«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Одғұрмыштың Елікке жауабы



Pdf көрінісі
бет119/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме

Одғұрмыштың Елікке жауабы
Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Көрдің бек,
Кісімін мен мақтарға тəн сыртым тек.
5105 Білсең егер, ай, бек, менің ішімді,
Бүгін қуар едің, салып түсіңді!
Маған «Захид» деген атақ тағылды,
Ибадатқа жүк боп жеді жанымды.
Мені құртқан осы лақап тағылған,
Осы ат үшін жан сарайым жабылған.
Дүкенімді безендірдім көрерге,
Сауда ізі жоқ, жоқ пайдасы берерге.


 422
423
Сыртын көрме, сен, ай, Елік, кісінің,
Ісін қара, сырын аңда ішінің.
5110 Тысы сонша көркем қауын болады,
Хош иісті, көздің жауын алады.
Ол қауынның ішінде дəм болмаса,
Тысқа тастар, ұстамас та қолға аса!
Жаны ояудың сөзін есті, мəн бере:
«Безе ішіңді, сырт бойыңды сəндеме!
Мəні ішінде күллі заттың жағалай,
Іш болмаса, қалар тысы жарамай!»
Еліктің Одғұрмышқа жауабы
Жауап беріп, айтты Елік: — Жан таза,
Ішің-сыртың бірдей түзу, тап-таза!
5115 Бұл дүниеден безіп, жүктен арылдың,
Мен ілініп, ауыр жүктен арыдым.
Бұл дүние ісі қылды пұшайман,
Хаққа ибадат ету қайда, жоқ айлам.
Маған ақыл-кеңесің бер, тұтайын,
Тазарайын шын сөзіңнен құтайып.
Одғұрмыштың Елікке жауабы
Жауап беріп, айтты Одғұрмыш: — Ей, бегім,
Жақсылыққа жақсылықты теңдегін.
Ең қоры — мен, хақ құлдары ішінде,
Білімі дария, білме өңгені, түсін де.
5120 Менен жаман тəңір құлын іздесең — 
Тағы өзіммін, егер, Елік, білмесең.
Сөздерімнен қандай пайда келеді,
Өсиетім қандай демеу береді?
Жəне иемнен үмітімді кеспегем,
Кешер ием — сол, күнəмді істеген.
Жазықты құл не дегенін тыңдағын,
Жазығын біліп, тілмен құзыр қылғанын:
«Күнəһар, надан құлыңмын мен жазықты,
Бақсаң, мені күнə буып қалыпты!
5125 Сенен өзге ием де жоқ табынар,
Күнəмді кеш, баста құтқа, жалынам!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет