Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Адам анатомиясы лекция

Бүйрекүсті бездері – қыртысты және милы заттардан тұрады. Қыртысты заты мезодермадан, ал 
милы заты эктодермадан пайда болады. Бұл бездер бүйректің үстіңгі жағында орналасқан. Милы 
затынан адреналин, норадреналин гормондары бөлінеді. 
Эпифиз – аралық мидың үстіңгі жағында орналасқан. Одан мелатонин, серотонин гормондары 
бөлінеді. Бұл гормондар екінші реттік жыныстық жетілуді реттейді. 
Қалқанша маңы бездері – қалқанша бездің маңында бірнеше (2-8) ұсақ бездерден құралған. 
Олардан бөлінетін паратгормон қан құрамындағы кальций мен фосфор деңгейін реттейді. 
Ұйқы безінің Лангерганс аралшығы – инсулин және глюкагон гормондарын бөледі. Инсулин 
қандағы қанттың мөлшерін реттеп отырады. 
Жыныс бездері де аралас бездерге жатады. Аталық жыныс бездерінен тестостерон (андроген), 
ал аналық жыныс бездерінен эстроген (фолликулин, прогестерон) гормондары бөлінеді.
Жүрек-қантамырлар жүйесі. Жүректің құрылысы. Қантамырлардың түрлері және 
олардың құрылысы. Қан айналу шеңберлері
Жүрек-қантамырлар жүйесі организмге қажетті қоректік заттарды, оттекті және т.б. да 
тасымалдап, зат алмасу процесі кезінде пайда болған қажетсіз ыдырау өнімдерін сыртқа шығаруды 
қамтамасыз етеді. 
Жүрек-қантамырлар жүйесі арқылы қан жүректің және қантамырлар бұлшықеттерінің 
жиырылуы арқылы тұйық түрде үнемі ағып тұрады. Бұл жүйенің орталық мүшесі – іші қуысты 
бұлшықетті мүше - жүрек (cor). Жүрек кеуде қуысының сол жақ бөлігін ала екі өкпенің аралығында 
орналасқан конус пішінді мүше. Жүректің сыртын жұқа дәнекер ұлпалы қалта – перикард 
(үлпершек) қаптап тұрады. Перикард қалтасы мен жүректің сыртқы қабатының арасындағы 
кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылып, үйкелістің болмауын қамтамасыз 
етеді. 
Жүрек сүтқоректі жануарлардың бәрінде де 4 қуысты (камералы). Жүректің жалпақ шеті – 
негізі, сәл үшкірленген доғал шеті – ұшы деп аталады. Жүректің бұлшықеттері көлденең жолақты 
бұлшықет ұлпасынан түзілгенімен, ол адам еркінен тыс жиырылып тұрады. Жүректің сыртында 
көлденең және алдыңғы, артқы тік сайшалар бар. Жүректің өзі 3 қабаттан (сыртқы – эпикард, 
ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард, ішкісі - эндокард) тұрады. Жүректің орташа салмағы 
250-300 г. 
Жүректің негізінен ұшына қарай созылған қалың бұлшықет жүректі оң және сол бөлімдерге 
бөліп тұрады да, оң жақ бөлімдегі вена қаны мен сол жақ бөлімдегі артерия қаны араласпайды. 
Жүректің әр бөлімінде де бір жүрекше, бір қарынша болады. Жүрекшелердің сыртында қосымша 
құлақшалар орналасқан. Жүрекшелердің қабырғасы жұқалау, ал қарыншалардың қабырғасы біршама 
қалың болады, әсіресе сол жақ қарыншаның қабырғасы едәуір қалың. Өйткені сол жақ қарыншадан 
бүкіл денеге қан тарататын адам организміндегі ең жуан артерия қантамыры-қолқа (аорта) 
басталады, яғни сол жақ қарыншаның жиырылуына көбірек күш жұмсалады. Жүректің әр бөліміндегі 
қуыстар (камералар) тек өзара бір-бірімен байланысады. Мысалы, оң жүрекше мен оң қарынша және 
сол жүрекше мен сол қарынша бір-бірімен жақтаулы қақпақшалар арқылы байланысып тұрады. 
Қарыншалар мен олардан басталатын артериялық қантамырлардың (өкпе артериясы мен қолқа) 
арасында үш жарты ай тәрізді қақпақшалар орналасқан. Сонымен, жүректе 2 түрлі қақпақшалар бар: 
1) жақтаулы қақпақшалар, оң жүрекше мен оң қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жүрекше 
мен сол қарынша арасында қосжақтаулы (митральды) қақпақшалар орналасқан. Бұл жақтаулы 
қақпақшалар қарыншаларға қарай ашылады. 2) Үш жарты ай тәрізді қақпақшалар қарыншалар мен 
олардан басталатын артериялық қантамырлар арасында орналасқан, яғни оң қарынша мен өкпе 
артериясының және сол жақ қарыншамен қолқа артериясының аралығында орналасқан. Бұл 
қақпақшалар қантамырларға қарай ашылады. 
Жүрекшелердегі бұлшықет талшықтары 2 қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты сақина 
пішінді болып екі жүрекшені де тұтасымен орап жатады. Ал ішкі қабатындағы бұлшықет 
талшықтары ұзына бойы орналасып, әрбір жүрекшені жекелей орап жатады. 


16 
Қарынщалардың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары 3 қабаттан тұрады. Оның сыртқы 
және ішкі қабатындағы ет талшықтары ұзына бойы екі қарыншаны да тұтасымен орап жатады. Ал, 
ортаңғы қабатындағы сақина тәрізді ет талшықтары әрбір қарыншаны жекелей қоршап жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет