"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Рукопись

"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
1 (74) 2022 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 
 
39
қызды көрген жігіттердің сандыққа тиеліп, лезде жетіп келуі, шөлмектегі май-
ды бүркіп, бойжеткенді тірілтіп алуы жағынан дәстүрлі сюжеттерге ұқсағанымен
олар өзге нұсқалардағыдай өзара қырық пышақ бола қоймайды. Қыздың тірілгеніне 
қуанумен ғана шектелген үміткер жігіттер тәубәшіл, салқындылығымен ерекшелене-
ді. Оның есесіне қыздың өзі төрелік айтып, тосын шешім қабылдайды. Әкесінен бір 
жыл мерзім сұрап, сол уақыт ішінде сүйіктісін өзі таңдайтын сыңай танытады. Испан 
ертегісі «Жыл да өтеді, қыс та аяқталады, тау бөктерінде бадам ағаштары гүлдепті, 
ал әкесімен қызы тұрған селода бірден үш үйлену тойы қызықталады. Қалыңдықтың 
қайсысын өзіне күйеу еткенін – өздерің шешіңдер!» (Әлем халықтарының ертегілері, 
1992: 52), – деп жұртшылыққа жұмбақтап ой тастаумен бітеді. Бұл сарын ертегінің 
бастауы бағзы замандағы үнді аңыздарында жатқанын дәлелдейді. Себебі, соңында 
оқырманға немесе кейіпкердің біріне арнайы сауал қойып, оқиғаны қорытуға шақыру 
– үнді сюжеттеріне тән үрдістің бірі. Бірақ үндінің әдеби ескерткіштерінде сюжеттің 
соңында сұрақтың жауабы айқындалатын болса, мұнда мәселенің түйіні белгісіз 
күйінде қалады (Невеста трех женихов, https://azku.ru/skazki-narodov-evropyi/nevesta-
tryoh-zhenihov.html).
«Қыр көрелікті» қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі ретінде жан-
жақты талдап-таразылаған З.Бисенғали оқиғаның құрылымдық жүйесін де қалыс 
қалдырмайды. Ол көркем шығармаға арқау болған шығыс сюжетінің не үшін 
алынғанына, оның негізі қайда жатқанына назар аударады. «Қалыңдық іздеген бай 
балаларының бір күнде келіп құда түсуі, байлық, дәулет, атақ-абыройларының бір-
дей болуы – авторлық ой, идея, көркемдік шешім үшін әдейі таңдалған тәсіл. Роман 
оқиғасы талай халықтардың әдебиетінде бар таныс сюжет, әйгілі мотив» (Бейсенғали, 
2009: 81) – деп нақты тұжырым жасайды.
Қазақ әдебиетінде «Қыз көрелікке» сюжеті жағынан ұқсас тағы бір шығарма бар 
екенін айтуға тиіспіз. Шығыстың әйгілі сюжеті Т.Жомартбаев романының белгілі бір 
бөлігін ғана құрайтын болса, Базар жырау Оңдасұлының «Айна-тарақ» дастанының 
оқиға желісін түгел қамтиды. Сюжеттердің өзара ұқсастығы жөнінде Т.Қабышев 
зерттеуінде біршама баяндалған. Бұл дастан қазақ ертегілерінің ізімен жырланғаны 
белгілі. Себебі, алысты көретін айна мен ұшқыш кілем Базар шығармасына өзгеріссіз 
енген. Ал ертегіде баяндалатын алманың орнында өлген адамды тірілтетін тарақ 
алынған. Тарақ бұл сюжеттің басқа нұсқаларында кездеспейді. Жалпы, дастанның 
«Айна-тарақ» деп аталуы да қызық. Қашанда қосарланып айтылатын осы бұйымдар 
қазақ қоғамы үшін әдемілік пен әсемдіктің символы саналатыны, ұлт бойжеткенінің 
сән түзеу құралы екені рас. Әйел болмысына жақын кілем де осынау дүниелерден 
алыс кете қоймайды. Сиқырлы қасиет дарытпағанның өзінде бұл үшеуі қыз-
қырқынның табиғатына лайық заттар екені анық. Сондықтан, Базар жырау өз даста-
нына арқау болатын оқиғаларды ару қызға жарасатын бұйымдар арқылы бедерлеуге 
бейімдейді. Ақын шығармасының тағы бір ерекшелігіне келсек, қызға арнап алынған 
сыйлықтардың бағасы әркелкі, үлкені мың ділдаға кілем, ортаншысы екі мың ділдаға 
айна, кішісі үш мың ділдаға тарақ сатып алады. Яғни, өзге заттардың құны бірқатар 
нұсқаларда бірдей болса («Ханның үш ұлында» – жүз түйе жүк, «Қыз көрелікте» – 
үш мың сом), «Айна-тарақта» бұйымдардың бағасы оқиғаның баяндалу барысына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет