <н> фонемаларының 
дыбыстық түрленімі, яғни варианты екеніне, бұларды басқа 
неғұрлым тәуелсіз позицияға қойып, көз жеткізуге болады: [ақ], 
[көк], [түн], [түндө], [ұзұндұқ]
Бөгде реңк – фонеманың фонологиялық қорда жоқ, басқа бір 
дыбыс түрленіміне айналуы. “вариация – бұл фонеманың негіз-
гі реңкінің, уақытша, тілдегі ешқандай негізгі дыбысқа ұқсамай, 
мүлде таныс емес дыбысқа ұқсап айтылуы. мысалы, н.уәли 
қазақ тіліндегі жуысыңқы <ш>, <с> aлдынан келген <к>, <қ> 
өзінің қатаң тоғысыңқы реңкінен ауытқып, босаң тоғысыңқы [х] 
дыбысына ұқсап айтылады дейді. мұнда тілшікпен айтылатын 
[х] емес, жасалымы одан ілгері дыбыс реңкі шығады. Яғни бұл 
парадигмалық осьте жоқ <қ>-ның реңкі. мысалы: 
ақша, бақша, 
шұқши, көкше, кексе т.б. Сол сияқты <ш>-ның (атшы, сатшы), 
<с>-ның (атсыз, етсіз) вариациалары туралы да айтуға болады. 
Сондай-ақ күнәларың, ләззаттандым деген сияқты бейүндес 
буынды сөздерді айтқанда [күнәла’рың], [ләзәтта’ңғаммен] деп, 
<а> мен <ә>-нің ортасындағы [а’] вариациясы пайда болады. 
а.а.реформатский әлсіз позицияның нәтижелері әртүрлі бо-
лады, кейде әлсіз перцептивті позицияның нәтижесі вариация, 
сигнификативті әлсіз позицияның нәтижесі вариант болады 
(реформатский а.а. 1970: 116), л.в.Щерба фонема мен оның 
варианттарын айырудағы қиындық жай құлаққа шалынбай-
тын айырмашылықтарды байқауда ғана емес, сол тілдің дыбыс 
құрамы үшін қай ерекшелік мәнді, қай ерекшелік мәнсіз соны 
аңғару (Фердинанд де Соссюр. 2000: 125б) деген. Өйткені ва-
риация делініп жазуда еленбей жүрген дыбыс түрленімі біртін-
деп тілдің фонемалық жүйесіне енуі мүмкін. мысалы, қазақ 
тіліндегі <ә> фонемасы күнә, кінә сияқты сөздерде, біздің 
ойымызша, позициялық түрленімге түсіп тұрғанмен (алдыңғы 
буынның жіңішкелігінен), тілтұтынушы санасында <ә> жеке 
фонема ретінде танылады. “егер сөзде фонема ауысса онда сөз 
мағынасы да ауысты деген сөз, егер сөз мағынасы өзгеріссіз бол-
са, фонеманың өзгеруінің не қажеті бар” (реформатский а.а. 
1970: 56). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет