Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет53/202
Дата18.05.2023
өлшемі1,82 Mb.
#94432
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   202
Байланысты:
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

– “түсіндім”, ә – “бұным қалай”, о – “таң қалуды”, й – “жиірке-
нуді”, е – “есіме түсті” дегенді білдіреді. Бұл буын ішіндегі дау-
ысты дыбыстардың жетекшілігін арттырған. Сонда бір буындағы 
дауыстының жуан/жіңішкелігі буынның жуан/жіңішкілігін 
айқындаған. ал бас буынның тембрі кейінгі буынның тембрін 
анықтаған. Сөйтіп, бір сөз бойының бірыңғай жіңішке, бірыңғай 
жуан айтылуы і буынның ыңғайына қарай пайда болған.
Қазіргі қазақ тілін тұтынушылар санасында 9 дауыстының 
(<а>, <ә>, <ы>, <і>, <ұ>, <ү>, <о>, <ө>, <е>), 19 дауыссыздың 
(<п>, <б>, <м>, <т>, <д>, <н>, <ш>, <ж>, <з>, <с>, <қ>, <к>, 
<г>, <ғ>, <й>, <у>, <ң>, <р>, <л>) бейнесі (Жұбаева О. 2002) 
бар. Сондай-ақ, <ћ>, <ф> дыбыстары тек одағайларда кездескен-
мен, тілдің осы лексикалық қабатының мағынасын ажыратуға 
септігін тидіруіне байланысты жеке дыбыс – фонема ретінде та-
нылуы тиіс деп ойлаймыз. Әрі аћ, ућ, оћ, оћолады, ућлеу, сүф, 
тіфә сөздеріндегі [ћ], [ф] дыбыстары позициялық өзгерістен 
шығып отырған жоқ. [ућ] пен [уқ], [аћ] пен [ақ], [суф] пен [суп] 
сөздері арасындағы айырмашылық [ћ]-[қ], [ф]-[п] дыбыстары-
на байланысты. мұндайда л.в.Зиндердің фонеманың мағына 
ажыратушылық сипаты әртүрлі дыбысталудан ғана көрінеді де-
гені (Зиндер л.р. 1979: 56) еске түседі. 
ал проф. З.Базарбаева “Қазақ тілі фонемаларының вариа-
циялары фонемаға айналу процесіне сәйкес өзінің негізгі фо-
немаларымен қарама-қарсы топ құрса, сонда ғана олар дербес 
фонемаға айналады” деп (Базарбаева З. 2004: 20-27), орыс тілін-
де де бұрын <в>:<ф>, <ц>:<ш>, <с>:<ц> фонемаларының оппо-
зициясы болмаған, қазірдің өзінде орыс тілінің кейбір жергілікті 
сөйленістері <ц>, <ч>, <ф> фонемаларын айта алмайды дейді. 
Сондықтан ғалым тілдің дыбыстық құрамындағы өзгерістерді 
прогресті деп таниды. л.в.Зиндер фонема дербестігі кірме 
сөздерді сол тілдің заңдылықтарына сай игеруге мүмкіндік бе-
реді дейді (Зиндер л.р. 1979:57).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет