Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет54/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

Дыбыс – фонема – әріп процесі. Сөйлеудегі дыбыс 
түрленімдері есту каналы арқылы санаға барады. Бірақ сана 
барлық естілімдерді қабылдамайды. Оның сөз мағынасын та-
нытатын негізгі естілімін екшеп, санадағы фонема қорымен 
сәйкеседі. Сөйтіп, естілген сөз мағынасын ажырататын фоне-
ма сүзіліп, ақпарат санаға қабылданады. Сонда фонема дыбыс 
реңктерінің ішінен мағына ажыратуға көмегі бар негізгі реңкті 
екшеп алатын елек қызметін атқарады. Осы “еленген” дыбыс 
жазба тілдің бірлігі графемаға сәйкес келеді. Графема – бел-
гілі бір жазу түрін пайдаланатын тілтұтынушы санасындағы 
абстракті бірлік. Сонда жазба тілдің мағына ажыратушылық 
қызметін графема атқарады. Графема әріп ретінде жазылады 
және оқылады. 
мысалы, 
мұғалім деген сөзді көргенде (іштей оқығанда) көз 
бірден санаға әріп тұрпаттарынан сигнал тастайды. Сигнал жазу-
көруге бағышталып тұратын жазба тілдегі графема жүйесімен ас-
социацияланса, графема өз көрінісін таниды, яғни оқылады: сөз 
фонологиялық електен өтеді: мұғалім – <мұғалым>. енді мұны 
ауызша дыбыстағанда фонема дыбыс құндағына (н.уәлиұлы 
термині) бөленіп, дыбыс реңктерімен айтылады: [мүғәлім].
Бұл процестің жазу-сызу үшін пайдасы дыбысталған сөзді 
жазарман қалай әріп таңбаларына айналдырады деген мәселені 
қамтитынында. мысалы, [үшкүндүгжолдұң//соңғұ гүнүнде//


84
85
шәкіртпала барынсалды///] деген сөйленімді алайық. Хабар 
естілгеннен (айтылғаннан) кейін сана ақпаратты семантикалық 
сегменттерге бөледі: үш, күн, жол, күн, шәкірт, барынсалды. 
Семантикалық сегмент әртүрлі айтылымдағы дыбыстардың 
мағына жасаушы реңктерін тануға көмектеседі. Сөйтіп, ауызша 
тілдің дыбыс құндағында айтылған сөз дыбыстары фонологиялық 
електен өтіп, фонемаға айналады: <үшкүндүгжолдұң соңғұ 
гүнүнде шәкіртпала барынсалды>. Фонема жазудағы әріп 
таңбаларына сәйкес келетіндіктен позициялық өзгерістер 
– дыбыстық. Сондықтан кейде қалай айтылса, солай жазайық 
деген пікір айтылып қалады. 
ал жазу енді өз нормасы мен жүйесін алға тартады. Яғни 
жазуда көрші дыбыстардың әсері жоқ әлді позициядағы дыбыс 
таңбаланады. Көрші дыбыстардың әсері бар әлсіз позициядағы 
дыбыс таңбаланбайды. енді орфография ережесі көмекке ке-
леді. мысалы, <үшкүндүгжолдұң> дегенде: 
а) босаралықтармен бөліну: <үш күндүг жолдұң>, 
ә) еріндіктердің қосымшада жазылмайтыны <үш күндіг 
жолдың >
б) <г> фонемасынан сөз аяқталмайтыны <үш күндік жолдың> 
(тексеру үшін сөзді әлді позицияға апарып көреміз). 
Бірақ қазақ жазуында қосымшалардың фонетикалық при-
нциппен жазылуы дауыссыз дыбыстардың негізгі реңкін 
анықтауға кесірін тигізеді. мысалы, емледе қаспыз, аразбыз де-
генде ассимиляция таңбаланған деп қорытады проф. м.Жүсіпов 
(Джусупов м. 1995:72). 
Сол сияқты келесі синтагманы естігенде фонологиялық 
елек позициялық өзгерістен басқасын екшеп, сүзіп қояды: 
<соңғұгүнүнде>. Фонема тізбегі жазба тілге көшу үшін фоне-
ма графемаға айналуы керек. Яғни жазба тілжүйесіндегі са-
наулы әріп таңбаларына көшу әдістері қарастырылады. Бірақ 
жазба тілнормасы графемаларды тәртіпке салады. емле ере-
жесі бойынша, семантикалық бірліктер мәтінде бөлек жазыла-
ды: <соңғұ гүнүнде>. мұның позициялық өзгеріс екенін білу 
үшін әлді позицияға апарып тексереміз: <соңғылары>. алайда 
қазақ тілінде іі-буындағы еріндік дауыстылар үшін әлді по-
зиция дүдәмал: <соңғұ>, <өзөн>. Ғалымдардың айтуынша
“Шындығында дауыстыларда фонологиялық мән аз” (леонтьев 
а.а. 1963). “Дауыссыздың қасындағы дауысты сөз мағынасын 
айыратын қызметінен гөрі дауыссызбен бірігіп, сөз жасайтын 
қызметте келген» (трубецкой н.С. 1960: 107). Сөздің этимоло-
гиясын тану үшін дауыстыларын алып тастау керек (Жұбанов 
Қ. 1999: 55). 
Дегенмен қосымша жалғау тәсілі арқылы [соңғұ]+[лары] 
соңғы буында езулік дауысты тұрғанын байқаймыз. Сөйтіп, 
синтагманың қалған бөлігін осылай талдай отырып, /үш күндік 
жолдың соңғы күнінде шәкірт бала барын салды/ деген тұрпат 
аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет