3
Көрнекі ойшыл, әрі дәрігер
Клавдий Гален (131-201) өзіне дейінгі анатомиялық ұғымдарға
талдау жасап, әрі толықтырып “Адам дене бөліктерінің қызметі туралы” деген аса құнды еңбек
жазды. К. Гален еңбектері 14 ғасыр бойы анатомиялық және медициналық еңбектердің қайнар көзі
ретінде пайдаланылды. Сондықтан да, Галенді анатомия ғылымына ерекше еңбек сіңірген ғалым деп
атайды.
Анатомия және медицина ғылымына ерекше еңбек сіңірген ғалымның бірі
Әбу-Насыр әл-
Фараби (870-950). Оның “Адам мүшелері туралы” т.б. еңбектерінде анатомия ғылымы жөнінде
құнды тұжырымдар көптеп кездеседі.
Орта Азиядан шыққан ғұлама ғалым
Абу Әли ибн-Сина (Авиценна, 980-1037) “Медицина
заңдары” деген іргелі еңбегінде анатомиялық өте құнды пікірлер, қорытындылар және тұжырымдар
бар.
Қайта өрдеу дәуірінде (ХIV-XVI ғасырлар аралығында) Батыс Европада жаратылыстану
ғылымы саласында көптеген өзгерістер болды. Анатомия ғылымында да едәуір ілгерілеу байқалды.
Бұл кезеңде анатомия ғылымына өз еңбектерімен үлес қосқан ғалымдар –
Леонардо да Винчи (1452-
1519),
Андрей Везалий (1514-1564),
Габриэль Фаллопий (1523-1563),
Бартоломео Евстахий (1510-
1574) және т.б. болды.
Достарыңызбен бөлісу: