8. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары


Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата18.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#94498
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Документ

19.
Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы 
 
 
20.. .
 
Ақ Орда мемлекеті. (XIII ғ. соңы – XVғ. басы).
Ақ Орда – Қазақстан аумағында монғолдардан кейін құрылған алғашқы 
мемлекет. Ақ Орданың аумағы Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейін, 
Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығын алып жатты. Орталығы – 
Сығанақ қаласы. 
Ақ Орда 14 ғасырдың екінші ширегінен бастап Алтын Ордадан біржолата 
бөліне бастады. 14 ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Ордада 
аласапыран төңкеріс басталды. 60-жылдары Сарай қаласында бір жылдың 
ішінде 4 хан ауысқан. Осы тартысты пайдаланған Ұрұс хан билікті қолына 
алып, мемлекетті нығайтты. Әмір Темір Тоқтамысты пайдаланып, Ақ Орда мен 
Алтын Орданы басып алуға тырысады. Ұрұс хан мен баласы Тоқтақия қайтыс 
болғаннан кейін Әмір Темір Тоқтамысты Ақ Орда тағына отырғызды. 1395 
жылы Әмір Темір Тоқтамыстың орнына Ақ Орда тағына Қойыршақ оғланды 
(Ұрұстың баласы) хан етіп қойды. 
Ақ Орда ханы Барақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер 
жасады. Әбілхайыр Шайбани Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз 
хандығын құрды. Ал Ұрұс хан ұрпақтары 15 ғасырда Ақ Орда жерінде Қазақ 
мемлекетін құрды. 
21. 

XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басы Моғолстан. 
Мемлекеттің құрылуы. Аумағы мен этникалыққұрамы. 
14 ғасырдың 
ортасында Шағатай ұлысы ыдырап
, шығыс бөлігінде Моғолстан 
мемлекеті құрылды. Моғолстанның аумағы Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен 
Қырғызстанды қамтыды. Моғолстандағы беделді тайпа дулаттар болды. 1348 
жылы дулат ақсүйектері Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан етіп сайлады. 
Тоғылық-Темір хандықтың бүкіл аумағын біріктіріп, бір орталыққа бағындырды. 
Мемлекеттің орталығы – Алмалық қаласы. 


Моғолстанда мұсылман діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Тоғылық-
Темір бұйрығы бойынша дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім 
жазасына кескен. Тоғылық-Темір өзінің сыртқы саясатында Шағатай ұлысы 
кезінде орныққан Орта Азйя жеріндегі бйлікті қалпына келтіруге әрекеттенді. 
1360-1361 жылдары Мәуереннахрға екі рет сәтті жорық жасады. 1365 жылғы 
Ташкент қаласының маңындағы “Батпақ шайқасында” Ілйяс Қожа жеңіске 
жеткен. Әмір Темірдің Моғолстанға алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары 
болған. Ол 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасады.
Моғолстандағы бытыраңқылық жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан 
кейін де тоқтамады. Дулат әмірлерінің қолдауымен Есен-бұға 1433-1462 
жылдары хан тағына отырды. 1462 жылы Есен-бұға қаза болған соң 
Жүніс 
Моғолстанға оралып
, өзін хан етіп жарйялайды. Моғолстан хандығы Жүніс 
ханның немересі Абдар-Рашйд ханның кезінде ыдырай бастады. Оның Жетісу 
аймағы Қазақ хандығының құрамына енді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет