ОРАЛА СОҚҚАН ЖАУ ЖАМАН
Алған жердің бәрін аралап шыққаннан кейін мен генералға ақпар жаздым:
«Жолдас генерал! Менің қоластымдағы полк түнгі сағат төртте дұшпанға шабуыл жасап,
азанғы сағат сегізде жалғыз Трошково емес, осындағы алты жолдың түйіні айқасқан алты
қыстақты түгелінен алды. Ордалы жау оңдап басылғандай. Дұшпанның шығыны, біздің
шығын әлі анықталған жоқ. Аспан, бұйым қару-құралдардан мол олжалы көрінеміз.
Анық-қанығын кейін толығынан мәлімдермін. Солдаттар, командирлер бұйрықты
ойдағыдай орындады. Полк жолдарды қомдай ерттеп, бекінуге кірісті. Дұшпан бүгін
қарсы шабуыл жасауы мүмкін. Қазірше, соған даярланудамыз. Сіздің будан былайғы
208
бұйрығыңызды күтемін», — деп жазып, бір парақ қағазды офицер арқылы генералға
аттандырдым.
Қағазға қол қоярдың алдында оқып шығып, комиссарым Мадияр маған үрейлене қарап:
—
«Дұшпан бүгін қарсы шабуыл жасауы мүмкін», — деп қайталап оқыды, — сен
кімді бопсалап отырсың? — деді маған.
—
Алдымен өзімді, сені бопсалап отырмын. Генералдың бізге берер жәрдемі жоқ.
Оған, бірақ, болашақ есіңде болсын деп жазып отырмын...
Мадияр біраз тоқталып, ойлап тұрып ақпарға қол қойды. Одан кейін жұлып алғандай
менің жеңімді тартып:
—
Жаңа ғана түсіндім, — деді ол, -— бүгін қарсы шабуыл күмәнсіз болады. Мына
алған алты жол бүйірімізге алты найзадай болып қадалмаса игі еді...
—
Ия, сыйынар күш артта, алыста. Қазірінше бар күшпен бекіну керек. Бекіну, бекіну!
Алғанды берік ұстау біздің ендігі мұраттардың ең зоры!
—
Артым ызда С Чжолово. Одан қауіп басқа жаққа қарағанда аз көрінбейді, жолдас
командир, — деді қасындағы Мамонов.
—
Айнала қорғанып бекіну керек, — деді оған Мадияр.
—
Жолдас комиссар - ау, — деді ол оған, — азғана күшті, кішкене шағын көрпедей не
аяққа, не басқа тартуға болмайды...
—
Резинкадай созып, аяқ-басқа жеткізу керек болды, жолдас Мамонов, басқа жақтан
медет жоқ көрінеді ғой, — деді Мадияр.
—
Сорая созылудың керегі аз болар, Мадияр, — дедім мен, — топтана мықтану керек,
дұшпан алты жақтан бірдей соға қоймас, кезек соғар. Әсіресе қауіпті жақ қайдан екенін
алдымен белгілеп алайық.
—
Алты қанатымыздан қауіпсіз жақты мен көріп отырғаным жоқ, — деді ол, —
барлығы да қауіпті, өте қатерлі, осы бес-алты күннен бергі қырғын соғыстың кілті осы
жерде екеніне көзіміз жеткендей болып отыр. Дұшпан «жақсы келіпсіздер» деп бізге
рахмет айта қоймас. Ол қайтарып алуға бар күшін әр жақтан салар.
—
Ол анық, жолдас комиссар, ол даусыз, күмәнсіз, — деп қоштады Мамонов.
—
Оған көзім жетеді. Қауіптің бәрі алда. Тойдың әкесі болашақта жатыр, -— деп
Мадияр күрсініп маған қарады.
—
Бізге қай жақтан келсе де жау танктері қауіпті. Оның ойранын түсіріп қарсы алатын
біздің артиллерия артта, жуырда жете алмайды, — дедім мен оған.
—
Ия, қауіп-қатердің барлығы сонда деп ойлаймын мен, — деді ол. — Мына азанғы
қуаныш — ерте қуаныш, бізді мезгілінен бұрын мәз қылған қуаныш болып жүрмесе игі
еді.
—
Не болса да, жолдас комиссар, аларымызды алдық, — деді отан Мамонов, — бүгін
оң жағымыздан тұрған болармыз, алдағыны тағы көре жатармыз, несін уайымдаймыз. —
Уайым командирдің ойының кең саласының бірі, — дей бергенімде, Мадияр:
209
—
Соғыста уайым ой түбіне жеткізеді, — деп менің сөзімді бөліп, маған таты қарап,
— сөзің аузыңда, айыпқа бұйыра көрмегін, — деді әдеппен, — неше күннен бері
ұйықтамай, аяз сорған өне бойы жорық пен соғыстан шаршап, шалдыққан жігіттер тың
жатқан жаудың мол күшіне кездессе қалай шыдар екен...
•— Ия, жолдас комиссар, халіңіз өте қауіпті, — деді оған Мамонов, -— күш әкесін
танымайды дегендей, тың күш тыңдығын, әрине, істейді.
—
Ал, енді уайымды соға бермеңдер, — дедім мен екеуіне,
—
аларымызды алдық. Уайымдай берсең қиямет-қайым тез орнайды. Жүріңдер, жерді
аралап көрейік. Жер жағдайын аралап жүріп, байқайық. Ол ойымызға ой қосар, — деп
бастап жүріп кеттім. Алған жерді аралап жүріп келеміз. Солдаттар қалың қарды қопара
көтеріп ор қазып жатыр.
Жерді аралау командирдің бір тоқтамға келуіне үлкен себептің бірі. Жер жағдайы оның
ойына ой қосып, көп күдікті мәселелерді баяндайды. Киім пішкендей көлденең, ұзынын
көрсетіп, жағдайды екшетеді. Жер жағдайына қарап тұрып командир ойша соғысады,
жеңіледі, жеңеді, қашады, қуады.
—
сахна, оны көріп тұрып командир ойша репетиция жасайды. Аралап жүріп келеміз.
Жер жағдайына қарап: «мына жаққа әзір болыңдар», «мына жолды мықтап ұстайтын
болыңдар», «ана жолды қиғаштап ататын болыңдар» деген сияқты нұсқауларды
жолшыбай топ басшыларына айтып өтіп барамыз. Кей жерде кідіріп, тоқтап, олардың ой-
пікірлерін тыңдап солдаттармен үш - төрт ауыз сөз қатысып келеміз.
Солдаттар бала мінезді келеді. Соғыстың қиындау жағдайында жүрген адамға жылы
көзқарас, «жақсы сөз, жарым ырыстан артық». Командир жақындап келе жатқанда ол
алдымен тұрпайына қарап, қабағына көз салып, ізет тұтып тұрады. Ақ ниетімен жанын
аямай атқарған жауынгерлік қызметіне әділетті баға алғысы келеді. Ол мақтанады,
қуанады, кейде қайғырып қамығады, қабырғасы қайысып қиналады.
Солдат ер көңілді болады. Ол қатты айтылған әділетті тура сөзге шамданбайды, көңіліне
алып, кек сақтамайды, жөнге жығылады. Соғыстың ең ауыртпалығы солдаттың мойнында.
Солдатқа тағдырдың артқан жүк өте ауыр . Ол ылғи от пен судың ішінде, қызара
жарқылдаған найзағайдың астында. Ол жағдайды сезеді. «Баратын да, істейтін де мен ғой.
Жөндеп жұмсасаңшы» дегенді жауынгерлердің көзіне көзім түскенде талай сезгенмін.
Жауынгердің өз тағдырын командирге сеніп тапсыру нарға артқан ауыр жүкпен тең.
— Ерліктеріңе, қызметтеріңе рахмет, азаматтар, — деп жолшыбай солдаттарға алғыс
айтып келеміз.
Бірақ та арамызда бұрынғыдай дәнекер, берік байланыс жоқ, оны мен де, солдаттар да
сезеді, сеземіз. Бір-бірімізге сыр бермеуге тырысамыз. Кейбіреулер маған таңдана состия
қарайды. Кейбіреулері езуін жиып күлімсірегендей болады. Оларға мен де емірене
өзеурегендей, түсімді жылыта қарағым келеді. Бірақ та түсім жыли қоймағанын
басқалардың көзінен көріп сеземін. Әйтеуір бір-бірімізді арбаумен шаршап-шалдыққан
сезім арамызға айғақ болады да тұрады. Оны білеміз, сеземіз.
«Менің көргенімді сен көрсең» дейді маған әдепті сүзілген солдаттың көзі.
«Менің қабырғамды қайыстырған ой сенің басыңа түссе...» деп қараймын мен оларға.
Оларда үн жоқ. Мен де үндемеймін.
Содан кейін екінші топқа қарай жүріп кетеміз.
210
«Дұшпанның кешікпей - ақ қарсы шабуыл жасауы мүмкін. Оны тұс-тұстан күтуге болады.
Қолымыздағы
жолдардың
барлығының
қыстақтарға
кіре
берістері
қолдан
шығарылмайтын болып тезден бекітілсін. Барлық командирлер мен саяси нұсқаушылар
топ ішінде, басы-қасында өздері бірге болып қарсы шабуылды тойтару жөнін ойлап
басқаруларын міндеттеймін. Шегінуге жол жоқ. Жауынгерлерге жағдайдың анығы
айтылып түсіндірілсін. Әр топтың сенгені өз күші ғана. Басқа жақтан жәрдемге ешкім
дәмеленбесін», — деп бұйрық жазып, оның бір көшірмесін генералға жолдадым...
— Мадияр, мына ауылдың, — дей бергенімде:
—Бала-шаға, қатын-қалаштарын ба?—деді ол.—Ие, соларды қайтеміз, алдағы соғыста.
Қайда тығып, қайда орналастырамыз? — деп маған сұрақ берді. — Оқ борандай бұрқаса
олар бекерден бекер оққа ұшады ғой. Мадияр тағы да қинала түнере тұрып, бір нәрсені
ойлап тапқандай, қуанған түрде, — үйлерінің астында подвал, жертөлелер бар, соған
орналасып соғыс басталғанда тығылып, аяғына дейін шықпаңдар деп елге жария салу
керек. Жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, — деп өзін өзі мақұлдап, далаға шығып кетті.
Кекті жау орала соқса, артқы күшіміз жетпестен бұрын соқса, мына даңғыл, кең алты
жолмен аңдатып танктерін жұмсаса қауіптің әлі алда тұрғанын елемей, немене! Қатер де,
қорқыныш та алда. Қуаныш осы екі белдің аржағында жатыр. Мұзды өткел, шеңгелді жол,
күз қиялы асулар жатыр. Біздің жігіттер соны сезіп, соған түсініп, «қарман, қарман да
қамдан» дегендей қызу қимылда. Қыстақтар шетінде, жолдар бойындағы қалың қарды
күректермен бората, аударып, төңкеріп қопарып, адам бойы ор қазып жатыр.
Командирлердің қабақтары түюлі, көздері жауды күткен жақта. Жаудан әлі хабар жоқ.
Күте - күте екі көзіміз торт болғандай болды. Батыстан буырқанып ірі жыртылған сұйық
тұман арғы белден асып, біз жаққа қарай жылжып келеді. Жігіттер кешелі - берлі нәр
татпаған еді. Орларын қазып болған соң, ор түбіне отыра қалып тоңазыған жол азықтарын
мұздай опырып, қанттай қаршылдатып шайнап, қорек етіп жатыр. Мен ор ішінде келемін.
Ор түбінде тамақтанып отырған үш-төрт солдатқа жақындай бергенімде, біреуі орнынан
ұшып тұрып, жанында отырғанды желкесінен түйгіштей бастады. Жолдасы қатқан
нанның бір үзімін қомағайлана жұтқанда, ол тамағынан ия әрі, ия бері өтпей тұрып
қалыпты. Әлгі жігіт көзі бозарып түйілген жолдасын шүйделеп «тұс-тұстан» соғып тұр
екен. Екі көзінен жасы ағып:
—
Ал, болды, әрі кетті, — деп қолымен түйгіштеп қорғана бергенде мен де қастарына
келдім.
—
Абайлап жесең болмайтын ба еді!
—
Мейлі, не қылады дейсіз, ішке кетті ғой, өзі де асқазанға барып ери бастаған болар,
— деп көз жасын жеңімен сүрте беріп күлді. Бәріміз де күлдік.
Достарыңызбен бөлісу: |